Y U
1
U
27 сурет.
Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы
Бір игіліктің екіншісімен ауысу шамасын анықтау үшін ауысудың шекті нормасы түсінігі
пайдаланады – MRS (marginal rate of substitution).
Х игілігін Y игілігімен ауыстырудың шекті нормасы – тұтынуды қамтамасыз етудің
дәрежесі сол күйінде қалу шартымен Y игілігі тұтынуын 1-ге көбейту айырбасына оның
тұтынуы қысқартылуға қажет Х игілігінің саны.
MRS
XY
= - ∆X/∆Y U = сonst жағдайында.
Талғаусыздық қисық сызығының төмен түскен түрі ауысудың шекті нормасы әрқашан
теріс болуымен себептелген, яғни Х игілігін көбірек алу үшін, тұтынушы Y игілігінің тұтынуын
қысқартуға (азайтуға) мәжбүр болады.
Қисық сызығының еңкіштігі MRS шамасын көрсетеді – ол басқа игіліктерді қосымша
тұтыну үшін бас тартуға дайын игілік бірліктерінің саны. Талғаусыздық қисық сызығының
дөңестігі (бірақ олар әрдайым дөңес емес) MRS тұрақсыз шама екендігін білдіреді: бір игілікті
екінші игіліктің орнына тұтынудың өсуімен (көбеюімен), олардың ауысу үдерісінде бұл шама
азаяды. Мына мысалды қарайық: майы көп, бірақ наны жоқ адам нан алу үшін майдың
жартысын, бөлігін беруге дайын. Нанды қайта-қайта айырбастаған сайын май азая береді де,
енді айырбасталған майдың әр бөлігінің құндылығы өсе береді, ал айырбасталған нанның әр
бөлігінің құндылығы түседі. Сонымен, майды нанмен ауыстыру нормасы азайып, талғаусыздық
қисық сызығы жайпақталады. Х және Y тауарлары қандай екендігіне байланысты
талғаусыздықтың қисық сызықтары әр түрлі болуы мүмкін:
1.
Х және Y тауарлары – мүлде өзара ауыстырылатын: MRS
XY
= сonst, ал талғаусыздықтың
қисық сызықтары тура сызықтарға айналады (28-а суреті);
2.
Х және Y тауарлары – бір-бірін мүлде өзара толықтыратын: талғаусыздықтың қисық
сызығы 2 өзара перпендикуляр кесінді болып келеді (28-б суреті);
3.
28-в суретінде тұтынушы неғұрлым көп тауарға ие болған сайын, соғұрлым көпке ие
болғысы келетін ахуал көрсетілген – талғаусыздықтың қисық сызығы координаталардың
басында ойыс, батыңқы.
Y Y Y
U U U
а) X б) X в) X
28 сурет
. Талғаусыздық қисық сызықтарының түрлері
Достарыңызбен бөлісу: