сомасына қоса пайыздарды төлеуге тиісті, яғни іВ (жеңілдеу болу үшін несие бойынша
пайыздарды і тең дейік). Ағымдағы тұтынудың В-ға көбеюі келешек тұтынудың (1+і)В-ға
азаюын білдіреді. Графикалық ол f нүктесіне ауысуды, яғни а нүктесінен В оңға және (1+і)В
төменге ауысуды көрсетеді.
S мен В әр түрлі мағыналары үшін бұл үдерісті қайталай отыра, біз ағымдағы тұтынудың
кез келген деңгейінде уақыт аралық бюджеттік шектеу сызығын осылай салып болашақ тұтыну
көлемін анықтай аламыз. Бюджеттік сызығының теріс еңкіштігі әдетте басқа тауардың
бірліктерінде көрсетілген бір тауардың баламалы құнына тең. Уақытаралық бюджеттік
шектеудің бары жеке адамға осы уақыттағы өз тұтынуын ағымдағы табысқа бекітіп қоюға
қажеттілігінің жоғын білдіреді. Егер ағымдағы кезеңде жеке адамның табысы өте жоғары,
келесі жылы – төмен болса, оның осы жылғы тұтынуы келесі жылдан жоғары болуы міндетті
емес. Жеке адам төмен табысты жылдарда қарыз алып, жоғары табысты жылдарда жинақтауға
мүмкіндігі бар. Ф. Модильянидің пікірі бойынша, жастық шақ пен кәрілік теріс жинақтау
кезеңдері, жинақтаудың өсуі орта жасқа келгенде байқалады. Уақытаралық бюджеттік
сызығында жеке адам қай нүктені ұнататынын анықтау үшін уақытаралық парықсыздық
картасы бар, яғни ағымдағы тұтынуына қатысты оның болашақ ұнатымдарын модельдеу
(үлгілеу) әдеттегідей сызылады. С
0
мен С
1
екі құрамды тауарлар болғандығынан, біреудің
екіншісімен ауысуының шекті нормасы (осы жағдайда ол уақытша ұнатымдардың шекті
нормасы деп аталады) азаяды. Парықсыздық қисық сызығы мен уақытаралық бюджеттік
сызықтың қиылысу нүктесінде жеке адамның тепе-теңдігі жетіледі.
Мұнда 3 жағдайдың болуы
мүмкін:
1. Табысының бір бөлігін жеке адам келешекте тұтыну үшін сақтайды (45-а суреті) – қазір
С < І, ал болашақта С > І.
2. Жеке адам жинақтау жасамайды – келешекте емес, қазір тұтынуды ұнатады, несие
алмайды (45-б суреті) – қазіргі табысы келешектегі табысына тең.
3. Жеке адам несие алады (45-в суреті) – қазіргі уақытта
С > І, ал келешекте С < І
Достарыңызбен бөлісу: