Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет158/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

Макроэкономиканың  зерттеу  пәні 
–  негізгі  макроэконо-микалық  мәселелер  төңірегіндегі 
ұлттық  экономиканың  жалпы  біртұтас  жүйе  ретіндегі  әрекет  ету  заңдылықтары.  Алайда, 


макроэкономика осы төрт мәселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тән басқа да мәселелер бар. 
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:  
1.
 
Тұрақты экономикалық өсу және оның қарқыны;  
2.
 
Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері;  
3.
 
Жұмысбастылық деңгейі және жұмыссыздық мәселесі; 
4.
 
Бағалардың жалпы деңгейі және инфляция мәселесі;  
5.
 
Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі және ақша айналымының мәселесі;   
6.
 
Мемлекеттік бюджет жағдайы;  
7.
 
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселесі және мемлекеттік қарыз   мәселесі;  
8.
 
Төлем балансының жағдайы және валюта бағамының мәселелері;  
9.
 
Ел ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы және олардың сыртқы орта-  мен 
байланысы; 
10.
 
Макроэкономикалық саясатты жүргізу мәселелері. 
Макроэкономикада әртүрлі үлгілер қолданылады: ұлттық шеңберлі айналым үлгісі, AD-
AS  үлгісі,  Кейнс  кресі  үлгісі,  IS-LM  үлгісі,  Солоу  үлгісі,  Домар  үлгісі,  Харрод  үлгісі, 
Самуэльсон-Хикс  үлгісі,  Манделл-Флеминг  үлгісі  және  т.б.  Осы  үлгілердің  барлығы  жалпы 
инструментарий ретінде қолданылып, ұлттық ерекшеліктерге ие бола алмайды. Кез-келген үлгі 
нақты елдің экономикасына «қолайлы» және «қолайсыздық» белгісіне байланысты емес, оның 
көрсеткіштерінің  экономикалық  үрдістер  динамикасын  зерттеудегі  пайдалылық  белгісіне 
байланысты бағалануы тиіс. 
Әрбір макроэкономикалық  үлгіде ең маңыздысы болып факторларды таңдау табылады, 
олар  уақыттың  нақты  мерзімінде  нақты  мәселені  макроэконо-микалық  тұрғыдан  талдау  үшін 
аса қажетті болып табылады. Әрбір үлгіде айнымалылардың екі типі ажыратылады: 
Экзогенді  (сыртқы)  айнымалылар  –  үлгіні  құруға  дейін  анықталатын  бас-тапқы 
ақпараттар, олар үлгіге сырттан келеді. 
Эндогенді  (ішкі)  айнымалылар  –  үлгінің  ішінде  алға  қойылған  міндеттер-ді  шешу 
үрдісінде  қалыптасатын  өзгермелілер,  яғни  сол  үлгінің  дәл  өзі  немесе  үлгідегі  міндеттерді 
шешудің нәтижесі болып табылады. 
Сонымен  қатар,  макроэкономикада  позитивтік  және  нормативтік  әдістер  де  кеңінен 
қолданылады.  
Позитивтік  талдау  –  бұл  ұлттық  экономиканың  нақты  іс  жүзіндегі  әреке-тіне  талдау 
жасау болып табылады.  
Нормативтік талдау – бұл ұлттық экономиканың дамуы үшін қандай да бір аспектілердің 
және жағдайлардың қолайлылығын немесе қолайсыздығын анықтайтын ұсыныстық  және баға 
берушілік сипатқа ие әдіс болып табылады. 
Позитивтік  және  нормативтік  бағыттардың  тиімді  үйлесімі  макроэконо-микалық 
зерттеушілерге,  ғылыми  абстракцияның  жоғары  деңгейіне  қарамастан,  мемлекеттік 
экономикалық  саясатты  жүзеге  асыру  үшін  теориялық  негіз  қызметін  атқаруға  мүмкіндік 
береді.  
Макроэкономиканың нақты мақсаттары (мақсаттар жүйесі) мыналар болып табылады: 
1.
 
Ұлттық  өндірістің  жоғары  және  өспелі  деңгейін  қамтамасыз  ету,  яғни  нақты  жалпы 
ішкі өнімнің (ЖІӨ) деңгейін арттыру. 
2.
 
Жұмысбастылықтың жоғары деңгейін (ең аз мәжбүрлі жұмыссыздық 
кезінде) қамтамасыз ету. 
3.
 
Бағалар деңгейінің тұрақтылығын (еркін нарықтардағы сұраныс пен 
ұсыныстың өзара әрекеттесуі арқылы бағалар мен жалақының  
үйлесімділігін  табу 
жолымен) қамтамасыз ету. 
4.
 
Төлем балансының нөлдік сальдосына қол жеткізу. 
Мемлекет  экономикаға  әсер  ету  мақсатында  сәйкесінше,  бірнеше  макроэкономикалық 
саясат құралдарын пайдалана алады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет