Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің
өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады.
Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық
капиталдың сапасын жақсарту);
ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және
өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2.
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің
өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
жұмыс күшінің санының өсуі;
капиталдың көлемі өсуі.
3.
Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі
арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен
байланыстырылады, оны сипаттайтын келесі көрсеткіштер бар:
1.
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2.
адамның бос уақытының көбеюі;
3.
әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4.
адам капиталына инвестицияны өсіру;
5.
адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6.