байланысты сипаттайды. Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:
Y* – Y / Y* = γ (u – u
*
),
мұндағы, Y* - толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің әлеуетті көлемі; Y –
ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі; u
*
- жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі; γ – Оукен коэффициенті. Осы-ның нәтижесінде өндіріс көлемінің
жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне бірқатар факторлар әсер етеді:
а) демографиялық факторлар;
ә) елде бекітілген жалақының төменгі деңгейі;
б) кәсіподақтардың ықпалы және т.б.
Табиғи жұмыссыздықтың өзгеруі ЖІӨ-нің әлеуетті деңгейінің өзгеруімен тығыз
байланысты болғандықтан бұл мемлекет саясатының басты мәселесі болып табылады.
Жұмыссыздықтың экономикалық және экономикалық емес салдарлары бар, олар жеке
және қоғамдық деңгейде көрініс табады.
Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты жоғалтудың
психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.
Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір
бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті
жоғалтудан (әсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді және сондықтанда болашақта
жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.
Инфляция
– көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және
нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке
тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды.
Инфляцияға қарама-қарсы
Достарыңызбен бөлісу: