толық сипаттайтын агрегатталған компоненттер жиынтығы. Ал АD-ның формуласы негізгі
макроэкономикалық теңдік ретінде былай жазылады:
Y
D
(АD) = C + I + G + X
n
Жиынтық сұранысқа бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Баға AD-ның аса
маңызды детерминантасы болып табылады.
Классикалық үлгіде AS қисығы тік сызық түрінде болады. Ол өндіріс көлемінің табиғи
(потенциалды) деңгейін сипаттайды (сурет 3.3), яғни жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи
деңгейінде болатын, ал өндіріс көлемі ресурстар толық қамтылған жағдайда қарастырылады.
Жиынтық сұраныстың өзгерістері бағалар деңгейін өзгертеді (сурет 3.4). Мысалы, ақша
ұсынысының төмендеуі кезінде AD
1
қисығы солға (төмен) AD
2
жағдайына ығысады.
Экономикалық тепе-теңдік E
1
нүктесінен E
2
нүктесіне ауысады, бірақ өндірілген өнім көлемі
AS
ұзақ мер.
өзінің бұрынғы деңгейінде сақталып қалады.
Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныс қисығындағы өзгерістер өндіріс факторлары мен
технологияларды өзгерту кезінде орын алуы мүмкін.
Р AS
ұзақ мер.
Баға
деңгейі
Y
*
Y табыс, шығарылым
Сурет 3.3 Ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы
Классикалық модель экономиканы ұзақ мерзімде қарастырады.
Ұзақ мерзімді кезең – бұл экономикада толық жұмысбастылықтың орын алуын қолдай
отырып, тауар бағаларының өзгерісіне ресурстар бағаларының бейімделе алуын сипаттайтын
кезең.
Р AS
ұзақ мер.
Баға
деңгейі
Е
1
Е
2
Y
*
Y табыс, шығарылым
Сурет 3.4 Ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс қисығының өзгеруі
Классикалық модель тұрғысынан ұзақ мерзімдік AS қисығы елдің өндірістік
мүмкіндіктерін анықтайды және мынадай шарттарға негізделіп құрылады:
өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына және қолдағы бар технологияға
байланысты
анықталады, ал баға деңгейіне тәуелді емес;
өндіріс факторларындағы және технологиялардағы өзгерістер өте баяу жүзеге
асырылады;
экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда жұмыс істейді, және
сәйкесінше, өндіріс көлемі өзінің потенциалды көлеміне тең болады;
бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері нарықтардағы тепе-теңдікті
ұстап тұрады.
Қысқа мерзімді кезеңде мұндай модель қолданылмайды.
Кейнстік модель экономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарастырады және ол келесі
алғышарттарға негізделеді:
экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған жағдайында жұмыс істейді;
тауар бағалары, атаулы жалақы және басқа да атаулы шамалар тұрақты, яғни икемсіз, оларға
нақты өзгерістер өте баяу әсер етеді;
нақты шамалар (өнім көлемі, нақты жалақы, жұмысбастылық) нарықтық өзгерістерге өте
сезімтал болып келеді.
Кейнстік үлгіде AS қисығы көлденең сызық түрінде болады (сурет 3.5).
Жиынтық сұраныс тарапынан болатын өзгерістер өндіріс көлеміне әсер етеді, ал бағалар
деңгейі өзгеріссіз қалады. Мысалы, ақша ұсынысының төмендеуі AD
1
қисығын AD
2
қисығына
қарай ығыстырады. Экономикалық тепе-теңдік E
1
нүктесінен E
2
нүктесіне, ал өндіріс көлемі Y
1
нүктесінен Y
2
нүктесіне ауысады (сурет 3.6).
Р
Баға
деңгейі
AS
қысқа мер.
Y табыс, шығарылым
Сурет 3.5 Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы
Р
Баға
деңгейі
E
2
E
1
AD
1
AD
2
Y
2
Y
1
Y табыс, шығарылым
Сурет 3.6 Қысқа мерзімдегі жиынтық сұраныс қисығының өзгеруі
Сонымен, жиынтық ұсыныс қисығы үш кесіндіден тұрады (сурет 4.7).
Р
P
2
классикалық кесінді
Р
1
аралық кесінді
кейнстік кесінді
P
*
0 Y
1
Y
*
Y
Сурет 3.7 Жиынтық ұсыныс қисығының кесінділері
Көлденең
кейнстік кесіндіде
өндіріс факторлары өндірістік үрдіске толық тартылмаған
болып табылады, бағаның тұрақты деңгейінде жұмысыздық орын алады.
Аралық кесіндіде
бос факторлардың өндіріске біртіндеп тартылуы өнім көлемін
арттырады. Өнім көлемі шығындардың өсуіне әкеледі де баға көтеріле бастайды.
Тік
классикалық кесіндіде
экономика толық жұмыспен қамтылған жағдайда өндіріс
көлемі ең жоғары деңгейде болады. Бос ресурстар болмағандықтан өндіріс көлемін одан әрі
арттыру мүмкін емес. Сондықтан ресурстарға баға өседі де ол жалпы баға деңгейінің өсуіне
алып келеді. Нәтижесінде жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық түріне айналады.
Жиынтық ұсынысқа бағадан тыс факторлар да әсер етеді:
шикізат бағаларының өзгерісі;
салықтар
мен дотациялар;
технологиялық өзгерістер;
ауа-райы жағдайлары;
басқа да факторлар.
Осындай факторлардың әсерінен AS қисығы оңға немесе солға жылжиды. Мысалы,
технологиядағы оң өзгерістер AS қисығын оңға жылжытады, керісінше, өндірістің
технологиялық жағынан артта қалуы AS қисығын солға жылжытады. Сонымен қатар, AS
қисығы жұмыс күшіне, капитал мен жерге деген бағалардың өзгеруіне байланысты да оңға
немесе солға жылжиды.
P
P
2
C
A B
P
1
AD
2
AD
1
Y
1
Y
2
Y
Сурет 3.8 Қысқа мерзімді тепе-теңдіктен ұзақ мерзімді
тепе-теңдікке өту
AD мен AS қисықтары қисықтары қиылысқан жағдайда экономикадағы өндірілген өнім
көлемі берілген баға деңгейінде сатылады және сатып алынады, олай макроэкономикалық тепе-
теңдік орнайды.
Қысқа және ұзақ мерзім кезеңдеріндегі макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастыратын
болсақ, мысалы, ақша ұсынысының ұлғаюы жағдайында жиынтық сұраныс AD
1
-ден AD
2
-ге
артады. Қысқа мерзімдегі тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады, ал баға деңгейі
өзгермейді, өнім көлемі Y
1
-ден Y
2
-ге көбейеді (сурет 3.8).
Сұраныс өте жоғары болғандықтан тауарлар ескі бағамен сатыла береді. Бірақ біртіндеп
шығындар өсе бастайды, өйткені өндіріс ресурстары (жұмыс күші) аз. Ал ресурстарға сұраныс
өскендіктен (мысалы, жалақы өседі) дайын өнімге де баға өседі. Сөйтіп жиынтық сұраныс
көлемі қысқара бастайды, яғни тепе-теңдік В нүктесінен С нүктесіне ауысады. Нәтижесінде
экономика бұрынғы қалпына қайтып келеді, алайда бағаның жоғары деңгейі сақталып қалады
(Р
1
). Ұзақ мерзімді кезеңдегі макроэкономикалық тепе-теңдік С нүктесінде орнайды.
Біз жоғарыда жиынтық сұраныс ұлғайған жағдайда экономикада қандай өзгерістер
болатынын қарастырдық. Енді жиынтық сұраныс қысқарғанда экономикада қандай өзгерістер
орын алатындығын қарастырамыз. Бұл жағдайда «храповик әсері» пайда болады (сурет 3.9).
Бастапқы AD
0
жиынтық сұраныс қисығы жағдайында E
0
тепе-теңдік нүктесіне Y
*
өндіріс
көлемі мен P
0
баға деңгейі сәйкес келеді. Жиынтық сұраныс AD
0
-ден AD
1
-ге дейін
төмендегенде E
0
тепе-теңдік нүктесі P
1
баға деңгейі мен Y
1
өнім көлеміне сәйкес келетін E
1
нүктесіне ауысқан болар еді, яғни өнім көлемі Y
*
-дан Y
1
-ге дейін, ал баға деңгейі P
0
-ден P
1
-ге
дейін төмендеу керек еді. Бірақ нақты экономикада мұндай жағдай орын алмайды, өйткені баға
деңгейі, ереже бойынша төмендемеуі мүмкін. Соның салдарынан тепе-теңдік жаңа E
2
нүктесінде қалыптасады да, баға бұрынғы P
0
деңгейінде өзгермей қалады, ал өндіріс көлемі Y
2
-