мүмкін, олай болса, дүкен сүрелерінде, қоймаларда сатылмай қалған тауар қорлары пайда
болады. Соған байланысты өндірушілер өндірісті қысқартуға мәжбүр болады, нәтижесінде
экономика құлдырай бастайды. Кейнс нарықтық экономикада толық жұмысбастылық
жағдайында өнім өндіруге кепілдік беретін механизмнің болмайтындығы туралы нақты
қорытындыға келеді. Экономикалық тепе-теңдік жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда және
экономикада дағдарыс байқалған кезде де орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, Кейнс
классиктердің өндірісті және жұмысбастылықты автоматты реттейтін икемді бағалар идеясын
да қатты сынға алды. Ол жиынтық сұраныс қысқарғанда тауарға бағаның төмендейтінін жоққа
шығармады. Бірақ бұл жағдай өнім көлемін әлеуетті деңгейге әкеледі дегенмен келіспеді.
Нарықтық экономика тек жетілген бәсекеге негізделе бермейді. Еңбек нарығындағы
кәсіподақтардың монополистік үстемдік жүргізуі кәсіпкерлерге тепе-теңдік орнатуға қажетті
деңгейге дейін жалақыны төмендетуге мүмкіндік бермейді. Олигополистер де басқа да
ресурстардың (көмір, мұнай, болат, т.б.) иелері ретінде бағаның төмендеу жағына деген
икемділгін қаламайды.
Кейнс өзінің пайымдауларында Сэй заңындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
арасындағы себеп-салдарлық байланыстың бағытын өзгертті, нақтырақ айтқанда: «жиынтық
сұраныс жиынтық ұсынысты тудырады». Оның мағынасы: «сұранысы бар тауарларды өндіру
қажет».
Сондықтанда, Кейнс теориясы «тиімді сұраныс теориясы» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: