59
−
Оқушы 80% жағдайда ересектердің (мұғалімдер, ассистенттер)
нұсқауын негізге алады.
−
Оқушы кем дегенде 15 минут қатарынан білім беру процесіне кедергі
келтіруі мүмкін, мінез-құлықты көрсетпейді.
−
Оқушы адекватты жолмен педагогтің назарын өзіне аудартуы мүмкін
(өтініш жасау, көмек сұрау, өзінің ниетін ауызша немесе байланыстың балама
жүйесін пайдалану арқылы хабарлау).
−
Оқушы өзінің келісімін немесе бас тартуын адекватты түрде білдіре
алады.
−
Оқушы өзіне немесе қоршаған ортаға нұқсан келтіруі мүмкін, мінез-
құлықты көрсетпейді.
Оқу жылы басталғанға дейін әрбір оқушы үшін осы критерийлерді
анықтау аса маңызды, өйткені жалпы білім беретін
ортаға қосылуға дайын
оқушылар, оқу жылының бірінші күнінен бастап жалпы білім беретін сыныптан
бастаулары керек.
Практикалық тәжірибенің негізінде педагогтер мен мамандар ресурстық
бөлмеге барудың 2 режимін бөліп көрсетеді.
1-
ші режим. Оқушы 50 % -дан астам оқу уақытын жалпы білім беретін
сыныпта/топта оқиды.
Бұл баланың бағдарламасы жалпы білім беретін
сыныптың/топтың бағдарламасына ұқсас болғанда мүмкін болады. Жақсы оқу
үшін қажетті дағдыларды мүмкіндігіне қарай қалыптастыру оқушының
инклюзивті сыныпқа бару уақытын 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұндай жағдайда ресурстық бөлменің міндеттеріне оқушыда қиындық
тудыратын оқыту мақсаттарын алдын ала және қосымша өңдеу жөніндегі іс-
шаралар, түзеу сабақтары, сенсорлық жеңілдету кіреді.
Осыған сәйкес, оқушы уақытының көп
бөлігін жалпы білім беретін
сыныпта/топта өткізеді, ал ресурстық бөлменің командасы оқу үшін барлық
қажетті жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: