Тақырып 3 :Электрмен дәнекерлеу, пісіру жұмыстарын атқаратын қызметкерге жолнұсқа.
Мақсаты:Электрмен дәнекерлеу, пісіруші қызметкерге арналған жолнұсқамен танысу.Технологияның қауіпті-зиянды факторларын білу.Қауіпсіздік іс-шараларымен танысып,оларды меңгеру.
Оқу мақсаты:
Студент білуі керек:
Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер.
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
Теориялық бөлім
І. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер.
1.1. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде сәулелі энергияның қуатты ағыны: көрінетін ( жарықтық) және көрінбейтін ( ультракүлгін және инфрақызыл ) сәулелер пайда болады.
Көрінетін жарықтық сәулелер қысқа сәулелену кезінде (бірнеше секунд) көзге шағылысып көрсетпей тастаса, ал ұзақ сәулелену кезінде көру қабілеттілігінің жоғалуын тудырады.
1.2. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде неше түрлі электр жабдықтар және электр қондырғыларының үлкен саны пайдаланылады. Оларды пайдалану ережелері бұзылған кезінде дәнекерлеуші электр тоғымен зақымдануы мүмкін.
1.3. Электрлік доға түзілетін орындардағы пісірілетін және балқымалы бөлшектер бірнеше мың градус Цельсий температураға дейін қызады; қызған орындарға (бөлшектерге) байқаусыз жанасқан кезде адам күйіктер алу мүмкін. Дәнекерлеу процессі кезінде жеке басты қорғау құралдарынсыз жұмыс істеу, дәнекерленетін бұйымдардың балқытылған металының шашырауынан күйіктер алуға әкеліп соғады.
1.4. Дәнекерлеу процесстері кезінде зиянды газдар мен шаңның үлкен мөлшерінің бөлінуі болады, олар адам ағзасына түскен кезде ауру мен улануды тудыруы мүмкін.
Дәнекерлеушілер осы нұсқауда берілген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаған кезде электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер олардың денсаулығына әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |