Жалпы білім беру циклы сабақтары арқылы патриоттық тәрбие беру.
ҚР Білім және ғылым
министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115
бұйрығына сәйкес
«Өлкетану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы бекітілді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7-сыныптарына
арналған «Өлкетану» сабақтарына 20 сағат бөлінген.
«Өлкетану» – «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілді емес
мектептерге «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» жалпы білім
14
беретін оқу пәндерін толықтыратын кіріктірілген оқу курсы және туған өлкенің
тарихын, табиғатын, мәдениетін оқуға ықпал етеді.
Курстың мақсаты – туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді
сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар
туралы білім қалыптастыру; туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған
табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу болып табылады.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті және музыка пәндері
сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
2) ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында
болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы
білім қалыптастыру;
3) туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
4) туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
5) туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыру.
Мақсаты: туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын
географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білім
қалыптастыру; туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны
аялауға тәрбиелеу болып табылады.
1.«Өлкетану» кіріктірілген оқу курсының материалдары.
5-7-сыныптардағы «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілді
емес мектептерге «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» оқу
пәндерінің аясында оқытылады.
6. «Өлкетану» курсының оқу жүктемесін сыныптар мен пәндерге бөлу:
1) 5-сыныпта:
«Қазақстан тарихы» – 4 сағат;
«Музыка» – 1 сағат;
2) 6-сыныпта:
«Қазақстан тарихы» – 4 сағат;
«Қазақ әдебиеті» (қазақ тілді емес мектептерге «Қазақ тілі және
әдебиеті») – 2 сағат;
«Музыка» – 1 сағат;
3) 7-сыныпта:
«Қазақстан тарихы» – 4 сағат;
«Қазақ әдебиеті» (қазақ тілді емес мектептерге «Қазақ тілі мен әдебиеті»)
– 2 сағат;
«География» – 2 сағат.
7. «Өлкетану» курсының 5-сыныптағы базалық мазмұны:
1) «Туған өлкенің аңыз-ертегілері»;
2) «Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер»;
3) «Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен палуандар»;
15
4) «Жәдігерлер сыр шертеді (өлкетану музейна бару)»;
5) «Туған өлке симфониясы».
8. «Өлкетану» курсының 6-сыныптағы базалық мазмұны:
1)
«Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (өлке тарихы
атауларында)»;
2) «Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері»;
3) «Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары)»;
4) «Туған өлке тарихының тірі куәгерлері»;
5) «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада»;
6) «Өлкені сипаттау өнері»;
7) «Туған жердің таланттары».
9. «Өлкетану» курсының 7-сыныптағы базалық мазмұны:
1) «Туристік маршруттар»;
2) «Жомарт жүрек»;
3) «Туған өлкенің жылнамасы»;
4) «Менің мектебімнің тарихы»;
5) «Туған өлке публицистика беттерінде»;
6) «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы;
7) «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы»;
8) «Менің өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын
әзірлеу» [4].
Музей сабақтары.
Жалпы білім беру циклы сабақтары арқылы патриот-
тық тәрбие берудің тағы бір жолына мектеп музейі жатады.
Музей – дәуіріміздің әр кезеңіндегі тарихи оқиғалар мен олар жайлы
нақты деректерді жеткізуші, қымбат қазынаны сақтаушы.
Мектеп музейлерін құрудағы ең басты мақсат білім алушылардың туған
өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру, шығармашылық
бейімділіктеріне қолдау көрсету, аға ұрпақ бойындағы адамгершілік
құндылықтарына құрметпен қарау, елін, жерін сүюге бағытталған
ұлтжандылық пен отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, рухани-мәдени
құндылықтарды бойына сіңіру.
Музей тек мектептің ерекше түрдегі оқу кабинеті ғана болып қоймай,
ашық білім беру кеңістігіндегі басты тәрбие орталығына айналу қажет. Мектеп
музейінің негізгі мақсаты – жас буынның отбасы, ата-ана, мектеп, қоғам, отан
алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, туған өлкенің табиғи
байлықтарын сақтап құрметтеуге үйрету, еліміздің өткені мен бүгініне
құрметпен қарау, адамгершілік-эстетикалық мәдениеті жоғары, ой-өрісі биік
азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету. Музей жұмысы негізінде білім
алушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке,
имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді. Мектеп музейлері ашық білім беру
кеңістігінің бір бөлігі ретінде мектеп пен мәдениет мекемелері, қоғамдық
бірлестіктер арасындағы байланыстың дәнекері және білім беру мекемесінің
азаматтық-патриоттық қызметінің үйлестірушісі қызметін атқарады [5].
Патриотизмге тәрбиелеудің негізгі көздеген мақсаты – өзінің бай тарихи
16
тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын
меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын сүюге, ар-намысын қорғауға, және
т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Әрине бұған білім алушылар мектеп
музейлеріндегі сақталған құжаттар, түрлі жәдігерлер, фотосуреттер, құнды
деректерді сөйлету арқылы және осы оқу ордаларында білім алған еңбек, өнер,
мәдениет, денсаулық, білім, өндіріс, спорт және т.б. салаларда биік шыңдарға
жеткен алдыңғы толқын аға-апаларымыздың үлгі тұтарлық өмір жолдарымен
таныстыру арқылы қол жеткізуге болады. Бұған Абай атамыздың «Болмасаң да
ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген өлең шумақтары да дәлел болатын
секілді. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың,
алдымыздағы аға-апаларымыздың ерліктерін, өнегелі істері, ел үшін жасаған
жақсылықтары, еткен еңбектерін дәріптеу – қазіргі кездегі басты міндеттерінің
бірі.
Мектеп музейлерінде білім алушылар туған өлке тарихы, мәдениеті,
табиғаты, түрлі жәдігерлермен құжаттардың түпнұсқасын табумен және т.б.
мәліметтер мен деректерді іздестіру-жинақтау жұмыстарымен, оларды
сақтаумен, зерттеу істерімен айналысады.
«Жәдігер» – иран тілінде естелік дегенді білдіреді. Жәдігер – ұрпақтан
ұрпаққа қалдырылатын зат. Әр түрлі тарихи ақпараттардың айтылуы бойынша
–жәдігерлер - адамның сезімі, отбасылық оқиға немесе отбасылық құпия
жайлы заттар.
Оқушылардың өлкетану музейіне экспонаттар жинауға тікелей қатысуы -
жеке адамды зияткерлік және патриоттық жағынан тәрбиелеудің негізгі көзі
болып табылады. Жалпы о
қушылардың бойында патриоттық сезімді
қалыптастырудағы музейлердің ролі зор.
Қазіргі жаһандану үдерісінің даму
кезеңінде білім ордаларының негізгі қызметі жас ұрпаққа оқу мен кәсіби білім
ғана беріп қоймай, жан-жақты жетілген, эстетикалық талғамы биік, рухани-
адамгершілік мәдениеті жоғары, әлемдік мәдениеттен хабары бар, ұлттық
құндылықтарды қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы тұлға етіп
қалыптастыру. Осыған байланысты оқу-тәрбие үдерісінде жастарды
отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін құрметтеуге үйрету,
шыншылдыққа тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Бұл
бағытта өзінің зор мүмкіндігімен мектеп музейлерінің атқаратын ролі жоғары
деуге болады.
Мектеп музейіндегі сабақтың басты мақсаты – білім. Білім алушыларға
берілген тақырыптарды музейдегі бай қорды пайдалана отырып терең
меңгертуді көздейді.
Мектеп музейінің өзіндік тақырыптық бағытына қарамастан білім
алушылар жоғарыдағы жұмыстарды атқаруы арқылы тарих, әдебиет,
археология, этнография, деректану, музейтанудың да негізгі түсініктері мен
әдістерінен хабардар бола алады. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуге бейімделіп, зерттеу жұмысын таңдап оны негіздеуге, тарихи талдау
жасауға, дерек көздерін тауып жинастыруға, сыни ойлауға, болжамдар,
пікірлер, ұсыныстар, қорытынды жасауға машықтанады. Қазіргі таңда еліміз
17
бойынша 8 мыңнан аса мектеп жас ұрпақты білім нәрімен сусындатса, соның
ішінде 1500-ге жуық мектепте музейлер ұйымдастырылған. Мектеп музейін
дамыту мақсатындағы «Үздік мектеп музейі» республикалық және аймақтық
байқауы тұрақты өткізіліп келеді [5].
Достарыңызбен бөлісу: |