Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»


-  басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда  сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану



Pdf көрінісі
бет36/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
 

басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда 
сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
 

электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту 
орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі 
байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және 
ақпарат алмасу; 
 

интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету 
мақсатында қолдану;
 

аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда 
мультимедиялық таныстыру.
Оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері:
 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу 
нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және 
тәжірибелік жаттығуларды бақылауды қолдану арқылы жүзеге асады.


70 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша 
оқушылардың үлгерімінің бағалануы: 
«5» - 
егер оқушы қойылған сұраққа саналы, дұрыс және жеткілікті түрде 
толық жауап берсе, бұл ретте жарғыға сәйкес дәл анықтама берілсе
баяндалғанды растауға мысалдар келтірді және қауіпсіздік шаралары мен тиісті 
нұсқаулық талаптарын сақтай отырып техникалық және басқа оқу құралдарын, 
немесе қаруды дұрыс көрсетті;
«4» - 
егер жауап дұрыс, толық болса, тұжырымдар жарғымен сәйкесті, 
тәжірибелік іс-әрекеттері батыл, қару мен техниканы қолданғанда тиісті 
нұсқаулық талаптарына сай болды және қауіпсіздік шаралары сақталынды, 
бірақ жауап беруші келтіруге қажетті мысалдар келтіре алмады, пәрмендерді 
орындағаны нақты болмады және жауабында аздаған қателіктер жіберді.
«3» - 
егер оқушы негізгі сұраққа толық жауап бермесе, жанама және 
қосымша сұрақтардың жауабы тәжрибемен сабақтаспаса, қарумен және 
техникамен жұмыс жасауында (әрекетінде) олқылықтар (қателіктер) орын алса, 
жауап бергенде тек оқулықтағы мәтінді келтіреді, ал қосымша сұрақтарда 
жекелеп айтылған ережелерді толық түсінбегені байқалады. 
«2» - 
егер оқушы ерте өткен материалдың елеулі немесе көп бөлігін 
білмесе; негізгі сұраққа өздігінен және дәйекті жауап бере алмаса, қосымшаға 
байланыссыз 
және 
толық 
емес 
жауаптар 
берсе; 
қарумен, техникамен және аспаптармен тәжрибе жүзіндегі іс-қимылдарын 
орындай алмаса, сонымен қоса тактикалық және саптық тәсілдерді жасау 
білмесе. 
Жаттығу жағдаяты 
бұрын қабылданған қағидаларды қарастырады және 
қойылған мәселелердің айқын және даусыз шешімдерін талап етеді. Жаттығу 
жағдаяттары зерттелетін мәселеге қатысты деректерді өңдеу не табудағы 
оқушылардың белгілі дағдыларын (іскерліктерін) дамытуы мүмкін. Жаттығу 
жағдаяттары негізінен машықтану сипатында болады, тәжірибе жинақтауға 
көмектеседі [12].
Нақты жағдаяттарды талдау бойынша бірнеше жұмыс әдістері белгілі: 

сабақ жетекшісі ұсынған және қатысушыларға алдын-ала зерттелген
нақты жағдаятты рольмен ойнау. Мұндай сабақ проблемалық жағдаятты 
рольдік ойынға айналдыруы мүмкін; 

мұғалім ұсынған нақты жағдаятты ауызша не жазбаша ұжымдық 
талқылау. Бұл нақты жағдаяттың мәтіні шағын болып, оқушы оны жеңіл 
қабылдай алатын болса, мүмкін болады. 
Аталған тақырыпты қару және патрондарды қолданған кезде сақталу 
керек қауіпсіздік ережелерінен бастау керек. Оқытушы қару мен оқ-дәрілерді 
қолданған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екендігін айтады. 
Әрбір қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері ату істері бойынша 
нұсқаулықтарда және атуды ұйымдастыру мен өткізу ережелерінде берілген. 
Негізгі қауіпсіздік шараларына мыналар жатады: 

оқушы қарудың құрылысы мен оқ-дәрілерінің жұмыс істеу принципін 
білуі керек; 


71 

қаруды қолына алып оғы жоқ екеніне көз жеткізген соң, оны 
сақтандырғышқа қою керек; 
-
қаруды қолданған кезде оны адамға, жануарларға, көлікке және төмен 
ұшатын нысандарға кезеуге қатаң тиым салынады; 

атуға дейін саусақты шүріппеге салудың қажеті жоқ; 

шүріппені ретсіз басудың қажеті жоқ, соның салдарынан қарудың 
механизмдері уақытынан бұрын істен шығуы мүмкін; 

себепсізден-себепсіз патронды оқтыққа салуға тиым салынады; 

қаруды оқтаған және оғын алған кезде ұңғысын жоғары қарату керек; 

қаруды қолданып болған соң, оқтықта патронның қалмағанын тексеріп, 
сақтандырғышқа қою керек; 

жарамсыз қару мен оқ-дәрілерді қолдануға тиым салынады; 

жарылмаған оқ-дәрілер мен гранатаға қозғауға, қолға алуға тиым 
салынады. 
Қауіпсіздік шараларын түсіндірген кезде оқытушы оқушылардың 
қауіпсіздік ережелерін барлық жерлерде және әрдайым сақтауларын талап 
етеді. Сонымен қатар оқу-үйрену қаруларын қолданған кезде де (ұрыстық 
қарумен әрекет еткендей) қауіпсіздік шараларын сақтау керек екендігін 
түсіндіреді. Себебі Қарулы Күштер сапында орын алатын қайғылы 
оқиғалардың көпшілігі, қауіпсіздік ережелері сақтамаудың салдарынан болып 
жатады. Осы жерде оқушыларға әскер өмірінен бірер мысал келтіруге болады. 
Екінші оқу сұрағын
қарастырған кезде, дайындап қойған материалдарды 
қолдана отырып, автомат және қол пулеметін көрсетеді, олардың толық және 
қысқартылған атауларын (мысалы: 5,45 миллиметрлік жиналмалы құндағы бар 
Калашников қол пулеметі – РПКС-74) және олардың барлығы жаудың тірі күші 
мен атыс жүргізетін орындарын жоюға арналғандығын айтады. Сонымен қатар 
оқушыларға жаудың тірі күші және атыс жүргізетін орынның не екендігін 
түсіндіре кеткен дұрыс. Қарудың ұрыстық қасиеттерін оқытқан кезде автомат 
пен пулеметтің сипаттамалары (қажет болса шетел армияларының 
қолданысындағы қарудың үлгісін де көрсетуге болады) берілген слайдтар 
(плакат) қолданылады. Автоматтың ұрыстық қасиеттерімен таныстырған кезде, 
оларды түсіндіру керек. Яғни ұңғының калибрі, ату екпіні дегеніміз не және 
оның жылдам атудан қандай айырмашылығы бар және т.с.с. 
Оқытушы АК-74 және РПК-74 -нің жалпы құрылысын оқытқан кезде 
автоматты бұзып, автомат пен қол пулеметінің құрылысы шамамен бірдей 
екендігін, сондықтанда олардың құрылысын автомат арқылы үйрететінін, ал 
пулеметтің өзгешеліктерін қосымша атап өтетіндігін айтады. Содан кейін 
автоматтың негізгі бөлшектері мен механизмдерін ретімен көрсетеді, атауларын 
айтады. Егер оқушылар жазып отырған болса (жазып отырған дұрыс), оқытушы 
әрбір оқушының алдымен көріп, содан кейін жазып алуларын тексереді. 
Автомат пен қол пулеметінің жұмыс істеу принцпін оқытқан кезде, 
оқытушы алдын-ала дайындалған слайдтарды қолданады және қарастырылатын 
сұрақтың мазмұнын түсіндіреді. 


72 
Ол үшін оқушылардың мазмұндалған материалды игеру деңгейін анықтап 
алып, содан кейін әрбір оқу сұрағын қысқаша тексеріп өткен дұрыс. 
Шығармашылық тапсырма беру кезінде мұғалім сабақ соңында 
интеллект-карта үлгілерін көрсете алады. Мұндай тапсырма қазақстандық 
мұғалімдер үшін жеткілікті деңгейде таныс және кәсіби лексикада көбінесе 
«кластер» ретінде қолданылады. Оқушылардың назарын оқулықтың тиісті 
параграфында интеллект-карталарды құрастыру жөніндегі нұсқаулар мен 
графикалық материалдың осы түрінің шартты мысалы берілгеніне аудару 
қажет. 
Интерактивтi әдістің негiзiн интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалар 
құрайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегілерден басты 
айырмашылығы олар меңгерілген материалды тек бекiтуге ғана емес, жаңаны 
оқып- үйренуге бағытталған. 
Тренинг 
(ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті 
жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ 
қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін 
бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады. 
Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар: 
• оқушылар бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра 
орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір 
алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-
біріне сенімділік артып, қызығушылық танытады, ынталы болады); 
• тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. «бұл сенім 
атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты 
аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны); 
• бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау 
және қолдау; 
• тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған
қатысуын қадағалау; 
• оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ қатысушыларды 
сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі тиіс; 
• оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтауы 
керек; 
• тренингтің бірінші сабағында «танысу» жаттығуы өткізіледі және 
«келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады; 
• теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің 
арасында сабақтастық болуы керек; 
• кез-келген тренинг сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен 
міндеттері айтылады, ал соңында қортындыланады; 
• кез-келген тренинг қандай мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен 
жұмыс ережесін жасаудан басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет