63
ортаңғы түсінікпен сызық арқылы байланысқан мәні бар ірі бірліктер
орналасады. Оған тақырыпқа қатысты сөздер, сөз тіркестері, бейнелер,
баламаларды орналастыруға болады. Ал планета «спутниктерінің» жан-жағына
тақырыпты толығымен ашып көрсететін және логикалық байланыс аясын
кеңейте түсетін мәні төмендеу бірліктер орналасады. Бұл жерде
категорияларды нақтылау өте маңызды және оларды қарастырылатын материал
мазмұнындағы ой-пікірлер мен деректер көмегімен негіздейді.
Сабақты ұйымдастыру тәсіліне қарай кластер тақтада, парақ бетінде
немесе дербес тапсырмаларды орындап отырған әрбір оқушының дәптерінде
жазылуы мүмкін. Кластер құра отырып, түрлі-түсті бор, қалам, қаламсап,
фломастер қолданған дұрыс. Ол жекелеген сәттерді бөліп көрсетіп, барлық
ақпараттарды жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
Кластерді құру бойынша бірнеше нұсқаулықтар бар. Оны құрған кезде
барлық нәрсені мазмұндап, ойға келгеннің барлығын тіркеудің қажеті жоқ.
Тіпті қарайып балаламалар мен ұсыныстар болғанның өзінде. Жұмыс
барысында жаңсақ немесе теріс пікірлер түзетіліп немесе толықтырылуы
мүмкін. Оқушылар өз ойларын ашық та батыл айтып, жұмыс істеуді барлық
идеясы аяқталғанша жалғастыра береді. Мәндік бірліктердің көп болуынан
қорқудың қажеті жоқ, реті келсе олардың арасындағы байланыстарды құруға
тырысу керек. Талдау кезінде барлығы жүйеге келтіріліп, өз орындарына
тұрады.
Кластер әдісін барлық дерлік сабақтарда қолдануға болады.
Аталған әдісті қолданған кездегі жұмыс істеу формасы әртүрлі болуы
мүмкін: дербес, топтық және ұжымдық. Ол алға жүктелген мақсат-міндеттерге,
мұғалім мен оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты анықталады.
Кластердің бір түрінен екінші түріне ауысуға болады. Мәселен, сайысқа
шақыру деңгейінде дербес жұмыс жүргізіліп, әрбір оқушы дәптерінде өз
кластерін құрады. Келіп түскен жаңа білім мөлшеріне қарай, өздерінің сызған
суреттері және сақтан игерген білім деңгейіне қарай жалпы үлгі сызылады.
Кластер сабақ кезіндегі жұмысты ұйымдастыру тәсілі ретінде және үй
тапсырмасы ретінде қызмет етуі мүмкін. Үй тапсырмасын орындау үшін
оқушылардың бойында белгілі бір тәжірибе болуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: