9
Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы
медициналық көмек (1 сағ.). Жарақат және олардың асқыну себептері туралы
түсінік. Қансырау түрлері және олардың сипаттары. Күйік шалу себептері және
олардың ауырлық деңгейлері. Естен танудың себебі. Жарақат алу және
қансыраған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Асептика және
антисептика туралы түсінік.
Түрлі қайғылы оқиғалар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық
көмек (1 сағ.). Сүйектің сынуы және оларды анықтау туралы түсінік. Соғып
алу, шығып кету, буынның созылуы және оларды анықтау белгілері. Шина
салудың негізгі ережелері. Түрлі қайғылы оқиға орын алған кезде алғашқы
медициналық көмек көрсету тәсілдері.
Үсік шалу, күнге күю және жылудың әсері, олардың алдын алу және
көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Электр тоғы соққан кезде
көрсетілетін алғашқы медициналық көмек және көмек көрсеткен кезде сақтау
керек қауіпсіздік шаралары.
10-
сынып бағдарламасының мазмұнына «Әскери роботты техника
негіздері» бөлімі енгізілген, ол «Әскери роботты техника негіздері»,
«Роботтарды басқару алгоритмі» және «Роботтарға арналған міндеттер.
Роботтардың қызмет ету мүмкіндіктері» атты бөлімшелерге бөлінген және
келесі тақырыптарды қамтиды:
1)
Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы
мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалану.
2)
Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын
жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдері.
3)
Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын
қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде
бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету (1-сур.).
Достарыңызбен бөлісу: