69
проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-әрекет кешені) толығымен сақталады.
Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық
жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық
жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ –
сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
білім алушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және
коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз
етеді. Бұл құзыреттілік ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (әрі
қарай - АКТ) негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.
Білім алушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге
арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни,
АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой
түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен
қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және
жетілдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: