61
•
шынайы не шартты уақыт факторының болуы;
•
жағдайдың өзгеру қарқындылығы және өткен уақыт сәттеріндегі
оқушылардың шешімдеріне тәуелді болып, кейінгі уақыттағы жағдайды
өзгертуге әсер ететін кері байланыстың болуы, яғни «шешімдер тізбегінің»
болуы;
•
ойын іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау жүйесінің болуы;
•
ойын ұжымының іс-әрекеттегі ортақ мақсаты, ортақ нәтижесіне қол
жеткізуде әрбір қатысушының жеке үлесіне әділ баға беретін қатысушыларды
ынталандыру жүйесінің болуы;
•
шешімдердің көп баламалылығы;
•
іскерлік ойынды ең аз көлемде міндетті қажетті және жеткілікті
құжаттамамен қамтамасыз ету;
•
басқарылатын эмоциялық зейіннің болуы.
Олардың тиімді қолданылу саласы айтарлықтай кең: оқу іс-әрекетінен
бастап шынайы іс-әрекетте басқарушы шешімдерді эксперименталдық
апробациялауға дейін. Іскерлік ойындарды өткізудің негізгі мақсаты – шынайы
өмірге жақын шарттарда шешім қабылдау тәжірибесін беру.
Рольдерді ойнау –келесі негізгі нышандар арқылы сипатталатын ойындық
оқыту әдісі:
•
кәсіби іс-әрекет саласында проблема не міндеттің болуы және оны
шешуге қатысушылар арасында рольдерді бөлу (мысалы: рольдерді ойнау әдісі
арқылы өндірістік жиынды ойнауға болады);
•
ойын сабағына қатысушылардың әдетте талқылау жүргізу арқылы өзара
әрекеттесуі. Әрбір қатысушы талқылау барысында басқа қатысушылардың
пікірімен келісуі не келіспеуі мүмкін;
•
сабақ барысында мұғалімнің түзетуші шарттарды енгізуі. Мысалы:
мұғалім талқылауды тоқтатып, қойылған міндетті шешуде ескерілуі қажет
кейбір жаңа мәліметтерді жеткізуіне, талқылауды басқа арнаға бағыттауына,
т.б. болады;
•
мұғалімнің талқылау нәтижелерін бағалауы және қорытынды жасауы.
Нақты жағдаяттарды талдау танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың ең
тиімді және кең таралған әдістерінің бірі болып табылады және нақты жағдай
мен практикалық шешім қабылдау барысында туындаған жағдаяттың
тыңдаушылар тарапынан талдануын талап етеді.
Көбіне география сабағында ойын жаттығулары аукцион - конкурсы;
жобалар конкурсы; сөзжұмбақтар конкурсы; марафон конкурсы; әртүрлі
географиялық викториналар, зерделілер сайысы өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: