9
жұмсалған шығындарды өтеу» 25-қосымшасына және «Мүгедек балаларды
үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы
есеп» 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
1.3 Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша жалпы сұрақтар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499
қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» (бұдан әрі – Үлгілік
қағидалар) білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу
жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен
және сабақтар кестесімен регламенттелетіні айтылған. Сондай-ақ білім
алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық
қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау
және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру
ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе
сыныптар бойынша аптадағы сағат саны Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген
білім беру деңгейлері бойынша Үлгілік оқу жоспарымен (бұдан әрі - ҮОЖ)
белгіленеді.
Үлгілік қағидалардың 20-тармағына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары
әрекеттегі ҮОЖ негізінде үйде білім алушы үшін жеке «оқу жұмыс
жоспарларын» әзірлейді. Балаларды үйде оқытатын жалпы білім беретін
мектептердің тәжірибесі бойынша жеке оқу жұмыс жоспары әрбір білім
алушыға бөлек, оның жеке және психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала
отырып әзірленетінін көрсетті. Сондай-ақ жеке оқу жоспарын әзірлеуде
мектептегі кейбір сабақтарға қатысу, вариативті компонентті таңдау туралы
және т.с.с. сұрақтарға қатысты білім алушы мен оның ата-анасының (немесе
заңды өкілдерінің) өтініштерін ескеру ұсынылады. Үйде оқытудың жеке оқу
жұмыс жоспары жарты жылға немесе бір оқу жылына әзірленеді және
педагогикалық кеңес шешімімен қабылданып, ата-анасының (немесе заңды
өкілдерінің) келісімімен білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі төменде
1-
кестеде берілген:
1-
кесте. Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: