69
бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға
оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсы мен 7-сыныптағы
алгебра курсын және соңында 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.
8-
сыныпта оқытудың міндеттері рационал сандармен арифметикалық
амалдар орындауда есептеу біліктігін пысықтау; натурал көрсеткішті дәреже мен
бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану біліктілігін пысықтау; рационал
бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану білікігін пысықтау; рационал
өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау білікігін пысықтау; мәтінді есептерді
шығару біліктілігін пысықтау; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен
теңсіздіктерді шешу біліктігін жетілдіру; сызықтық функцияның графигін салу
біліктігін жетілдіру; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін
жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін
жетілдіру; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымаласы бар
сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту; өрнектерді
түрлендіру, тепе-теңдіктерді дәлелдеу біліктігін бекіту; көпмүшелерді
көбейткіштерге жіктеу, өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын
қолдану біліктігін бекіту; иррационал және нақты сандар, квадрат түбір
ұғымдарын қалыптастыру;
x
y
=
функциясымен, квадраттық функциямен,
олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру; интервалдар әдісімен
таныстыру; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығымен таныстыру; құрамында
квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру біліктігін қалыптастыру;
квадрат және рационал теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру; квадрат
теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шығару біліктігін
қалыптастыру; рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шығару біліктілігін
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: