36
4.
Әр оқушының жұмыс жасау қарқыны оның жеке мүмкіндігіне
байланысты болады
.
Егер оқушы үнемі «тез, жылдам, сен тағы соңында
қалдың» деген сөздерді ести берсе оқушы жұмысты одан сайын жай жасайды
немесе жылдам жасаймын деп сапасыз жасайтын болады. Бәрінен дұрысы "аз
болса да жақсы болсын» ұстанымды іске асыру.
6.Әр оқушының алға жылуын қадағалап отыру қажет. Қазіргі уақытта қай
«нүктеде» тұр, болашақтағы дамуы қалай болады соны білу қажет. Ол үшін
мұғалім оқушының нені өз бетімен, нені мұғалімнің көмегімен орындай
алатынын нақты білуі қажет.
7.Білім беруде диагностикалау процесінде шығарылған оқушы дамуының
«мықты» жағына сүйеніп отыру қажет.
Жалпы білім беретін бейімделген бағдарлама бойынша денсаулығына
байланысты
уақытша
немесе
үнемі
білім беру ұйымдарына бара алмайтын
білім алушыларды үйде оқыту ерекшеліктеріне арналған оқу бағдарламасы
анықтайды:
1) оқу бағдарламасында 5-11 сыныптардағы апталық саны 5-сыныпта – 32
сағат, 6-сыныпта – 33 сағат, 7-сыныпта – 34 сағат, 8-сыныпта – 36 сағат, 9-
сыныпта – 38 сағат, 10-сыныпта – 39 сағат, 11-сыныпта – 39 сағат көлеміндегі
сағат есебіне сәйкес саралап оқыту қағидатына орай оқу жүктемесін қайтадан
бөліп, оқу бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді (5-кесте):
5-
кесте
Сынып
Сағат саны
5 -
сынып
16
6 -
сынып
16,5
7 -
сынып
17
8 -
сынып
18
9 -
сынып
19
2) үйде оқыту барысында мемлекеттік стандартты орындау үшін
жекелеген модульдерді, оқу бағдарламасының бөлімдері мен тақырыптарын
оқуға бөлінген сағат сандарын азайтып, мектептің мүмкіндігіне қарай ,
мақсатты түрде білім алушының жеке психофизикалық ерекшеліктері, білім
алуға деген сұраныстары мен медициналық көрсеткіштері және дайындық
деңгейлері ескеріле отырып білім ұйымдары өздері бекіткен оқу курстары
әзірленеді;.
-
әрбір оқу пәнінің мазмұнын іске асыру мен оған бөлінген оқу
уақытының көлемі қолданыстағы білім мазмұны бойынша жасалған
бағдарламаға сәйкес анықталады;
-
оқу пәндері көлемі қысқарған, оқуға бейімделген қолданыстағы,
қолданыстағы бағдарламаларға сәйкес оқытылады;
-
оқу материалын қысқарту оқу пәнінің бағдарламасымен тәртіптеледі;
-
оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында бірізділік жүйесі,
сабақтастық принципі сақталып жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: