57
тыңдалым) арқылы, жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін түзету және дамыту
жазбаша жаттығулармен жұмыс барысында, есте сақтауды, түрлі ойлау
операцияларын түзету мен дамыту жүзеге асырылады.
Мұғалімнің міндеті балаларды оқу процесіне бірден араластыру болып
табылады. Ағылшын тілі сабағында оқушы оған таныс емес тілде сөйлеседі.
Тілдік сергіту мен фонетикалық жаттығулар оқушыны қызықтыруға, оны
сөйлесуге ынталандыруға бағытталған. «How are you?» («Қалың қалай?»), How
is your mother? What is the weather like today?
Және басқа сұрақтар күнделікті
сөйлесуге жақындатылған және әдетте қиындықтар туғызбайды. Оқушылар
тілдік ортаға енгізіледі. Оқушы сұраққа жауап беруге қиналса, оған тірек
суреттер немесе тірек сөздер беру керек. Оларды экранға шығаруға немесе
сөздері бар карточкаларды дайындауға болады. ауызша сөйлесу кезеңінде өткен
материалды қайталау қажет.
Сабақтың келесі – негізгі кезеңі. Бұл кезеңде жаңа лексикалық,
грамматикалық, тілдік материалды енгізу іске асырылады. Бұл кезеңдегі басты
мәселе – оқушының назарын ұстап тұру.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда әр түрлі сырқаттар болады.
Қалай ойлайсыздар, сабақты баланың сырқатына байланысты жоспарлау
керекпіз бе?
Шағын тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылардың ерекшеліктеріне
байланысты жаттығуларды таңдап көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: