Методические рекомендации «повышение эффективности деятельности общественных советов»



бет16/35
Дата06.02.2022
өлшемі92,99 Kb.
#54285
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35

ӘР ТҮРЛІ АЙМАҚТАРДЫҢ


ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРІНІҢ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ БӨЛІГІНЕ ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ҰСЫНЫСТАРЫ

Қоғамдық кеңестердің қызметінің жариялылығына ақпараттық қолдау жасау арқылы бағытталған белсенді әлеуметтік желілер беттерін жүргізу.


Қазақстандықтар бұрыннан келе жатқан БАҚ теледидар және газеттерден ғана емес, өміріндегі рөлі ерекше қазіргі заманғы әлеуметтік желілер арқылы соңғы жаңалықтар біле алады және өз пікірімен бөлісуге, танысуға, басқалардың пікірін біле алады.
Қазір әлеуметтік желілер көпшілікке жаңалық көзі болып саналады және олардың қоғамдық пікіріне әсер етеді, сондай-ақ жаңа үрдісті құрушылар ғаламтор пайдаланушылар арасында көптеп кездеседі . Үрдістер арасында оң да, терісі де бағыттар барлығын айта кету керек. Сондықтан Қоғамдық кеңестер әлеуметтік желілердегі өз беттерін құра отырып және халыққа түсіндіре отырып, өз қызметінде сауатты және кәсіби түрде ақпарат, түсініктемелер беру ,келіп түскен өтініштерге дұрыс жауап беруі үшін штат бірліктері болуы қажет.
Қоғамдық кеңестер еліміздің даму жүйесінде соңғы негізін қалаушы бөлігі болып қалуға ат салысу керек. Қоғамдық кеңес өз негізінде қоғамға да мемлекеттік органдарға да керекті компонент. Осыдан байқағандай Қоғамдық кеңестің қызметі бойынша ақпарат уақыт талабына сай кейінгі орынға кетіп жатқан, дәстүрлі БАҚ баспа беттеріне беру жетпейді, оның үстіне жастар өкілдері бұны мүлдем қолданбайды.
Әлеуметтік желілерде толық, әрі үнемі беттерді толықтырып отыру ,әлеуметтік желілердің заманауи құралдарын қолдану арқылы көптеген пайдасын көруге және мынадай міндеттерді шешуге болады:

  1. Қоғамдық кеңестерде жастардың қызметі.

Бүгінгі таңда Қоғамдық кеңестердің мүшелерінің жалпы санынан ең аз үлесті жастар алады. Ал белсенді жастар тұтастай ел дамуының мәселелерін алғанда немесе әр түрлі мемлекеттік органдардың қызметінде кейбір мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарары анық. Өйткені жастар өкілдері көбінесе, өздерінің заманауи креативті көзқарастары бар, қандай да бір міндеттерге заманауи ұсыныстарды енгізеді және мүмкіндік таба алады. Олар саяхаттау кезінде шет елдердің тәжірибесін бақылап, солардың тәжірибесін негізге ала отырып Қоғамдық кеңестердің қызметіне жаңашылдық, Қоғамдық кеңестердің жұмысына танымалдық әрі жастардың өздерінің дамуының
«әлеуметтік баспалдағы» болары анық .

  1. Қоғамдық кеңестердің алдағы іс-шаралар туралы жұрт- шылықты хабардар етуді жеңілдету.

Әлеуметтік желілердің тегін құралдарының арқасында көптеген мүмкіндіктер бар. Соның ішінде ғаламтор пайдаланушылар арасында сауалнамажүргізіп,қоғамменбайланысжасауарқылыөзектімәселелерге талдау жасап, қағаз бетіне түсірілетін көптеген өтініштерден құтылар едік. Үнемі кез-келген материалдарды, шешімдер мен қорытындылар, есептерді жариялап отыруға болады және бұл азаматтарға үнемі қолжетімді болады. Сонымен бірге әлеуметтік желілерде бейне конференция, тікелей трансляция жүргізуге, әртүрлі шаралар өткізуге
болады. Мысалы, әлеуметтік желі бетінде жақында болатын отырыс туралы хабарлап қана қоймай, осы шара бойынша жеке бет ашып, осы шара бойынша фотосуреттер, талқылаулар туралы ақпарат беру- ге болады. Тегін құралдардан басқа халықты көп қамту мақсатында болатын шараға байланысты ақылы жарнама жасауға болады, әр нақты жарнамаға нақты мақсатты аудитория жинауға болады.
Жалпы алғанда Қоғамдық кеңестің қызметін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жүргізсе, Қоғамдық кеңес қызметі туралы ақпарат алуға ыңғайлы әрі танымал болып қоймай, мемлекеттік органдар сайтынан іздеу бойынша азаматтардың жұмыстарын жеңілдетер еді.
Әрине жоғарыда айтылған ұсыныстарды жүзеге асыруда қаржыландыру мәселесі шешіліп,осындай әлеуметтік желіде жасалған кәдімгі жұмыс кестесі бойынша бетпен жұмыс істейтін, керекті ақпаратпен толықтырып, сүйемелдеп отыратын жеке қызметкер қажет.



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет