Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Морфология» пәні бойынша 050205 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған
Әдістемелік нұсқау
Павлодар 2008
Лист утверждения к Форма
методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05
БЕКІТЕМІН
ФЖиӨ факультетінің деканы _____________ Ж.Т.Сарбалаев
«___»_____________2008ж
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева
Қазақ филологиясы кафедрасы
Әдістемелік нұсқау
Тәжірибешілік сабақтарға арналған
«Морфология» пәні бойынша 050205 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін
Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2008ж. мәжілісінде ұсынылды.
Хаттама №__
Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп
Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2008 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___
ӘК төрайымы____________________М.В.Семенова
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Бағдарлама қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалыұ өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми түсіну міндетін қояды.
Пәнді оқыту мақсаты:
Студенттерге теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланыпа тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы ерікін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру.
Пәннің міндеттері:
Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру;
Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОБЖ, СӨЖ арқылы студенттердің морфолгиядан бағдарламалық материалдарды меңгертіндей шеберліктерін қалыптастыру;
Студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.
Студенттер білуі тиіс:
сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, граммтикалық форма, грамматикалық категория); сөздің құрамы және морфемалардың түрлері; сөз формалары және оалрдың жасалу тәсілдері, түрлері;
сөз таптары, олардың жіктелуі;
зат есім, оның лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйес, синтаксистік сипаты;
сын есім, оның семантикалық топтары, шырай категориясы, синтаксистік қызметі;
сан есім, оның лексика-семантикалық, морфологиялық, семантикалық өзгешелігі, семантика-морфологиялық топтары;
есімдіктер және олардың мағыналық топтары;
етістіктің лексика-семантикалық, морфологиялық сипаты, етістік формаларының жүйесі;
үстеудің морфологиялық белгілері, түрлері, мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі;
еліктеу сөздердің семантикалық, фонетика-морфолгиялық, синтаксистік сипаты;
одағайлардың түрлері, қызметі;
модаль сөздер, олардың ерекшеліктері.
Студенттер істей білуі тиіс:
- Сөз таптарын ажырата білуі тиіс;
- Әр сөз табының ерекшеліктеріне қарай талдау жасай білуі тиіс;
- Морфологиялық талдау жасай білуі тиіс.
2 Пререквезиттер:
Нормативті қазақ тілі
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Грамматика жән оның салалары. Тілдің грамматикалық құрылысы. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма. Грамматикалық категория.
Грамматиканың зерттеу объектісі, грамматиканың салалары, морфология, синтаксис, морфологияның зерттеу объектісі. Тілдің грамматикалық құрылысы ұғымы не жайлы, негізгі грамматикалық ұғымдар.
Грамматикалық және лексикалқ мағына айырмашылығы, ара қатынасы. Грамматикалық мағына, түрлері, тілде олардың берілу тәсілдері. Ол туралы ғалымдар пікірлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма, олардың бір-бірімен байланыстылығы. Грамматикалық форманың берілу тәсілдері. Грамматикалық мағына ме грамматикалық форманың сәйкестігі. Ол туралы ғылымдағы көзқарастар. Нөльдік форманың қазақ тіліндегі парадигмалық сипаты. Грамматикалық категория ұғымы грамматикалық категорияның сипаты. Грамматикалық категория түрлері.
Тапсырма-1. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 213-б.
2-тақырып. Сөз таптары. Сөздерді таптастыру принциптері.
Сөздерді таптастырудың негізгі принциптері, ол принциптердің мәні мен сипаты. Сөз таптарының шығуы мен дамуы. Қазақ тіліндегі сөз таптары. Бейтарап сөздер.
Тапсырма -2. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 213-б.
3-тақырып. Зат есім.
Зат есімнің семантикалық сипаты. Семантикалық ерекшеліктері бар топтары адмзт, ғалмзат есімдері, жалпы, жалқы зат есісмдер. Жалқы есімдердің ауқымы, өз ішінде бөлінуі, қолдалынуо аясы. Даралау, жинақтау, көптік, эмоция-экспрессивтік мәнді зат есімдер. Зат есімнің морфологиялық сипаты. Зат есімнің құрылымы: жалаң, күрделі зат есімдер. Түбір, туынды зат есімдер. Күрделі зат есімдер. Зат есімнің көптік категориясы. Зат есімнің тәуелдік категориясы. Зат есімнің септік категориясы. Зат есімнің жіктелу ерекшелігі. Көмекші есімдер, олардың көлемдік, мезгілдік мәнді білдіруі, көмекші есімдердің зат есім шеңберінде қолданылу ерекшелігі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі оның түрлену жүйесімен байланыстылығы.
Тапсырма-1. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 254-б.
4-тақырып. Сын есім
Сын есімнің мағынасы. Сын есімге жататын сөздер. Семантикалық сипаты. Сапа және қатыстық сын есімдер, құрамы. Сын есімнің грамматикалық ипаты. Сын есімнің шырай категориясы. Шырай түрлері, жасалуы. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.
Тапсырма-1. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) Б-269-270.
5-тақырып. Сан есім.
Сан есімнің лексикалық және грамматикалық сипты. Сан есімнің құрылымына әсері, дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің мағыналық топтары, олардың сұрақтары, қатары, жасалуы, сөйлемдегі қызметі.
Жаттығу жұмысы -1. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 285-б.
6-тақырып. Есімдік
Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты. Сөз табы ретіндегі ерекшелігі, мағыналық түрлері. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау, болымсыздық есімдіктері, ерекшелктері, олардың түрленуі, сөйлемдегі қызметі, есімдікке ауысқан сөздер.
Тапсырма-1,2,3. Жаттығу жұмысы -1,2,3. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 213-б.
7-тақырып. Етістік
Етістіктің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты. Етістіктің зерттелуі. Етістіктің семантикалық топтары, зерттелуі, туынды етістіктер. Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері, ғалымдар көзқарастары. Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрлері. Етістіктің аналитикалық форманттары, құрылымы, мағыналары. Қалып етістіктері. Қимылдың өту сипаты. Дара және күрделі етістктер. Күрделі етістік мәселесі туралы. Қазақ тіл біліміндегі жаңа көзқарастар, зерттеулер.
Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары. Салт, сабақты етістіктер. Салт, сабақтылықтың объект және субъектіге қатыстылығы. Салт етістіктің сабақтыға, сабақты етістіктің салтқа айналуы. Етістер, етістің түрлері: негізгі етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс. Етістердің білдіретін мағыналары, әрқайсысының жасалу ерекшелігі. Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылуы.
Тапсырма-1,2,3. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 357-б.
8-тақырып. Етістік
Болымды, болымсыз етістіктер. Болымды мағыналық етістік, түбірмен сәйкестігі. Болымсыз мағынаның етістікте берілу тәсілдері. Синтетикалық, аналитикалық тәсілдер, көрсеткіштері. Болымды, болымсыз мағынаның барлық етістікке тән екендігі.
Есімше, оның жасалуы, мағыналық түрлері. Есімшенің есіммен етістікке қатыстылығы. Есімшенің түрленуі, синтаксистік қызметі, жіктелуі.
Көсемше, білдіретін мағынасы, негізгі және жанама қимылды білдіруі, жасалуы. Көсемшенің жіктелуі, сөйлемде атқаратын қызметі.
Тұйық етістік, білдіретін мағнасы. Тұйық етістіктің шақ категориясына қатыстылығы. Тұйық етістіктің қолданылу ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі.
Тапсырма-3,4,5,6. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 358-359-б.
9-тақырып. Етістік
Етістіктің рай категориясы. Модальдік мағынаның рай формалары көрініес. Рай түрлері: ашық рай, бұйрыққ рай, қалау рай, шартты рай. Ашық рай оның басқа райлардан ерекшелігі, білдіретін мағынасы, ашық рай формасында қолданылатын етістіктің жіктелуі. Бұйрық рай, мағынасы, семантикалық мәні. Бұйрық рай формасындағы етістіктің жіктелу ерекшелігі. Қалау рай мағынасы, семантикалық мәні, рай жасаушы морфмемалар. Қалау райдың аналитикалық мәні. Қалау рай формасындағы етістіктің жіктелу ерекшелігі. Шартты рай, мағынасы, жасалуы, сөйлем құрылымдағы ерекшеліктері. Шартты райдың аналитикалық форманттары. Шартты рай формасындағы етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ категориясы, жіктелуі (қысқаша, толық, көпше, жекеше түрлері, етістіктің әр категориясын өткендегі жіктелуі туралы мәліметтерді жинақтау туралы).
Тапсырма-7. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 360-б.
10-тақырып.Үстеу
Үстеу-өз алдына жеке сөз табы. Үстеудің лексика-грамматикалқ сипаты. Үстеудің мағыналық топтар: мезгіл, мекен, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулер. Оларға жататын сөздер, құрамы, қолданылу ерекшеліктері. Оларға жататын сөздер, құрамы, қолданылу ерекшеліктері. Дара, күрделі үстеулер. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
Тапсырма-1,2,3,4. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы.(Алматы, 2005) 369-б.
11-тақырып. Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздерге жататын сөздер. Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеуіш сөздер, олардың, дыбыстық құрамы, буын жігі, қолданылуы. Еліктеу сөздердің құрамы, басқа сөздермен тіркесуі. Еліктеу сөздердің сөйлемедгі қызметі.
Тапсырма-1,2,3. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005), 381-382-б.
12-тақырып. Шылау
Шылаулардың сөз табы ретіндегі лексика-семантикалқы сипаты. Шылаулардың түрлері: жалғаулықтар, олардың негізі қызметі, өз ішіндегі мағыналық түрлері; септеуліктер, олардың негзгі қызметі мен мағыналық түрлері, жалғаулық шылаулармен ұқсастығы және айырмашылығы; демеуліктер, олардың қызметі, өз ішіндегі мағыналық түрлері, кейбір демеуліктердің емілесі.
Тапсырма-1,2,3. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 395-б.
13-тақырып. Одағай
Одағайдың сөз табы ретіндегі ерекшелігі. Одағайдың құрылымы. Одағайдың мағыналық түрлері. Одағайдың сөйлемдегі қызметі.
Тапсырма-1,2,3. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005), 406-407 -б.
Қолданылатын әдебиеттер
Негізгі:
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., Мектеп, 1997
Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың мағынасы мен қызметі. А., 1996
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., Ана тілі, 1992
Балақаев М. Қазіргі қазақ тіл. А., 1992
Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А., 1999
Ибатов А. Сөздердің морфологиялық құрамы. А., 1983
Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998
Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992
Қайдаров А. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
Қасабек Қ., Мұхамади Қ. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 2004
Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. А., 1996
Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. А., 1961
Төлеуов Ә. Сөз таптары. А., 1982
Ысқақов А. Қазіргі қазқ тілі. А., 1991
Қосымша:
Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. А.,1971
Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың функционалды сипаты. Павлодар, 2002
Шаһарман Г. Қазақ тіліндегі сан есім сөздерден жасалған туындылардың мағыналық ерекшеліктері. Алматы, 1998
Достарыңызбен бөлісу: |