Лист утверждения Форма к методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05
БЕКІТЕМІН
ФЖжµ¤Ф деканы
________ Сарбалаев Ж.Т.
«___» ________ 200 ж.
Құрастырушы: аѓа оќытушы Кударова Н.А.
Психология және педагогика кафедрасы
«Жалпы психология 4»
пәні бойынша
ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР
050503 – психология бакалавр
мамандығы бойынша оќитыњ студенттер ‰шін
Кафедра мәжілісінде ұсынылды “___ ”_____________ 200 ж.
№ _____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ Кертаева К.М
Филология, журналистика жєне µнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды “ ” . 200 ж. Хаттама №
ӘК Төрайымы ____________ Семенова М.В.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Кіріспе
Интеллектуалды (таным) процестер психологиясы - өзінің ұзақ даму тарихындағы эксперименталдық зерттеулерінде бай дәстүрге және үлкен қолданбалы мәнге ие жалпы психологияның құрамдас бір бөлігі.
Таным процестері сананың эксперименталды психологиясының шеңберінде XIX гасырда жалпы психологияның дербес бөлімі ретінде қалыптаса бастады.
Пәнді оқу мақсаты: Түсінудің мәнін, құрылымын, қызметін қалыптастыру және тұлғаның іс-әрекет процесі мен өмірлік жолда әлеуметтік мінез-құлқының дамуы.
Міндеттері:
-мотивация, ерік және тұлға психологиясы бойынша негізгі түсініктері игеру;
-тұлға және психикалық процестер байланысын түсіну;
-түсінудің құрылымдық заңдылықтарын, қызметтерін қалыптастыру және тұлғаның дамуы;
-тұлғаның жалпы психологиялық заңдылықтарын өмірлік пайда болуымен сәйкестендіруді білу;
-психологиялық қолданбалы және практикалық міндеттерін жалпы психологиялық білімдермен байланыстыра білу.
Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті:
- жалпы психологияның құрылу мен тарихы жайлы;
- жалпы психологияның қазіргі жаңа мәселелерін;
-психологиялық құбылыстар мен процестердің негізгі
заңдылықтары жайлы.
Пәнді игеруде студенттер істей білуге тиісті:
- теориялық білімдерді практикада қолайлы қолдану;
- зерттеу іс-әрекетіне деген дағдылар;
- кәсіби қарым-қатынас дағдылары.
Пререквизиттер:
- жалпы психология (1,2,3);
- психология бойынша практикум;
- жас ерекшелік психологиясы ;
- зоопсихология;
- философия.
Сабақ түрлері ұжымдық, топтық және жеке дара.
Курс аяқталған соң, меңгерілген білім бойынша студенттер емтихан тапсырады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет
Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2х томах. – М., 1980. – 228С.,
Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – М., 1977.,
Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. – Л., 1968,
Абульханова-Славская К.А, Стратегия жизни. – М., 1991,
Зейгарник Б.В. Теории личности в зарубежной психологии. – М., 1982. – 128С.,
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1977,
Логинова Н.А. Опыт человекознания. История комплексного подхода в психологических школах В.М. Бехтерева и Б.Г. Ананьева. – СПб, 2005,
Мерлин В.С. Очерк интегральной теории индивидуальности. – М., 1988,
Психология личности: тексты. – М., 1982. – 288с.,
Психологическая наука в России 20ого столетия: проблемы теории и истории. – М., 1997,
Столин В.В. Самосознание личности. – М., 1983,
Узнадзе Д.Н. Психологические исследования. – М., 1966,
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – М., 1989,
Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность: В 2х т.- М., 1986,
Хьелл Л. Зиглер Д. Теории личности. – СПб, 1997,
Юнг К.Г. Психологические типы. – М., 1998,
Якобсон П.М. Психологические проблемы мотивации поведения человека. – М., 1999. – 316с.
Қосымша әдебиет
Вилюнас В.К. Психологические механизмы мотивации человека. – М., 1990,
Джемс В. Психология. – М., 1988,
Ильин Е.П. Психология воли. – СПб., 2000,
Каган М.С. Эткинд А.М. Индивидуальность как объективная реальность// Вопросы психологии. – 1989. - №4. –С. 5-15,
Ким А.М. Духовность и экзистенциальные стили индивидуальности// Вестник КазГУ. – 1999. -№8-9. – С. 156-162,
Кон И.С. В поисках себя. Личность и ее самосознание. – М., 1984,
Мерлин В.С. Структура личности: характер, способности, самосознание. – Пермь, 1990,
Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М., 1973,
Узнадзе Д.Н. Психологические исследования. – М., 1966.
Теоретикалық курстың мазмұны
1 тақырып. Мотивация психологиясы
Қажеттілік мотивация үрдісінің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы. Адам қажеттіліктерінің тарихи табиғаты. Мотивацияның онтогенетикалық және жағдаяттық дамуы.Мотив қажеттіліктердің затталуының нәтижесі ретінде.
2 тақырып. Мотивацияның психологиялық теориялары
Мотивацияның негізгі теориялары: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік психология, гуманистік психология, мотивацияның отандық теориялары (А.Н. Леонтьев, Д.Н. Узнадзе және олардың мектептері).
3 тақырып. Ерік психологиясы
Еріктің мәнділігі. И.М.Сеченов ерік жайлы сананың әрекетшіл жағы ретінде. Мотивтер еріктік процестің құрамында. Мотивтердің күресі. Еріктік күшею. Еріктік акттің құрылымы – жоспарлау және орындау. Шешімдердің орындалуы, моторлы компоненттер. Н.А.Бернштейн қозғалыстың құрылуы туралы.
4 тақырып. Жалпы психологиядағы тұлға
Тұлға ұғымы. Адамға қатысты басқа категориялар ( индивид,субъект, даралық). Философия, дін, өнердегі тұлғаның танымына қарағанда тұлғаға деген ғылыми-психологиялық келістің спецификасы.
Дифференциялдық, жас ерекшелік, әлеуметтік, медициналық, спорт, педагогикалық психологиядағы тұлғаны зерттеу спецификасы.
5 тақырып. Тұлғаның типологиясы. Тұлғаны зерттеу әдістері
Тұлғаның типологиясына деген негізгі келістер (А.Ф. Лазурский, Э.Шпрангер, К.Г.Юнг).
Психологиядағы тұлғаны зерттеу әдістері. Тұлғаны ғылыми зерттеудің спецификасы, психологтың этикасы және танымның объективтілігі. Тұлғаны зерттеуде қолданылатын жасанды эксперимент, бақылау мен өзіндік бақылау, проективтік және өмірбаяндық әдістер.
6 тақырып. Тұлғаның құрылымы
Тұлғаның құрылымы туралы түсінік. Тұлға құрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік беделі, әлеуметтік функциялары мен рөлдері, әлеуметтік жүріс-тұрысы, мотивтері,бағыттылығы, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект пен қабілеттер.
7 тақырып. Тұлға жеке даралық ретінде
Жеке даралық – адам қасиеттерінің жабық жүйесі, оның барлық қасиеттерінің интеграциясының жоғары деңгейі, саналы өзіндік реттелудің жоғары деңгейі (Б.Г.Ананьев). Тұлғаның ішкі дүниесі, жеке даралық туралы түсінік. В.С. Мерлин интегралды жеке даралық туралы. Табиғи индивид пен тұлғаның интеграциясы.
8 тақырып. Мінез тұлға құрылымында
Мінез – тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық-өзгешеліктің бірлігі. Мінездің құрылымы: мінездің коммуникативтік, рефлексивтік, эмоционалдық, еріктік, интеллектуалдық қасиеттері. Психикалық процестер мен күйлердің жеке даралық ерекшеліктерінің мінез қасиеттеріне ауысуы.
9 тақырып. Тұлғаның қабілеттері мен нышандары
Қабілеттер мен нышандар жайлы түсінік. Іс-әрекет субъектісінің потенциалдар құрылымы: дарындылық, жалпы, арнайы қабілеттер, интеллект, еңбекке қабілеттілік.
Талант – тұлғаның бағыттылығымен интеграцияланған қабілеттер ансамблі. Данышпандық феномені.
10 тақырып. Әлеуметтік жүріс-тұрыс тұлғаның белсенділігінің түрі ретінде
Тұлғаның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге деген қатынастарын көрсететін белсенділік түрі ретіндегі әлеуметтік жүріс-тұрыс туралы түсінік. Қылық- тұлғаның әлеуметтік жүріс-тұрысының бірлігі.
Әлеуметтік жүріс-тұрыстың сыртқы ( жағдаяттық және орталық) және ішкі
(өзіндік тұлғалық) детерминациясы. К.Левин бойынша жүріс-тұрыс психологиялық өрістегі тең әсерлі күш ретінде.
11 Тұлғаның жүріс-тұрысы, әлеуметтік іс-әрекеті. Тұлғаның психологиялық қорғанысы. Тұлға дамуының қозғаушы күштері мен қайнар көздері
Тұлғаның жүріс-тұрысын реттеудегі әлеуметтік нормалар, әлеуметтік бағдарлар, саналы қатынастар. Тұлғаның өмірлік мақсаттары, жоспарлары, бағдарламалары мен стратегиялары. Тұлға балсенділігінің психологиясы. Тұлғаның жауапкершілігі мен инициативасы (К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, С.Л, Рубинштейн)
Достарыңызбен бөлісу: |