Методическое письмо ǀ 2017-2018 учебный год


Казахский язык (для школ с неказахским языком обучения)



бет54/213
Дата06.02.2022
өлшемі7,84 Mb.
#34465
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   213

Казахский язык (для школ с неказахским языком обучения)


Пәнді оқыту мақсаты – қарапайым және негізгі (негізгі деңгейдің алғашқы игерімі) деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.
3-4-сыныптарда қарапайым деңгейдің 4 игерімін меңгерту талап етіледі:

  1. 3-4-сыныптардағы қарапайым деңгей – А1 2 игерімді қамтиды:

бастапқы толық игерім А1.2 –3-сынып;
бастапқы жетік игерім А1 + – 4-сынып.
«Қазақ тіл» пәні тілдік және әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды.
3-4–сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарындағы (диктант) сөз мөлшері мен оған берілетін уақыт мөлшері, оқу жылындағы жазба жұмысының саны ұсынылады.

19-кесте – Жазба жұмыстарының (диктант) мөлшері





Сынып

Сөз мөлшері

Жазба жұмысына берілетін уақыт мөлшері

3-сынып

20-30 сөз

10 минут

4-сынып

30-40 сөз

10-15 минут



Диктант жұмыстарын бағалау нормалары.
«5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір- бірден қате жіберсе;
«4» дегенбаға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға: емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;
«2» деген баға: емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет