22 наурыз – Наурыз мейрамы;
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі;
7 мамыр – Отан қоғаушылар күні;
4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;
6 шілде – Астана күні;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні;
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
«Қазақ тілі» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдістемелік қызмет көрсетудің, оқу пәндері бойынша сыныптан тыс шаралар мен тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі құрылғысы болып табылады.
Осыған байланысты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптардың қарастырылуы ұсынылады:
Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.
«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптарды қарастыру ұсынылады:
Білім сатылары бойынша Қазақ әдебиетін меңгертудің деңгейлік ерекшеліктері;
Сөйлеу әрекеттері бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;
Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында оқушыларды тілдік қатынасқа үйретудің жолдары;
Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері.
Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар: