Физическая культура
Учебный предмет «Физическая культура» – это система знаний о физкультурной деятельности, он направлен на поддержание физического и психического здоровья обучающихся.
Изучение предмета направлено на формирование физической культуры учащегося посредством освоения основ физкультурной деятельности с общей развивающей направленностью; формирование устойчивых мотивов и потребностей в бережном отношении к своему здоровью; целостное развитие физических и психических качеств; творческое использование средств физической культуры в организации здорового образа жизни.
В регионах республики, где нет возможности проводить полноценные уроки по разделам «Лыжная подготовка» и «Плавание», рекомендуется замена этих разделов. По решению педагогического совета школы эти уроки могут быть заменены соответственно кроссовой подготовкой и гимнастикой (ритмической, атлетической, профессионально-прикладной).
Вариативная часть учебной программы предусматривает дополнительные занятия оздоровительной физической культурой для физически отстающих детей или занятия другим видом спорта с учетом потребностей и интересов учащихся и их родителей.
«Дни здоровья» проводятся 3-4 раза в учебном году и организуются в каникулярное время.
Распределение обучающихся на группы для занятий на уроках по учебному предмету «Физическая культура» производится на основании медицинского осмотра с обязательным предъявлением справок.
В целях оказания методической помощи учителям по вопросу организации и проведения уроков по физической культуре Национальным научно-практическим центром физической культуры разработаны методические пособия, которые размещены на сайте центра (www.nnpcfk.kz).
Объем учебной нагрузки по предмету составляет: в 3- 4 классах – по 3 часа, по 102 часа в учебном году.
Нормы оценок
При оценивании деятельности учащихся учитываются их индивидуальные особенности и психосоматические возможности.
Если учащийся по состоянию здоровья не может выполнить практическое задание, ему предлагается теоретическое задание.
Оценка «5» ставится в случае, если учащийся самостоятельно справился с заданием в соответствии со своими психосоматическими возможностями.
Оценка «4» ставится в случае, если учащийся справился с заданием в соответствии со своими способностями и психосоматическими возможностями, но при этом использовал небольшую помощь учителя.
Отметка «3» ставится в случае, если учащийся выполнил задание хуже,чем ему позволяют его способности и психосоматические возможности. При выполнении задания учащийся систематически использовал помощьучителя.
Отметка «2» ставится в случае, если учащийся не выполнил задание, не использовал помощь учителя.
3.1 ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОСНОВНОГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ (6, 8, 9 классы)
ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
В образовательную область «Язык и литература» школ с русским языком обучения.входят учебные предметы «Казахский язык», «Казахская литература», «Русский язык», «Русская литература», «Родной язык», «Родная литература», «Иностранный язык», курс «Абаеведение». «Казахский язык» для школ с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучения
«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқыту негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында сабақта коммуникативтік – танымдық мақсат жүзеге асу үшін сөйлеу әрекетінің бес түрі іске қосылады. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім.
Тыңдалым– «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – есту арқылы түсіну. Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді.
Тыңдалымды жете меңгеру үшін қойылатын талаптар:
1) тыңдауға ұсынылатын мәтінде, әңгімеде, пікірде айтылатын басты ой түсінуге жеңіл болуы керек;
2) үннің ырғағы мен әуені дұрыс естілуі қажет;
3) тілді жақсы үйрену үшін, тыңдалым бірінші сабақтан бастап үздіксіз жүргізілуі тиіс;
4) оқушының тілге қатысты білімі мен дайындығы ескерілген жөн;
5) тыңдалымға қатысты жұмыстардың бәрі бақылауға алынған дұрыс.
Тыңдалымға қатысты көңіл аударатын мәселелер:
-мәтінді түсінудің түрлерін меңгерту;
- тақырыпты дұрыс белгілеу;
- мазмұны мен құрылысына қарай мәтінді жіктеу.
Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты, үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің мәні зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.
Сөйлеу әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның маңызы: 1) тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады; 2) оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады; 3) оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды.
Айтылым - адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетінің бір түрі. Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша өз ойын түсінікті етіп жеткізе отырып, қарапайым тіркестер мен сөйлемдер арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттайалады. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу.
Айтылым процесін меңгеру үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет: 1) үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; 2) қоршаған орта жағдайының әсері; 3) жеке бастың қабілетін ескеру; 4) сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.
Сонымен, айтылым – санамен қабылданатын сыртқы дүниенің әсерін ауызша сөйлеу арқылы жарыққа шығаратын, қатысымдық тұлғаларды қамтитын күрделі сөйлеу әрекеті.
Жазылым термині – «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу,ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым– тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген: лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Өзіне қатысы бар немесе ұнайтын мәселелер туралы шағын хаттар мен хабарландыру, шағын шығарма, эссе жазуға, сурет, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыруға мүмкіндігі бар. Жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін сауалнамаларды толтыра алады.
Тілдесім – сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.
Тілдесім (общение) – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат (информация) негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгілі.
Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. Осы тұрғыдан келгенде, оларды келесідегідей жіктеуге болады: ресми тілдесім; бейресми тілдесім; қалыптасқан тілдесім; кәсіби /мамандыққа қарай/ тілдесім; әлеуметтік тілдесім; дербестік тілдесім.
Оқыту, үйретуге қатысты тілдесім екі түрлі болады:
І. Тікелей тілдесім.
ІІ. Жанама тілдесім.
«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сай мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді
(25-кесте).
25-кесте – ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары
Үздіксіз білім берудің сатысы
|
Сыныбы
|
Деңгейлер
|
Игерім атаулары
|
Негізгі мектеп
|
6
|
А2
негізгі деңгей
|
А2. 2 Қалыптасу қарсаңындағы толық игерім
|
8
|
В1
Орта деңгей
|
В1Қалыптасқан толық игерім
|
9
|
В1.1 Қалыптасқан жетік игерім
|
Стандартта Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады .
Қарапайым деңгей
|
А1 Бастапқы игерім
|
Негізгі деңгей
|
А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім
|
Орта деңгей
|
В1 Қалыптасқан игерім
|
Ортадан жоғары деңгей
|
В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім
|
Жоғары деңгей
|
В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім
|
Жетік деңгей
|
В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім,
С1 Кәсіби игерім
|
Стандартта ҚР жалпы білім беретін қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер де көрсетілген.
27-кесте – Қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер
Аталымдар мен өлшемдер
|
Тілді меңгеру деңгейлері
|
Негізгі деңгей (А2)
|
Орта деңгей (В1)
|
Тілдік деңгейлер бойынша игерім кодтары
|
А2.1
|
А2. 2
|
А2+
|
В1
|
В1.1
|
Тілдік деңгейлер бойынша игерім атаулары
|
Қалыптасу қарсаңындағы игерімдер
|
толық
|
толық
|
жетік игерім
|
Сыныптар:
|
6-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
Оқушы меңгеруі тиіс лексикалық минимум
|
130-150
|
130-150
|
130-150
|
Барлығы:
|
420-450 сөз
|
Бір минута оқуға тиісті сөздердің (шартты) мөлшері
|
70-75
|
90-100
|
90-100
|
Тыңдаған/ оқыған мәтінді мазмұндаудағы сөз саны
|
30-35
|
40-50
|
50-60
|
Айтылымдағы сөз саны
|
40-50
|
60-70
|
70-80
|
Жазбаша мәтін құраудағы сөз саны
|
40-55
|
70-85
|
85-100
|
6, 8, 9 - сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес «Қазақ тілі» пәні оқу жүктемесінің көлемі:
оқыту орыс тілді мектептерде:
6-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;
8-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;
9-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында –136 сағат.
оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:
6-сынып–аптасына 2 сағат, оқужылында – 68 сағат;
8-сынып– аптасына 3 сағат, оқужылында – 102 сағат;
9-сынып– аптасына 2 сағат, оқужылында – 68 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, бақылау жұмысы) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту ұсынылады. Оқушылардың қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйрету мақсатында белсенді оқыту, коммуникативтік технология, интерактивті оқыту негізінде және сабақты «Блум таксономиясы» стратегиясы бойынша ұйымдастыру, сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын қолдану қажет.
Қазақ тілін сауатты үйрету үшін оқушыларға берілетін бақылау жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте оқушылар қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, грамматикалық құрылысын меңгеруге, ойын еркін жеткізуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге, сонымен бірге қазақ тілінде сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін түрлі жаңа технологиялардың тиімді жақтарын алып, оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту жолында жұмыс жасау қажет.
28-кесте – Қазақ тілінен бақылау жұмыстарының саны
Сынып
|
Бақылау жұмысы
(әр тоқсанда)
|
Тест тапсырмалары
(әр тоқсанда)
|
6
|
2
|
2
|
8
|
2
|
2
|
9
|
2
|
2
|
6,8,9 -сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары
Оқу жылы бойы алған білім деңгейлерін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысын өткізуді ұсынамыз.
1. Бастапқы бақылау жұмысы (тест). Алынатын бұл жұмыс түрі былтырғы оқу жылындағы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тестің 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 6-сынып 60-70 сөз, 8-сынып 80-90 сөз, 9-сынып 90-100 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары - 20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген баға қоймауды ұсынамыз. Себебі, оқушының оқу жылының бірінші күнінен бастап пәнге деген қызығушылығы мен ішкі уәжі жоғалады.
№1 бақылау жұмысы - І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы І тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша (мәтін тыңдалады, тыңдалған мәтін бойынша тест түріндегі сұраққа жауап береді), 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.
№2 бақылау жұмысы - ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойыншабағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.
№3 бақылау жұмысы - ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.
№4 Жылдық бақылау жұмысы (тест) - оқу жылының қорытындысы бойынша алынады. Алынатын бұл жұмыс түрі жыл бойы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 15 сұрағы лексико-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (2 мәтін беріледі. 5-сыныпта 50-60 сөз, 6-сынып 60-70 сөз, 7- сынып 70-80 сөз, 8-сынып 80-90 сөз, 9-сынып 90-100 сөзден тұрады) . Барлық тест сұрақтары-25, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.
Лексика–грамматикалық тест үлгісі
6-сынып
1. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз
A) к, қ, п, с
B) х, р, м, т
C) ж, б, з, ң
D) л, ғ, у, д
E) ц, ч, Һ, н
2. Төмендегі берілген мақалдан септік жалғауы бар сөзді тап. Жолдасы көптің – олжасы көп.
A) жолдасы
B) көптің
C) олжасы
D) көп
E) олжасы көп
3. «Ровесники» сөзінің аудармасын табыңыз.
A) құрдас
B) құрбы
C) дос
D) адал дос
E) жан дос
4. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз.
A) аспанда
B) сызғыш
C) аста
D) ақылым
E) менде
5. «Данияр» сөзінде неше буын?
A) 3
B) 4
C) 5
D) 2
E) 6
6. Біз отыр...
A)-мыз
B) -сыңдар
C) -сыздар
D) -мын
E) -сың
7. Ауыспалы осы шақтағы сөз тіркесін табыңыз.
A) ән салмақ.
B) ұзақ қарап отырды.
C) ашық айтамын.
D) жақсы түсіндіңіз бе?
E) біз тыңдадық.
8. «Читатель» сөзінің аудармасын табыңыз.
A) оқытушы
B) оқу
C) оқырман
D) оқушы
E) жабдықтау
9. Заттың түр-түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөз табы
А) зат есім
В) етістік
С) сын есім
D) сан есім
Е) есімдік
10. Келер шақтағы етістікті табыңыз.
A) кешікті
B) айтқан
C) отыр
D) жүзеді
E) айтты
11. Етістіктің жедел өткен шағын табыңыз.
А) жеткізер
В) жеткізген
С) жеткізді
D) жеткізеді
Е) жеткізетін
12. «Арық ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.
А) қалам
В) аспан
С) ағаш
D) қой
Е) дәптер
13. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !
А) қайтар
В) қорға
С) өткіз
D) апат
Е) күрес
14.Септеулік шылауды көрсетіңіз
А) туралы, арқылы, үшін
В) әрі, бен, және
С) себебі, өйткені, сондықтан
Д) бірақ, дегенмен, алайда
Е) сонша, сондай, соншалық
15. Болымсыз етістікті көрсетіңіз
A) жиеніме
B)айналсам
C) тәрбиеле
D) досыма
E) бармады
Оқылым тапсырмаларының үлгілері
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Қолғанат
Аслан шаруаға ұқыпты. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайды. Ағайынды бесеуіміз. Аслан бәрімізден үлкен. Ол күнде бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Аслан әуелі кішкентай қарандасымызды жуындырады да, шашын тарап, өріп береді. Содан соң бәрімізге шай қайнатып береді. Бәрімізді мектепке шығарып салады.
Анам оған: «Менің қолғанатым!» - дейді.
1.Бір үйде неше ағайынды бар?
A) бесеу
B)алтау
C) үшеу
D) төртеу
E) екеу
2. Мәтінде қандай синоним бар?
А) қолғанат, көмектесу
В) жуындыру, өру
С) көмек, жұмыс
D) қарындас, ағайын
Е) ояну, шығарып салу
3. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
А) қамқор болу, көмектесу
В) адал болу, ренжітпеу
С) тазалықты сақтау, шашын өру
D) ерте ояту, шай қайнату
Е) шай қайнату, жуындыру
4. Әуелі кімді жуындырады?
А) қарындасын
В) кішкентай қарындасын
С) інісін
D) кенже інісін
Е) сіңлісін
5. Аслан қандай
А) ұқыпты, тап-тұйнақтай таза
В) қамқор, әділетсіз
С) кішіпейіл, адал
D) сыпайы, өтірікші
Е) атақты, ұқыпты
Тыңдалым тапсырмаларының үлгілері
Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Есеннің ойыншық машинасы бар. Машиналы болғалы Есен қатты өзгеріп кетті. Бізбен ойнамайды. Өзімен-өзі. Бірде жақын келіп: «Айдап көрейінші», - деп өтіндім.
- Жоқ,- деді Есен.- Мен жүргізушімін. Жүргізуші рульді ешкімге бермейді. Папам айтқан.
- Бұл шын машина емес қой, - деймін. - Бәрібір, - дейді
Есен...
Бірде Есеннің машинасы жоғалып кетті.Ал сапарға кеткен шешем інім екеуімізге екі машина әкеп берді. Қуанышымызда шек жоқ. Есік алдында ойнап жүрдік. Есен бізге қызыға қараумен болды.
- Еркін, - деді інім маған. - Бізде машина екеу ғой. Біреуін Есенге сыйлайық.
Мен Есенді аяп кеттім. Машинаны Есенге ұсындық. Есеннің жүзі жайнап шыға келді.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
Есен неге қатты өзгеріп кетті?
А) машиналы болғалы
В) ойыншық алғалы
С) өзімен-өзі ойнағалы
D) шофер болғалы
Е) папасы айтқалы
2. Есеннің жүзі ... шыға келді
А) жайнап
В) қуанып
С) көңілденіп
D) шаттанып
Е) серпіліп
3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
А) күлме досқа, келер басқа
В) сыйлағанды сыйла
С) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
D) жолдасы көптің – олжасы көп
Е) еңбектің наны тәтті
4. Есен қандай бала?
А) қызғаншақ
В) еңбекқор
С) шыншыл
D) қолғанат
Е) өзімшіл
5. Кімнің қуанышында шек жоқ болды?
А) Есеннің
В) Еркіннің
С) інісінің
D) өзінің
Е) екеуінің
Ескерту. Әр сынып бойынша алынатын бақылау жұмыстарының, сөйлесім әрекеті түрлері бойынша тапсырмаларының, тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымын пән мұғалімдері бағдарламалық материалдарға сәйкес өздері құрастырады.
29-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
|
Жұмыс дәптері
|
Жазба жұмыс дәптері
|
Сөздік дәптері
|
Барлығы
|
Қазақ тілі
|
2
|
1
|
1
|
4
|
Бірыңғай орфографиялық және сөйлеу режимі оқушы дәптерінің жүргізілуіне, дәптерлердің пәндер бойынша саны мен пәнге арналуына, оқушылардың бақылау жұмыстарын тексеру тәртібіне бірыңғай талап қояды.
«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге бақылау жұмыстары мен тест тапсырмалары орындалады).
«Қазақ тілі» пәнінен сөздік жұмысына арналған дәптері
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
– ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
– күн ретімен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан жол тасталмай барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.Үлгі:
Қазанның тоғызы
Сынып жұмысы:
үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Бала
Бақа
Барыс;
сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
мәтін азат жолдан басталады;
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
– талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады. Баға тапсырмадан кейін сол жаққа нүктесіз қойылады.
Талдау жұмыстары қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).
Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса, қызыл жолда дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс.
Дәптерге, мүмкіндігінше, мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).
Пән бойынша дәптерлерді тексеру тәртібі:
6,8- сыныптарда үй жұмысы аптасына 1 рет тексеріледі
9-сыныпта үй жұмысы екі аптада 1 рет тексеріледі;
4. 6,8,9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады).
Оқушының қабілеті мен икем дағдыларын қалыптастырып, әрі қарай дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәнінен сабақтан және сыныптан тыс ісшараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:
22 наурыз – Наурыз мейрамы;
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі;
7 мамыр – Отан қоғаушылар күні;
4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;
6 шілде – Астана күні;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні;
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
«Қазақ тілі» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдістемелік қызмет көрсетудің, оқу пәндері бойынша сыныптан тыс шаралар мен тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі құрылғысы болып табылады.
Осыған байланысты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптардың қарастырылуы ұсынылады:
Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.
«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптарды қарастыру ұсынылады:
Білім сатылары бойынша Қазақ әдебиетін меңгертудің деңгейлік ерекшеліктері;
Сөйлеу әрекеттері бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;
Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында оқушыларды тілдік қатынасқа үйретудің жолдары;
Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері.
Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
Достарыңызбен бөлісу: |