Методическое пособие Атырау 2019 Әож 373 кбж 74. 26 I-30 Пікір жазғандар: Г. К. Кайыргалиева



Pdf көрінісі
бет4/83
Дата14.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#100702
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Ж.Ізғали(1)

КІРІСПЕ 

 «Ең  алдымен,  білім  беру  жүйесінің  рӛлі  ӛзгеруге  тиіс»  -  деген  болатын 

мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев  2017  жылдың  31  қаңтарындағы 

«Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты 

халыққа  жолдауында  [1].  Қазақстанның  қазіргі  білім  беру  кеңістігінде  елеулі 

ӛзгерістердің орын алып жатқандығы белгілі. 

Мемлекет  басшысы  «Тӛртінші  ӛнеркәсіптік  революция  жағдайындағы 

дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  2018  жылғы  10  қаңтардағы  халыққа 

жолдауында  [2]  жаңартылған  мазмұн  дегеніміз  –  халықаралық  стандартқа  сай 

келетін заманауи оқу бағдарламалары екендігін ескере отыра, бұлардың біздің 

балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық  пен сыни тұрғыдан ойлау 

қабілетін дарытатындығын атады. Әр уақытта елбасы халыққа Жолдауларында 

оқушылардың сыни ойлау қабілеті, ӛз бетінше іздену, креативтілікті, командада 

жұмыс  істей  білу,  ӛмір  бойы  білім  алу  дағдыларын  дамыту  жӛніндегі 

міндеттерді алға қояды. Бұндай дағдылар Мемлекеттік

 

жалпыға міндетті білім 



беру  стандартында  негізгі  орта  білім  берудің  басты  міндеттерінде  кӛзделген. 

Олар ӛздігінен білім алу және тұлғалық ӛзін-ӛзі дамыту, сын тұрғысынан және 

шығармашылық  ойлау,  қауымда  ӛзін-ӛзі  іске  асыру  және  ӛзара  әрекет  жасау 

дағдыларын дамыту болып табылады. 

Бұл  дағдылар  ХХІ  ғасырда  оқушылардың  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыра  алуы 

үшін  қажетті  дағдылар.  Әрине,  бұл  дағдылар  барлық  оқушылар  үшін  де 

қажетті.  Бірақ  оқушылардың  барлығы  бірдей  аталған  дағдыларға  қол  жеткізе 

бермейді.  Осы  тұста  «неге?»  деген  сұрақ  туындайды.  Себебі,  оқушыларды 

бірдей  оқыту  әдістемесімен  оқыта  отыра,  бұл  дағдыларды  игерту  қиынға 

соғады.  Сондықтан  да  педагогтардың  басты  міндеттерінің  бірі  оқушыларға 

білімді, ақпаратты кӛп беру емес, берген білім мен ақпаратты ӛз бетінше тиімді 

игеруі  үшін  жеке  ерекшеліктері  мен  қабілеттерін  ескеріп,  қажеттіліктерін 

қанағаттандыру.  Бұл  проблеманы  шешуде  жоспарлау  мен  оқыту  үдерісінде 

педагогикалық  тәсілдердің  бірі  саралап  оқытуды  қолдану  тиімді  жолдардың 

бірі болып табылады. 

Оқытудағы  «Саралау  тәсілі»  ұғымының  негізін  салушыларды  Карл 

Роджерс, Абрахам Маслоу т.б гуманистік психология ӛкілдері деп есептелінеді.  

Гуманистік  тәрбие  үшін  басты  құндылық  –  барша  жақсы,  жаман 

тараптарымен, 

артықшылығы 

және 

олқылықтарымен, 



тұлғалық 

ерекшеліктерімен  танылған  оқушының  ӛзі.  Гуманист  педагог  ӛзінің  тәрбиелік 

істерін  баланың  жеке  қызығушылықтарын  ескере  отырып

 

атқарады  [3,  82-



83бб.].  

Әлемдік  педагогика  оқуды  саралау  туралы  ХХ  ғасырдың  20-шы  

жылдары  ойлана  бастаған.  Бұл  кезеңде  кеңестік  және  шетелдік  педагогикада 

оқуды  жеке  даралау  және  саралау  саласында  белсенді  жұмыстар  жүргізген. 

Ӛткен  ғасырдың  басында  оқыту  үдерісіндегі  даралау  әдістерін  іздеу  АҚШ-да 

кең етек алған. 

Кеңес, Батыс Еуропа және Америкада білім саласындағы жеке даралау 

4



саралау  бағытындағы  зерттеулер  бір  уақытта  басталғанымен,  қазіргі  таңда 

батыстық  педагогиканың  бұл  бағытта  үлкен  практикалық  және  теориялық 

тәжірибесі басым. 

С.Бабаев «Бастауыш сынып педагогикасы» атты оқу құралында: Даралық 

бағыт  әр  оқушының  танымдық  күштерін,  белсенділігін  бейімділігін  және 

дарынын  дамытуға  аса  қолайлы  мүмкіндіктер  түзуге  жәрдем  береді.  Мұндай 

тәрбиелік бағыт «қиын» шәкірттер, қабілеті тӛмен оқушылар үшін қажет – деп 

кӛрсеткен [3, 82б.]. 

Саралап  оқыту  -  бұл  білім  алуға  бағытталған  әрекет.  Ол  ӛз  бетінше,  әр 

мұғалімнің  жетекшілігімен  жүргізіледі.  Біз  қарастырып  отырған  саралап 

оқытудың 

теориялық 

негізін 

Л.Выготский, 

А.Леонтьев, 

Б.Ананьев, 

С.Рубинштейн  т.б  ғалымдар  жасаған.  Ал,  бастауыш  мектеп  кезеңіндегі 

саралауға 

байланысты 

мұғалім 


әрекеттерін 

В.Давыдов, 

Л.Занков, 

Ш.Амонашвили т.б зерттеулерінде қарастырылған. 

Кеңестік  кезеңде  білім  беру  саласын  әр  баланың  дамуына  қарай  реттеу 

Л.В.Занков  (1963  ж.)  жетекшілігімен  қабылданған  болатын.  Бұл  ғылыми 

мектепте  оқуды  саралаудың  және  баламен  жекелей  жұмыс  жасау  тәсілінің 

басты ӛлшемі оқу материалын игеру деңгейінің жетістігі. Бірақ бұл балалардың 

бір  ғана  ерекшелігінің ӛлшемін қамтиды  және бастауыш мектеп  оқушысының 

қажеттілігін  қамтиды.  Ал,  орта  және  жоғары  сынып  оқушылары  мен 

мұғалімдері үшін бұл жеткіліксіз болды [4].

 

Қазақ  зиялы  қауым  ӛкілдерінің  педагогика  саласындағы  еңбектерінен 



және  әр  түрлі  ой-пікірлерінен  баланың  ерекшеліктері,  оның  қажеттіліктері 

турасындағы  тұжырымдарын  кӛруге  болады.  Мысалы,  Мағжан  Жұмабаевтің 

«Педагогика» атты еңбегінде: «Баланың әсерленуі, суреттеу, ойлау һәм сезінуі 

ержеткен  адамнан  әжептәуір  басқа. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет