Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 70 с


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде білім алушыларға патриоттық тәрбие берудің формалары



бет12/95
Дата05.02.2022
өлшемі2,46 Mb.
#15669
түріМетодическое пособие
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95
2.3 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде білім алушыларға патриоттық тәрбие берудің формалары


Қазақстанның білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізіндегі тәрбие процесінің мазмұны белгіленген формалар арқылы іске асырылады. Нақты процесте қарастырылатын тәрбие жұмысының түрі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың қызметін шығармашылық және жеке ұйымдастыру тәсілдері. Білім беру ұйымдарының жағдайында бұқаралық (тақырыптық кештер, спорттық жарыстар, аймақты жақсарту жөніндегі іс-шаралар), топтық (секциялар, үйірмелер, студиялар, клубтар), жеке (сұхбаттар, кеңестер, жеке тапсырмалар) жұмыстар қолданылады. Бұқаралық және топтық іс-шараларды дайындау және өткізу әдістемесі әдістемелік мәдениет деңгейімен және іс-шараны ұйымдастырушылардың қызығушылығымен анықталатын жеке сипатқа ие.
Жастарға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асырудың мынадай формалары ұсынылады: экскурсия, саяхат, тақырыптық кештер, брейн-рингтер, дөңгелек үстел, қызықты, іскерлік, рөлдік ойындар, қабырға газеті, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер, фестивалдар, викториналар, тренингтер, КТК, көрмелер, конкурстар.
Білім беру ұйымдарында, әсіресе жоғары сыныптарда оқушылар әртүрлі іс-шаралар мен қоғамдық-саяси, көркем, еңбек, спорттық, еріктілік, туристік, экологиялық және т.б. түрлі қызмет түрлеріне өздері ұйымдастырушылар болады. Әрбір қызмет түрінің өз мақсаты, міндеті, мазмұны болады. Оларды процесте іске асырушылар осы қызмет түріне қатысушылар болып табылады. Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар іс-шараның негізгі мақсатын ұсыну қажет.
Сынып сағаттарын өткізудің бірнеше түрлерін қарастырайық.
Патриоттық тәрбиедегі рөлдік ойын – патриоттық мақсаттардың практикалық тәжірибелері мен өмірлік құндылықтарын дамытатын тәрбие процесінің неғұрлым тиімді белсенді формаларының бірі. Рөлдік ойындар үшін тақырып таңдау сынып сағаттарын өткізудің осы формасына тән «рөлдік» және «ойын» деген екі негізгі сөзге байланысты алдын ала анықталады. «Рөлдік» сөзі барлық қатысушылар ерекшеленетін құрама бөліктерге бөлінеді дегенді білдіреді және өзгешеленіп және өз бетінше қолданыстағы бөлімдердің өзара іс-әрекетін білдіретін тұтас қандайда бір құрылымды құрайды. Ойынның мұндай түрінің өзара іс-әрекеті қоғамдық процестерге арналған. Сондықтанда рөлдік ойын қоғамдық проблемалар мен әрекеттерді тәрбиелеу тұрғысынан меңгеруге барынша қолайлы, ойынның рөлдерін бөлу формасы сыныпты нақты қоғамға немесе жекелеген қоғамдық процестерге сәйкестендіреді, оқу формасында қоғамды немесе оның жекелеген процестерін қайталауға, көшіруге, ұқсатуға болады.
Рөлдік ойындардың мынадай тақырыптары ұсынылады:
1.Мен Қазақстанның азаматы және патриотымын.
2.Азаматтық және патриотизм.
3.Мәңгілік Ел – бұл Тәуелсіздік және Астана.
4.Мәңгілік Ел – бұл Тарих, Мәдениет пен Тіл бірлігі.
5. Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі!
6. Мәңгілік Ел – бұл тіл мен мәдениет, тарихтағы ортақтық.
7. Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.
8. Оқушының құқықтары мен міндеттері
9. Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен міндеттері.
10.Отан неден басталады?
11. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары.
12. Зияткерлік меншік және оны қорғау.
Рөлдік ойындарды өткізу үшін қатысушылар шын мәнінде, мазмұны жағынан рөлдерді дайындап қана қоймай, нақты кейіпкерлерді, нақты түптұлғаларды және олардың өмірдегі рөлдерін (партия көшбасшысы, мектеп директоры, белгілі кәсіпорынның директоры және т.б.) ұсынуы қажет. Бұл эмоциялық ойын.
Іскерлік ойын – еркін меңгеру дағдыларын және жинақталған біліммен жедел құрамдастыруды, сондай-ақ, практикалық тәжірибені дамытатын тәрбие процесінің қарапайым және тиімді белсенді формасы; қойылатын міндеттерді анықтау қабілеті және оларды шешуде өз бетінше немесе командада жұмыс істеу; кәсіпқойлар командасында, яғни ұжымда жұмыс істеу қабілеті және тәсілі.
Іскерлік ойындар үшін тәрбие міндеттері түрінде баяндалған нақты немесе арнайы құрастырылған жағдаяттар келеді. Ойын ережесі осындай міндеттер нақты өмірде бар шектеулері мен мүмкіндіктерді қайталаудан тұрады.
Қатысушылар әртүрлі қоғамдық мүдделермен қоғамдық субъектілерді ұсынатын рөлдік ойындардан айырмашылығы, іскерлік ойында барлық қатысушылар бір қоғамдық мүддеде болады, немесе олардың қоғамдық мүдделерінің айырмашылықтарының мәні жоқ. Олардың мүддесі – жүктелген міндетті тиімді шешу. Іскерлік ойында кәсіпті ойнау керек, тақырып кәсіптік салаға қатысты болу керек.
Іскерлік ойындарға арналған үлгілік тақырыптар:
1.ХХІ ғасырдың көшбасшылары.
2. Еуразияшылдық және Қазақстан идеясы.
3. Мәңгілік Ел - бұл инновация негізінде тұрақты экономикалық өсім.
4.Мен Қазақстандықпын.
5.Отанымыздың белгілі ұлдары.
6. Менің ата тегімнің тарихы.
7. Қазақстанның Елтаңбасы, туы, әнұраны.
8.Менің көшемнің тарихы және т.б.
Тәрбие әдістері – тұлғаның рухани, этикалық, эстетикалық, және күш-қуат қасиеттерін мақсатты бағытталған қалыптастыруды жүзеге асыратын педагогикалық жұмыс тәсілдері. Тәрбие әдістері – тұлғаны қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушіге қарым-қатынас жүйесі мен тәртіптері, бала мен педагог арасындағы өзара әрекеттестік тәсілдері.
Жоғарыдағы айтылғандардан тәрбие жүйесінің жалпы әдістерін ұсынамыз:
• тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
• іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру және тұлғаның қоғамдық тәртібі тәжірибесін қалыптастыру әдістері;
• тұлғаны әрекеті мен тәртібін ынталандыру және уәждеу әдістері;
• тәрбиедегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.
«Мәңгілік Ел» идеясы контекстінде тұлғаның патриоттық тәрбиесін қалптастыру әдістеріне жан-жақты тоқталамыз.
Кез келген іс-әрекет неғұрлым тиімді болады және сапалы нәтижелер береді, ол үшін белсенді әрекет етуге ықпал ететін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын болатындай тұлғаның күшті, мықты, терең уәждері болуы керек, кейбір кездесетін қиыншылықтарды, қолайсыз жағдайларды және басқа да жағдайларды артқа тастап, жоспарланған мақсаттарды іске асыру үшін алға қарай ұмтылу қажет. Әрекет уәждемесі оның ынтасымен тығыз байланысты. Ынталандыру – ойлануға қозғау салуға, итермелеуші күшке, сезімге түрткі болу. Тұлғаға ықпал етуді күшейту және нығайту мақсатында патриоттық тәрбиелеу факторы ретінде ынталандырудың әртүрлі әдістері пайдаланылады, олардың арасында жарыстар, мадақтаулар, жазалау және т.б. барынша көп тараған түрлері болып табылады.
Мысалы, ынталандыру әдісін ұлы, танымал адамдардың үлгісінде тәрбиелеу кезінде пайдалануға болады.Ұлы тұлғалар – саяси не болмаса рухани қызметі қоғамның қажеттілігін толық көрсеткен және оның дамуына айрықша әсер еткен, қызметі мемлекеттен тыс жерлерге таныс және бүкіләлемдік маңыз бен танымалдылыққа ие болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекеттің тарихы неғұрлым жарқын және әсерлі көрініс беруі ұлы адамдардың істерімен байланысты болуы кездейсоқ емес. Заман ағымыныа қарай ұлы адамдардың өмірі мен қызметін зерделеу егер бұл адамдар тек тарихты қана жасап қоймай, мәдени құндылықтардың, адамгершілік принциптер мен аталған қоғамның салт-дәстүрлердің жетекшісі болып табылса айрықша мәнге ие болады.
Даңқты тарихқа ұлы бабаларымызды қосу адамда өз еліне, өзінің ұлы тарихына, ұлы адамдарына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің алдында жасаған өз лекциясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев біздің ата-бабаларымыз Қазақстанның ұлан байтақ жерін қорғап, оны ұрпаққа мұра ретінде, сондай-ақ, төл мәдениетін және өмірді қабылдау мен танудың ерекше рухын тастап кетті. Бұл бостандықты сүю және дала айбыны рухы тарихтың қатал бетбұрыстарына жол бермеді, оны кейінгі ұрпақ сақтап қалды. Сол себепті, Қазақстан тарихында ұлы тұлғалардың өмірлік іс-әрекет тарихы Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы арқылы оқушыларды тәрбиелеудің маңызды шартына тәрбиелеу жағдайларының нақты соңғы нәтижесіне бағдарлау, білім беру процесінің сапасын арттыру; оқушылардың шығармашылық белсенділігіне тірек болу; тәрбие процесінде ынталандырудың, мадақтау мен жазалаудың үйлесімді жүйесін тиімді пайдалануды, жастардың әлеуметтік қамқорлығы туралы мәселелерді шешумен бірге тәрбиелік ықпал ету міндеттерінің байланысын; тәрбие жұмысында мектеп оқушыларымен жұмыс жасауда мұғалімдердің белсенді ұстанымын; тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлауды және т.б. жатқызуға болады.
Патриотизм – Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ғасырлар бойы қалыптасқан неғұрлым терең сезімдердің бірі, сондықтан сынып жетекшісі, педагог, мұғалім өзінің тәрбиеленушісіне аталған сезімдерді бере білуі қажет, сонда ғана біздің қоғамымыз ұйымшыл және толерантты болады. Мұғалімдердің өздерінің Отанға және оның құндылықтарына деген патриоттық қатынасы көп үлгі бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет