Методика билет жауаптары
1.Дыбыс шығару аппаратының құрылымы.
Адам денесін бір музыка аспабы деп қарасақ, дыбыс шығаратын аспап түтігін төрт бөлікке бөлуге болады:
Тыныс алу түтігі: ауыз, мұрын, өңеш, көмекей, өкпе, кеуде қуысы, көлденең сіміргіш пен мықын.
Дыбыс шығару түтігі: көмекей, дыбыс желбезегі, көмекейдің желке бөлігі, жұмсақ сүйектер мен бұлшық еттерден құралып, дыбыс желбезегі мен көмекей ортасына орналасқан серпінді тарамыс болады. Екі дыбыс ортасын дыбыс шымылдығы дейміз. Тыныс алған кезде желбезек ашылып кеңсірікте үшбұрыш форма қалыптасып, дыбыс шығарғанда екі желбезек өзара жанасады.
Жаңғырық түтігі: кеуде қуыс, жұтқыншақ қуысы, ауыз қуыс, мұрын қуысы.
Сілекей түтігі: тіс, тіл, төмеңгі таңдай, жоғары таңдай, қатты таңдай, жұмсақ таңдай.
Ән айтқанда немесе дауыс жаттығулар жасаған кезде, осы 4 түтіктің барлығы бірге қалыптасады. Дыбыс жаттығуларын жасаған кезде әр түтік өз рөлін дұрыс атқарады.
Адам дауысының тербеліс мүшесі – дыбыс желбезегі болады. Дыбыс желбезегі көмекейдің ішінде орналасып, көмекей дыбыс шығару түтікшесін құрайды. Көмекей өңештің үстіңгі жағына орналасып, төмеңгі тыныс жолына жалғанып, жоғары жағы тіл сүйегіне, артқы жағы жұтқыншаққа ұласқан. Көмекейді бір бөлек кіші бөлме деп қарастырамыз. Негізінен олар үш бөлек шеміршектен тұрады. Олар қалқанша шеміршек, сақиналы шеміршек, жарғақ шеміршек.
Көмекейдің іші, сырыт, дыбыс желбезегі бұлшық еттерден құралады. Бірінші дыбыс желбезегімен өзара жанасып, алшақтап, сақиналы жамылғы артқы бұлшық еттермен бірге тұрады. Сақиналы бұлшық ет тарайғанда, дыбыс желбезегін ұзартады. Қалқанша бұлшық ет тарайғанда, дыбыс желбезегі таралады. Дыбыс желбезегі дыбыс шығарған кезде дыбыс шымылдығы жарым-жартылай ашылып, ауаның алмасуына ешқандай да кедергі келтірмейді. Терең тыныс алғанда, дыбыс шымылдығы толық ашылады. Дыбыс шығару барысында екі желбезек өзара жанасып әрі тартылып, дыбыс желбезегін жабады. Өйткені, ауа ағынының соққысы дыбыс желбезегінің тербелісін қозғап, тиянақты дыбысты келтіріп шығарады.
Дыбыстың қатаң-ұяңдығына қарай дыбыстың тербелу шегі барыншы үлкен болса, дыбыс өте күшті, тербелу шегі кіші болса, дыбыс өте әлсіз болады. Сондықтан да дыбыс жоғары-төмеңдігі, күшті-әлсіздігі дыбыс желбезегінің керілу күші – созылу, қысқару сынды өзгерістерге байланысты болады. Дыбыс желбезегін барынша барынша қысқарса және жұқарса дыбыс жоғары болады. Дыбыс желбезегін барынша ұзартып, керілу күшін пайда қылған дыбыс төмен болады.
Дыбыс желбезегінің ұзын-қысқалығына, қалың-жұқалығына қарай ерлердің дыбыс желбезегі 15-22 мм, әйелдердің дыбыс желбезегі 10-16 мм.
Дыбыс шығарған кезде дыбыс желбезегі жабылып, өз қажетіне қарай қысқарып, жұқарып толық тыныс алудың юасым күшін қалыптастырады. Сол үшін, ән айтуда немесе дауыс жаттығуларын жасағанда тынысты барынша тежеп барып қолдану керек.
2. 2.XX – ғасырдағы бас дауысты дәстүрлі әнші, және оның шығармашылығы.
1877 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.Байжановтың әншілік дарыны ерте оянып, ауыл арасында «әнші бала» атанған. Ата-анасынан ерте айрылып, жоқшылық көріп өскен. Он бесінде кірешілермен ілесіп Қоянды жәрмеңкесіне барған жас әнші талай әншілер мен күйшілердің өнерін тамашалайды. Біржан салдың ән салғанын көріп, Жаяу Мұсаның өз аузынан «Хау-лау», «Гауһар қыз», «Сапар» және «Ақ сиса» әнін үйренеді. Байжанов ұлы Абайдың алдында да ән салған. Кемеңгер ақын жас әншінің өнеріне риза болған. Байжановтың әншілік жолына бағыт-бағдар беріп баулыған, өзіндік ән айту мәнерін қалыптастырған Арқа еліне атағы жайылған Жарылғапберді Жұмабайұлы болды.
Қали жасы он екі-он үшке келгенде-ақ өзінің бала дауысымен бір есіткен әні болса қағып алып айналасын таң қалдырады. Жасынан есіту қабілеті аса зор, музыкаға бе-йімділігі ауыл аймаққа көріне береді. Оның үстіне ол бір өреде ертеден келе жатқан ән дәстүрі жас талапкердің қаққан қанатын қолдайды. Жоғарыда айтылғандай шахтыға бармас бұрын ақ Қали әншілік өнерін өркендету жолында өмір бөгеттерінің ешқай-сысына тоқтамайды, есіткен әні баста шатпақтап отырған болып көрінсе де, аз уақыттан кейін зергердің қалыбынан өткендей жарқырап, әшекейлеп алып келіп, көп алдына тартады.Өзінің айтуынша Қали он сегіз жасынан бастап Арқаның белгілі әншісі Жарылғаптан ән үйрене бастайды. Оның қасына еріп, шәкірт болып көп жылдар жүреді. Жарылғап-берді өзі ән шығармаған, бірақ қатарынан озған әнші орындаушы болса керек. Қалидың орындауында, А. Затаевич айтқандай өзіндік ерекшелік бар. Ол әнді салған жерден аспандатып көтеріп алып кететін жерінде бой жеткізбей, ал оюлайтын, қиыстыратын, құйқылжытатын жерлерінде қазақ әншілерінде аз келетін өзінің қою, төмен дауысымен дүрілдетіп, дыбысы жәй кездің өзінде аржағында алапат күш жатқаны сезіледі. Жарылғаптың репертуарынан Қали: «Шама», «Алтыбасар», «Топай көк», «Ардақ», «Келіншек» және басқа әндер алады. Қали Жарылғаптың сүйікті шәкірттерінің бірі болады. Ол алған әндерін бабына келтіріп орындайды және әрбір шығармашылық адамға тән өзінің «менін» қосады. Жарылғап сияқты оқымаса да, көргені көп ұстазға Қалидың бұл қадамы игіліктің басы болып көрінеді.Қали Біржанды көреді, Ақанды көреді. Олардан берірек келген жастары ұлғайған кездері болғанымен өз көзімен ән алыптарын көру, олардың дауыстарын, ән орын-даудағы әдістерін байқау, тікелей тілдеспесе де, басқа біреулер арқылы өмірлік күрестік мәні барын танытады. Қалиға, қазақтың ән өнерінің үлкен өмірлік, күрестік мәні барын танытады. Біржанның «Жанботасын», Ақанның «Көкжендетін» ардагер әншілер аталарының өздерінен есіткен Қали, өмірбойы өзінің орындаушылық түйінінен шықпай, сол дәстүрді сақтауға, ұстаздардың қолдарынан беріп кеткен өмір жолдамасындай болады. Қали көп әншілерден «олжалы» болады. Ол әрі әнші, әрі әділдік жолындағы күрескер, ақын, азамат Жаяу Мұсамен де кездеседі. Жаяу Мұсаның алдында Қали ән салады. Арқаның ән дәстүрін жақсы меңгерген, сонымен қатар басқа да елдердің музыкасымен танысқан, музыкалық көз шеңбері кең Жаяу Мұса Қалиды тыңдап, оның үлкен талантына қатты қуанады. Ән дәстүрінің жақсы-жақсы қолдарда қалатынына іштей риза болады. Қалидың репертуарында сөйтіп Жаяу Мұсаның, Біржанның Ақанның әндері енеді.Ақындығы мен әншілігі қатар, жарыса түсетін бұлбұл Құлтуманың әндері де Қалидың репертуарынан кең орын алған. Өйткені Құлтума әншілік жағынан соңғы жылдарға дейін қағазға түспей келгенімен, өз қатарынан асып түспесе кезінде кейін адам болмаған адам. Құлтуманың әсем бір әні Қалидың орындауында А. Затаевичтің жинағында бар. Ауызша мәліметтерге қарағанда ғасырдың аяғында Абайды көреді. Поэзия мен әннің жәйін жете білетін данышпан әншіге көптеген ақыл айтып, оның шығармашылық жолының жемісті болуын тілеген.Қали әнді кәсіп етіп, тамақ асырауының негізгі материалдық іргетасы да сол болған. Осындай өзінің бір «гастролінде» 1916 ж. Едірей, Қу, Дастар, Сартау облыстарын тегіс шақырған Тәукебайдың асында ән айтады. Онда Қалидан басқа Нағайыбыл, Исайын, Ғаббас, жас Қуан болады. Бұл жиында Қали ерекше көзге түседі. Осы Қарқаралының жынды Алатайы, Омар тағы басқалары Кіптан, Потап жәрмеңкелерінде кездеседі.1924 ж. Семейде болған өнерпаздардың мәжілісінде әнге шығып, кейін Әміремен ән жарыстыруы – Қалидың сол күткен қуанышты күндерінің бірінші жемістері еді. Қалидың аты кең жайылды. Қазақстандағысы өз алдына Мәскеуге жетеді. Қали басқа сол кездің көзге түскен үлкен өнершілерімен бірге Қызылордада ұйымдасқалы жатқан бірінші қазақ театрына шақырылады. 1927 жылдың сәуір айында Қали Мәскеуде болатын бүкілодақтық кеңестер съезіне беретін концерт тобымен сахнаға шығады. Қали орындаған жеке әндері тыңдаушыларға қатты ұнайды. Қарқаралының қазақ даласына кең жайылған, мақтауға тұрарлық ән дәстүрінің үлгілерін тілектес тыңдаушыларына естіртеді. Бұл Қалидың үлкен сахнаға шығуының басы болады.Театрда көп болмай, Қали Қарағандыға келеді. Еңбек көзін ашқанда шахтада болған өнерпаз сол шахтер қаласын өзіне мекен еткісі келеді. Қолындағы өнерін алдымен ауыр да абыройлы да еңбек үстінде жатқан шахтерлердің рухани азығына жұмсағысы келеді. Ол Қарағандының радио комитетінде істейді. Сонда Б.А. Орловпен, В.С. Пирогова бастаған бірнеше көп дауысты қазақ хорында негізгі бас – дауыстың бірі болып орнығады. Хорды айтуымен қатар, Қали жеке әнге де үнемі шығып тұрады. Өзінің нота сауатын ашып, хордағы топтарын емін еркін оқитын болады. Сонымен қатар жас әншілерді тәрбиелейді, бай репертуарын олардың алдына салып, бөліседі. Ыбыраев, Қартабаева, Жұбатова сияқтылардың әншілік өнерде өсуіне зор еңбегін тигізеді.1936 ж. хордың құрамында Қали Мәскеуге барып, онда хорда және жеке әнде концерттерде шығады. Қалидың орындаған: «Жалғыз арша», «Алтыбасар», «Шама» сияқты әндері қайта-қайта биске шақырылып, әнші үлкен жеңіске жетеді.1927 ж. Мәскеуге барғанында А. Затаевичпен кездеседі, оған әндерін береді.Сол кезден бастап Қали қазақ кеңес өнерінің өркендеу жолында үзбестен еңбеп етіп келген. Сол кезден бастап ол Қарағандыдан ешқайда шыққан жоқ. Өзінің сүйікті өнерін өрбітіп айналадағы жастарға үлгілі ұстаз болып, тапжылмастан музыка майданында қызмет істеген. Ол өзінің тәжірибе жүзіндегі үлкен еңбектерімен қатар қолындағы бар рухани байлығы - әндерін кейінгі ұрпақ игілігіне айналдыру үшін Алматыға Академияға келіп ондаған не бір әсем әсерлі әндерін жаздырып кетті.Қазақстан үкіметі Қалидың өнер алдындағы сіңірген еңбектерін ескеріп 1938 ж. Республикалық сіңірген әртісі 1945 ж. Халық әртісі деген атақтар береді. 1945 жылы қайтыс болады.
3.БММ репертуарынан әнге талдау жасау.
2-билет
1.Тарихи әндер
Халық өміріндегі елеулі оқиғаларға, тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты туған шығармаларын тарихи әндер дейді.
Мұндай кең тараған әндердің бірі – Елім ай әні. Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталатын жоңғар-қалмақ шапқыншылығы кезінде болған оқиға желісінен туған. 1723-1727 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының қабырғасын қайыстырды, мұндай нәубет бұл халықтың басына бұрын келіп көрмеп еді. Өз жерінен қуып, бастырып жіберді. Осы жылдары халықтың зарына, жоқтауына айналған осы құдіретті әуен дүниеге келді.
1916 жылының маусымның 25-інде Ресей патшасы 2 Николайдың «Реквизициялау туралы» жарлығы шығып, Қазақстан, Орта Азия мен Сібірдегі «бұратана халықтардан» 19-43 жас аралығындағы 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу көзделді. Оның 240 мыңнан қазақ алынатын болды. Осы жарлыққа іле-шала қазақ даласы мен Орта Азияда 20 ғасырдың ең айтулы, жаппай көтерілістердің бірі басталды. Арқаға тірелген, қара мылтықтың күшімен жат ел, бөгде жұртқа еріксіз кетіп бара жатқан қазақ жігітінің осы бір әні артта қалған ата жұртқа дұғай сәоем болып жетті. Әуелетіп басталатын осынау ащы әуен қайда, неге және не үшін бара жатқанын түсіне алмаған қазақ жігітінің кеудесін жорып шыққан, өз тарихын өзі баяндайтын кең құлашты деректі ән.
1986 жылы 16 желтоқсан Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні Алматы және басқа да қалаларда 17 мен 18 күндері қазақ жастары бейбіт шеруге шықты. Г.В.Колбин «Қазақстан компартиясы орталық комитеттінің» 1 хатшысы болып сайланды. Дінмұхаммед Қонаев билікке келмегені үшін көтеріліске шығады. Жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып жаншыды. ОСы оқиғаға байланысты «Желтоқсан желі», «Қасқалдақ» әндері дүниеге келді.
2.Құлтума Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы
Құлтума Өтемісұлы (1860, Қарағанды облысы Нұра ауданы Жартытөбе ауылы – 1915, сонда) – суырыпсалма ақын, әнші, композитор[1]. Алтай-Қарпықтың шонжары Аққошқар Сайдалының асында 9 күнде 18 ақынмен айтысып, бәрін жеңген. Арғын тайпасы Қуандық руы Әлке бөлімінен шыққан. Ақын Құлтуманың шығармашылығы жөнінде жеткілікті деңгейде терең деуге болатын зерттеулер көп емес. Бұдан Құлтума ақынның мұрасы мүлде елеусіз қалды деген ұғым тумаса керек. Ақынның өмірі мен өлендерін таныстыруға, талдауға арналған мақалалар кейінгі жылдары көбірек жарық көре бастады.
Құлтуманың творчествосын (шығармаларын) барынша қадағалап, жинастырып, зор еңбек еткен адам — академик Ахмет Жұбанов. Оның бұл ретте үлкен зерттеушілік жасағанын атап айтқан жөн.
А.Жұбанов өзінің көп жылдар бойында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нəтижесі — «Заманама бұлбұлдары» атты кітабында, əнші Қосымжан Бабақов туралы берілген əңгімесінде, Құлтумаға байланысты мынадай қызық деректер келтірген: «Қосымжан Бабақов берген Құлтуманың, Біржанның, Ғазездің, Қапаштың, Ақан серінің əндерін осы жолдардың авторы да Латиф Хамидимен бірігіп жазған «Абай» атты операсында пайдаланды... Қосымжан шын мəнісінде əннің, оның тарихының шежіресі, мұрағаты болатын. Қайта біз өзіміздің əлі де арылып болмаған надандығымыздан оның көптеген асыл əндерін, əдемі əн айналасындағы əңгімелерін жаза алмай қалдық. Соның өзінде де ол осы жолдардың авторына Құлтуманың, Қапаштын, Балуан Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Ғазездің, Ыбырайдың, Біржанның, Ақанның біз естімеген көптеген əндерімен қатар, олардың өмірбаяндарына, өлеңдеріне қатысты талай деректер беріп кетті. Кеңестік музыка зерттеу ғылымы үшін ол үлкен қолқабыс деп қарау керек» [2].
Құлтуманың «Шабыт шақыру», «Бір ақынға», «Термелер», «Билер жөнінде», «Өмір туралы», «Қарттық жөнінде» деген белгілі термелері, өлеңдері, нақылдары əр жылдары шыққан «Бес ғасыр жырлайды» [3], «Жеті ғасыр жырлайды» [4], «Шешендік шиырлары» [5], «Беташар: Той-томалақ кітабы» [6; 199,200] деген жинақтарда жарияланды.
Бізге жеткен осы бір азғантай ғана мұралар мөлдірлігімен, таза тілімен, дүниені, болмысты образды ойлар арқылы бейнелеуімен, ақындық ойлау жүйесінің ассоциациялық байланыстарға жүгіну шеберлігімен, поэзиялық лексикасымен ерекшеленеді.
Автор аталмыш еңбегін «Ойы ұшқыр, өлеңі сұлу Құлтума ақын» деп атауы да сондықтан болар. Ақынның шығармашылық туындылары тақырыбы жағынан алғанда, моральдық-эстетикалық сипаты күшті, ал əлеуметтік қырынан қарастырғанда, өз заманының қара нардай шөгіп жатқан қырсықтарына қарсылық жасайды. Халықтың қанын сорған ел билеушілерінің іс-əрекетін аяусыз суреттейді.
Автордың пайымдауынша, ақынның ғибратты, парасатты ойға құрылған нақыл-термелерінде мағыналы, сұлу тіршілік кешуге үндеушілік бар. Ақын өз шығармаларында жақсы адамның «аты арып, тоны тозбайтынын», яғни халықтың этикалық кодексін алға тартады.
Автордың зерттеп көрсеткеніндей, XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде Құлтума ақынның қазақ əдебиетінде алатын орны алабөтен. Ақ жаңбырдай ақтарылған ақпа ақынның телегей- теңіздей бұрқанған талантына өз тұстастары да, кейінгі ақын-жыраулар да бас иген. Əрі ақын, əрі əнші, əрі композитор Құлтума Өтемісұлы — сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі болған.
Монографияда ақынның айтыс-қағыстары, өлең-жырлары, музыкалық шығармалары халқымыздың өнерін, даналығын танытқандай, ұрпақтар ғибрат алғандай асыл мұра, əдеби қазына екендігі жоғары пафоспен паш етілген.
Автордың байқағанындай, қазақ əдебиеті мен өнерінің тарихында өздерінің ерекше шығармашылық қырларымен көзге түсетін бір топ ақын-композиторлар бар. Олар: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ т.б.
Қазақтың бұрын-соңғы сал, сері ақындарының дəстүрін жалғастырып, поэзия мен музыканы шебер ұштастыра біліп, оны жаңа көркемдік мазмұнымен толықтыру да, қалың бұқараның ой- армандарын білдіретін өршіл сарындармен байланыстыру да бұл ақындардың шығармашылық дүниесінен мол табылады. Солардың қатарында тұрғандардың бірі, белгілі айтыс ақыны — атақты Құлтума Өтемісұлы. Өкінішке орай, қазақтың XIX ғасырдың екінші жартысында жəне XX ғасырдың басында жасаған əйгілі ақындарының бірі, сазгер əрі əнші Құлтума күні бүгінге дейін əдебиет тарихының шежірелі жинағынан қалыс қалып келген еді. Мұның басты себебі — тоталитарлық жүйе негізіндегі, өткен мұраға деген теріс көзқарас нəтижесінде, ақын мұрасының жөнді жинастырылмай қалуы болатын. Сондықтан автор ардақты өнер иесінің мерейтойына орай біздің заманға жеткен азды-көпті мұрасын бөліп-жармай, тұтасымен жариялауды жөн көріпті. Халқымыздың өткен ғасырлардағы əдебиет əлеміне көз салсақ, бірқатар жыр дүниелері ежелгі жыраулық, ақындық дəстүрде танылса, біразы əнші-ақындығымен, əнші-жыршылығымен бой көрсетеді. Кейбіреулері тұтқиылда қолма-қол өлең сайысына түсер айтыскерлігімен танылады.
Автордың пайымдауынша, айтыс — қазақ халқына Алланың берген таңғажайып тартуы. Бойына бірнеше өнерді топтастырған синкретті жанрдың табиғаты ауызша жаралып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралып келеді. Бұл өнердің тағы бір кереметі — талай азуын айға білеген ұлттардың ауызша қалыптасқан дəстүрлері жаңа заманның қомағай көмейіне жұтылып кетіп жатқанда көштен қалмай, жазу-сызу дамыған ХХ ғасырда да, электронды технология қарыштаған ХХІ ғасырда да өзінің кез келген жағдайға бейімделе алатынын дəлелдеп берді. Оны аман сақтап тұрған тамыры тереңге кеткен ақындық мектептердің іргетасының беріктігі болса керек.
Өткен ғасырларда қазақ даласының əр аймағында дамыған ақындық мектептер болды. Олардың көш басында айтулы айтыс ақындары тұрды. Мəселен, Сүйінбай, Құлмамбет, Майкөт, Жамбылдар бастаған Жетісу ақындарының мектебі; Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Тұрмағамбет, Нартайлар бастаған Сыр сүлейлері мектебі; Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жанақ, Орынбай, Кемпірбайлар бастаған Арқа сал-серілері мен ақындары мектебі; Абыл, Нұрым, Қашаған, Ақтандар бастаған Маңғыстау ақындарының мектебі; Майлықожа, Мəделіқожа, Құлыншақ ақындар бастаған Қаратау ақындары мектебі бабалар мұрасының бүгінде қаймағы бұзылмай жетуінің алтын көпірі бола білді.
Қорғалжын-Теңіз аймағы да ежелден əн мен күйге, өлең-жырға өте бай екені қашаннан белгілі ғой. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырда өмір сүрген атақты ақындар, жыршылар, шежіре таратушылар, имандылықты уағыздаған дастандарды, қиссаларды айтушылар осы маңай тұрғындарының сүйіктілері бола білген. Олар — əрі батыр, əрі ақын Тоқа, ақын-жырау Досмағамбет қожа, Үлебай ақын, күйші-жыршы Бікірдің Ілиясы, майталман ақын Түсіп, атақты суырып салма ақын Шаймерден. Жəне бұл аймақ Мариям Жагорқызы (М.Рекина) мен Рабиға Есімжанова, Қосымжан Бабақов пен Жұмабике Серікбаева сынды саңлақтарды өмірге əкелген өңір.
Бір ерекше айта кететін жайт, ерте кезде ел аралап, талай тойда өлең айтқан, сан айтыста сараман жүйріктікпен жүлде алған ақындардың көбінің-ақ өлеңі хатқа түспей, бірте-бірте ұмытылған ғой. Құлтума мұрасы да дəл осындай халге душар болған. Автордың топшылауынша, бізге жеткені оның ағыл-тегіл төккен жырының жұрнағы ғана болуы мүмкін. Бірақ осының өзінен де айтулы өнер иесінің тіл кестесі, сөз өрнегі танылғандай.
Құрманғазы, Біржан сияқты өмірде қанша қорлық көрсе де өз орындарын сезіп кеткен жандардың бірі осы Құлтума. Бұған ел аузында əнге тіркеп айтып жүрген:
Сұрасаң, менің атым — Құлтума-ды,
Момыннан Құлтумадай ұл тумады.
Қолға алып домбыраны шырқағанда,
Тамсантып, шіркін, көмей бұлтылдады! —
дейтін əншінің өзі салған автопортретіндей, оның асқақ ойын, асқан талантын, асқардай дауысын, асқақ үнін, өмірде анау-мынауға имейтін алтын басын бір шумақ өлеңмен беріп тұрған сөзі дəлел.
Құлтума жас кезінен өлеңдегі көркем сөз ұйқасын, айтылу, естілуін, орындаудағы екпін ырғағын дыбыстың сан алуан толқындарына бағындырған. Оның шығармаларында мағынасыз жолдар, орынды, орынсыз көркем сөздің артық-кем ұйқасы жоқтың қасы. Əрбір сөз орнында, өзіне ғана тəн мағыналық қызметін атқарып, жарастық тапқан. Ақын-композитор адам жанының ең бір түкпірінде жатқан құпия сырларын қозғайтын əдемі, үнді, ойнақы сөздер мен дыбысты шебер мəнерлей біледі. Артистерге тəн сан алуан құбылмалы мінез Құлтуманың өлеңдеріне əсерін тигізбей қоймайды. Оның жүріс-тұрысының шапшаң, түрлі өзгерістерге лезде ұшырауы бірде қайралған қылыштай өткір, кейде қалжың-əзілі аралас, кейде терең философиялық мағынаға тəн жырлардың пайда болуына əкеліп соғады. Ақын поэзиясына өмірдің, адамның жарастықты көркем көріністері, жастықтың нəзік сезім күйлері, сыршылдық тəн.
Құлтума Өтемісұлы − өзі жасаған заманның перзенті, өзі өмір сүрген дəуірдің өнерпазы: ақыны, əншісі, композиторы. Өнер адамының өрге жүзуі өз бойындағы творчестволық күшке, өзі өскен ұлттық ортаға, өнер-білім дəнін сепкен жанға рухани азық беріп, ой-қиялын дамытқан туысқан халықтардың озық адамдарының ізгі ықпалдарына тығыз байланысты. Асылы, қазақ топырағындағы озық бұқарашыл идеялардың қарыштай дамуының ең күшті себебі өркениетті елдер мəдени жетістіктерінің арқасы, XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған революцияшыл демократтар идеясына сүйенген орыстың бай классикалық əдебиеті, өнері. Шоқан, Ыбырай, Абайларды туғызған əдеби орта қандай десек, Біржан, Ақан, Құлтума, тағы басқа өнерпаздардың жетістіктері де сол қауымға ұштасады. Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жаршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан, Ақан, Құлтума бастап береді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы əсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, творчестволарының қайнар көзі — бəрі сабақтас.
Кезінде Құлтума ақын өз бетімен ізденіп, өнеріне жаңа ырғақ, əуен тауып, оны халқының керегіне жұмсай білді. Көршілес елдер, халықтар өмірімен танысты. Қазақ елінің біраз қалаларында болды. Көп нəрсені көріп білді, құлағына жаңа үн ырғақтары сіңді. Елі-жұртынан бөлініп, қалың қара шаруа тобынан оғаштанған уақыты болған емес. Өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер тамаша туындылар жасады. Жоғары адамгершілік идеяларға толы өміршең поэзия, асқақ та əсем əн əуендерін қалдырды. Жастық шақтың кеудені керген армандарын, басына түскен мұңын, адамның жан сұлулығын, мөлдір махаббат сезімдерін жылуы мол жалынды жырмен толғап, əсем əуенмен аспандата əндетті. Көптеген сазды, сəнді лирикалар қалдырды.
Құлтума поэзиясының асыл арнасы қазақ халқының бай ауыз əдебиетінде, музыкалық фольклоры қазынасында жатыр. Жасынан ел аралап ділмар шешендермен кездесіп, сөз сымбаттарын үйреніп, шешендік дəстүрлерін игереді. Төкпе ақындар өнеріне де жетік болып, талай айтыстарға қатысады.
Қазақтың ақындар айтысы — қазақ халқының өлең өнері мен ақындық шабыт шалымының салтанатты көрінісі. Суырып салма ақындар мен төкпе жыраулардың көп алдындағы нақ майданда өнер көрсететін сахнасы.
Ақындар айтысының мазмұны сан-салалы, онда: салт жырлары, махаббат лирикасы, алма-кезек сайысқан өткір сын, ойнақы əзіл-қалжың, жұмбақ өлең, ата өлең, тау өлең, қара өлең, қайым өлең сияқты өлең түрлерінің бəрі айтылады.
Қазақ арасында айтыстың өрісі өте кең. Ол бала туған шілдехана тойынан бастап, ұлы дүбір мерекелердің бəрін өткізіп отырады. Жастарды сөз өнеріне баулитын жаттығу сипатты айтыстар кең өріс алған. Айтыс — қазақ халқының ақындық өнерінің тамаша дəстүрі жəне ақындыққа баулып шыңдайтын мектеп.
Құлтума Өтемісұлы — аса дарынды айтыс ақыны. Құлтуманың айтыстары мол болуы да мүмкін, алайда бізге жеткендері көп емес.
Ол кезінде Шөже, Орынбай ақындардан тəлім алып, олармен сөз сайысына түскен. Біржан салмен өнер жарыстырып, жақын қарым-қатынаста болған. Біржан сал Құлтумаға ұстаз, жан аямас асыл дос ретінде қазақ əнінің табиғаты мен оның қисапсыз құпия құбылыстары туралы ақыл-кеңестер беріп отырған.
Қолжазба деректеріндегі сипаттауларға жүгінсек, Құлтума ұзын бойлы, жазық маңдайлы, қыр мұрынды, көзі мойылдай қара, кеудесі шалқақ, жарқын жүзді кісі екен. Əн шырқап, өлең төгер алдында ұшар құстай қомданып, дүр сілкініп, өзін сергек, ширақ ұстайтын көрінеді. «Еу, деп» айғайлап алып, есіктен төрге дейінгі аралықта аққан селдей, ескен желдей ақындықтың ырғағына тұтас беріліп, қанаттанып кетеді екен [6; 12].
Құлтума Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Ақан сері, Балуан Шолақ, Əздембай, Ғазиз, Үкілі Ыбырай, Кемпірбай, Иман Жүсіп, Ағаш Аяқ, Сабырбай, Шашубай сияқты əнші, ақын, сал-серілермен қарым-қатынаста болған. Ол қазақ даласының түкпір-түкпірін аралай жүріп, Сыр бойында да кеңінен танылады. Осы жерде əйгілі ақын қыпшақ Ырысбаймен айтысқанда оны жеңіп шығады.
Ақын заман жайын сөз еткенде, ел басшыларының əділетсіздігі мен парақорлығын, момынды аунатып жеген қорқау, қомағайлығын бүкпей, ашық айтады. Халық қамын ойлайтын ерлер болмайынша ел-жұрттың алдағы күні қараң деген қорытындыға келеді. Бұған «Базыл болысқа» деген өлеңіндегі пікірлері жарқын дəлел:
Біз енді қайда барып сыя аламыз.
Сынған бір шам үстіне пияламыз.
Бұл күнде тұрымтайдай сиқымыз жоқ,
Төсекте босқа отырып буланамыз.
«Осы шал тамақ аңдып келді ме?» деп Айтуға аз нəрсені ұяламыз.
Қарапайым халық ортасынан шығып, кедейлердің ауыр тұрмысын сезініп өскен Құлтума парақор билер мен пасық байларға қарсылығын уытты мысқыл мен ащы шындыққа толы сатиралық өлеңдерінде айқын білдіреді.
Автордың аталмыш кітабында Құлтума ақынның өмір мұраты, заман бейнесі, тебірене жырлаған шығармалары, əрқилы нақылдары, толғаулары, айтыстары сегіз тарауға топтастырылған.
Алғашқы тарауларда Құлтума ақынның ата-тегі, өмір сүрген жылдары, жастық шағы, айтыс ақыны ретінде таныла бастауы, атап айтқанда, Құлтуманың Ырысбай ақынмен айтысы, Намаз ақынмен кездесуі, Асаубай шешенмен қақтығысуы, Исабек ақынмен айтысуы, Құлтума мен Қожабай арасындағы сөз сайысы жайлы жазылған.
Ортаңғы тарауларда Құлтума ақынның халық арасына кең тарап кеткен нақыл-термелері, бəйіттері, толғаулары беріліп, Құлтуманың əнші, домбырашы, композитор ретіндегі бейнесі суреттелген.
Ұлытау өңірін мекендеген, Бағаналылардан (Найман руы) шыққан əрі шешен, əрі би Ерден батырдың тұлғасын Құлтума ақынның өшпестей өлеңмен сомдауына арнайы тарау арналған.
Кітаптың соңғы тарауларында Құлтуманың өз тұсындағы білікті, қадірлі кісілермен қарым- қатынаста болуы жайлы жазылып, ақын талантын мадақ еткен мəнді сөздер, жанды куəліктер келтірілген.
Сөйтіп ұзақ жылдар бойы айтылмаған «үнсіз» жылдарды кешіп өткен Құлтума ақын алдымызға қайта жарқырап келді. «Өлген тірілді, өшкен жанды» демекші, Тəуелсіздікке қол жеткізіп отырған таңда Құлтума ақынның жалынды өлендері қайта оқылып, ұлтымыз ардақты ұлының есімін мақтан ететін болдық.
3. БММ репертуарынан әнге талдау жасау.
3-билет
1.Жаттығулардың пайдасы (1жаттығу көрсету)
Дауыс қолдағы вокалдік жаттығулардың ең басты қызметі мен мақсаты – әншіліктің қажетті техникалық әдістемелерін жетік меңгеру үшін, әншілік тыныс алудың әдістері мен түрлерін меңгеру, дауыстың созылмалығын, жұмсақтығын, дауыстың екпінділігін меңгеру, интонация тазалығын сақтау, дауыспен форте және пианоны, дыбысты филировка жасауды, трельді, стакаттоны еркін меңгеруге, жоғары дауыстарға колратураны меңгеруге, дауыс тембрін байытып сәндеуге, дауыс күшін барлық регистрда біркелкілеуге, дауыс диапозонын кеңейтуге жаттығулардың пайдасы мол. Дауыс қою сабақтарында да, біз көптеген жаттығуларды жасап дәл осы айтылған техникалық әдістермен жұмыс жасап үйрендік. Жаттығулар дәстүрлі әншілердің табиғи дыбысын нақты қолдана білуді дәріптейді. Ал, оқушыларға дауыс жаттығуларын жасатуда немесе ән айтуда бүкіл денені табиғи бос ұстауды қалыптастыра білу керек. Адамдардың әдетте тұрмыстағы сөз сөйлеу, өзін еркін босаң ұстау табиғилығы мен ән айту барысындағы табиғылық мүлдем ұқсамайды. Ән айту және дауыс жаттығуларын алып баруда белгілі ғылыми әдістемелерге сүйенуге тура келеді. Мысалы, тұрып айту бейнесінде оқушының аса қызғынды әрі жаны сергек болуы талап етіледі. Ең алдымен, терең тыныс алып, бүкіл денені бос ұстау, дене салмағын негізінен оң аяққа қарай басып, екі аяқтың арасы 30 градустай ашық болып, басты көтеріңкі, кеудені тік ұстап, екі иықты артқа қарай түсіріп кіші құрсақ, бел, сан, жіліншік, артқы омыртқаға күш аламыз. Бұл кезде сан мен балтыр бұлшық еттері азырақ жиырылып, тізе, тобық буындары бір түзу сызық бойына тартылғандай болып, табан мен өкше жерге мығым басылады. Сонымен бірге денедегі сансыз клеткалар мен бұлшық еттердің қызметі артып, адам денесінің қысым күші мен тарту күші тепе-тең болады. Сондай-ақ ән айтуда дыбыстың жоғары-төмен, қатаң-ұяң өзгерістеріне қарай адам денесінің табиғи бостығы мен дауыс жаңғырығын үйлестіре білу керек. Сабырсыздық пен абыржудан туындайтын дене мүшелерінің қатаюын жою, денені бос ұстау, жаттығуларына сүйеніп, оқушыларға бастан табанға дейін қаңқа сүйектерімен буындарға және бұлшық еттерге күш алғаны жөн. Қорыта айтқанда, денені табиғи бос ұстау – ән айту өнеріндегі ең маңызды болған тыныс алу мен дауыс шығару қағидасының ең маңыздысы болады.
Осының ішінде үн шығару жаттығуы туралы айта кеткім келеді. Үн шығару жаттығуы дауыс шығарудың дайындық жұмысын алып баратын шешуші кезең. Ол бастан аяққа дейінгі тыныс алу жолдары мен дыбыс шығару жолдарын өзара сәйкестіріп тұратын аса қажетті жаттығу. Үн шығару жаттығуы мұрын мен ауыздың бір уақытта тыныс алуын талап етеді. Екі мықын сыртқа қарай кеңейіп, мұрында бостық қуысы сақталып, көмекей қуысының ішінде бір кішкентай шар пайда болғандай болып, ауызға екі бармақты салып, көмекейді бос ұстап, аз мөлшердегі тыныс пен бас қуысының жаңғырық орнын жалғау керек. Бұл кезде бет әлпетте діріл пайда болады. Үн шығару жаттығуын «М» және «Н» әріптерімен, сондай-ақ «У» әрпімен жасаған дұрыс. Тональность «до» дан басталады.
2.Манарбек Ержанов өмірі мен шығармашылығы
Манарбек Ержанов (1901-1966) — Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал сияқты композитор, әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал.
Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз — Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді.
Манарбектің қазақтың ән мәдениетіндегі орны өзгеше, ол халқымыздың топжарған абыройлы асқақ әншісі бола білген жан. Манарбектің атымен оның күмістей таза ашық та жарқын «жарқылдаған» жауҺар дауысы, орындаушылық шеберлігі, әншілігі күні бүгінге дейін халқының қайнар бұлақ қасиетті қазынасына айналып отыр.
Әншінің ата-анасы да табиғатынан тума талантты жандар болатын. Әкесі қол өнерінің асқан шебері темірден түйме түйетін ісмер-ұста әрі майталман күйші-домбырашы болса, шешесі әнді жақсы салған.
Манарбекті өнерге баулыған ұстазы атақты дала музыканты Күсенбай ғажап күйші, әнші . Болашақ арқа ән дәстүрінің майталман шебері Манарбек үшін ұлттық өнеріміздің аңызы болған Әміре Қашаубаевтың өнері биік бедел үлгі-өнеге болды. Әнші жастайынан-ақ Сары арқаның әншілік мектебінің қыры мен сырын бар құпыясын жетік меңгеріп Біржан салдың, Ақан серінің, Жарылғапбердінің, Естай мен Жаяу Мұсаның, Шашубайдың әндерін тамылжыта шырқады. Оның табиғаттың тұнбасындай таза да ашық жарқын саңқылдаған тембрлі бояуы күшті дауысындағы көркемдік қасиеттің болуы қазақ ән жауһарларын орындағанда құлпырып жанып кететін сиқырлы күйі болған.
Манарбек Ержанов Қазақ драма театрының (1928 ж.), Қазақ музыкалық театры (1934 ж.) – болашақ опера-балет театрының (1937 ж.) алғашқы әртісі болып ұлттық өнеріміздің алғашқы жұлдызды шоғыры Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова, Ғарифолла Құрманғалиевтермен бірге тұңғыштар тобында сахнаға шықты. Ғарифолла Құрманғалиев екеуі бірсыпыра ұлттық операларда рольдерді кезектесіп, бөлісіп ойнады. Біріне- бірі ұқсамайтын қос саңлақ ұлттық операларымыз: «Қыз Жібекте» Шеге, «Жалбырда» Елемес, «Ер Тарғында» Сақан, «Абайда» Әзім, «Біржан-Сарада» Естай бейнелерін сомдады.
1936 жылы қазақ өнерінің Мәскеуде өткен Декадасына баратын бірінші тобында Манарбек болды. «Қыз Жібекпен» ашылатын Декада шымылдығында Шегенің ролін Манарбек Ержанов сомдады. Ақын Шеге бейнесін айқара ашып көрсететін көтеріңкі көңілдегі музыкалық беташарды Манарбектің өзі тауып қосқан еді. Кейін Е.Брусиловский осыны еске алып – «Мен көптен бері осы жерге бір халықтық әуенді таба алмай жүретін едім, оны Манарбектің өзіне де айтқам. Манарбек бір түннің ішінде ертеңгі ойынға халықтың ақындық өнеріндегі осы бір жарқылдаған термені тауып келді» – деп есіне алған еді. Ахмет Жұбанов: — «спектакльден соң атақты академик-музыкатанушы әрі композитор Б.В.Асафьев «О, мынау әнші ғажап қой! Мәскеуге қазақтың кең даласының бар кереметін көшіріп әкелді-ғой» – деп шаттана сөйлеп Манарбектің қандай музыкалық мектеп бітіргендігін сұрады. Манарбекке берілген бұдан артық биік баға болмас, өйткені мұндай мақтауды кеңестік дәуірдің атақты музыка композиторының өзі бергені ғажап еді.
Манарбек өнеріндегі шоқтығы биік орынды оның өз шығармалары алады. Әнші-композитор 1942 жылы Қазақ КСР-ы композиторлар Одағының алғашқы мүшелерінің бірі болып қабылданды. Арқаның әншісі өз туындыларында халқымыздың ән дәстүрін ерекше шабыттана дамытып жаңаша түрлендіріп өрістетуге мол үлесін қосты. Манарбек таланты тудырған әндер мен күйлер жаңарған дәуірдің жаңаша кескін-келбетін, жарқын кезең лебін жаңа күйімен өзіндік сипатымен жырлап, ұлттық музыка өнеріміздің дәстүрлі мінез-құлқын жоғалтпай дамытып жалғастырды. Оған «Паровоз», «Қуанамын», «Жасасын», «Шопан әні» және басқа да әндері жатады. Бұлар күні бүгінге дейін ел арасында кең таралған сүйіп айтылатын гауһар әндер. Оның аспаптық шығармаларға арналған «Би күйі», «Шалқар көлі», «Өрнек», «Көңіл күйлері» ұлттық шертпе күй дәстүріндегі өзіндік жеке дара сыр-сипаттарымен кескін келбеті жарқын да жайдары қызықты, айрықша өз қолтаңбасы айқын, бірін-бірі қайталамайтын сазы, күйі, әуені мол сырлы шығармалары болып табылады.
Кейінгі жылдары (1953-1960) Манарбек негізінен композиторлық және концерттік жұмыстармен көбірек шұғылданды. Гастрольдік сапармен республиканың барлық жерін аралап ән салды. Бұл жылдары әнші шығармашылығы жемісті, ырысты болды. Әншінің халықтық дәстүрдегі елге кең таралған көп айтылатын шығармалары жаңа заман, жаңа дәуірді жырлаған әндері осы кездің еншісіне тиген болатын.
М.Ержановтың кеңестік қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесін үкімет жоғары бағалады. Оған Қазақ КСР-ң Халық әртісі құрметті атағы берілді, «Қызыл жұлдыз» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, үкіметтің мақтау қағаздарымен марапатталды. Алайда оған берілген ең зор да үлкен атақ – ел құрметі, халқының махаббатымен зор сүйіспеншілігі, ұлы дарын заңғар әншіге деген ыстық ықласы оның әншілік азаматтық қасиетін асқақтата, сәулелендіре, арттыра түсері сөзсіз.
3.БММ репертуарынан әнге талдау жасау.
4-билет
1.Халық әндері және оның жанрлық ерекшеліктері.
Халық әндері – ауызша дәстүрмен сақталған, және қоғамға таныс қандай да бір ұлт пен этникалық топ адамдарына арналған ерекше әуен. Ән - халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Ерте дәүірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән — өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз. Әннің келесі бір қасиеті — әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.
Халық әндеріне тән тағы бір белгі — әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрьлады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терен сезім арқылы тербеліп, көркем кесте — өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мүны әннің поэзиялык арқауы немесе әдеби сипаты дейміз. Ән - вокалдық жанр. Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:
1) әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.
2) әннің әуені, яғни музыкасы.
3) әннің жанрлық ерекшелігі.
В.Я.Пропп музыкалық шығарманың жанры оның тарихи шындықты бсйнелеу немесе көрсету дәрежесіне байланысты деген пікір айтқан. Осы тұрғыдан келгенде халық әндерін тарихи, лирикалық деп бөлуге әбден болады. Тарихн әннің ел аузында сақталған улгілері аз емес. Бізге жеткен көркем бір нұсқасы - "Елім-ай" XVIII ғасырдың бас кезіндегі жоңгар шапқыншығына байланысты туған шығарма.
Халық арасына кең таралған лирикалық әндерге келер болсақ олардың жүздеген үлгілерін атауға болады. "Қамажай", "Бипыл", "Сәулем-ай" секілді толып жатқан әндердің барлығы да лирикалық жанрға жатады. Лирикалық әндерге катысты бір ерекшелік - онда сюжеттің болмауы, оның есесіне эмоцияға негізделген сезім лирикасы, поэзиялык. параллелизмдердің басым кездесуі. Оның мәнісі, әннің бір шұмағын құрайтан алғашқы екі жол басқа, соңғы екі жол өзге ойды білдіруінде. Әннің тұтастығы осы ойлардың сабақтастығынан туады.
Халық әндерінің стильдік ерекшеліктеріне бойлай түсетін болсақ, олардың музыкалық әуені мен әдеби мәтінінің бірде сәйкес, бірде сәйкес еместігін аңғарамыз. Бұл ерекшелікті ғылым тідімен синхрондық және асихрондық деп екіге жіктейміз. Асинхрондық жүйеге негізделген әндердің музыкасы мен әдеби мәтіні әр түрлі кезеңдерде тугандықтан, олардың құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалады.
Речитативтік әндер халық шығармашылығына да авторлық шығармашылыққа да тән құбылыс. Олардың басты ерекшелігі - өлең жолының әр буынына жеке музыкалық үн-дыбыстың келіп отыруы (слогонота). Мұндағыы жеке буындар бірнеше дыбысқа созылмайды, музыкалық интонациясы бір деңгейде дамиды. Оның диапазоны-шектеулі, ннтонациялык секірістер өте сирек кездеседі.
2. Ж.Елебеков өмірі мен шығармашылығы
Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) — әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Лебек пен оның жары Қымбаттың отбасында дүниеге келген. Одан басқа бес бала болған. Лебектің отбасы кедей болған, өзі ауыр жұмыс істегендіктен, шығармашылықты тастаған. Жүсіпбектің арғы атасының ағасы Қарабатыр кезінде ақын болған, әкесінің ағасы Балабк пен оның ұлы Исламбек те күйші болған. Ән айтуды оған ағасы Жақыпбек үйретеді. Ол бауырының жіңішке, әдемі дауысын жақсы көрген. «Келіншек», «Ғалия» әндерін айтқан. 1914 жылы Қоянды жәрмеңкесіне барады. Жақыпбек Мәди Бапиұлымен таныстырады, ол әнін тыңдап батасын береді. Сол кезден бастап ағасы жанына ертіп жүрген. Олар ауылдарды аралап, өнер көрсетеді. 1916 жылы Жақыпбек, Сейітбек ағалары тыл жұмысына шақырылады. Сүзекпен Жақыпбек ағасымен анасы ауырады. Сол себепті әншілігін тастауға мәжбүр болады. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады.Атақты әншілермен қосылып жиын-тойларда, жәрмеңкелерде, көпшілік арасында кештерде ән салғанда жас әнші небәрі 15 жастан енді асқан еді. 1920 жылы Семейге келіп туысының үйінде тұрады. Халық назарын өзіне аудара алмайды. Көршісінің үйіндегі шілдеханада өлеңді тамаша айтқаны соншалық, даусын есту үшін түкпір-түкіпірден келеді. Кенжебек пен Ахмет басқарған «Ес-аймақ» труппасы байқайды. Осы труппамен жүріп, Әміре Қашаубаев пен Иса Байзақовпен танысып, өнер үйренеді. «Ағаш аяқты» үйреткен Әміре болған. Ж.Елебеков Әміре туралы: «Әміренің атын бала күнімнен таныс. Оның даусы мөлдір әрі жоғары болатын. Әлі есімде, оның дауысын 7-8 шақырымнан естіп қалған, жылқыщылар шауып келіп, тағы да айтуын сұрайтын». 1921 жылы Иса Байзақовты да жақсы білген. Ес аймақ турппасымен Халық үйі кулбында «Бәйбіше тоқал» спектаклін дайындайды. Сонда Иса «Желдірмені» орындайды. 1923 жылы ет комбинатында жұмыс істейді. 1928 жылы Түрксіб құрылысында қара жұмыс істеген. Жүсіпбек Елебеков өзінің көпқырлы сан-салалы әншілік таланты арқылы отандық музыкалық мәдениетіміздің тарихына өлшеусіз үлес қосты. Ол халқымыздың ән өнерінің жарқын беттерінде сөнбейтін жарық жұлдызына айналып оның атақ-даңқын биікке көтерген, бүкіл қазақ даласын оның әр тасы, әр ауылына дейін әнге көмген, халқы мен жерін әнге бөлеген өнер тарланы.Атақты Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Ғаббас Айтпаев, Манарбек Ержановтар мәңгі өшпейтін даңқын шығарған екі ғасырлық тарихы бар халқымыздың ән мектебі қазақ еліне түгелдей тараған. Жүсіпбек осы арқа дәстүріндегі аты аңызға айналған Әміренің әншілік жолын ұстап жөнін қуған тікелей өзінен үйреніп дәстүрін жалғастырған әнші. Қазақ музыканттарының шығармашылығын көп зерттеген журналшы Мақсұтбек Майшекиннің айтуы бойынша Әміренің өзі — “Арқа дәстүрін ұстап менің өнерімді жалғастырған Жүсіпбектен асқан әншіні әлі естіген емеспін” — деп сенім артып батасын беріп домбырасын ұстатып кеткен дейді.
1931-1935 жылдары Жүсіпбек Елебеков Қазақ драма театрында әртіс болып істейді, онда ол тек әншілік қырынан көрініп қана қоймай көптеген есте қаларлық драмалық және опералық кейіпкерлер бейнесін жасайды. “Айман-Шолпан” музыкалық комедиясында Әлібек, “Еңлік-Кебекте” Жапал, алғашқы қазақ операсы “Қыз-Жібекте” Төлеген болып ойнады.
Біртіндеп көпқырлы әнші талантының сыры ашыла бастайды. Келе-келе ол ертеден бастау алған халқымыздың ұлттық әншілік дәстүрін кең өрістетіп дамытуға — қазақтың классикалық әндерін домбырамен сүйемелдеп айтуға біржола бет бұрады. Оның 1935 жылы филармонияға ауысып 1960 жылға дейін сонда істеуі заңды да табиғи нәрсе болатын, 1960 жылдан 1977 жылға дейін Қазақконцертте істейді. Бұл кезде ол әншілік өнердің нағыз хас шебері, майталманы, асқан орындаушы дәрежесіне көтеріледі. Бұл оның атақты әнші ретінде халқының махаббатымен зор құрметіне бөленген кезі болатын.
Жүсіпбек Елебеков қазақтың классикалық ән өнерін насихаттаушы әрі оны асқан шеберлікпен орындаудың ерен үлгісін көрсетіп республикадан басқа шет жұрттарға шығып таныта білді. Әнші 1936 және 1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ өнері Декадаларында, 1950, 1955 жылдары Қытайда, 1960 жылы Монғолияда, 1967 жылы Индияда болып ән салды, оның дауысын Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Қарақалпақ елі де сүйсіне тыңдады. Ол қазақ радиосында әнші болып жұмыс істеді, әндері радиодан шырқалып жатты, өзінің қатысуымен телефильм түсірілді.
Жүсіпбек Елебековтың өмірі мен шығармашылығындағы ең бір елеулі кезеңі – оның Эстрада-цирк студиясында ұлттық ән салу дәстүрінен дәріс беріп ұстаздық еткен 1967-1977 жылдары еді. Арқаның домбырамен ән салу дәстүрі үзілмей жалғасып қаймағы бұзылмай сақталып бізге жетіп отыр. Бүгінгі Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов сынды өнер саңлақтары осы ұлы Жүсіпбектің шәкірттері.
Жүсіпбек Елебековтың репертуарында Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Ыбырай, Естай, Майра, Жарылғапберлі сияқты қазақтың халықтық кәсіби композиторларының ел арасына кең жайылған жарқын да тамаша әндері болды. Әнші бұларды нақышына келтіріп әрлеп, өңдеп өз мәнерімен ширата, шарықтата классикалық дәрежеде биікке көтеріп мінсіз етіп орындай білді.
Ж.Елебеков шығармашылығында Абайдың ән мұрасының орындалуы айрықша шоқтығы биік, орны өзгеше. Жүсіпбек Абайдың лирикалық ән қазынасын айтушылардың ішіндегі асқан шебер, ғажап орындаушысы еді. Ол “Татьянаның хаты”, “Сегіз аяқ”, “Көзімнің қарасы”, “Бойы бұлғаң”, “Ата-анаға көз қуаныш” әндерін тек айтып қана қоймай, бұл әндердің музыкалық- эстетикалық көркемдігін, айтар ойын, мазмұн-мағанасын, ән бойындағы жаңалығын, саздың сұлулығын барынша көркемдеп, әрлеп тыңдаушыға жеткізуші еді.
Ж. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары “Ардақ”, “Айтбай”, “Құлагер” және т.б. Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал бейнесін (М. Әуезов “Еңлік-Кебек” ) , музыкалық театр сахнасында Әлібек (М. Әуезов пен И. В.Коцыканың “Айман-Шолпаны”), Төлеген (Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков өнері көңіл — күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді.
Үлкен өнерпаз, тарлан талант иесі Жүсіпбек өнері көзі тірісінде лайықты дәрежеде өз бағасын алды да. Ол отанымыздың сол кездегі ең жоғарғы дәрежелі Ленин және “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды, Қазақ КСР-ң халық әртісі, Қазақ КСР-ы Мемлекеттік силығының лауреаты құрметті атақтарын иеленді.
Жүсіпбектің асқан әншілік өнерінің ықпалы бүгінгі күнде – қайта жаңғырып, қайта түлеп жатқан дәстүрлі музыка орындаушыларымыз арасында өркендеп, оның жолын қуған жас буын әншілеріміз ұлы әнші, хас шебердің ән мұрасын өздерінің шығармашылық үрдісіне нысана етіп жалғастырып сақтап келеді.
3. БММ репертуарынан әнге талдау жасау
5-билет
1.Мектеп қабырғасындағы балаға домбыраны еркін менгерту.
Домбырамен ән салу оқу-әдістемесінің алғашқы сабағы домбыраның тарихынан, оның құрылысын таныстыру және домбыраға отыр, орналасу қалпынан басталады. Алғашқы сабақтан-ақ оқытушы, сермеуінің еркін болуы және сол қолда пернелерді нық басуын қадағалаудан басталады, баланың домбырада еркін отыруы оның кейін еркін ән салуына, демді дұрыс алуына, домбыра дыбысының таза әрі құлаққа жағымды шығуына жақсы жағдай туғызды. Егер алғашқы сабақтан бастап баланың домбырада отыруы, қағыстарды еркін қағып, пернелерді иық басуы дұрыс қолға алынып, қадағаланбаса, болашақта оқушының ән салу кезінде домбыраны қостап тартуы нашар болады. Сонымен қатар алғашқы сабақтан бастап оқушыға қазақтың ұлттық муызкасының мол әрі бай екені, ол «жыр өнері», «күй өнері», «ән өнері» жанрларынан тұратынын, қазақтың классикалы әндері, оның айту ерекшелігі, әрі өзіндік орындаушылық үлгісінің бары жайында қосымша мәліметтер бере отырып, санасына сіңдіру қажет. Тіпті домбырамен ән салу өнері тек біздің халықта барын аса мақтанышпен айтып, көкірегіне ұлтжандылық мақтаныш сезімін ұялату керек. Сондай-ақ үстаз алғашқы сабақта, бір немесе екі әнді орындап берсе артықтық етпейді. Бұл оқушының бір жағынан көңілін аулау болса, екінші жағынан қызығушылығын арттыру болып табылады.
Отыру орналасу қалпы. Әншілерге орындықта дұрыс отыру мен домбыраны дұрыс ұстауды үйрету өте мән берелік жұмыс. Оқушының музыкалық ой-өрісінің дамуы, орындаушылық шеберлігің артуы домбыраны дұрыс ұстап, оны еркін меңгеруімен байланысты. Оқушы орындықтың жартысына ғана шайқалмай түзу отырып, оң аяқты сол аяқтың үстіне қойып отырып ойнайды. Қыз балаларждың отырысы ұл балаларға қарағанда сәл өзгешелігі бар. Отырғанда денені тік ұстап, сол аяғы еденге нық басылып, домбыраны әрі-бері сырғытпай, орнықты әрі берік ұстайды. Сонымен қатар орындықта дұрыс отырып, домбыраны ыңғайлы ұстап етіп орналасу оқушының дене бітімі мен бой ерекшелігіне де байланысты.
Аспаптың орналасуы. Оқушы домбыраны қолына алғанда, домбыраның басын өз иығынан асырмауы тиіс, яғни өз иығының деңгей шамасында ұстай білуі шарт. Домбыра орнықты болып, мойны төмен түсіп кетпес үшін, оның астыңғы шанағы сәл өзіне қарай ашықтау қылып оң аяқ санына тірейді, үстіңгі жағынан оң қолтықпен төмен басып отыруы керек.
Сол қолдың ұстауы. Сол қолды орналастырғанда иықты көтермей, шынтақты денеден алыстатпай және денеге тигізбей бос, еркін бүгіп отырады. Сол қолдың алақанын домбыраның мойнына тигізбей ұстау керек, алақанын домбыраның мойынан тигізіп ұстау, саусақтардың еркін қозғалуына кедергі келтіреді, тіпті саусақтарды қисық басып, оқушы саусақтарының шаршап қалуына әкеліп соқтырады. Домбыра мойнынан бастап сағаға дейін сол қолда алақанның ішінен жылжытып жаттығу жасату, пернелерді дөп басып қалыптасуына, сол қолдың жылдам әрі еркін жүруіне септігін тигізеді.
Оң қолдың ұстануы. Оқушының орындаушылық өнерін өсіріп, шеберлігін арттыруда оң қолдың қағыс техникасын меңгеру маңызды болып табылады. Оң қолдың шынтағы шамамен тиектен жоғарғы жерде орналасқан. Шынтақ тым жоғары көтерілмейді. Ол қолдың басы білезік тұсы бүгіледі. Бірақ, оны да тым қатты бүгуге болмайды, себебі қолдың буыны қатып қалады. Білезік буын өте бос болуы керек.
Ойнау тәсілдері. Домбыра аспабында ойнаудың түрлі тәсілдерін меңгеру – көркемдеп, мәнерлеп ойнаудың көзі болып табылады. Домбырамен ән салуды домбыраны қостап тартауда дыбыс шығарудың негізгі екі түрлі тәсілдері бар. Қос ішекті қағып ойнау тәсілі бұны біз бастапқы кезде балаларға үйрететін ең бірінші қағыс. Соның ішінде ең біріншісі алма-кезек қағыс болып табылады. Одан кейін екі төмен екі жоғары қағыстарды үйрете бастаймыз. Бірақ ең басында осы алма кезек қағысты жақсыла үйретіп, домбырадағы оң қолды жүргізу үшін осы алма кезек қағыспен жаттығулар жасап, тек алма кезек қағысқа әндер бере бастаймыз. Біз балаға музыкалық мектепте бергенде де, дәл осылай үйретеміз. Яғни, ең бірінші домбыраны не екенін, қалай ұстау керектігін үйретеміз.
2.Жетісу әншілік мектебінің ірі өкілдерінің бірі, өмірі мен шығармашылығы.
«Екейде елу бақсы, сексен ақын» дегендей, Жетісуда Сүйімбайдан, Жамбылдан келе жатқан ақындық дәстүр дүниеге көптеген талант берді. Ақындық, айтыс дәстүрі әлі күнге дейін бұл өреде сол қалпымен келеді.
Міне осы топтың ішінен ала-бөле еске түсетіні – Кенен. Ол бір жағынан суырыпсалма ақын да, екіншіден жақсы әнші, ал үшіншіден көптеген ән шығарған халық композиторы. Ол шығармашылығында адам бақыты үшін күрестің жырын жырлады, бері келе, кеңес таңы атқанда жеңістің, туысқандықтың, шын мәнісіндегі бақыттың жырын жырлады.
Кенен Жамбыл облысы, Қордай ауданы, осы күнгі Кенен атындағы колхоз тұрған жерде 1884 жылы туды. Әкесі Әзірбай айтарлықтай өнері болмаса да о да ауыл арасында ән салып домбыра тартып жүрген. Бірақ аты шығып не ақын, не әнші болып жайылған емес. Ал, шешесі Ұлдар үлкен әнші, ақын адам болады. Ұлдардың осы өреде атағы кең жайылады. Кішкене күнінде Кенен шешесінің өлеңін, әнін есітеді.Бірақ Кенен жетіге келе бергенде Ұлдар қайтыс болады.
Ұлдардың өлімі Кененге де Әзірбайға да оңай тимейді. Оның үстіне Әзірбайдың мал дегенде екі-үш ешкіден басқа малы болмайды. Кенен қабырғасы қатпай жатып байдың малын бағады. Күндіз мал бағып, кешкілік ауыл шетінде кішкене итарқаның астында әкелі-балалы екеуі жоқшылықтың мұң-зарын тартып, айран-шалабын ішіп отыра береді. Кенен, көбіне ауыл жастарының түнгі ойындарына қатыса алмай, ұйықтап қалады. Кенен соның арасында домбыра тартуға да, ән айтуға да уақыт табады. Баяғы бала кезінде шешесі Ұлдардан алып қалған аздаған ән жобалары, жыр нұсқалары көңілінде қайта қозғалып, біртіндеп оларды еске түсіреді. Кешкітұрым ауыл жастары қыр басына шығып, Ақсүйек ойнап, Алтыбақан тепкенде, Кененнің әндеткен әсем дауысы көп жастардың буынын босатады.
Кенен осылай жүріп өзінің әндерінің санын көбейтеді. Қойшылармен кездесіп олардан ертегі, нақыл сөздер есітеді, кейде сыбызғының үніне қосылып бала даусымен Қордайдың даласын жаңғырықтырып ән салады. Кейде белбеуіне қыстырып жүрген домбырасын алып, оған өзінің сазды, қоңыр дауысын қосып, ән шығару талабында болады. Ал өлеңді Кенен ерте шығара бастайды. Кенен далада жүргенде есітетін дыбысы: судың сылдыры, торғайдың шырылы, желдің гуілі тағы сол сияқтылар болады.
Осылай Кенен алғаш өлеңдерін шығара бастайды. Әзірбай тырнақтап жинап, бір-екі жылдан кейін бір ыңғыршағы айналған арық, өзі сәуірік көкшолақ ат сатып алады. Ауыл арасында қандай жақын болса да жаяу жүруді ар көретін қазаққа, мына көкшолақ аттың тақымына түсуі үлкен бір байлықтай болып көрінеді. Кенен көкшолақтың басқа аттармен салыстырғанда мүсіннен жұрдай түрін де өлеңге қосады. Кенен атына тек өлең арнап қоймай оған ән шығарады. Ән Жетісудың дәстүрінде, халықтық екпін негізінде шыққан. Аздаған қалжынның элементі бар. «Көкшолақ» әні де тез жайылып кетеді. Кенен бұл әнде де тақырыбы, аты жануарға арналғанмен, шыншыл суреткер сол бір сыртқы атаулар арқылы езілген таптың өкілдерінің жан дүниесін, үй-ішілік қуанышын, Көкшолақтың жал-құйрықтан айырылып, шабан болғанын теңейді.
Сол өреде Бибол дейтін бай екі болыс елді шақырып қызына той қылады. ОЛ тойға, Кенен де барады. Байдың балалары жолда Кененді келкелетеді. Кенен; адамның қасиеті малмен өлшенбейтіндігін өлеңмен ағызып айтып береді. Оларға ерегісіп. Биболдың қызының тұсына келіп, жоғарыдағы: «Әй қыздар, қойшысынбай өлеңінді айт»деп жетіп барады.Өзі ақын, өзі әнші, кімнен қорықсын, Көкшолағын тебініп, бай балалары өзін де, атын да кеміткен сайын екіленіп, Көкшолағымен сөйлескендей, атының дүлдүл емес екенін паш ете, өлеңіне қоса жүре, қыздың үйін кимелей береді.
1916 жылы 25 маусым жарлығы бойынша қара жұмысқа патша қазақ сияқты халықтардан жігіт жиған. Сол көтеріліске Кененде қатысады. Одан кейін көтеріліске қатысқандарға қара күн тудырып, жазалар ойлап, көтерілісті басады. Сол кездері көтеріліске қатысқандардың бірі Қытайға, екіншілері басқа губернияларға өтіп кетеді. Кенен өзінің қырғыз бауырларныа қашып кетіп, сол жақта біраз уақыт болады. Кенен 1916 жылдың көтерілісіне арнап «Егіз әні» дегенін шығарады.
1925 жылы Кененге үлкен бір қайғының басы төнеді. Кенен ел аралап жүргенде, оның Базар, Назар деген екі ұлы бірден қайтыс болады. Кененнің бұл қайғысын естіген көршілес елдің бір топ адамдары, ақындары келіп, оған өлеңмен көңіл айтады. Кенен сүйікті бағландарына арнап, кейін «Базар-Назар» атанып кеткен, қайғы шермен толы, шын жүректі тербеп, түкпірінен шыққан үлкен туындыны жарыққа шығарады.
Кененнің репертуары кең. Кененнің әндерінің ерте уақыттан бері белгілі болуының айғағы – А.Затаевичтың жинақтарында Кененнің әндерінің жүруі. Кенен әндерін композиторлар Л.Хамиди, С.Шебельский 1934 жылы нотаға түсірді. А.Затаевич жазуындағы әнді композитор Е.Брусиловский өзінің «Қыз Жібек» операсынрда пайдаланды. Ол Кененнен 150-ден астам ән жазып алса керек.
Марапаттары
• "Ленин" ордені - 1974 ж.
• "Еңбек Қызыл Ту" ордені - 1967 ж.
• "Құрмет белгісі" ордені - 1959 ж.
• "Құрмет белгісі" ордені - 1945 ж.
• Жеті рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен және көптеген медальдармен марапатталған
• Қазақ ССР-ның Халық ақыны - 1961 ж.
• Қазақ ССР-ның Еңбек сіңірген өнер қайраткері - 1956 ж.
• СССР Композиторлар Одағының мүшесі - 1939 ж.
• СССР Жазушылар Одағының мүшесі - 1937 ж.
3.БММ репертуарынан әнге талдау жасау.
6-билет
1.Вокалды техника және табиғи дауыстың айырмашылығы
Вокалдық жаттығуларда бет бұлшық еттері қабақ, мұрын, тіл, тіс, жақ, шықшыт, иек, бас қуыс, ауыз қуыс, кеуде қуыс түтікшелерін тұтастырамыз. Түтікшелерді тұтастырып дыбысты жинақтап айту шеберлігі вокал ғылымының ең маңызды саласы. Еуропаша айту, эстрадалық ән айту, дәстүрлі ән айтудың шешуші түйіні демді жақсы қолдану, тыныс тірегін ұстап тұру арқылы дауысты жинақтап айтумен түтікшілерді бір-біріне тұтастыру. Вокалдық техникаға вокализ жатады. Ол дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.
Артикуляция – сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі.
Вокалды техникалық дағдылардың қатарына: резанаторларды дұрыс қолдану, әннің сөзін анық айту – дикция, ерін қимылдарының техникалық меңгеру артикуляция, асппапен сүйемелдеп орындау, ансамбль вокалдық әшекейлеуді еркін және жеңіл қолдану, динамикаларға көңіл бөлу, әнді нақышына келтіре мәнерлі орындау кіреді.
Табиғи дауыс – сіздің табиғи, толыққанды басқаша айтсақ табиғаттан туғаннан шыққан керемет дауысыныз. Табиғи дауыс мектебін оқытудағы алғашқы қадам – қысқыштарды алып тастау, содан кейін табиғи дыбыс шығаруды реттеу.
2. «Жанбота» әнінің шығу тарихы
Ол 1834 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Орта жүз Керей тайпасы Ақсарынан шыққан.[1]
1865 жылдың жазы. Омбының генерал-губернаторы келеді деп Көкшетау бүлініп жатыр. Қала өз алдына да, бүкіл уезд болып үлкен дайындық жүргізуде. Қаланың маңындағы көгалға үлкен киіз үйлер тігілген. Ақсарының болысы Жанбота өзі бірнеше үй тіктіріп, сауын, сойысты дайындатып, ас пісіретін үйлерді бөлегірек жерге тіктіріп, сасыған қанның, бұрқыраған жерошақ түтіннің иістері келмесін деп, өзінше «дала мәденитін» басқалардан асыра көрсеткісі кеп-ақ жүр.
Қоңыржанның Азнабайы да Жанботадан қалмаймын деп, бірнеше үйдің керегелерін қосып тіктіріп, ұзын зал сияқты төр үй жасатып, оның ішін оқалы кілем, шайы көрпелермен безеп жатыр. Бұл да өзінше әлемді басқарғандай, әдейі Жанботаның тобы есітсін деп, неше түрлі байлық, паңдық араласқан бұйрықтарды әдейі дауыстап оқып беруде.
Ол кезде Жанбота болыстың үйлер тобының бірінен ырғалтып салған әннің үні шықты. Ән үй-үйді аралап өтіп, сонау Көкшенің бауырына, аспанға қарай өрлеп бара жатқандай асқақ. Өз тобының ішінде осындай елді елеуреткен, құлақтарын тостырған әншісі болғанына Жанбота да көтерілмесін бе… Әншінің үнін естіп Азнабай жақтан көптеген бозбала ығысып келіп рақаттанып тыңдап тұр. Жастардың бұл мінезі Азнабайға ұнамай, ашуы ішіне сыймай тұрған. Сондықтан шабарманын жұмсап, жігіттерін қайтарып алғысы келді. Бірақ жастар әл бермеді. Оны көріп тұрған Азнабай, қолымен белгі беріп шабарманың шақырып алды да:
- Анау үйдегі әншіні менің қонақ үйіме алып кел, ән салсын, сыйлықты Жанботан асырамын, ал келмесе аржағының билігі өзінде,--деді.
Шабарман қамшысын қолына алып, барлық сұсын қолына шығарып, әнші отырған үйге қарай адамдады. Бірақ ол басында айла қолдануды көздеп, үйге сәлем беріп кіріп келді. Шабарман бір тізерлеп отырып, әнші әнін аяқтаған кезде Азнабайдың тапсырмасын айтты. Оған әнші қозғала қойған жоқ. Өйткені осы сәтте оның басында жаңа ғана орындаған әннің мазмұны, сонымен байланысты ойы әлдеқайда алыс отыр еді. Ол күлімсіреп, шабарманның айтқанын естімегендей тағы бір әнді бастап кетті. Ән аяқталған соң, шабарман келген тапсырмасын қайталап, қамшысын қысып, өзінің күшін, бар екенін көрсеткісі келді. Әнші ешқайда бармайтынын, мал, олжа, сыйлық іздеп жүрмегенін, тек халыққа өнерін көрсетуге келгендігін айтты. Тілін алдырта алмаған шабарман сол кезде аңдаусыз отырған әншінің басына қамшымен бір-екі тартып қалды. Отырғандар ду түрегеліп, оның қолын ұстап, тартып алғысы келіп бір басынан ұстап тұрған әншінің домбырасынан қолын босатып жіберді.
Әнші ойда жоқта мұндай іске душар болғанына таң қалып, домбырасының сағасынан ұстай-мұстай. Жанталаса орынан тұра берді. Шабарман шығып кеткеннен кейін әнші де жүгіре басып далаға шығып, домбырасын сол ұстаған бойы, әншейіндегідей ұлықсат сұрап сызылып тұрмай, Жанбота отырған үйге кіріп келді де, домбырасын қағып-қағып жіберіп, ең сағадағы пернені басып, тұрып, ызалы дауыс, ащы үнмен, киіз үйдің түндігін бүлкілдеткендей екпінмен:
Жанбота, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің.
Кісісін бір болыстың, біреу сабап.
Бар ма статьяда көрген жерің? ---
деп болған істі баяндап берді.
Тұтасып кеткен мойнын бұра алмай, барлық кеудесімен бқрылып қараған Жанботаның көзі әншіге осы кезде аса ұнамады. Өйткені Жанботаның жыландай ысқырған айбатының адресы тентектік істеген шабарман, оны жіберіп отырған Азнабай болмай, көзін ашпастан теңкиіп отырып:
---Жетер! Қақсама! «Бас жарылса бөрік ішінде» деген емес пе, --- деп Жанбота әншіге ақырды.
«Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер?» деген мақалды әнші осы арада есіне түсірді де, жазықты шабарман емес, өзі болып шыққанына қатты күй
3. БММ репертуарынан әнге талдау жасау.
7-билет
1.Төменгі сынып оқушыларының дауыс ауқымы, репертуары.
Бала дауысын анықтайтын, әрі арттыратын сатыда, баланың дауысын кез – келген әнмен оңай анықтауға болатынын және бұл жастағы балалардың басым көпшілігі дауыс ауқымы кең, ашық, әннің ішіндегі кейбір иірімдерге иілмейтін өте қатты дауыстардың қатарынан болып келетінін көпжылдық тәжірбиеміздің арқасында байқадық. Ән салуда үйретуде оқушылардың муызкалық қабылдау дағдысы басты рөл атқарады. Әуенде дыбыс жасау дыбыс аппараттарының құрылысына байланысты. Балалар дауысынан ересектер дауысынан ерекшелігі осында. Көмекейдің жоғары орналасуы қысқалығы мен майысқақ жұмсақтығы дауыс с ипатын анықтайды. 10 жасқа дейінгі балалардың вокалдық еттері біртіндеп дамиды. Сондықтан да, дауыс диапозоны біртіндеп кеңейеді. 9-10 жастан бастап абертондармен дамиды. Диапозонында біртіндеп кеңейеді. Жалпы 10-12 жас аралықтарында домбырамен ән салуды үйренуге келген балалардың дауысын анықтап, оны әрі дамыту тікелей балаға берілетін репертуарға байланысты. Репертуарда берілетін әндердің құрамы олардың жас ерекшелігі мен дауыс ауқымы мүмкіндігіне сай келуі тиіс. Баланың дауыс ауқымы мүмкіндігін ескеріп. Оған сай әндер домбырада орта буында басталса, дауысты дамытуда кейін кіші сағаға ойысады. Балалардың дауыс мүшелерінде бұлшық еттердің дамуы шамамен 12 жаста толығымен тұрақтайды. Осы уақытта баланың дауысы жоғары дауыста айтуымен ғана емес, сонымен қоса, кеуде резонаторлары қосылып дыбыс шығару мүмкіншілігін арттыра түседі.
Домбырада ән үйрету репертуар алу, шығармашылықта өсуіне мүмкіндік береді. Баланың дауыс ауқымы мүмкіндігін біліп. Жасына сай ән беру -педагогтың басты міндеті. Домбырамен ән салуда оқытуда әр балаға жылына 10-12 әнді үйрету керек. Егер баланың қабілет қауқары, мүмкіндігі рұқсат беріп тұрса оданда артық әндерді үйретуге болады. Әндердің репертуары әр сыныптарға әр қалай құрылады.
Қоғамда домбырамен ән салу халық әндері, халық композиторларының авторлық әндерін орындаумен шектеледі деген түсінік қалыптасқан. Бұл тұста айтарымыз домбырамен ән салу тек халық әндері мен авторлық әндерді орындау ғана емес, қазіргі заман композиторларының әндерімен де тығыз байланысады және орындалады. Ал біздің әдістемеміз балаларға домбырамен ән салуды үйретуде балаларға арналған әндерден басталады. Балаларға арналған әндердің поэзикалық-музыкалық құрылымы жан-жақты қарастырылып балалар жасына сай таңдалады. Негізгі репертуарды құрғанда не болмаса балаға үйреткенде келесі мәсел ескерілуі керек. Ол ең басынан берілетін әндер баланы жалықтырмауы қажет, себебі баланың психологиясы кез-келген затты тез үйренуге құмартады, сондықтан балаға берілетін алғашқы әндер оның табиғатына дақын және тез үйренуге болатын әндер қатарынан болуы тиіс. Сонымен қатар домбырамен ән салуға келген балалардың жас ерекшеліктеріне аса мән берілуі керек, әрі жас ерекшеліктеріне сай реперутар мәселесін жан жақты қарастырып дұрыс құра білуі шарт.
Жас ерекшелікке қарап балалар 7-9 немесе 10-12 деп бөлінеді.
7-9 жас ерекшеліктеріндегі балаға репертуар таңдау екі сатыға бөлінеді:
Бала дауысын анықтайтын әндер
Бала дауысын арттыратын әндер
Бұл екі сатыны баланың даусын анықтау үшін бөлдік. Шамамен бала дауысын анықтайтын әндер: Н.Тілендиевтің «Құттықтаймын мама», Ә.Бейсеуовтің «Қошақаным қайда», Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз» және тағы да басқа әндер. Әндерді таңдауда мазмұны баланың өмірінде орын алатын дүниелермен сабақтасып жатуы; екінші, әннің бала дауысына қонымды болуы.
Әннің мазмұнына назар аударатынымыз егер бала әннің сөздерінен өз өмірінен орын алған немесе кезіктірсе оны елестете ерекше сезіммен айтады. Тіпті кейбір бала мақтаныш пен де орындайды. Мақтаныш пен орындау әнді ашылып орындауына үлкен мүмкіндік береді. Бала дауысымына қонымдысы да оның дауысын ауқымын ескеріп, біз бір октава көлемінен аспайтын әндерді таңдап алдық. Әндер орта буында орындалады. Ал орта буында орындалатын әндер бала дауысына өте ыңғайлы.
Екінші бала даусын арттыратын әндерге көңіл бөлсек. Бұл біз сатыда халық әндерін, авторлық әндерді, қазіргі заман композиторларының әндерін таңдап алдық. Ол әндерді осы сатыға енгізуіміздің себебі, олардың құрылымына ауқымына қарадық. Барынша иірімі мол әндер. Оларға жататындар: Гүлдерайым, Үкілім-ай, Желбір жекен, Құралай, Баянауыл, Бипыл және тағы да басқа халық әндері. Авторлық композитор әндеріне: М.Ержанов «Сайра,бұлбұл»,«Паровоз»,Жаяу Мұса «Ақ сиса», Мәди Бапиұлы «Үш қара», Үкілі Ыбырай «Қалдырған», Ақан сері «Ләйлім», Қалқа Жапсарбаев «Қалқа», Иса Байзақов «Желдірме», Майра Уәлиқызы «Майра». Қазіргі заман композиторларының әндері: И.Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда?, Е.Хасанғалиев «Ерден атайдың әні», Ә.Еспаев «Батыр бала Болатбек», Е.Тәжібаев «Ақбұлақ», Н.Тілендиев «Саржайлау», А.Қоразбаев «Әгугай домбыра». Бұл әндео ән салу дағдылары мен домбырада қостап тартуын меңгеруді көздедік. Әндердің құрылымы және мәтіні санасына қонымды, әннің әуендері бір немесе бір жарым октава көлемінде болып отыр. Әндердің бір жарым октавада болуы бла дауысын арттыруға мүмкіндік береді. Бізде өзіміздің балалар музыкалық мектебінде оқушымызға репертуарды дәл осы қағидамен таңдаймыз. Бастапқы жарты жылда баланың даусын анықтайтын әндер берсек, кейіннен балаға халық әндері мен авторлық әндерді бере бастадық. Сол арқылы баланың даусы арттып, ары қарай дамыту үстіндеміз. Баланың репертурына ырғақты да, лирикалық әндерді беруге тырысамыз. Және баланың мінез құлқына да байланысты әндерді береміз.
2.Арқа дәстүрлі ән мектебінің қазіргі жалғастырушылары.
Арқаның ән мектебі айрықша дамыған. «Арқа» еліміздің Шығыс, Орталық, Солтүстік Қазақстан аймағын қамтитын кең байтақ өлке. Арқа өңірі әншілік өнердің кең қанат жайып, ерекше дамыған өлкелердің бірі саналып, әндері кең тыныстылығымен, әуенінің байлығымен, терең мазмұндылығымен, асқақтығымен ерекшеленеді. Дәл осы өңірде XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтың халықтық кәсіби әншілерінің мектебі қалыптасты. Оның негізін қалаушы әнші - Біржансал Қожағұлұлы (1831-1894 жж). Ал, Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанов, Ыбырай Сандыбаев, Мәди Бәпиұлы, Әсет Найманбаев, Естай Беркімбаев секілді Арқа ән мектебінің өкілдері халықтық кәсіби әннің музыкалық-поэтикалық стилін қалыптастырды. Осынау ұлы дәстүрді XX ғасырда Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Ғаппас Айтбаев, Қосымжан Бабақов, Байғабыл Жылқыбаев, Қуан Лекеров, Жабай Тоғандықов, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Бекболат Тілеухан және т.б дәстүрлі әншілер легі жалғастырды.
1965 жылға дейін қазақтың дәстүрлі әндері ауыз екі түрде сақталып, ел арасына ауызба-ауыз таралып келді. Тек 1965 жылы Мәдениет министрі І.Омаровтың тікелей қолдауымен Алматыдағы екіжылдық эстрада-цирк өнер студиясы жанынан майталман әншілер Жүсіпбек Елебеков пен Ғарифолла Құрманғалиевтің ән кластары ашылып, осы кезден бастап арнайы оқу орнында дәстүрлі әнді оқыту қолға алына бастады. Оған себеп: XX ғасырдың бас кезінде А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С. Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Әуезов сынды қазақ зиялылары бас қосқанда үнемі «Қазақтың әні мен күйі бірқалыпта тұрмауы керек, үлкен ізденістер қажет, әлемдік музыка мәдениетінің озық үлгілері қатарында болуы тиіс» [1, 4 б.] - деген пікірлерді айтып отыратын. Ол үшін дәстүрлі әнді оқытатын арнайы музыкалық оқу орындарын ашып, жастарды сауаттылыққа үйрету басты міндет болды. 1987 жылы Алматы мемелекеттік консерваториясында «Халық әні» бөлімі ашылып, кейін өз алдына кафедра болса, 1998 жылы Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында «Халық әні» мамандығы бойынша арнайы оқытыла бастады. 2010 жылы осы оқу орны Қазақ Ұлттық Өнер университеті болып қайта құрылып, «Дәстүрлі ән кафедрасы» ашылды. Содан бері қазақтың дәстүрлі ән өнерінің 4 мектебі тереңдетіліп, мемлекеттік стандарттың «халық әні» мамандығы бойынша бакалавриат дәрежесінде мамандандырылған түрде оқытылады.
Тақырыпқа алып отырған Арқа ән дәстүрінің орындаушылық ерекшеліктерін аймақтық ән мектептерінің ерекшеліктерімен салыстыруға және бұдан бірнеше ғасыр бұрын бір жүйеге келтірілген академиялық ән салу мамандығының озық тәжірибесімен салыстыра отырып талдауға болады. Қазақтың әншілік мәдениетіндегі орындаушылық ерекшеліктер туралы пікірді М.Готовицкий, Р.А. Пфенниг, А.Эйхгорн, Ф.Щербина секілді ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан да кездестіреміз. Олардың жазбаларынан халықтық кәсіби әншілердің бүгінгі күнге жетпеген бірнеше вокалдық ән салу әдістері туралы танып білуге болады. Қазір музыкалық-этнографиялық жазбаларда жиі кездесетін сондай әдістің бірқатарына тоқталып өтейік. Ғалым А.Эйхгорн (1870-1872 жж.) күнделігінде «Қырғыздардың (қазақтардың – Д.А.) әншілігі құдіретті, кең тынысты, айналасы жұп-жұмыр, сұлу әрі жүрекке жылы болып келеді» [2, с. 34] ,- дейді. Бұл жерде автор әншінің ән салу әдістерін суреттеп, бүгінгі күні ұмытыла бастаған «дауыс вибрациясының жасанды әсері» атты тәсілді мысалға келтіреді. Эйхгорн: «Кейде ұзақ ноталы дыбысты көркемдеу үшін әнші ән салып тұрып ауызын алақанымен немесе сәл жұмылған саусақтарымен желпуіш секілді желпиді. Бірақ, бұл қырғыздардың ашық аспан астында сирек қолданатын әдістерінің бірі» [2,с.35] ,- дейді. Ф.Щербинаның зерттеулерінде де: «Қазақтарда атақты әншілер деп теңдессіз дауыс иелерін ғана атайды. Олар жақсы дауыс пен сол дауысты жетік меңгерген адамды ерекше құрметтейді» [2,с.36] , - дейді. Одан әрі Ф. Щербина сарапшыларға сілтеме жасап: «Ән майталмандары қырғыздың ең мықты әншілері табиғатынан виртуоз болып келеді, олардың дауысы икемді әрі төселген дейді» [2,с.36] , - деп жазады.
Арқаның ән мектебіне тән ерекшеліктің бірі – дәстүрдегі жанрлық-стильдік дыбыс идеалы. Ол бірнеше бөліктен тұрады. Оның қатарында вокалдық және аспаптық өнердің арақатынасы, әнші дауысының ерекшелігі, әншінің дыбыс бояуы түрі және нақты әншілік динамикалық- артикуляциялық әдістер. Қазір біз Арқа ән дәстүрінің орындаушылық ерекшелігін қалыптастыратын бірнеше талаптарға тоқталамыз.
Алдымен, халықтық кәсіби әншілік өнердің басты талабы - адамның табиғи таза дауысы. Арқаның ән дәстүрі тәжірибесінде төмен дауыстар сирек кездеседі. Мысалы, Қали Байжанов, Қосымжан Бабақов, Құрманбек Жандарбеков Қ.Байбосынов сынды баритон дауысты әншілер. Әншілік жоғарғы дауыстың болуын техникалық өлшемдермен байланыстыруға болады. Себебі, тек жоғарғы дауыстар ғана алысқа ұшады. А.Затаевич жазбаларында бұл жайлы: «Қазақтар қуатты, алысқа жететін, кеңістікті кернейтін дауыстарды аса жоғары бағалайды, шырқаған дауысы қас қарайғанда 7-8 шақырымға жететін әншіге жететін адам жоқ» [2,с.39] , - деген. Арқа ән дәстүрінде салған әні сахараға жайылған сондай әншілер Ыбырай Сандыбаев пен Әміре Қашаубаев. Әншінің дауыс сапасы, қуаты, тұрақтылығы мен тембрлік көркемдігі, икемділігі дәстүрлі ән терминологиясының дамуына игі ықпалын тигізеді. Мысалы, «Көмейінен бал тамған», «күміс көмей әнші», «жезтаңдай әнші», «дауысын алты қырдан асырған әнші» деген секілді терминдік анықтамалар әнші дауысының тембірлік, акустикалық мінездемесінен көрініс береді.
Қазіргі таңда әншінің дауыс аппараты, вокалдық техникасының принциптері мәселесі терең зерттеуді қажет етеді. Мұндай арнайы зерттеу вокалдық орындаушылықтың заманауи теориялары тұрғысынан талдауды талап етеді. Бұл орайда, Арқа әндерінің әуенінің құрылысы мен әншінің дыбыс тазалығы түрінің өзара байланысы терең зерттелуі керек. Демек, Арқа ән дәстүріндегі кантилена дегеніміз – әуезділік түрі мен дыбыс тазалығы түрі. Асафьевтің анықтамасында: «Әуен құрылысы дегеніміз – музыкадағы әуезділік, біркелкілік және динамика. Ал, дыбыс тазалығы дегеніміз – вокалдылық».
Арқа ән дәстүрінің орындаушылық ерекшелігі дыбыстың естілуі тұрғысынан алғанда жеке ән салуға бейімделген. Тек жеке орындау ғана әншінің өзіндік әдістерін қалыптастырады. Арқа ән дәстүрін жалғастырушыларға кең тынысты әуезділік, тебіреністі декламация және лирика тән. Мұның бәрі әннің сөзін лирикалық пафосқа, экспрессияға толтырады. Осыдан халықтық кәсіби әндердің тыңдарманның көңіл-күйіне ерекше әсері мен қуатын байқауға болады.
Арқа ән дәстүріндегі дыбыс шығару әдістері халықтық эстетикаға баланады. Ән салу өнеріндегі эстетикалық түсінікті қалыптастыратын дәстүрлі әншілік терминологияның саналуандығы көпмағыналылығында, қолданылатын түсініктердің көп мазмұндылығында. Бұл жерден халықтық кәсіби әншінің әншілік дыбыс тазалығындағы динамикалық-артикуляциялық және тембрлік-фондық үйлесімі сезіледі. Мысалы: асқақтата, әндете, баяу, баяулатып, жай, жайлап, қоңыр, майда, шалқыта, шырқата, ырғақпен.
3. БММ репертуарынан әнге талдау жасау.
№8 билет.
1.Дауыс түрлері.
Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады. Адам дауыс күшін өз еркінше өзғерте алады. Музыкада - дауыс төмен (жуан), жоғары (жіңішке) және "қойылған", "қалыпқа түскен" (арнайы маманданған кәсіпқой әншінің дауысы, сахна сөзі), сондай-ақ "қалыпқа түспеген" (арнаулы білім алмаған әуесқой әншінің дауысы, тұрмыстағы әдеткі сөйлеу, тілдесу) болып бөлінеді. Ал таза кәсіби тұрғыдан дауыс негізгі алты түрге бөлінеді:
1. Әйел дауысы -
•Сопрано (ең жоғарғысы),
•Меццо-сопрано (орташасы),
•Контральто (ең төменгісі),
2. Ерлер дауысы –
•Контртенор (ең жоғарғысы),
•Тенор
•Баритон (орташасы),
•Бас (ең төменгісі).
Сондай-ақ баланың дауысы альт, дискант болып бөлініп, ол балиғатқа (12 - 14 жасқа) дейін октаваға өседі. Әрбір дауыс түрінің жарқын сазды, биік, толғай айтылатындарына лирика, ал қою үнмен, жігерлі де қоңыржай шығатындарына драма деген атаулар да қосарлат қосылады.
Сопрано
Сопрано диапазоны: сопрано - ең жоғары ән айтатын дауыс.
Soprano tessitura: сопрано дауысының тесситурасы тек басқа дауыстарға қарағанда жоғары. сопранино. Атап айтқанда, колоратуралық сопрано барлық сопранолардың ең жоғары тесситурасына ие.
Сопраноның кіші түрлері: барлық дауыстық типтердегідей, сопранолар да диапазонына, дауысының түсіне немесе тембріне, дауыстың салмағы мен ептілігіне байланысты әр түрлі кіші санаттарға бөлінеді. Сопранос көбінесе бес субкатегорияға бөлінеді: колоратуралық сопрано, собрет, лирикалық сопрано, спинто сопрано, және драмалық сопрано.
Сопраноның екі түрі, әсіресе француздарға қымбат Дугазон және Сұңқар, бұл сопрано мен меццо-сопрано арасындағы аралық дауыс түрлері. Дугазон қараңғы түсті сиретр, ал Сұңқар қою түсті драмалық сопрано.
Mezzo-сопрано
Mezzo-сопрано диапазоны: меццо-сопрано дауысы - әйелдерге арналған орташа диапазондағы дауыс түрі; бұл сопрано мен контрралто диапазондарының арасында, олардың екеуін де басып озған.
Mezzo-soprano tessitura: бұл дауыс контрралто мен сопрано дауыстарымен қабаттасқанымен, мезцо-сопраноның тесситурасы сопранодан төмен және контрралтодан жоғары.
Меззо-сопрано кіші түрлері: Меззо-сопранос көбінесе үш кіші санатқа бөлінеді: лирикалық меццо-сопрано, колоратура меццо-сопрано және драмалық меццо-сопрано.
Контральто
Контральто диапазоны: қарама-қарсы дауыс - бұл ең төменгі әйел дауысы. Нағыз опералық контральто сирек кездеседі, сондықтан контрралтоға арналған рөлдерді мецсо-сопранолар жиі орындайды.
Контральто тесситурасы: Контральто дауысы әйел дауысының ең төменгі тесситурасына ие.
Контральто кіші түрлері: Контральтос көбінесе үш кіші санатқа бөлінеді: колоратуралық контральто, лирикалық контральто және драмалық контральто. A сопрано сфогато сопраноға жететін жоғары диапазоны бар контральто жоғары C.
Контрентор
Контрентор барлығында дерлік дауыс санаты ретінде танылғанымен, бұл қатаң мағынада дауыс түрі емес. Бірнеше өте сирек дауыстарды қоспағанда (мысалы, американдық ер сопрано) Майкл Маньяци немесе сияқты бұзылыстары бар әншілер Каллманн синдромы), контртенторлар әдетте фалсетто кейде оларды қолдана отырып тіркеліңіз модальды дауыс ең төменгі ноталар үшін. Сондықтан контртентер дауысы осы тізімге енгізілген дауыстың басқа түрлерін анықтауға ұзақ уақыт берілген биологиялық факторлардың нәтижесі емес, белгілі бір техникалық тәсілді қолдану нәтижесі болып табылады. Бұл факторларға дауыстық қатпардың ұзындығы, қалыңдығы және көмей пропорцияларының басқа элементтері жатады. Бұрын аталған сирек мысалдарды қоспағанда, барлық контртенторлар тенор және басс сияқты дәстүрлі ерлер дауыстар санатына жатады.
Контртенор диапазоны: контртентер - бұл ерлердің ең жоғары дауысы. Көптеген контртенорлық әншілер бастапқыда а-ға жазылған рөлдерді орындайды кастрато жылы барокко опералары. Тарихи тұрғыдан алғанда, контртенорлер, кем дегенде, Англияда француздардың эквиваленті ретінде өте жоғары тенор дауысын белгілегені туралы көптеген дәлелдер бар. жоғары-контрр. Шамамен 1830 жылға дейін барлық ерлер дауыстары фальцето типіндегі дауысты өндіруді жоғары диапазонында қолданды. Контртенорлық дауыстар E-ны қамтитын кең ауқымды қамтиды3 Е.5.
Контртенордың кіші түрлері: Контренторлар көбінесе үш ішкі санатқа бөлінеді: сопранист немесе «ер сопрано», жоғары-контрржәне кастрато. Соңғы кастрато әншісі, Алессандро Морески, 1922 жылы қайтыс болды.
Тенор
Тенор Диапазон: тенор - модаль регистріндегі ең жоғары ерлер дауысы.
Тенор тесситурасы: тенор дауысының тесситурасы баритон дауысының үстінде және контртенор дауысының астында орналасқан. The Тенорино барлық тенорлық типтердің ішіндегі ең жоғары тесситураға ие.
Тенор кіші түрлері: тенорлар көбінесе диапазонға, дауыстың түсіне немесе тембріне, дауыстың салмағына және дауыстың ептілігіне байланысты әр түрлі кіші санаттарға бөлінеді. Тенорлар көбінесе сегіз санатқа бөлінеді: Тенорино, tenore contraltino, леггеро тенор немесе tenore di grazia, лирикалық тенор, спинто тенор немесе tenore spinto, драмалық тенор, холдентенор және баритенор. Белгілі тенорлар жатады Энрико Карузо, Хуан Диего Флорес, Альфредо Краус, және Лучано Паваротти.
Баритон
Баритон диапазон: баритон дауысы - бұл ерлерге арналған орташа диапазондағы дауыс түрі; ол бас және тенор диапазондарының арасында жатыр, олардың екеуі де қабаттасады. Баритон тесситурасы: бұл дауыс диапазоны тенор және бас диапазонымен қабаттасқанымен, баритонның тесситурасы тенорға қарағанда төмен және бас басынан жоғары.
Баритонның кіші түрлері: Баритондар диапазонына, дауысының түсіне немесе тембріне, дауыстың салмағына және дауыстың ептілігіне байланысты әр түрлі кіші санаттарға бөлінеді. Баритондар көбінесе тоғыз санатқа бөлінеді: баритон-мартин, лирикалық баритон, бел канто немесе колитуралық баритон, кавалиербаритон, холденбаритон, Верди баритоны, драмалық баритон, баритон-асыл, және бас-баритон.
Бас
Бас диапазоны: бас - ең төмен ән айтатын дауыс. Бас дауысы барлық дауыстардың ішіндегі ең төменгі тесситураға ие.
Бас тобының кіші түрлері: басс көбінесе диапазонға, дауыстың түсіне немесе тембріне, дауыстың салмағына және дауыстың ептілігіне байланысты әр түрлі кіші санаттарға бөлінеді. Басс көбінесе алты ішкі санатқа бөлінеді: бассо профондо, бассо-буфо, бас-канто-бас, бассо-кантант, драмалық бас және бас-баритон.
Бала кезінен ересек жасқа дейінгі дауыс
Адамның дауысы адам қартайған сайын өзгереді. Балалардың дауыстық диапазоны мен тембрінде ересектер дауысы әр түрлі бола бермейді. Ұлдар мен қыздар бұрын жыныстық жетілу ұқсас дыбыстық диапазон мен тембрге ие, өйткені екі топта да ұқсас көмей мөлшері мен салмағы және ұқсас дауыс сымы құрылымы мен түсі. Жыныстық жетілудің басталуымен әйелдер, әсіресе ерлер дауыстары өзгереді вокалдық байламдар анықталып, көмей шеміршектері қатаяды. Еркек көмейінің биіктігі әйелдерге қарағанда анағұрлым үлкен болады. Ересек өкпенің мөлшері мен дамуы дауыстың физикалық мүмкіндіктерін де өзгертеді. Жыныстық жетілу кезеңінде адамның дауысы баланың немесе ересек адамның дауысы емес фазада болады. Бұл жыныстық жетілуден кейін дауыстың өзгеруі тоқтайды дегенді білдірмейді. Әртүрлі әншілер ересектердің дамуына басқаларға қарағанда ерте ме, кеш пе жетеді, және жоғарыда айтылғандай, ересек жаста үздіксіз өзгерістер болады.
Трип мезцо-сопрано
Трип мезцо-сопрано диапазонында дауысы өзгермейтін жас әйелге де, жас ер адамға да қатысты болуы мүмкін. Бастапқыда бұл термин байланысты болды бала сопранос 20 ғасырда қыздардың балалар хорына қосылуы қолайлы бола бастағандықтан, термин барлық пубесценттік дауыстарға қатысты кеңейе түсті. Балалардың дауыстарын бір санатқа біріктіру де практикалық, өйткені ұлдар мен қыздардың диапазоны мен тембрі ұқсас.
2. Мәди Бәпиұлы
Мәди Бәпиұлы (1880-1921) 1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жас кезінен-ақ ән айтып, домбыра тартып аты шыққан. Арғы аталары атақты би Қазыбек екен. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала. Әнші әрі дәулескер күйші ретінде де ерте танылады. Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты cаңлақтармен кездесіп, өнеге, тәлім алады. Сол кездегі үстем тап өкілдерінің "ұры" деген жалған жаласымен Атбасар, Карқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Қамауда елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мәди өзінің атақты "Қаракесек" әнін шығарады. 1915 жылы Мәди түрмеден қашып шығады. Бұл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді. Мәди жөнінде талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. "Шіркін-ай" әні осы кезде туған. 1916 жылы ол еліне оралады. 1917 жылы болыс билеуші Айтқожа Теміржанов Мәдиді "жылқы ұрлады, түрмеден қашты" деп айыптап, тағы да түрмеге жөнелтеді. Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысында қарсы алады. 1918 жылы бостандыққа шығады. Композитордың халық арасына кең тараған атақты "Мәди" әні осы кеңестік кезеңмен байланыстырылады. Кеңес өкіметі кезінде 1919 жылы Мәди Колчакқа қарсы шайқастарға қатысады. Ақ гвардияшыларды Қарқаралыдан қуып шығысымен, жаңа өмірді нығайтуға кіріседі. Замана бұлбұлдары» кітабында Ахаң түрмеден-түрмеге қамалған Мәди туралы былай деп сыр шертеді: «…Қайратты жігіт қанша күшіне мінгенімен, қолды бұғау, аяқты кісен тырп еткізбейді, налытады, ойға шомылдырады. Қазақтың ескі салтында тәрбиеленген Мәди қысылған жерде аруақты, ата-бабасын айтып, өзінің трагедиясына тоқтайды.
«Үшқара» әнінің, біресе «Қаракесек» әуенімен түрмені басына көтеріп, шырқай жібереді. Қанша қатал болғанымен күзетшілер өздерінен үлкен әкімдері келіп қалғанда болмаса, Мәдиді қимайды. Ал басқа еріксіздер болса, олар айта түссе екен дегеннен басқа тілек тілемейді. Мәди осылай біраз уақыт болып, мәселенің шеті көрінбей бара жатқан соң қалай да қашудың жоспарын жасайды. Қарулы жігіт түрменің іргесін қазып, күндіз оны жауып қойып, бір күні аман-есен қашып шығады. Бұл 1915 жылдар.
Мәдидің «Үшқарасы», «Қаракесегі» өзінің тұсында ауыздан-ауызға көшіп, Қыр мен Сырға тегіс тарайды. Халық Мәдиді әнінен біледі, түсін көрмегендер оның бейнесін өздерінше неше саққа жүгіртіп, көз алдарына басқа адамнан өзгеше бір алып етіп суреттейді. Мәди халықтың қиялында ертегінің батырларындай эпикалық образға енеді. Мәди әкімдерден, оның ішінде Қақабайдан қауыптеніп, ұзақ уакыт еліне бармай, алыстан хабарласып жүреді. Сол алаң кездің өзінде де ол ән шығаруын тоқтатпайды. Қапастан босап, елінің еркін ауасын жұтып, кенеліп қалған Мәди бір сәтте болса көңілі көтеріліп, атақты «Шіркін-ай» әнін шығарады. «Шіркін-ай» салған бетте үлкен интервалға жоғары секіріп басталады. Ол авторлық шалқыған ойын, мызғымас күшін береді. Тек өлеңнің соңғы жолында, қайырмаға келгенде әннің динамикасы азайып, бір сәт үлкен қиялға кеткендей, өткен бір қызық күңдері ойға түскендей, әсем үн, қоңыр дыбыс арқылы, құйқылжып барып ән бітеді. Мұны біреулер: Әуелі бұл шіркінді бастау қиын, Сонан соң көптің сөзін тастау қиын, — деген сөздермен айтады. Мәдидің өзі айтатын сездер біздінше басқа болуы керек. Өйткені, әннің алапат күшпен басталуы, сол дәрежеде орындаушының біраз ұстап тұруы, тек аяғында ғана дыбыс баяулап, бірақ қайғы-қасіреттен аулақ, тек бір тәтті қиял дүниесіне еніп кеткендей болып аяғының бітуі басқа бір текстер керек еткендей». Міне, Ахан бұл пікірді өте бір білгіштікпен дөп басып айтып кеткен.
Ал, Бектасов пен Адамбековтың «Қазақстан» баспасынан 1969 жылы жарық көрген «Мәди» атты өмірбаяндық очеркінде: «Оның ақылы мен мінезіне сұңғақты, кең иықты келбеті, атжақты, қыр мұрынды, жазық маңдайлы бет-пішіні, шамшырақтай шаралы, жалынды көздері жарасып, жарқырап тұратын. Ол ер тұлғалы сұлу денесіне жарасымды киімді де қымбаттан таңдап, жаңа үлгімен киінетін. Орысша киіміне қарағанда ол оқыған ғалымға, ширақ қимылына, ісіне қарағанда әскери адамға ұқсайтын. Омбыда оны соттаған процеске қатысқан бір қарт офицердің Мәдидің сұлу да сымбатты сүйегіне қызығып, тілмаш арқылы қасында отырған Қасенге: Шіркін-ай, мына тұлғасына, ақылына. жүректілігіне лайық европаша білім алса, әскери тәрбие берсе, өзінен қандай қабілетті генерал шығар еді» дегені бар деп жазған болатын.Бүгінде Мәдиді көрген адамдардың көзі тірісі некен-саяқ. Алайда оның туыстары Мәди туралы айтқан әңгімелерінің бірқатары бізге жетіп отыр. Солардың арасынан 1980-шы жылдары дүние салған Мәдидің күйеу баласы Тоқаш Кәдікеев (Ол Мәдидің қарыңдасы Мәрпузаға үйленген) ерекше құнды. Ақиық ақынның қазір елдің қолында жүрген жалғыз суретін бой тұмардай сақтап ұрпағына табыс еткен де сол Тоқаң. Мәдидің суреті әуелі Атбасарда руы Қаракесек Жайсаң деген қажының баласы Қәмалдың, қолында болады да, кейінде 1953 жылы оның, әйелінен Тоқаш алады. Патша жендеттері Мәдиді 1914 жылы тұтқындап, басында Қараөткелге, одан кейін Атбасарға айдағаны мәлім. Жаңағы суретке ол 1915 жылы Атбасар абақтысынан қашып шығып, жасырынып жүргенде түскен. Тоқаш ақсақал бұл жөнінде «Мәди бір сөзінде: «осы суретке 1915 жылы Атбасар абақтысынан қашып шығып, жасырынып жүргеңде туысым Кәмал бір суретшіні үйге ертіп әкеліп, түсірткен еді. Басымдағы тымақты Алшын-Жаппас елінің азаматы, абақтыда бірге болған жолдасым беріп еді» дегені есімде», деп айтқан екен.Тоқаш ақсақалдың баяңдауынша Мәди жазда басына елтірі тымақ, қыста түлкі тымак, үстіне плащ пен пальто киетін. Кейде шаш қоятын, тіпті шылым да тартатын. Бұл оның түрмеден-түрмеге түсіп жүрген кездеріңде басқа ұлт адамдарынан көрген әсерден болса керек. Дауысы кеудеден күңгірлеп шығатын, құлаққа жағымды қоңыр үн болған. Ол көбіне-көп өзі шығарған әндерін орындайтын. Оның қазіргі айтылып жүрген әндерінен басқа да бірқатар әндері бар екен. Ал араб әліппесімен жазған жазулары тасқа таңба басқандай анық болған. Қыста ақ байпақты саптама етік киген.
Сексеннен асып, тоқсанға таяп барып өмірден өткен Тоқаң:
«Мәди ат сайысының пірі еді, шауып келе жатқан аттап қарғып түсіп, қарғып мініп кете беретін. Талай рет шаршы топ алдында балуанға түсіп, күш сынасқанын да көрдім. Қоянды жәрмеңкесі кезінде Жалғызтөбе деген жерде Керекудің түйе балуанын — жыққаны есімде қалыпты. Керекуліктер балуанын шынжырлап әкелді. Ол кезде шынжырлау балуанның күшгілігін көрсететін, жұрт алдында айбынын асыратын белгі, әрі өзінше бір сәні болатын. Өзі де бір атан түйедей неме екен, онымен күресуге дәті барып, жөпәлемде ешкім шыға қоймады. Бір кезде қарасам Мәди үндеместен шешініп жатыр. Шапанын бізге қарай лақтырып тастады да бешпетшең ортаға шықты. Аяғында өкшесінің биіктігі бір сүйем қара былғары етігі бар. Оны өзі тіккен. Апар-ай тобығы шьвып кетіп, жазым болар ма екен деп Аллалап біз түрмыз. Екі балуан жанаса бергеңде карасам, Мәди анадан әлде кайда биік, әлде кайда жіңішке. Түйе балуан оны олайда шиырып лактырады, былайда шиырып лактырады. Бірақ, Мәди жерге мысық сияқты тік ете түседі. Осылайша қарсыласын әбден қалжыратып, титықтатып алған Мәди бір кезде «әуп!» деп оны көтеріп арқалай жөнелді. Енді көзді ашып-жұмғанша анадай жерде алқа-қотан отырған би-төре, бай-бағлан, ақсақал-қарасақалдардың алдына апарып, жерге бір-ақ ұрды, шаң бұрқ ете түсті. Аржағында не болғанына қарағамыз жоқ, жүрегіміз жарыла қуанған көп жігіт Мәдиді тік көтеріп әкеткенімізді білемін, әйтеуір. Сол жолы балуанға түсіп, алған бәйгіден Мәди сыңар суыртпақ иеленген жоқ. Жиналған елге пышақ үстіңде үлестіріп берді…» дейтін.Токаш қария Мәдидің қолынан мөр төгілетін ісімерлігін да тамсана отырып айтады екен. «Тамаша етікші еді, аякөз арулар Мәдиді қолқалап етік тіктіріп алатын. Киімді өзі пішіп, өзі тігетін. Оның орысша киінетінін мескарын байлар сөз етіп, Мәди шоқынған деп кемсітпек те болатын. Міне, Мәди Бәпиұлын тек әнші, ақын, сазгер ғана емес сегіз қырлы, бір сырлы сері деп отырғанымыз да осыдан.Жастайынан әділетті ту еткен сері өзінің дүниеқоңыз қарау ағасы Қақабайдың қарына тап болып, патша өкіметі тұсыңда қуғын-сүргіннен көз ашпай түрмеден-түрмеге түскенін жоғарыда біршама сөз еттік. Ал ол қазан төңкерісі тендікке жеткізетін жақсылық әкелгендей көріп, Кеңес өкіметін Қарқаралы өңірінде жүру ісіне белсене араласады. Бұл жолда көзі ашық інісі Нығымет Нұрмақовты басшы санап, оның соңынан ереді. Сөйтіп, Қарқаралыдағы елді басқара бастаған Совдепке мүше болып кіреді. Оның тапсырмасымен ауылдық жерлерде бірсыпыра игілікті істердің жүзеге асырылуына мұрындық болады. Бұдан кейін ақ гвардияшылар жасаған бүліншілік және елді жайлаған азамат соғысы кезінде қайтадан тұтқындалады. Мәдилерді 1919 жылы қызылдар түрмеден босатады. Басқалар сияқты Мәди де жаңа заман ісіне бел буа кіріседі. Ал Кеңес қызметіне кіріп алған жаулары оны ебін тауып өлтіруді ұйғарады. 1921 жылдың ақпан айында Мәди қаза табады. Атақты әнші-композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы оның әндері күні бүгінге дейін ел аузында. Олар опералардан, сюиталардан, кантаталардан тұрақты орын алды. Композитордың тағдыр-талайынан терең сыр қозғайтын Мәди Бәпиұлының әндері талайларды тебірентумен келеді. Мәдидің шығармашылық мұрасы толық жиналмаған. Оның халық жадында сақталған әндері әлі күнге сыр - сымбатын жоғалтқан жоқ. Биік пафосы, еркін, жан-дүниені баурайтын оның сұлу әндері қазіргі кезде сахна мен радиодан жиі естіледі. Оның әндері Е. Г. Брусиловскийдің "Қаракесек", "Ер Тарғын", "Шіркін-ай", "Мәди", "Қыз Жібек" операларында қолданылды. Мәдидің өмірі мен шығармашылығына А. Жұбановтың, А. Бектасовтың зерттеулері, Ә. Әбішевтің "Найзағай" романдары арналған.
3. БММ репертуарынан әнге талдау жасау
№9 билет
1.Балалар жасына сай репертуар таңдау
Балаларды домбырамен эн салуға оқыту, балалар дауысына сай репертуарды құру мәселесі тығырықта тұр. Оның қандай да бip жолын тауып, одан шығу асқан көпжылдық әдістеме мен мол тәжірибеден турады.
Домбырада ән үйрету, репертуар қорын жасақтау әр баланың жасы мен қабілетіне сай репертуарды дұрыс тандау үлкен педагогикалық талғампаздылықты қажет етеді. Жалпы домбырамен ән салу сабағының табысты болып, шәкірттің ән салу мәнерін тез, әрі дұрыс игеру таңдалған репертуардың тартымды болуымен байланысты. Сондықтан, домбырамен ән салу сабағы бала көңіліне тартымды болуымен байланысты. Сондықтан, домбырамен ән салу сабағы бала көңіліне жақын әндерден басталуы керек.
Көңілге қонымды ән баланы еліктіріп, оның тез ән салуды игеруіне, шығармашылықта өсуіне мүмкіндік береді. Баланың дауыс ауқымы мүмкіндігін біліп, жасына сай ән беру – педагогтың басты міндеті.
Домбырамен ән салуға оқытуда әр балаға жылына шамамен он немесе он екі ән үйрету керек. Егер баланың қабілет қауқары, мүмкіндігі рұқсат беріп тұрса одан да артық әндерді үйретуге болады. Әндердің репертуары әр сыныптарға әр қалай құрылады.
Қоғамда домбырамен ән салу халық әндері, халық көмпозиторларының авторлық әндерін орындаумен шектеледі деген түсінік қалыптасқан. Бұл тұста біздің айтарымыз – домбырамен ән салу тек халық әндері, авторлық әндерді орындаумен қатар қазіргі заман композиторларының әндерімен де тығыз байланысады және орындалады. Ал біздің әдістемеміз балаларға домбырамен ән салуды үйретуде балаларға арналған әндерден басталады және алғаш рет балалардың репертуар қорына қосылып отыр. Балаларға арналған әндердің поэзиялық-музыкалық құрылымы жан-жақты қарастырылып балалар жасына сай таңдалады.
Негізі репертуарды құрғанда не болмаса балаға ән үйреткенде келесі мәселе ескерілуі керек, ол – әу бастан берілетін әндер баланы жалықтырмауы қажет, себебі баланың психологиясы кез-келген затты тез үйренуге құмартады, сондықтан балаға берілетін алғашқы әндер оның табиғатына жақын болуы қажет. Сонымен қатар, домбырамен ән салуға келетін балалардың жас ерекшеліктеріне аса мән берілуі керек, әрі жас ерекшеліктеріне қарай репертуар мәселесін жан- жақты қарастырып, дұрыс құра білуі шарт.
Балалардың жас ерекшелігінің маңызы зор екенін ескере отырып, оларды шамамен 7 немесе 9 жас аралықтары және 10 немесе 12 жастар аралықтарындағы деп екіге бөлінді, онда әр жас аралықтарында қандай ерекшеліктерге мән берілуі қажет екені ұсынылып отыр.
7 немесе 9 жас аралығындағы балаларға арналған репертуар құру сатылары:
1.Бала дауысын анықтайтын әндер (әншілік әліппесі)
2.Бала дауысын арттыратын әндер.
Шамамен бала дауысын анықтайтын әндер: Н.Тілендиев «Құттықтаймын, мама!», Ә.Бейсеуов «Қошақаным қайда екен?», Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз», Ф.Жолдасов «Қуыршақ», М.Дауылбаев «Көбелек» және т.б. Әндерді таңдауда біз екі мәселеге баса назар аудардық: бірінші, әннің мазмұны баланың өмірінде орын алатын дүниелермен сабақтасып жатуы; екінші, әннің бала дауысына қонымды болуы.
Бала дауысын арттыратын әндер: халық әндері «Гүлдерайым», «Үкілім-ай», «Желбір жекен», «Құралай», «Баянауыл», «Бипыл» және т.б. Авторлық композиторлардың әндері: Манарбек Ержанов «Сайра, бұлбұл», «Паравоз», Жаяу Мұса «Ақ сиса», Мәди Бәпиұлы «Үшқара», Үкілі Ыбырай «Қалдырған», Ақан сері «Ләйлім», Қалқа Жапсарбаев «Қалқа», Иса Байзақов «Желдірме», Майра Уәлиқызы «Майра» 1 түрі және т.б.
Бұл сатыда балалардың ән салу дағдылары мен домбырада қостап тартуын меңгеруді көздедік. Әндердің құрылымы мен мәтіні бала санасына қонымдығ әннің әуендері бір немесе бір жарым октава көлемінде болып отыр. Әндердің 1,5 октава көлемінде болуы, бала дауысын арттыруға мол мүмкіндік береді. Көбіне, бұл тұста балалардың дауыстары қатты болып келетіндіктен домбырада негізгі буын және кіші саға тұсында орындалатын әндер беріледі. Бұл әндер дауысының артуына көмегін тигізеді.
Аталған 2 сатыдағы талаптарды орындаудан шығатын қорытынды: бала әннің мазмұнын түсініп, сипатын ажырата білуді, музыкалық дарынын әрі қарай дамытуды, домбырада қостап тартуды және дауыс пен домбыраны еркін үйлестіріп орындауды игеретін болады.
1.Бала дауысын анықтау, әрі жетілдіру;
2.Бала дауысын сақтайтын әдіс.
2. Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші, композитор.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор.
Арғын тайпасы Қарауыл руының Есенбай тармағынан шыққан. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.
90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.
Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.
езінде Ақанның жас та болса жан-жақты дарын иесі екенін таныған алыс ағайындары оған жүйрік тай сыйлайды. Осы тайды «Құлагер» деп атаған Қызылжар қаласы мен Омбы қаласының арасындағы Үлкен Қарой деген көлдің жағасын мекен еткен атақты Зілғара шешеннің баласы Əлібек екен.
Ол туралы М.Мұқатов «Құлагер» атының шығуы» деген мақаласында [11] мынадай қызық мəліметтер келтірген: «...Əлібектің күтуші адамдары: «Сыртта басында үкісі, үстінде салтанатты киімі, қолында үкілі домбырасы, астында қара бедеу аты бар, бір құла ат жəне жетегінде үш-төрт саяқ ерткен екі адам түсуге рұқсат сұрап тұр», — деп хабарлайды. Əлібек паң адам болу керек, бірсыпыра ойланып отырып, дəуде болса Атығай-Қарауылдың Ақан серісіне ұқсайды, қонақ үйге түсіріп ас беріңдер, маған ертең жолықтырыңдар деп, қонақ үйіне түсіреді. Астан кейін Ақан сері əн шырқап, əні мен өлеңі Əлібектің құлағына жаққан болу керек, Ақанды өзі отырған үйге алдырады. Өлең-əн айттырып, артынан бұйымтайын сұрайды.
Ақан сері жүйрік атым бар еді, елдегі бəйгеге қосып жүрмін, үш жүздің асына қосам ба деген оймен сізге келген едім дегенде, Əлібек тұрып, менде де жүйріктер бар. Əкем Зілғара жылқысының санын білу үшін, Үлкен Қаройдың ортасында өткелді арал бар екен, соған бүкіл жылқыны қамап, қайтар өткелде санағанда, жылқысының саны отыз екі мың бопты, одан кейін санағымыз жоқ. Олай болса, аттың терін алдырайық деп, бір жетіден кейін қырық шақырымнан Құлагермен он бір ат жібергенде Ақанның Құлагері алдында бір шақырым бұрын келеді, енді бір жетіден кейін елу шақырымнан жібергенде екі шақырым алдында, енді бір жетіден кейін алпыс шақырымнан жібергенде үш шақырым алдында келеді.
Əлібек: «Ақан сері, атың шын жүйрік екен. Астың бəйгесіне Əлібектің аты боп қосылсын, егер атың озып келсе, үш жүзге атыңның атын шығарайын», — дегенде, Ақан сері: «Маған одан артық ештеңенің керегі жоқ», — деп уəделескен екен. Келесі жылдың жазында Əлібекке еріп Жағалбайлы еліне барады.
Бəйгеге үш жүз төрт ат тіркеліп, Əлібек апарған жеті аттың үшеуі тізімге ілігіпті. Əлібек Омбы губернаторынан жүз солдат алдырып, бəйгеге қосылған аттарға жолда жамандық істемесін деп, ат шабатын жолға екі шақырымға бір солдаттан қойғызған екен. Əлібек өзі орысша сөйлей білетін сауатты адам болыпты. Бəйгеден Құлагер алдында келеді. Əлібектің өзге қосқан екі атының біреуі мүше тістеп келін бəйгеге ілігеді. Екі аттың бəйгесі 75 жылқы болады. Сонымен Əлібектің дəрежесі көтеріледі.
...Əлібек ас басқарып жүрген ақсақалға: «Мына той жалпақ елдің игі жақсыларының бас қосқан жері екен. Сізден сұрайтыным, ертең ана төбенің басына асқа келген адамдар түгел жиналсын. Мен бір парасатты адамға берген «Антым» бар еді, соны халыққа естіртейін», — дейді.
Сол уəдемен ертеңінде төбенің басына халық жиналады. Түйенің үстіне шатыр орнатып соның астында тұрған Əлібек: «Мынау Ақан сері жетектеген құла ат кешегі бəйгеден озып келді. Бұл ат — серінің меншікті аты. Серіге берген сертім: атың жүйрік екен, бəйгеге менің атым боп қосылсын. Егерде атың озып келсе, үш жүздің жиналған жақсыларының алдында ат иесі Ақан сері еді деп айтпақ едім. Ат озып келді, антымды жұтпай орындадым, куəгер сіздер, бұрын құла ат болса, енді Ақан серінің «Құлагері» болсын, — деп сөзін аяқтаған екен».
Тай кезінен баптап-күтіп, жаратқан Құлагер ат бəйгесінің алдын бермейтін жүйрік болып шығады. Атығай, Қарауыл деп аталатын Арқадағы қалың ел ішінде қандай жарыс болса да, Құлагердің шаңына ілесетін қылқұйрықты табылмайды. Құлагердің даңқы Ақанның əншілік атағымен қоса шығады. Аққошқар Сайдалы деген кісінің бес болысқа сауын айтқан асында Құлагер үш жүз аттың алдында қара үзіп келеді [12].
Бірақ осы аста бір көңілсіз əңгіме болып қалады. Құлагердің артынан Барақбай дегеннің Кетеберкөк деген аты келе жатады. Белгі алуға шыққан Барақбай құлдырап келе жатқан Құлагердің шылауынан ұстаңқырап қалса керек, мұны көріп тұрған Ақанның Барақбайға тілі тиеді. Осы уақиғадан Барақбайдың ішінде Ақанға қарсы кек қалады [7; 196].
Ереймен жақта Керей руынан шыққан Сағынайдың асына арнайы шақырылғанда, күндеушілері көп Ақан барғысы келмеген деседі. Бірақ ауыл-елдің беделді адамдары кеу-кеулеп, Ақан сері Құлагер арқылы тағы бір абырой алмақ болады. Осы уақиғаны С.Жүнісов өзінің белгілі романында былай суреттейді: «Кейінгі жылдары қайғыдан қайғыға ұшырап, Ұрқияның қазасынан соң, туыстарының ішінде ала-бөтен ақынның өзіне тартып жаңа ержете бастаған ең сүйікті інісі, əнші Əйберген аттан құлап өлгелі Сері əбден қажып, жиі-жиі төсек тартып, шерменде боп жатып алатын күйге ұшыраған. Оның үстіне, ел арасындағы «кие соқты, ант атты» деген қожа, моллалардың сөзі шынға айналғандай болып, Ақан көпке топырақ шаша алмай, іштен тынатын еді. Ең жақын серігі — əнін ел арасында еркін шырқап айта алмай, дəтке қуат санаған жалғыз Құлагерін ұлы бəйгеге қосып қызығын көре алмай, үйде тобан аяқ боп отырып қалды. Осыны сезген ет жақын досжар жандар Сағынай асына алыстан барып, бір серпіліп қайтуын мақұл көрген. Оның үстіне, алыстан Біржаннан, Мəшһүр Жүсіптен арнайы хабар келген. Біржан: «Мен болсам, кейінгі кезде ауру-сырқаулы болып, үйден шыға алмайтын халге ұшырадым. Тегі, осы жиынға да бара алмаспын. Ақын — елдің ақыны, оған қарауыл, керей деп екі араны бөлер деңгей жоқ. Халықтың шөлін қандырып, бас қосқан жиынның көркі болу, жаңа əн, жаңа сəнмен күйге қосу — ақын парызы. Ақан барса екен, тым құрмаса екі ел арасындағы караңғы араздыққа аз да болса шырақтай» деп сəлем айтып жіберіпті. Мəшһүр Жүсіп те хат жолдап, аяғында былай депті: «Ақан, сенің бұлай қан жұтып, қайғы арқалап жатып алуың атыңа лайық емес. Сен қайғырсаң да, ел қайғырмасын. Қалың ел сені де, əніңді де жоқтап отыр. Жоқтатпа қауымыңды. Серпіл, жаным». Кіші жүз Мөңке би: «Ер қайғысын сұлудың құшағы, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы алады» деген екен. Ендеше үйде жатып басылу ел еріне жараспайды. Көтер еңсеңді. Қосыл жұртыңа. Сал думанды. Сағынай асында амандықпен көрісейік...».Ақан енді ештемеге алаңдап тоқтар емес. Атын əдейі баптап, алыс сапарға жүргелі жатыр» [13].Сонымен Ақан сері Сағынайдың асына Құлагерді қосады. Ол кезде бүгінгідей айналып шабу жоқ, аттар ұзаққа жіберіледі. 313 аттың алдында Құлагер жұлдыздай ағып келе жатқанда, анау Сайдалы асында ішінде қан қатқан Барақбай қамыс ішінде жасырынып тұрып, Құлагерді шоқпармен ұрып өлтіреді.
Соңғы жұбанышы, қызығы болып жүрген сəйгүлігінің бұл өлімі онсыз да қам көңіл Ақанды зар еңіретеді. Ол айтқан «Құлагер» əні [14; 329–332] осы күнге дейін тыңдаған адамның сай-сүйегін сырқыратады.
Поэзия сырттай қарағанда біртұтас көрінгенімен, оның да жанрлық түрлері көп екенін байқаймыз. Мəселен, Ақан сері мұрасындағы жанрлық түрдің бірі — арнау өлеңдер.Арнау түрінде жазылған өлеңдер əлем əдебиетінде, соның ішінде қазақ поэзиясында баршылық. Қазақ арнау өлеңдерінің бұлақ көзі тереңнен арна тартады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда [16; 17], сонау VI–VIII ғасырлардағы Орхон ескерткіштерінде «Түркі халқы, тыңдаңдар!» деп басталатын арнау өлең бар екені белгілі.Ақанның арнау өлеңдері не бірыңғай мақтаудан, не бірыңғай даттаудан тұрмайды. Көбіне адамдардың жақсы мінез-құлығына сүйініп, ризалық білдіреді.Бірде Көкшетау еліне келін алуға ақмолалық құда-күйеулер «Əнші жоқ Қараөткелде менен асқан» деп шырқайтын Ғазиз əншіні ала келген екен. Той жасалып, ақындар, əншілер, қобызшы- домбырашылар жиналады. Сол үлкен тойға Көкшетау елі Ақанды алғызыпты.Ойын-тойдың гүлі Ақан сері келіп жеткенде, Ғазиз «Құлагер» жырын күңірентіп қоя береді. Ғазиздің азаматтығын лайықты бағалап, жиын-тойдың гүлі, «жігіттің дүрри жауһар дүрі екенсіз» деп тегін айтпасы кəміл. Себебі халық əншісі, ақын, композитор Ғазиз Файзоллаұлы — өз дəуірінің саналы, санаулы саңлақтарымен қатарлас шыққан өнерпаз, сері. Өзінің төлтума əндерін он екі тілді гармонмен орындаған. Мұндай қасиет екінің біріне бұйыра бермейді. Сондықтан Ақан сері оған құрметпен қараған, өнеріне ден қойған.
Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері — өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы.
Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі — кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы.
Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды.
Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды.
Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған.
3. БММ репертуарынан әнге талдау жасау
№10 билет
1.Тыныстың міндеті
Ән салу кезінде тыныс алудың жұмыс істеу принциптері:
Ән айту барысы дұрыс тыныс алуды қажет етеді. Адамдардың күнделікті тұрмыстағы ауа арқылы алатын тынысы белгілі бір ырғақпен табиғи түрде орындалып жатады, Сондай-ақ адамдар тұрмыста өз ойын жеткізу үшін сөйлеген сөзі анық, дұрыс болса болғаны. Дыбыстың көркемділігі, жоғары-төмендігі, қатаң, ұяң жақтарында белгілі өлшем болуы қажет емес, алайда ән айтуда тыныс алудың техникалық ғылыми әдісіне сүйеніп, орындаушы мен тыңдаушының арасындағы тыныс қатынасы аса шеберлікті қажет етеді. Өйткені сахнадағы дыбыстың дұрыс немесе дұрыс еместігі тыныстығы лайықты дәп басып қолдана білумен тығыз байланысты болады.
Тыныс алудың дұрыс тәсілі.
Тыныс алғанда көкірек айналасындағы көлденең көк ет ығыстырылып, екі диафрагма керіліп ашылады. Белге күш үйіріліп, азырақ сыртқа қарай кеңейеді, кіші қарынның (асқазанның) маңайындағы бұлшықеттер жиырылып, ауа арқылы күшті босатпай ұстап қалу немесе іш бұлшық еттерінің жиырылуын (прес) ұстағандай қалыпта болады. Егерде, дыбыс желбезегі мен бұлшықеттердің қарсылық күші болмаса, кіші құрсақтың ауаны тиянақты ұстап қалу қуаты болмаса, диафрагма көк еті сыртқа қарай кеңеймесе, адам денесіндегі ұлғаю күші босаңсып жойылады. Осы қағидаларды дұрыс жасамағанда барлық дыбыстың салмақ күші тамаққа түсіп, бірден жағымсыз жәйттер пайда болады.Мысалы, жөтелу, тамақтың қышынуы, дауыстың қарлығуы, дыбыс желбезегінің қабынып ісуі, бет-әлпеттің қызарып, мойын тамыр адырайып шығуы, тез шаршап қалу сияқты құбылыстар белең алады. Тіпті, тынысты дұрыс пайдала алмағандықтан, кейбір әншілердің дауысы уақыт өте келе өз табиғи бояуын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан да жаңадан бастап үйреніп жүрген оқушыға қарата айтқанда, тыныс алудың бұл әдістемелерін бір-екі сағатта үйреніп кету мүмуін емес. Өйткені, ән айтудағы тыныс алу бүкіл адам денесіндегі мүшелер мен клеткалардың, бұлшықеттер мен буындардың бір уақыт ішіндегі сәйкестігінің нәтижесі. Оның ғылыми-әдістемелерін бірден меңгеріп кету оңайға соқпайды. Сондықтан да әншінің өз-өзін зерттеуі, ізденуі, қажырлықпен еңбектенуіне тура келеді.
2.Жаяу Мұса
Әкесі Байжан шағын дәулетті шаруа иесі ғана адам болған. Жасынан сергек, сезімтал Жаяу Мұса оқып білім алуға, ән салып, серлік құруға талаптанады. Ауылда қазақша оқып, хат танығаннан кейін енді орысша оқып, білім алуды үлкен арман етеді. Баласының бұл игі талабына Байжан да қарсы тұрмайды. Бірақ та, қысқа жіп күрмеуіне келмей, баласын басқа жерге жіберіп оқытуға Байжанның мүмкіндігі болмайды.Сөйтіп, ойлаған мақсатына жете алмай, жабырқап, көңілсіздеу жүрген кезінде талантты жастың тілегіне қарай, бір жылы ел аралаған қызылжардық татар саудагері келеді. Татар саудагеріне жалданып Жаяу Мұса Қызылжар қаласына барады. Бір жағынан байға жұмыс істей жүріп, оқуға орналасады.Біраз тұрып, қала халқымен танысқаннан кейін әуелден ойын – сауық, той – думанға үйір Жаяу Мұса жастар бас қосқан кештерде ән айтып, гармон тартуға әуестенеді. Оның осындай өнеріне сүйсінген үй иесі де онша ауыр іске қоспай, жеңіл – желпі жұмыстарға ғана пайдаланады. Мұсаны көрші – қолаңдары да, өзімен бірге оқып жүрген таныс замандастары да өз араларындағы ойын – сауықтрға жиі шақыратын болады. Аздан соң – ақ ел аузына ілініп, әнші Мұса атанады.
Жылдар өтті. Искусстволық адымын ең алғаш орындаушылық өнерден бастаған Жаяу Мұса енді өз ойынан ән шығару ісімен де шұғылданады. Оның бұл саладағы тырнақалдысы осы кезде ел аузында айтылып жүрген «Көк аршын» әні халыққа тез тарайды.Жаяу Мұса Қызылжар қаласында үш жылдай оқығаннан кейін Омбыға барып, онда тағы да төрт жылдай орысша оқу оқиды. Бұл Жаяу Мұсаның жиырма жастағы ғана кезі едіг.Омбыда оқып жүріп, жазғы демалысқа еліне барған кездерінде ауыл адамдарынан аға сұлтан Мұсаның елге көрсеткен зорлық – зомбылығын естиді. Бұған Жаяу Мұса қатты қанжылады, халықтың жазықсыз жәбірленуіне жаны ашып, жауыздық іске жиіркене қарайды, оны әшкерелеу үшін Омбы газеттеріне бірнеше рет мақалалар жазады.Бұрын алдынан шығар жан жоқ, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, мейманасы асқан сұлтанға Жаяу Мұсаның газет жүзінде жарияланған бұл сыны үлкен соққы болып тиеді. Сұлта Мұса осыдан былай Жаяу Мұсаның соңына түседі. Бірақ, жігерлі жас оған ешбір жасымайды, қолындағы қаламын қару етіп, Шормановтардың озбырлық мінез – құлықтарын әшкерелейтін өткір тілді өлеңдер мен әсерлі әндер жаза бастайды.Шорманов тұқымы соңынан қалмай, 1862 жылы 27 жасында Жаяу Мұсаы жала жауып, абақтыға қаматтырады. Сөйтіп Мұса 12 жылға сотталып, Тобылға жер аударылады.Жаяу Мұса Омбы түрмесіне Тобылға жөнелтілді деген хабарды естген жұрт оны көріп қалғысы келіп, көше бойы жолын тосады. Халықтың сүйікті әншісінің басына түскен бұл ауыр қайғыныкөрегн көпшіліктің қабырғасы қайысып, қатты қынжылады. Осы кезде аға сұлтан Мұса жинаған жұртты қақ жара, Жаяу Мұсаға жақынырақ келіп тұрады да:Еу, қу кедей! Қолыңнан келмесі бар, несіне құр арам тер болдың? «Әлін білмес әлек» деген міне осы. Мен сияқты сұлтанға соқтығу сен сияқты сорлыға оңай сауда еместігі енді есіңде болсын. Ал, жылы орныңа бар да жат. Мұнан бұлай жолама менің жаныма, — деп тұтқын жанды тым қатты табалайды.Айтқанына жетіп, әмірі орындалғанына соншалық масаттанған сұлтаның сөзіне орай Жаяу Мұса тілін тартпай, табанда өлеңмен жауап береді.Жаяу Мұсаның жан тебрентерлік бұл бағалы сөздері жиналған жұрттың сай – сүйегін сырқыратады. Олар жазықсыз жанның тұтқыннан босап, тез оралуына тілектестік білдіреді, дуан басы сұлтанның сорақы қаталдығына қарғыс айтып тарасады.Жаяу Мұса полицейскийдің айдауында айдан аса жаяу жүріп, Тобылға әрең жетеді. Мұсаға «Жаяу» деген ат тағылуының себебі осында болса керек. Ал, біреулер дуан басы Шорманның Мұсасы Байжанның жалғыз атты жарлы Мұсасымен аттас болуға арланып, оған «жаяу» деген сөзді өзі қосыпты деседі. Бірақ Жаяу Мұсаның «Ақсиса» дейтін әнінде:
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.-
Деуіне қарағанда, алғашқы айтылған сөздің дұрысты бар сияқты.
Жаяу Мұса Тобыл түрмесінде ұзақ уақыт жатып, қатты күйзеледі, сондықтан да жанындағы кейбір достарының кеңестері бойынша кесімді күндерінің қалғанын кең далада жүріп өтеуді ұнатады да, өз еркімен солдаттық қызметіне баруды сұрап, жоғарғы орындарға арыз береді. Соның нәтижесінде ол 1869 жылы, 34 жасында Петербургке шақыртылып, солдаттық қызметіне алынады. Сол кезде литвалықтардың патшаға қарсы көтерілісін басу үшін жіберігелі жатқан Черняев отрядына қосылады.Литвалықтардың көтерілісін басқанна кейін ол отряд Орта Азия елдерін аралап, Әулиеатаға келеді, мұнда да көтерілісшілерге қатты соққы беріп, жаны түршіккен Жаяу Мұса онан әрі бұл отрядпен бірге болғысы келмей, бір түнде қашып шығады. Арада айлап жүріп, жүдеп – жадап, туған жеріне келеді.Жаяу Мұсаның елге келгендігін естіген Шормановтар оны тағы да қуғынға ұшыратпақ болады қашқын деп елге лақап таратады.Ұзақ уақыт тұтқында, еріксіз солдаттық қызметінде жүріп, жаңа ғана келген Жаяу Мұса сағынған ел – жұртының ішінде еркіме бой жазып жүре алмай, тағы да қашып – пысып, қатал жаудың қолына түспеу қамын қарастырады.Бірақ арамза жау тіміскілеп қоймаған соң, алыстау жерге барып, бой тасалау үшін Ақмола жаққа қарай жол тартады. Барған сәтте Жолаба Қыпшақ дейтін елді аралап , әр жерде қонақтайды да жүреді.Жалғыз атты жолаушының мақсатсыз жай ғана жа емес екендігін аңғарға ауыл адамдары танысқылары келіп, жөн сұрастырғанда өзінің қандай жайда жүргендігін Жаяу Мұса да жасырмай айтып береді. Оның басынан кешірген хал – жағдайына толық түсіген жұрт «Бұтаға қорғалаған торғайдың да жаны қалды», енді еліне қайтпай –ақ біздің ортамызда бол, — деп мейірімділік көрсетеді.Осыдай ел құрметіне бөленген Жаяу Мұса ән салып, өлең айтып, жүрген жерін ойын – сауыққа кенелдіреді. Бір күні сол елдегі Құлбай дейтін байдың үйіне келіп қонады. Құлбайдың баласы Сүйімбайдың Сапар дейтін қызымен танысып, соған үйленбек болады. Бірақ, қызы жақсы болғанымен Құлбайдың сараңдығын ұнатпай, оны келемеждеп «Құлбай бай» деген күлдіргі ән шығарады. Бұл оны осы уақытқа дейін ескірмей ел аузында айтылып келеді.Сапарға үйленіп, сол Құлбай аулында біраз тұрғаннан кейін Жаяу Мұса еліне бір көңілсіз хабар естиді.Жаяу Мұсаны қолға түсіре алмаған Шормаовтардың оған деген қастығы бұрынғыда да күшейе түседі. Ауылын ата қонысынан қыс ішінде көшіріп жіберіп, барлық жер – суын Жаяу Мұсамен ағайындас Поштаев Хұсайын дегенге алып береді.Міне, осы хабарды естісімен хан – сұлтандардың мұндай айуандық әрекеттеріне қатты ызаланған Жаяу Мұса жоғарғы ұлықтарға арыз жазып, олардың жолсыздық жұмыстарын әшкерелейді. Сөйтіп, біраз айтыс – тартыстан кейін істің ақыры Жаяу Мұсаың пайдасына шешіледі де, бұрынғы ата қонысын айып – анжысымен қоса өзіне қайтарып алады.
Үш жүзге алтым мәлім Жаяу Мұса,
Көрермін жанның бәрі мендей туса.
Аттыда жаяу жүріп кек аламын,
Жігіттер, шамаң келсе, маған ұса! –Дейті әні осы кезде жарыққа шыққан көрінеді. Сондай – ақ Шормановтардың айдап салуымен өзінің төл мекенін тартып алып, аулын қатты күйзелушілікке ұшыратқан опасыз Хұсайын Поштаевқа:
Поштаев бір Айдабол баласы едік,
Екеуміз бір қыстауға талас едік.
Жыртысын Шормановтың жыртамын деп,
Салдың ғой аулымызға мұнша бүлік. –
Деп әділетсіздігін айтып, өлең шығарады.Айтысқан жауын жеңіп, көңлі жайланған Жаяу Мұса Сапарды еліне алып келіп, ауыл ішіде ойын-сауығын өткізіп, серілік құру жолыа түседі. Бірақ, бұл жағдай оның белгілі қас жауларына жақпайды, сондықтан ебін тауып, тағы да тұтқынға алдыру әрекетін жасайды. Ол үші әр жерден аңдушылар қойып, қалайда қолға түсіру қамын ойлайды.Бір күні Жаяу Мұсаның өз аулында екенін анықтағаннан кейін Павлодардан бір топ солдаттар жібертіп, ұйықтап жатқан жерінде ұстатады, оның қол – аяғын байлап, оңаша үйге қамап тастайды да өздері қой сойдырып, ойын – сауық жасап, қаннен – қаперсіз отыра береді.Осы кезде ауыл жігіттері Жаяу Мұсаның ақылымен әйелдерше киініп келеді де, қамсыз отырған солдаттардың қаруларын тартып алып, өздерін түп – түгел байлап салады.Жандарынан шошынған солдаттар жалынып – жалпайып, өз бастарын әрең дегенде босатып алады да, алды – артына қарамастан қаша жөнеледі.Алайда, істің ақыры насырға шабатынып білген Жаяу Мұса тыныш жата алмай , Шорман тұқымдарынан тасалана тұрғысы келеді.Бірақ, қайда барарын білмейді. Бұрынғыдан ауыл маңыдағы тоғай арасы пана болмайтынын сезеді.Ақыры тәуекелге бел байлап, қашық жерге қоныс аудара тұруға бел байлайды.Сөйтіп алыс жолға сапар шеккен Жаяу Мұса Қазан қаласына барады. Онда татар халқының музыка мәдениетімен танысады. Қала халқымен біраз үйреніскеннен кейін ойын – сауықтарға қатнасып, өзінің әншілік қабілетін танытады. Творчестволық еңбектерін көптің алдында тартады.
Қазан қыздары атты күлдіргі ән шығарады. Қазанда алты ай тұрып, ел – жұртын әбден сағынған Жаяу Мұса бұлайша қашып – пысып жүріп бассауғалағанша елге барғаным жөн болар деген тоқтамға келеді.Жаяу Мұса Еліне келсе, аулы орнында жоқ, Шорман тұқымдары мал – мүліктерін талан – таражға салып, таратып алыпты, туған – туысқандарын тоз – тозғып жіберіпті.Хан – сұлтандардың бұл зорлығы Жаяу Мұсаға бұрынғысыннан да қаттырақ батады.Қарсылық көрсетуге шамасы келмеге Жаяу Мұса жаяу – жалпылап жүріп, Омбыға барып, губернаторға шағым жасайды. Губернатор : Шормановтың жолсыздық ісіне тез тыйм салынсын, Жаяу Мұсаның ата қонысы, талауға түскен мал – мүлік түгелдей өзіне қайтарылсын деп, Павлодар оязына қағаз жазып береді.Бұл барған сапары сәтті болып, үлкен қуаышпен қайтқан Жаяу Мұса арада бірнеше күн жүріп, Павлодарға келеді де, оязға кіріп, губернатордың жазған бұйрығын ұсынады.Бірақ ол тағы бір қолайсыздық жағдайға кездеседі. Ата жауы, аға сұлтан Мұсаның оязбе бірге отырғанын көріп, жүрегі қатты шошынады. Олар губератордың бұйрығын оқып, екі жақтан зіркілдеп қоя береді. Неге өтірік арыз жазасың, деп жер – жебіріне жетеді. Жаяу Мұса да олардан тілі тартпай, Мұсаның әділетсіздігін айтып, айыбын бетіне басады.
Ояз Мұсаны жақтағысы келіп, қашама жан таласқанымен де, губернатордың бұйрығын орындамай отыра алмады. Жаяу Мұсаның арызында көрсетілген талаптары түгелімен жүзеге асады.Алайда, Мұса Шорманов Жаяу Мұсаға деген қастық әрекетін үдете береді.Бір жылы маңайдағы ауылдың шабындығын жеді деген жаламе Жаяу Мұсаның бір топ бұзауын қырғызып тастайды.
Бұдан бірақ уақыт өткеннен кейін аға сұлтан Мұса атақты Арап ұрысы бастаған бір топ адамдарды жіберіп, Жаяу Мұса ауылының тағы да барлық жылқысын айдатып алады.Сөйтіп, Шорман балаларымен Жаяу Мұсаның арасындағы өшпенділік өрті өрши түседі.Жаяу Мұса тағы да Омбы губернаторына арыз беріп, ұрланған жылқыларын орынан салдырады да, Арапты тұтқыға алдырады. Соның артынан көп кешікпей – ақ Мұса да аға сұлтандық қызметінен босатылады.Алысқан жауын жеңіп, көңілі жайлаған Жаяу Мұса да жанынан өнерлі жігіт – желеңдерді жинап алады да, серлік құрып ел аралайды. Жаяу Мұсаның ел арасында беделі артып, салдықпен еркін өміржасай бастауын көре алмай, қатты күйінген Мұса оған соқтығу үшін сылтау тапқысы келеді. Сол мақсатпен оның қыран бүркітін сұратып кісі жібереді. Оған ызаланған Жаяу Мұса:
Ей,Мұса, құс сатпаймын дүние малға,
Болсам да өзім кедей жүрмен жалға.
Арам мал елден алған жиындыны
Алмақ түгіл, ұстаман сірә қолға. Деп хат жазады.Жаяу Мұсаның бұл жауабы жанына мірдің оғындай қадалған ол не істерін білмей, іштен тынады. Бұрынғыдай айдатып, байлататын әкімшілік әмірі енді жүрмейтініне үлкен өкінеді.Сөйтіп көрнеу күш жұмсау қолынан келе қоймаған соң, жасырын қастық жасау жолы қарастырады. Бір арамзаны ақшаға жалдап Жаяу Мұсаға у бергізеді. Бірақ, дер кезінде емделіп, ауруханада үш ай жатқаннан кейін Жаяу Мұса аман – есен жазылып шығады.Бұл кезде Жаяу Мұсаның өнерпаздық даңқы өз ортасынан асып, көршілес отырған Қарқаралы, Көкшетау, Ақмола елдеріне түгел жайылады. Өйткені осы елдерде бір кездерде ол өзі де аралап, шарықтата ән салып, күмбірлете күй шерткен болатын.Жаяу Мұса серілікпен ел аралап жүрген кезінде әйелі Сапар қатты ауырып, 1895 жылы отыз жеті жасында қайтыс болады. Мұсаның Сапардың туған бір ұл, бір қызы нағашысының қолында жетім қалды.Хан – сұлтандардан соққы көріп, елге тұрақтай алмаған, қашып – пысып жүргенде кездескен сүйікті жары Сапардың кенеттен қайтыс болуы Жаяу Мұсаның жанын қатты батады. Жанына жалғыз ұлы Салықты ертіп, Сапардың қабырынң басына барады. Сол жерде отырып қайғылы көңіл күйін шерткендей болады. Деп «Сапар» атты ән де шығарады.Сапар қайтыс болып, жасы алпыстан асқаннан кейін – ақ Жаяу Мұса бұрынғыдай ел аралауын да азайтып, біріңғай үй шарушылығымен ғана айналысады.Әуелден мал жинамаған ол жасы ұлғайып қалған кезде кедейліктің зардабын тартады. Деп басталатын «Қоңыр» дейтін әнін шығарған көрінеді.
Жаяу Мұса творчествосының диапазоны кең, әндері жанры мен мазмұны жағынан сан қырлы. Оның әлеуметтік мәні бар «Ақ сиса», «Шормановқа», «Толғау», «Бұзау зары»; үгіт¬ өсиет мазмұнды «Арап ұрыға», «Бәшерден»; сезім, көңіл күйді бейнелейтін «Шолпан», «Қыздар¬ай», «Ләйлім», «Көгершін»; сатиралық, әзіл¬қалжың сипатты «Құлбай бай», «Қазан қыздары» әндері жұртшылыққа кеңінен танымал. М.Байжановтың әндері басқа халық композиторларының шығармаларынан өзінің тақырыптық, мазмұндық және көркемдік ерекшеліктері арқылы дараланады. Оның әндерінің әуендік құрылымынан, интонациялық және ладтық құрылысынан қазақ әндерінде бұрын кездеспейтін соны музыкалық мәнерлік құралдарды айқын тануға болады. Композитор қаламынан қоңыржай лирикалық, кең тынысты әндермен қатар марш, вальс ырғақты шығармалар туды. Жаяу Мұса әндерінің әуендік құрылымында екі түрлі музыкалық интонациялық негіз анық байқалады. Оның бірі ана сүтінен дарыған халық музыкасының қайнар көзі болса, екіншісі вальс, марш ырғағында келетін әндері қала музыкасының әсері еді. Халық музыка тарихының мақтаныштары ¬Біржан сал, Ақан сері, Ыбырай, Мұхит тәрізді Жаяу Мұса да қазақ халқының бұрыннан келе жатқан әншілік¬композиторлық дәстүрін дамытуға өзіндік үлес қосты. Оның Арқаның ән дәстүрінде шығарған «Көгершін», «Сұрша қыз», «Баянауыл», «Гауһар қыз», «Толқыма» әндері қазақ ән өнеріндегі шоқтығы биік туындылардың қатарынан орын алды. Композитордың марш, вальс ырғағында келетін әндері қала музыкасының әсерінен дүниеге келген туындылар. Жалпы, Жаяу Мұсаның өнер жолына, оның демократиялық көзқарасының қалыптасуына орыстық прогресшіл мәдениеті мен өнерінің тигізген ықпалы зор. XIX ғасырда орыстың озық ойлы өнерінің ұшқыны қазақ даласына жетіп, А.Пушкин, Л.Толстой, М.Салтыков¬Щедрин шығармалары қазақ жерінен өз оқырмандарын тапты. Рояль да, скрипкада ойнау өнері халық музыканттарының құлағына шалынып, қырда орыс музыкасының үні қалықтады. Мұның өзі жаңа демократиялық бағыттағы өнердің өркен жаюына әсер етті. Жаяу Мұса орыс музыкасының озық үлгілерінен үйрене отырып, оны өз шығармаларында шебер пайдалана білді. Сөйтіп, өз туындылары арқылы халқымыздың ән өнерінің тақырыптық, мазмұндық ауқымын кеңейтіп, музыка тілін өткірлей түсті. Оның «Құлбай бай», «Тұрымтай», «Башқұлбай», «Қазан қыздары», «Ескендір», «Қыздар¬ай», тағы басқа шығармалары осындай әсер, ықпалдан пайда болды. Жаяу Мұса қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Ақшоқы деген жерде 1835 жылы кедей малшының отбасында дүниеге келген. Мұса жеті¬сегіз жасында ауыл молдасынан хат таниды, жас кезінен өзі қатарлы балалардың арасында өнер¬білімге құштарлығымен, ән¬күйге әуестігімен көзге түседі. Талапты Мұса домбыра тартуды үйренеді, қолына түскен кітаптарды, қиссаларды қалт жібермей оқиды. Ол домбырамен ән салып, қиссалар айтып, ауыл қарттарының, жастарының ықылас¬назарын өзіне аударады.
Тегіде Жаяу Мұсаның шығармалары кейбір кездейсоқ жағдайларда ғана емес , үнемі кезеңді бір уақиғаларға жазылғандағы байқалады. Оның ішінде осы жинаққа кіріп отырған қырыққа жуық әндерінің көпшілігі ілгеріде айтылған өзінің ата жауы аға сұлтан Мұсаме арадағы талас –тартыстан туған. Мәселен: «Шорманға», «Бұзау жыры», «Арап батыр», «Боз торғай», «Сұрша қыз», «Гауһар қыз», «Кедейлер», «Ұлы тау», «Баян ауыл» сияқты бірсыпыра әндері осы айтылғандардың айғағы бола алады.Айта кететін бір жай Жаяу Мұсаның кейбір әндерін әркім әртүрлі айтады. Мысалы: «Ақ сиса» , «Аулау» , «Көк аршын», «Күлбай бай» , «Сапар» сияқты әндерін нотаға жаздырып Ақмолалық әші – кешегі Қосымжан Бабаков мархұмның орындауынын Қарқаралы әншілері : Қуан Лекров пе Жүсіпбек Елебековтың айтуларында біраз өзгешеліктері брлығы байқалады.Осыған қарағанда, әр жердің әншілері өздерінің үйренуінше айтып кеткенге ұқсайды. Бірақ, бұл жинаққа сол әндердің түрлі варианттары беріліп отыр. Жаяу Мұса ән текстірінен басқа да көптеген өлеңдер жазған көрінеді. Оның 1880 жылдар қарсаңында жазған 60 беттей қолжазбасын Қазақ ССР Ғылым академиясының экспедициясы 1955 жылы Қазақ университетінің архивінен тапқан. Бұл еңбектерін ол өзі Қазанға барып тұрған кезінде тапсырған болу керек.Сондай – ақ тағы да. Бірсыпыра өлеңдерін өзінің басалы Салық 1955 жылы Қазақстанның Ғылым академиясына әкеліп тапсырған болатын. Оның ішіде ақынның Қытай елінің болашағын болжағандай «Қытай еліне сәлем» дейтін өлеңі бар.Үстем таппен араларындағы өшпенділік өмір бойына созылған. Жаяу Мұса Октябрь таңы атқаннан кейін – ақ белдескен ата жауынан аяусыз кетіп, аңсаған арманынан жетеді. Бұрынғы хан-сұлтандардан көрген қыспақтарын еді олардың өз алдарына келтіреді.1928 жылы ел ішіндегі ірі байларды конфесқациялап, мал – мүліктерін қазнаға алу жұмысына басшылық етеді.Күрескер композитор, дарынды әнші, жыршы Жаяу Мұса 1929 жылы 94 жасында өзінің туып – өскен жерінде қайтыс болады.Оның өзінен соңғы ұрпақтарына қалдырып кеткен музыкалық асыл мұралары осы күнге дейін ескірмей ел аузыда айтылып келеді және айтыла бермек.
3. БММ репертуарынан әнге талдау жасау
№11 билет
1.Мектеп қабырғасындағы балаға қос ішекті қағып ойнау тәсілдері.
Қос ішекті қағып ойнау тәсілдері соның ішінде домбыраны қостап тарту және домбыраны қостай отырып бірден іуенді буынға бөліп әуендету сынды екі негізгі ерекшелікпен жұмыс жасау көрсетіледі.
Оқушының домбыраға отыруын бекіткеннен кейін, бірден оның оң қол және сол қол қойылымдарына жаттығу жұмыстары жасалады. Мұнда оқытушы оқушының оң қолының білезік қоспасының қақпақ бетіндегі еркін қимылы мен сол қолының саусақ түзілісі, перне басылымының сәнділігі мен орнықтылығына көңіл қояды, домбыра тарту аппаратын қалыпқа келтіреді, оны еркін игеріп кетуге жағдай жасайды, оған арнайы әуендер беріледі. Жаттығуларға жұмыс жасау үшін берілетін әуен қарапайым ырғақты халық әндерінен немесе Қазақстан композиторларының балаларға арналған әндерінің ән кеудесе, қайырымы, қайырмасынан құрылуы керек, жаттығуда берілген іуен балаға өте жеңіл, көңіліне жақын болуы тиіс.
Домбырамен ән салуда домбырада ойнау тәсілдерін бекітуге негізгі екі қағыс түрі арналған.
1.Алма- кезек – ПVПV қағыс түрі
2.Екі төмен, бір жоғары – ППV ППV қағыс түрі.
Алма-кезек қағыс
Бқл қағысты игеруде екі тәсіл жүзеге асады:
1.Домбырада тек әуеннің өзін ойнау;
2.Әуендете отырып бірден домбырамен қостап тарту
2.Қасым Аманжолов
Биыл қазақтың хас ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай ауылында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып, біраз жыл ағасының қолында өседі. Ес білген соң туған ауылында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. 1924 жылы Семей қаласындағы интернатта білімін жалғастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп, одан әрі үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жаза бастаған. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Осында жүріп, 1933 жылы Отан алдындағы борышын өтеп, әскерге барып қайтады.
Алғашқы өлеңдерін Қ. Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған.Қ. Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.1936-1941 жылдары Қ. Аманжолов Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді. 1939-1941 жылдар арасында Қ. Аманжоловтың шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған "Нар тәуекел", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Заула, заула Турксиб", "Сұлтанмахмұт туралы баллада" сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Және де Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. "Дариға", "Туған ел" атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады. Қ.Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы "Өмір сыры" деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы "Бар дауыспен" деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.Қ. Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. "Дүние қандай жап-жарық", "Сақыпжамал", "Күйім тасып барады, күйім тасып", "Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім" атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, "Ақын өлімі туралы аңыз", "Боран", "Біздің дастан", "Жамбыл тойында" атты поэмалары оның эпиктігінің дәлелі.Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясынық жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді.Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.1943 жылғы сұрапыл кезеңде дүниеге келген Қасымның бір ерекше, өлмес туындысы – "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэма. Бұл поэма Қасымның атын аспандатып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған тұлғалы туынды. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы.Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның "Біздің дастан" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы "Дауыл" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ. Аманжоловтың "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты.1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.
М. Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А. Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді.
Қасымның арынды ақын ретінде қалыптасуына Орал қаласының тигізген әсері ұшан-теңіз. Осы өңірде жүріп ол ең алғашқы алаулаған махаббат туралы, жалынды жастық жайындағы жырларын дүниеге әкелді.
Қасым Аманжолов тек лирик емес, сонымен қатар ірі эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім» атты өлеңдері Қасымның нәзік лирикасын танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран», «Біздің дастан», «Жамбыл тойында» атты поэмалары оның эпиктігінің дәлелі.Ақынның соғыс басталғаннан аяқталғанша қан майданда жүргенін барлығымыз білеміз. Басында Қиыр Шығыста тыныштық күзеткен қаламгер кейіннен батыстағы нағыз қан кешкен қырғынға аттандырылады. Қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде «Орал», «Сарыарқа», «Байкал», «Өтіп бара жатырмын» тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. «Елге хат» (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), «Ұлы күтіс», «Үстімде сұр шинелім», «Подполковник Әлпинге», «Қапанға», «Сәбитке», «Ғалиға жауап», «Қызғалдақ», «Сен фашиссің, мен қазақпын», «Дариға, сол қыз» сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы – соның айғағы. Осы поэманы Ғ. Мүсірепов қазақ поэзиясындағы жаңа бетбұрыс деп бағалады.Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады. «Достар», «Туған жер», «Құрбыма», «Сауыншы жеңгейдің жыры», «Домбыра», «Май келді», «Күйім тасып барады, күйім тасып», т.б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, «Біздің дастан» поэмасын бастайды. М. Лерммонтовтың «Маскарад» драмасын, А.Твардовскийдің әйгілі «Василий Теркин» атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы «Дауыл» атты жинағы жарық көреді. Осы жылдары Пушкиннің «Полтава» поэмасын аударады. «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтарын шығарады. 1952 жылы «Таңдамалы шығармалары» жарық көреді. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі «Өзім туралы» толғауын аяқтайды.Қасымның өлеңдері «Гроза» деген атпен 1946 жылы, «Стихи» деген атпен 1949 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылады. Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17-сінде қайтыс болды.Қасымның “Өзім туралы “ әні; Қ.Аманжолов поэзиясы өршіл романтизм, биік пафос, азаматтық идеясының айқындығымен ерекшеленеді. Ақынның «Өзім туралы» өлеңі өзінің өткен өміріндей, өмірлік кредосындай. Ол осы өлеңі арқылы келер ұрпаққа сыр айтып, өсиет қалдырып кеткен:
Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап,
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
Ізімді табарсыңдар әзер іздеп,
Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды:
«Досың да, туысың да біздерміз», – деп.
№12 билет
1.Артикуляция
Сөйлеуден ән салуға ауысқанда артикуляция, денені табиғи бос ұстау, тамаққа салмай ән айтцдың техникалық әдісі және дыбыспен сөздің өзара сәйкестігі ауыздың ішіндегі ауа мен сыртқы ауаны сәйкестендіре білу аса шеберлікті қажет ететін адамның түйсігімен сезу, ойлау, көп жаттығуының арқасында дем арқылы екі ауаны бір нүктеге түйілістіруден туындайтын қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек әншінің ән орындау барысындағы ауызының ашылуы мен жарыққа шығатын нәзік, әрі тылсым құбылыс.
Артикуляциялық жаттығулар – дұрыс сөйлеу үшін қажет артикуляция органдырын (еріндер, тіл, асты жақ) жаттықтыруға арналған жаттығулар.
Артикуляциялық жаттығулардың мақсаты – толыққанды қимылдары машықтандыру және артикуляциялық аппараты оргындарының белгілі орналасу, дыбыстардың дұрыс айтылуына қажеттілігі.
Балаға қиын дыбыстардың (с, з, ш, ж, л, р) айтылуын үйрету үшін оның еріндері мен тілі күшті болу және дұрыс қимылдау керек, оларды қажетті қалыпта ұзақ ұстаудың, бір қимылдан екінші қимылға қиналмай ауыстыру қабілеті болу қажет. Осыған үйретуге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.
Артикуляцияның белсенді жерінің артикуляциялық ымына вокальды жолдың неғұрлым қозғалмалы бөлігі, әдетте тілдің немесе еріннің кейбір бөлігі жатады. Келесі бағыттар қарама-қайшы екені белгілі:
Төменгі ерін (еріндік)
Тілдің алдыңғы бөлігінің әртүрлі бөліктері (тәж):
The тілдің ұшы (апикальды)
Тілдің ұшының артында орналасқан алдыңғы алдыңғы беті жүзі тілдің (ламинальды)
Тіл беті астында ұшы (субапикальды)
Тіл денесі (доральды)
Негіз а.қ.а. тіл мен тамақ түбірі (жұтқыншақ)
The ариепиглотикалық қатпар тамақ ішіндегі (арипиглоттал)
The глотис желдің артқы жағында (глотталь)
Жылы билабиальды дауыссыздар, екі ерін де қимылдайды, сондықтан артикуляциялық қимыл ерінді біріктіреді, бірақ шарт бойынша төменгі ерін белсенді және жоғарғы ерін пассивті деп аталады. Сол сияқты лингволабиальды дауыссыздар тіл жоғарғы ерінмен тілді кездестіру үшін белсенді түрде төмен қозғалатын жоғарғы ерінмен байланысады; бұған қарамастан, егер тілдің белсенділігі төмен, ал ерін пассивті деп айтылады, егер басқа себептер болмаса, ауыз қуысының астындағы бөліктер, әдетте, вокальды жолдан жоғары болса, ал вокальды тракттан жоғары бөліктер пассивті.
Доральды қимылдар кезінде тілдің денесінің әр түрлі бөліктері ауыздың төбесінің әр түрлі бөліктерімен байланысады, бірақ оны тәуелсіз басқаруға болмайды, сондықтан олардың барлығы осы терминнің астына алынады доральды. Бұл тілдің алдыңғы жағындағы икемді болатын корональды ым-ишараға ұқсамайды.Эпиглоттис белсенді, жұтқыншақпен байланысқан немесе пассивті болуы мүмкін, оны арипиглотальды қатпарлар байланыстырады. Бұл көмей аймағында жасалған айырмашылықтарды байқау өте қиын және олар тергеп-тексерудің мәні болып табылады, және әлі де анықталмаған бірнеше тіркесімдер мүмкін деп санайды.Глотис өздігінен әрекет етеді. Глоттальды, ариэпиглотталь және эпиглотталь дауыссыздарының арасында кейде бұлыңғыр сызық бар фонация, дәл осы аймақтарды қолданады.Континуум болатын пассивті артикуляциядан айырмашылығы, бес дискретті белсенді артикуляторлар бар: ерін (еріндік дауыссыздар), тілдің икемді алдыңғы бөлігі (тәждік дауыссыздар: ламинальды, апикальды және субапикальды), тілдің ортаңғы-артқы бөлігі (доральді дауыссыздар), тілдің түбірі эпиглоттис (жұтқыншақ немесе радикалды дауыссыздар), және глотис (глотальды дауыссыздар). Артикуляторлар дискретті, олар бір-бірінен тәуелсіз әрекет ете алады, және екі немесе одан да көп деп аталады коагуляция (төменде қараңыз). Ламинальды, апикальды және субапикальды әртүрлі корональды артикуляциялар арасындағы айырмашылық континуум болып табылады, нақты шекарасыз.
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктер ән орындау барысында қатты білінеді. Осының алдын алу үшін сөйлеу тілінің кемшіліктерін жою қажет. Ол үшін бізге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.
Жаттығу көрсету
2.Әміре Қашаубаев
Әміре Қашаубаев 1888 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданындағы Бегелен тауының етегінде кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Орта жүздің тарақты руынан шыққан. Әкесі Қашаубай қарапайым шаруа болған. Анасы Тоғжан бар өмірін бала тәрбиесі мен үй шаруашысына арнады. Алайда Әміренің әкесі аяқ астынан сырқаттанып, дүние салады. Ол отбасының жалғыз тірегі болып қалады. Ерте есейіп, ауыр жұмысқа араласып, жоқшылықты бала кезінен көріп өседі.
12 жасында жергілікті байға жалданып, ат айдаушы болады. Әміренің әнге әуестігі бала кезінен байқалады. Ол ән салғанда айналасындағыны ұмытып, жан-тәнімен тебіреніп тұрып шырқаған. Халық оны жастайынан "әнші бала" деп атап кетеді. Ел аузына таралып, аты шыға бастаған баланы бай-бағландар той-томалаққа шақырып, ән айтқыза бастайды. Атақты Қоянды жәрмеңкесіне барып, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз Айтбаев, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы, қарқаралық Мәди Бәпиұлы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі. "1920 жылдары Семейде "Ес-аймақ" деген қоғам ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – көзі ашық жастарды мәдениетке баулу, білімге құштарлығын ояту. Мұнда пъеса да қойылды. Сонда Жұмат Шанин Әміре Қашаубайұлын "Ес-аймаққа" алып келді. Ал 1924 жылы Семей қаласында әншілердің байқауы өтеді. Оған біраз әншілер қатысты. Нақты қандай әншілер қатысқаны туралы дерек жоқ. Бірақ бұл байқауда Әміре мен Қали Байжанов екеуі бір-біріне беріспей, ақыр аяғында екеуіне бірінші орынды бөліп береді", - дейді тарихшы Жарқын Шәкәрім "Тарих. Тағдыр. Тұлға" деректі фильмінде. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі мен 1927 жылы Мәскеуде болған Кеңестердің IV съезіне делегат ретінде қатысып, делегаттар үшін ұйымдастырылған концертте өнер көрсеткен. 1925 жылдың 26 маусымында осы концерт жайында «Правда» газеті «Керемет концерт. Маусымның шыңы. Керек болса башқұрт қурайшысы Исенбаев, қазақ әншісі Әміре Қашаубаев, өзбек биші-әншісі Тамара Ханум... шын мәнісіндегі халық артистері» деп жазды. Сондай-ақ 1926 жылы әнші Қызылордада ашылған қазақ драма театрының (қазіргі қазақ мемлекеттік академиялық драма театры) алғашқы актерлерінің бірі болды. 1934 жылы қазақ музыкалық театрына (қазіргі қазақ опера және балет театры) ауысты. Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбек Әміре Қашаубаев 1920 жылы театрда әртіс ретінде сахнаға шыққанын айтады.
"Өнерге 1920 жылдардың басында драма актері ретінде келді. Бірақ әншілігі басым болса керек. Сондықтан спектакльдерде оған ән салатын рөлдерді ғана берген. Ал басты кейіпкерлерді сахнада басқа әртістер сомдаған. Мәселен, "Қаракөз" спектаклінде оған Сырымның рөлін бермей, Дулатты берген", - дейді ол.
1917 жылы Қазан төңкерісі дүниенің астан-кестеңін шығарды. Қалың ұйқыда жатқан халық дүр сілкінді. Жұрт жаңа өзгерістер болады деген үміт жетегінде жүреді. Бұл уақыт Әміренің шығармашылық шыңын бағындыруға септігін тигізеді. Оның әнді әуелетіп, нақышына келтіріп айтатыны туралы әңгімелер Кремльге дейін жетеді. Осылайша, Мәскеуден сол кездегі халық ағарту комиссары Анатолий Луначарскийден хат келеді."Қырғыз әншісі Әміре Қашаубаев Парижде өтетін бүкіләлемдік көрме аясындағы этнографиялық концерттерге қатысуға келісімін бере ме, жоқ па? Шұғыл анықтап, хабар беріңіздер", - делінген хатта.Бұл жеделхат Семей губерниясында үлкен дау туғызады. Ағарту бөліміндегі қызметкерлер мұны ағаттық деп жеделхатқа жауап бермейді. Кейін Анатолий Луначарский өзі қол қойып, екінші жеделхатты жібереді."Менің қырғыз әншісі Әміре Қашаубаевқа қатысты жіберген жеделхатыма жауап беріңіздер. Оның Парижде өтетін концерттерге қатысуы мемлекет үшін маңызды", - делінген хатта.Осылайша, Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесі аясында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.1925 жылы Франция астанасында өткен дүниежүзі көрмесінде Әміре Қашаубаев "Ағаш аяқ", "Қанапия", "Үш дос", "Жалғыз арша", "Қосбалапан", "Балқадиша" және тағы басқа әндерді орындап, күміс медальге ие болады."Париж апталығы" газеті мен "Ле мюзикаль" журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазды. Ал Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауындағы бірнеше әнді жазып алады.Сыншылар оны италиялық опера әншісі Энрике Карузо мен америкалық әнші Марио Ланцаға теңейді.Әміре Қашаубаев Францияда этнографиялық ансамбльмен бірге 11 концертке қатысып, "Ағаш аяқ", "Үш дос", "Екі жирен", сүйікті әні "Балқадиша" секілді әндерді нақышына келтіре орындайды.Париж халқы қазақ фольклорының қуатына қайран қалып, домбыраның құдыреті мен әуелеген Әміренің дауысына тамсанып, таңдай қағады.
Жазушы, сыншы Сұлтан Оразалин қазақ әншісінің әндерін орындау оңай емес екенін айтады."Басында қайғы-мұңға толы ән келе-келе ренішке, одан қуанышқа, әзіл-қалжыңға айналып кететін "Ағаш аяқ" әні бірнеше адамның мінез-құлқын көрсетеді. Бұл өте сирек кездесетін ән. Оны орындау да өте қиын. Міне, осы әнді Әміре Париж сахнасында орындаған кезде әзіл-қазылар мүшесі таңғалған", - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Осылайша, Әміре Қашаубаев туған жеріне зор құрметпен оралады. Бұл сапар Әміренің жұлдызын жағып, талантын танытқан сапар болса, кейін тағдыр тауқыметіне айналды.1927 жылдың сәуір айында ол арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Осы жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен халықаралық көрмедегі концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті.
Қашаубаев шетелге шыққан кезде Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті ғалым, Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқаймен бірнеше рет кездеседі. Ал кеңес үкіметі Шоқай қашқын, сатқын деген пікірде еді. Кейін НКВД қызметкерлері Әмірені тергеуге шақырып, қырағы бақылауға алады.Әміре Қашаубаевтың тергеу протоколынан біраз мәлімет алуға болады."Біз 1925 жылы маусым айының ортасында Парижге келдік. Делегация құрамында 14 адам болды. Қонақ үйге орналастық. Екінші күні бөлмеме Мұстафа Шоқай келді, таныстық. Ол Қазақстан туралы сұрай бастады. Менің оқыған, оқымағанымды сұрады. Мен "кәсіби білімім жоқ" деп айттым. Байтұрсынов пен Дулатов жайлы және олардың немен айналысып жүргенін сұрады. Мен Байтұрсынов Қызылордада оқытушы, ал Дулатов жазушы, кітаптар жазып жүр дедім. Мұстафа Шоқай маған өзінің Сұлу-Төбеде туғанын, туыстарының әлі күнге дейін сол жақта тұрып жатқанын жеткізді. Олармен хат алысып, хабарласып тұратынын айтты. Совет елшісі Красин оған елге қайтуға ұсыныс жасағанын, бірақ Отанына оралса, қуғын көретінінен қауіптенетінін жеткізді", - делінген протоколда.Ал Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбек әншінің Парижде Мұстафа Шоқаймен кездесуін былайша сипаттайды."Мұстафа Әміренің концертінде болады. Кейін әншіні Париждің орталығындағы қымбат мейрамханаға қонаққа шақырады. Мұстафа Шоқайдың жанында Ромен Роллан, Анри Барбюс сынды француз жазушылары болады. Екеуі мейрамханада құшақтасып амандасады. Онда отырған француз жазушысы Ромен Роллан көптен бері көрмей жүрген бауырын кездестіріпті ғой деп ойлап қалады. Кейін ол екеуі бірін-бірі алғаш рет көріп тұрғанын білген кезде қатты таңғалады", - дейді ол "Тарих. Тағдыр. Тұлға" деректі фильмінде.Қашаубаев тергеу протоколында Мұстафа Шоқай өзіне хат бергенін айтады."Кетер кезде ол маған Байтұрсынов пен Дулатовқа сәлем жолдап, блокноттың тілдей парағына өз қолымен олардың аты-жөндерін жазып, хат жолдады. Париж сапарынан кейін мен Қызылорадада болып, Байтұрсынов және Дулатовпен бірнеше рет кездестім. Олар шетте жүрген Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы қызықтап көп сұрады. Мен Мұстафа шетелде шығатын түрлі баспалар мен газеттерде қызмет істеп жүргені туралы айтып бердім. Мұстафа Шоқайдың Байтұрсынов және Дулатовқа жолдаған хаттарын жоғалтып алдым. Мен оны көп іздедім. Бірақ таба алмадым", - дейді ол тергеу протоколында.1925 жылы Әміре Қашаубаев Францияға сапарынан соң, НКВД-ның назарына түседі. Ал 1927 жылы Қашаубаев тағы да шетелге сапар шегеді. Бұл жолы ол көп ұлтты кеңес одағы делегациясы құрамында Майндағы Франкфуртте өткен көрмеге қатысып, ән айтады. Онда ол тағы Мұстафа Шоқаймен кездеседі. Оның бұл әрекеті коммунистік партияға ұнамайды. Әнші елге оралған соң, оған қатысты ашық және аяусыз қудалау басталады.
Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбек Анатолий Луначарский Әміренің талантын мойындағанын, бірақ оның өлімінен соң, қудалау басталғанын атап өтті."Әміренің талантына, дарынына сүйсінген Анатолий Луначарский оны тікелей қолдаған еді. Ол кезде Луначарский ағарту наркомы қызметінде. Сондықтан Әміреге ашық тиісуге ешкім бата алмайды. Бірақ Луначарский қатты ауырып, 1930 жылы қайтыс болады. Ол өмірден өткен соң, Әмірені қудалау басталады", - дейді ол. НКВД жендеттері оның үйін еш рұқсатсыз тінтіп, еш нәрсе таба алмайды. Алайда олар түнде әншіні үйінен алып кетіп, жиі тергейтін болады. Қазақ актері Серке Қожамқұлов Әміренің бірде жұмысқа қан-жоса болып келгенін жазады."Әміре бірде жұмысқа қан-жоса болып келді. Біз не болды десек: "Ештеңе сұрамаңдар! Бәрібір айтпаймын" деп жауап берді. Алайда кейін ол түн мезетінде мемлекеттік саяси бірлестік басқармасына апарып, тергейтінін айтты. Бірі тергеп, екіншілері ұрып-соққан. Сондай-ақ осы қылықтарын біреулерге айтса, онда отбасың да оңбайды деп қорқытқан", - делінген Әміренің досы қазақ драма театрының режиссері Серке Қожамқұловтың естелігінде.Серке Қожамқұловтың тағы бір естелігінен:"Оның Парижден келген жылы еді. Әміре жұмысқа жылап келді. Мен оған "Ойбай, не болды?" дедім. "Сендер менен сұрамаңдар, мен айтпаймын. Айтсам, бәле болады. Олар менің отбасымды оңдырмайды" деп жауап берді. Күш бермей, соңында айтқыздық. Сөйтсек, тыңшылар келіп, оны түнде үйден алып кетіп, жердің астындағы қараңғы бөлмеге апарған. Онда "Мұстафа не деді? Не берді?" деген сұрақтарды қойып, тергепті. Кейін көк ала қойдай ғып сабаған. Бұл жағдайды маған Әміре жылап тұрып айтты".Ал кеңес композиторы Евгений Брусиловский Әміре Қашаубаевтың қатты күйзеліске түскенін айтады."Операға дайындық жүріп жатқанда Әміре Брусиловскийге барған. "Жасыратын түгі де жоқ. Арақтың иісі шығып тұрды. Жағдайы мәз емес еді. "Кешегі Францияда ән айтқан Әміре мен жанымдағы тұрған Әміреге көзім сенбей тұрды". Мұны Брусиловский өз естелігінде жазып қалдырған. Тыңшылар Әмірені сондай күйге жеткізген болып тұр ғой", - дейді тарихшы Жарқын Шәкәрім.Ақыры 1934 жылы Әміре Қашаубаев театрдағы жұмысынан босатылады. Атақты әнші сүйікті кәсібінен қол үзген соң, қатты қайғырып, күш-қуаттан айырылады.
Композитор, дирижер Ахмет Жұбанов 1934 жылы Әміренің соңғы рет өнер көрсеткенін есіне алады."1934 жылдың басында Алматыда қазақ әндерін граммофон таспаларына жазатын топ келетін болды. Халық ағарту коммисариатындағы жиын қазақ ән өнерінің байқауына айналып кетті. Ең соңында Әміре шықты. Оған дейін ол бір бұрышта басы салбырап отырған. Барлығы Әмірені жиынға келмейді, келсе де, ән айтпайды деп ойлайды. Кенет ол басын жұлып алып, кеудесін тіктеп, дүр сілкінгенде, түрі жарқырап шыға келді. Әуенге елітіп, жан-тәнімен беріліп, төгілте жөнелді. Жеті ме, сегіз бе ән орындап, қара терге малшынды", - дейді ол өз естелігінде.Жұбановтың айтуынша, халық ағарту коммисариатының кабинетінде құлаққа ұрған танадай тыныштық тұнады."Бәрі бастарын шұлғып, бір-бірімен сыбырласады. Тіпті, Әміре енді ән айтпайды деп, сырттай көре алмай жүргендердің өзі еріксіз езулеріне күлкі үйіріп, оған тәнті болғандай кейіп танытты. Әміре болса, маңдайынан жауған терді, көзінен үзілген жасты ешкімге білдіртпей сүртті де, кабинеттен тез басып шығып кетті. Бұл оның соңғы рет ән салып, талантының соңғы тиегін ағытқан сәті еді", - деп жазды Ахмет Жұбанов.
1934 жылдың 7 қарашасында әнші Қазан революциясына орай Алматыда "Қыз-Жібек" операсын қою үшін үлкен премьераға дайындалады. Күләш Байсейітовамен бірге сахнаға шығып,Төлегеннің партиясын орындау Әміренің арманы болады. Алайда сол жылдың 6 қарашасына қараған түні 46 жасында қақаған қара суықта Алматы көшелерінің бірінен Әміре Қашаубаевтың өлі денесі табылады. Ол Алматыда жерленеді.Қашаубаевтың жұмбақ өліміне қатысты сан түрлі болжам бар. Оның бірі – әншіге удың берілуі. Бірақ бұл болжамды нақтылайтын бірде-бір құжат жоқ. Тек бір анығы Әміре Қашаубаевтың қазасы кездейсоқ болуы мүмкін емес еді. Өлерінің алдында композитор Ахмет Жұбановпен кездесіп, "егер маған бірдеңе болса, балаларыма қарайласып, қамқор болшы" деп өтінішін айтқан. Ахмет Жұбанов Әміре маған келіп, "мен өмірден өтсем, екі қаршадай қызыма қол ұшыңды бер, көмектес" деп айтқанын естелігінде жазған", - дейді тарихшы Жарқын Шәкәрім.Алайда кеңес билігі әнші өкпенің қабынуынан қаза тапты деген қорытынды шығарып, осы болжамды ресми айғақ ретінде рәсімдейді. Алайда Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбек бұл ақылға қонымсыз болжам деген пікірде."Өкпесі ауырды деген диагноз қойылады. Бұл ақылға сыймайтын дүние. Біріншіден, әншілер өкпе ауруымен жиі ауырмайтын. Екіншіден, өкпенің қабынуы бір күнде болатын дүние емес. Әміре төртінші қараша күні репитициядан сау болып шығып, ертеңінде өліп қалмайды ғой. Ол да қисынға келмейді. Енді жүректің ауруынан ажалы жетті десе оған сенуге болады", - дейді маман "Тарих. Тағдыр. Тұлға" деректі фильмінде.
Әншінің өліміне НКВД қызметкерлерінің тікелей қатысы бар екенін мына құжат анықтайды.
"Қазақстанның қазақ эмигранты Мұстафай Шоқаймен байланысы баяғыдан қалыптасқан. Ол сонау 1924 жылы Семей мен Ақмолада шығарылған үнпарақтардың негізінде Парижде басылатын діни газетте "Аштық" деп ат қойып, Қазақстанда 450 мың қазақтың ашаршылық азабын тартып жүргенін жазған. Сонымен қатар Шоқай Парижге барып қайтқан әнші Әміремен байланыс орнатқан. Шоқайдың бұл байланыстары елдің саяси-қоғамдық өмірінен хабардар болып отыруына мүмкіндік береді. Оған Шоқайдың партияаралық топтардың мүдделері туралы діни газетінде жариялаған "Жаңғыру" атты мақаласы дәлел", - делінген "Тарих. Тағдыр. Тұлға" деректі фильмінде.
Қашаубаев өмірден өткен күні "Казахстанская правда" газетінде жазушы Сәкен Сейфуллин "Мәдениеттің марғасқалары Анри Барбюс пен Роман Ролланды өзінің табиғи талантымен тәнті еткен Әміре деген әнші өмірден өтті" деп естелік жазды. Әміре Қашаубаевты соңғы сапарға бүкіл халқы арулап аттандырды.Композитор Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, "Балқадиша", "Бес қарагер", "Көк көбелек" тағы басқа әндерді жазып алып, "Қазақтың 500 әні мен күйі" жинағында жариялады.Әміренің әншілік қабілетін кезінде қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Иса Байзақов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Елебеков, Құрманбек Жандарбеков пен Ахмет Жұбанов әрі әлем мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс өте жоғары бағалаған."Әміренің халық әнін айтуда лиризмі, дауысының тембрі аса сұлу болды. Сондай-ақ оның әнді ұзақ шырқауға лайықты дауысы болған. Әміре өзінің әнімен сол кездегі ұлы адамдардың барлығын тәнті еткен", - дейді жазушы Сұлтан Оразалин.Ал қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы, актер Қалибек Қуанышбаев естелігінде Әміренің адал адам болғанын жазады."Ол – дара тұлға, ақкөңіл, шыншыл, әзілге де бар, қолы ашық жан. Бір нәрсеге ренжіген кезде бала сияқты бұртия қалады. Бірақ жанына барып, "Қашаубай қараның баласы сен бе?" деп бүйірінен түртіп қалсаң болды, өкпе-назын ұмытып, балаша күліп, жадырап шыға келеді. Ол салған әннің бәрі жаңғырып, жан бітіп, жаңарып, түрленіп, шыға келетін", - дейді әртіс.Әміре Қашаубаевтың таспаға басылған әндері ұзақ уақыт жоғалғандардың санатына жатқызылған. Қазақстанда сақталып қалуы да екіталай еді. Алайда оның жанды дауыспен шырқаған әндерін 1974 жылы тарихшы Жарқын Шәкәрім Мәскеуден тапты.
Әміре Қашаубаев өмірлік жары Оразкені Семейде кездестіреді. Ол да қарапайым шаруадан шыққан тарақтының қызы еді. Ерлі-зайыптылар тағдырдың қуанышы мен жұбанышын бірге кешеді. Әміренің басына іс түскенде оның мүжіліп, жүнжіп кетпеуіне Оразкенің махаббаты септігін тигізеді.1926 жылы Әміре Қашаубаевтың үлкен қызы Күлән, 1927 жылы кіші қызы Күләш дүниеге келеді.Талантты әншінің қазасынан соң, оның ұлы дүниеге келген. Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады."Халық соңғы сапарға Әмірені шығарып салды. Осы уақытта Оразке жүкті екен. 40 күннен кейін босанып, дүниеге ұл бала әкеліпті. Әміренің достары Иса байзақов, Елубай Өмірзақовтар қуанып, үйіне келіп, сол кішігірім қуанышқа ортақтасқан. Актер Серке Қожамқұловтың өзі ұлдың атын "Әміржан" деп қоюға ұсыныс айтады. Бірақ нәресте апақ-сапақта 40 күнге жетпей шетінеп кетеді", - дейді Жарқын Шәкәрім "Тарих. Тағдыр. Тұлға" деректі фильмінде.Кейін Әміре Қашаубаевтың отбасы жалған жаланың азабын тартады. Сотталмайды, қуғынға ұшырамайды. Бірақ ел ішінде "халық жауы" деген қаңқу сөз тыйылмайды. Осы азапты ауыр күндерге қарамастан Оразке қыздарын өсіріп, бой жеткізеді. Ол 1950 жылы құрт ауруынан көз жұмады. Ал әншінің қызы Күләш әке жолын қуып, музыкант атанады.
3. БММ репертуарынан әнге талдау жасау.
№13 билет
1. Мектеп қабырғасындағы баланың дауысын анықтау, әрі дамыту.
Бала дауысын анықтайтын әрі арттыратын сатыда, баланың дауысын кез-келген әнмен оңай анықтауға болатынын және бұл жастағы балалардың басым көпшілігі дауыс ауқымы кең, ашықғ әннің ішіндегі кейбір иірімдерге иілмейтін өте қатты дауыстарының қатарынан болып келетінін көпжылдық тәжірибелерден байқалады. Сондықтан бұған көп уақыт кетіруді жөн көрмей, керісінше бұл сатыда неғұрлым дауысты дамыту мәселесіне көбірек тоқталуды жөн көреміз.
Жалпы 10 немесе 12 жас аралықтарында домбырамен ән салуды үйренуге келген
балалардың дауысын анықтап, оны әрі дамыту тікелей балаға берілетін репертуармен байланысты. Репертуарда берілетін әндердің құрамы олардың жас ерекшелігі мен дауыс ерекшелігі мен дауыс ауқымы мүмкіндігіне сай келуі тиіс. Баланың дауыс ауқымы мүмкіндігін ескеріп, оған сай әндер домбырада орта буында басталса, дауысты дамытуда кейін кіші сағаға ауысады. Балалардың дауыс мүшелерінде бұлшық еттердің дамуы шамамен 12 жаста толығымен тұрақтайды. Осы уақытта баланың дауысы жоғары дауыста айтумен ғана емес, сонымен қоса, кеуде резонаторлары қосылып дыбыс шығару мүмкіншілігін арттыра түседі.Бұл тұста үйретуге болатын әдістемеде ұсынылған халық әндері шамамен: «Гүлдерайым», «Әй, угәй», «Сусамыр елдің жайлауы», авторлық әндер: К.Әзірбаев «Ой, жайлау», Н.Тілендиев «Саржайлау», Б.Тәжібаев «Ақ бұлақ» және т.б. әндер. Бұл әндер әуендік құрылысы жағынан бала дауысына тең, әннің мәтіндері бала санасына қонымды әрі жаттауға тез. Бір сөзбен айтқанда, нағыз баланың дауысын ашып, одан әрі дауысты жетілдіруге мүмкіндік беретін әндер. Сонымен қатар бұл әндер баланың домбырада қостап тартуына өте ыңғайлы.
2.Үкілі Ыбырай
Ыбырай бұрынғы Көкшетау, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты «Жалғызтау» бөктерінде 1858 жылы дүниеге келген. Ыбырайдың арғы атасы Сәбден батыр. Әкесі Сандыбай да сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі болғанмен кедейліктің мехнатын көрген жан еді. «Әке балаға сыншы» демекші, бойында өнердің ұшқыны бар баласына зергерлікті мирас етіп қалдырам деген ойы іске аспай, әнші Ыбырай ойын-тойда ән салып, серілік құрғанды тәуір көреді. Сұлу қыз, құмай тазы, жүйрік ат пен қыран бүркіт - жастық шағының құмары болған ол кезі келгенде бірер ауыз өлең шығарып, жүрген ортасын думанға бөлейді. Ел қыдырған серілік шақта Хакима атты қызға ғашық болып, айдай аруды аққуға теңеп, «Гәкку» әнін шығарады. Аңыз бойынша Ыбырай сегіз жасында түс көреді. Ел Сасықкөлдің жағасында екен. Көлдің маңында біреудің айғайлаған даусы естіледі. Қараса, қолына домбыра ұстаған ақсақалды шал. Ол Ыбырайға жақындап: Шырағым, мынаны саған сыйладым, - деп домбырасын ұсынады. Ыбекең ақсақалдың сыйын қабыл алады. Сол күннен бастап ән шығарғыш болып ,атағы елге жайылған деседі.
Біржан сал жас Ыбырайды алғаш рет тыңдағанда Ақан серіге қарап: «Ақанжан-ай, ертіп келген шәкіртіңе қанықтым, шын бақытты жан екенсің: қазақта жылқының перісі Құлагер саған бұйырса, ақынның перісі осы інің болар. Қазақ әнінде өзім жеке дара тұрмын, өзгелерге Ыбырай жеткізбес», – деген сөзін халық ақыны, әкемнің ағасы Молдақмет Тырбиұлынан естіп едім. Кейін осыған ұқсас сөзді әйгілі әдебиет зерттеуші Е. Смайыловтан да оқыдым. Бұл ағамыз: «Ыбырай — шын мәніндегі ұлы өнерпаз», – деп жазып кетті. Ыбырай Атбасар өңірінде жүріп сұлу да жібек мінезді Алтынай есімді қызға ғашық болады. Екі жас бірін-бірі ұнатқанмен біреуге айттырып қойған қыз ата салтын бұза алмайды. Сол жолы ғашықтық сезіммен «Алтыбасар» әні туады. 1923 жылы Иса Байзақ Қызылжарға келеді. Исаның осы елге келгенін естіп, Сәбит Мұқанов Үкілі Ыбыраймен жолықтыру үшін Ыбекең түскен үйге оны алып келеді. Одан әрі әңгімені Сәбит атамыз жалғастырады. Бұл естелік Қазақ радиосының алтын қорынан алынды.
Сәбит Мұқанов: «Мен Исаны 1922 жылы көрдім. Қызылжар қаласында Аққатынның Қалиының үйінде Жанпейіс дейтін жақын адам пәтерде тұратын. Үкілі Ыбырай ақын келіп сол үйде жатыр екен. Кешкісін бір саба қымыз алып сол үйге қонақ шақырды. Жұрт жинала бастады. Мен жасым кішірек болған соң Исаны алдырайық деген соң арбакеш алып, ақынды іздеп сол кездегі Ақмола губерниясының атқару комитетінің төрағасы Мұқаш Орынбаев деген жігіттің үйіне келдім. Облыстық атқару комитетінің қара арғымағымен мен фаэтон арбасына қатар мініп келе жатырмыз. Иса психолог болатын. Кескініме қарап болжап қойды. - Сәбит, сенің кескініңде бір сұмдық бар, бір жерге ұрындыруға әкеле жатқан жоқсың ба? Түсің соған келеді - деді. - Ел жиналып, сіздің Үкілі Ыбыраймен айтысқаныңызды қалап отыр, ақынмен қағысқаныңызды қалап отыр - дедім. - Жоқ, әкемдей кісімен қағыспаймын. Ақындық жолға түскендегі ұстазым, пірім Құдайбергенді жеңген адаммен айтысқаным жараспайды: Сұрасаң менің атым Құдайберген, Халқыма айтқан сөзім ұнай берген. Түсіме Қызыр Ілияс кірген шақта, Қол созып домбыраны сұрай бергем, - деп Құдайбергенді жеңген жуан сіңір ақын ғой, Ыбырай» деген сонда Иса Байзақов. Үкілі Ыбырай екпіндете өлең айтқанда дауылдатып, астан-кестен ғып жіберетін. Болат деген байдың үйінде өлең бастап «әу» дегенде сол үйдегі күлін алып тастаған нан пісіретін пештің қасында ұйықтап жатқан мысық шошып кетіп, ыстық пешке кіріп кеткені әлі есімде. Ыбырайдың дауысы күшті болушы еді. Есіктен кірген Исаны көріп, Ыбырай: « Кеңес келбіріңкеден, жүйрік бестіден» деуші еді, маңдайы, мұрны, ернінің бітуі алдына қарай шауып тұр екен. Мынау нағыз өрен жүйрік болар -деген. Иса айтысудан бас тартып,Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнінің әуенімен қырық ауыз арнау поэмасын сол арада шығарып, көпшілікті тәнті еткен». 1927 жылы жазда Сәкен Сейфуллин Қызылордадан Көкшетау өңіріне жер бөліс науқанын өткізуге барады. Сәкен Ыбыраймен Бурабайда кездеседі. «Көкшетаудың биігі-ай» деп ән бастап, шарықтау шегіне жеткенде: - «Япырай, мұндай да биік, көркем дауыс болады екен! - деп әншіні құшақтап бетінен сүйген де бірер ауыз өлең арнаған еді.
Үкілі Ыбырай алпыстан асқан шағында «Қалдырған» әнін шығарады. Ыбырай тағы да түс көреді. Түсінде сұлу келіншек күлім қағып, оң шырай білдіріп, әсем ән салады. Ояна келсе әлгі ән ойында сайрап тұр екен. Қолына домбырасын алып тартып көрсе ән сазына өлең иірімдері келе бастайды. Осы кезде жан досы Сұраған есіктен кіріп келсе керек. Сондағы шыққан әнді Қапаш Құлышева орындап жүр. Мен Үкілі Ыбырайдың әндерін бала кезімнен көп тыңдадым. Қызылжар өңірінде Шалақын ауданынан қарасты Қоскөл аулы бар. Сол ауылда серілерді көзін көрген айтыс ақыны, әнші атамыз Игібай Әлібаев тұратын. Бұл ауыл біздің ауылға үш шақырым жерде еді. Игібай ақын біздің үйге жиі келетін. Сондағы сүйіп айтатын әндерінің бірі - Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асығы» еді. Бұл ән мың құбылған әуезділімен, жарасымды әзілімен әсерлі. Ыбырай ертегі, дастандарды жатқа білетін. «Тотының тоқсан тарауы», «Алтын балық», «Мұңлық-Зарлық», «Қыз-Жібек» дастандарын, Сәкеннің «Көкшетау», «Оқжетпесін» жатқа айтады екен. ... Көкшетауда күзгі жәрмеңке өтіп жатқан шақ. Салт атты адамдар қоршаған ортада Үкілі Ыбырай ән салып тұр. Сақал-шашы аппақ қудай. Үстінде барқыт жағалы, әдемі тігілген кең түйе жүн шекпен.Ұзын балақты қоңыр шалбарын етіктің сыртынан жіберген, басында құндыз бөрік. Қолында үкілі домбыра. Халық тым-тырыс әншіні тыңдап тұр. Дүниені жаңғыртқан атақты әншінің құдіретті даусы бірде шырқай биіктей қалықтаса, енді бірде сезім иірімдерімен өрнектеле әсер береді. Сол бір ән сарайынан күңірене шыққан дауыс тыңдаушысын ұйыта түскендей. «Уә, пәлі, өркенің өссін, Ыбырай» деген дауыстар тұс-тұстан алғысын жаудырды,- деп еске алады өз естелігінде белгілі ғалым Есмағамбет Ысмайылов. Ыбырай өнер иесіне тән ойнақы да ерекше мінезімен жұртқа жаққан. Бірде өткір, бірде әзіл аралас сөздерімен, терең ойлы әндерімен тыңдаушысын баурап, жүректерге жол тапқан. Ыбырай Сандыбайұлы Кеңес заманында қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыздан-жазықсыз халық жауы атанады. «Басқа пәле тілден» демекші, қазақта жер дауы, жесір дауы деген болған ғой. Шабындық жер үшін Молдахмет Күдербековпен сөзге келген Ыбырайдың соңынан сыныққа сылтау іздеген аңдушылар көбейеді. Ол аздай Кәден деген кісінің келіншегі сүймей қосылған соң күйеуін менсінбей, Ыбырайдың туған інісі Шалғынбаймен көңіл қосады. Бұл іске де Ыбырайдың көп көмегі тиеді. Мінекей, осыдан бастап ОГПУ- әнші-композитор Үкілі Ыбырайды қудалай бастайды. Сөйтіп, өкпеге қиса да өлімге қимайтын ағайын ел еркесі, арқалы айтыс ақыны Ыбырай Сандыбайұлының 70-тен асқан шағында көп мұңлықтың бірі болып ақ түрменің торынан телміруіне себепкер болады. 1959 жылы Жоғарғы Кеңестің депутаты, халық жазушысы Сәбит Мұқанов сол кездегі Қазақстан Орталық комитетінің хатшысы Жанділдин жолдасқа Ыбырай Сандыбайұлының ақталуы жөнінде жазған хатында: «Атағы кең тараған қазақтың ақынын, әрі сазгері Ыбырай Сандыбайұлы 1929 жылы «істі болып» кулак есебінде сотталып ұзамай өлген. Ол тамаша өлеңдерімен көпшілікті думанға бөлеуші еді. Ыбырай қазақ мәдениетіне өз үлесін қосты, оның бір ғана «Гәкку» әні «Қыз Жібек» операсының арқауы болып, Күләштің есімін әлемге паш еткені баршамызға белгілі. Нақақтан жала жабылып, қуғын-сүргін құрбаны болған халық ақыны Ыбырай Сандыбаевтың ақталуын шындық талап етеді. Осымен қоса мен Ыбырайдың 1924 жылы түскен суретін тапсырамын» деген екен Сәбең. Осы хаттан кейін Орталық Комитет Ыбырай ісін қайта қарауды тапсырады. 1959 жылдың 22 желтоқсанында Үкілі Ыбырай ақталады. Халқымыздың ұлттық өнеріне үлес қосып, «Гәкку», «Сүйгенім кетіп барады қасыма еріп», «Қаракөз», «Қарақат көз», «Жиырма бес», «Жаймақоңыр», «Қараторғай», «Шалқыма», «Қалдырған», «Алтыбасар», «Аңшының әні», «Қызыл асық», «Сұлу Көкше» сынды әндерімен есімі ел ішінде жатталған қайталанбас дара тұлға, табиғи дарын иесі осылайша жарық дүниемен қоштасады. Шындық үшін шырылдаған ғазиз жан әділетсіздік пен саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болады.
Ыбырай жинағындағы [2] «Маңмаңгер», «Майда қоңыр» әндері ертеректегі зерттеулерде Ақан серінікі делінгені де мәлім. Сол пікір дұрыс па дейміз.Өйткені, бұл әндерде Ақанның екпін сазы байқалады. Сері жүйрік ат, алғыр қыранды әніне көбірек арқау еткен ғой. Оның атақты «Құлагер», «Көкжендет» әндері осының айғағы. «Маңмаңгерді» де соның қатарына қойған орынды. «Майда қоңыр» әнін алғаш рет жазып алған А.В.Затаевич өзінің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының 92ескертуінде: «Егер мен ұмытпасам, Найманбаев маған бұл әннің авторы «Құлагерді» шығарған Ақан сері деген еді», дейді.Шынында, жиырмасыншы жылдары айтылған деректі мойындамасқа болмайды. Қазіргі уақытта «Аңшының әні» үлкен дауға айналып жүр. Бірде Шыңжаңда туған ән десе, енді бірде Ыбырай Сандыбайұлыныкі деген пікірде толастар емес. Ән тарихын қозғағандардың қайсысына сенеріңді білмейсің. ЬІбырайдыкі болса, Дәнеш Рақышев радиодан жаздырғанша неге ешкім естімеген деген заңды сауал туады. Ыбырайдыкі емес десең, жиырмасыншы жылдары жарық көрген өлең текстерін қайда қоясың? Аталмыш ән «Бір қызық ит жүгіртіп, аң ауласа» деген атпен жарияланған. («Қызыл Қазақстан» журналы. 1924. N 7, 8, 9 сан дар).«Аңшының әнінің» биік дәрежеге көтерілуіне әнші Дәнештің дарындылығы ықпалын тигізгені ақиқат. Өйткені бір ауыл мұғалімінің айтуындағы басаяғы жоқ елеусіз әнді әрлеп, жүйелі өрнегіне келтірген, одан соң Шыңжаң өңіріне ғана емес, бүкіл Қазақстанға таратқан Дәнеш Рақышев құдіретіне бас иіп, әннің өмірлі болуы әншіге байланысты деген қағиданың растығына тағы да көз жеткіземіз.Өйтетініміз Ыбырайдың атақты «Гәккуінің» ондаған нұсқаларының ішінде Иса Байзақовтың Б.Г.Ерзакович жазып алған түрі әннің жұлдызы болып кетпеді ме? «Аңшының әні» де кезінде жақсы әншінің арқасында аса көркем туындыға айналды. Біздің білетініміз Ыбырай өлеңдерінің бәрін әнмен орындаған әншікомпозитор. Ол төл музыкасымен қатар, халықтың әуенсаздарын да пайдалануы мүмкін. «Аңшының әні» дәл сондай шығармалардың бірі болуы ғажап емес. Сондықтан да бұл ән туралы дауды доғарып, Ыбырайдың авторлығына бірауыздан қол қоятын мезгіл жетті.Көптеген халық композиторларының шығармашылығы сияқты Ыбырай әндерінің ішінде махаббат лирикасы молырақ көрініс тапқан. Қағаз бетіне түспей, ауыз екі таралған әндердің мәтіндерінде қыздардың сұлулығын суреттейтін теңеулерді жиі кездестіреміз. Сондай ғашықтық әндердің бірі «Гәккуде» автор сүйген қызы Кәкиманы аққу құсқа теңейді: Шомылған айдын көлде сіз бір аққу, Мұндай сөз естідің бе бек ләззат алу. Сырнай мен домбыраның арасында, Балқыған қорғасындай қайран гәкку. Ән қайырмасындағы өлең аққу үніне ұласатын «Гәкку, гәкку» деген одағайлармен шебер үйлесім тауып, автордың ойқиялынан туған арман мен зарды жаңғырықтырып, күшейтіп тұрғандай әсер береді.
Гәкку» әнінің төрт нұсқасы бар. Бұл заңды да. Өйткені ол кезде қағазға түспеген ән әуенін автордың қайта қарап, сан құбылтып, жүз түрлентіп, құлпыртып отырғаны белгілі. Ал, Ыбырайдың аузынан естіп, үйренген басқа орындаушыәншілер өз жанынан тағы да қосымшалар қосып, қайырымдарына кейбір өзгерістер енгізулерінің арқасында бір әннің бірнеше түрлері пайда болады.Сонымен «Гәккуді» айтып, нотаға жаздырған төрт әншінің нұсқаларында біраз интонациялық айырмашылықтарының болғанымен де, бірақ бәрінің де түп төркінінің біреу екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Солардың ішінен жұртқа кеңінен тарап айтылатыны Иса Байзақовтан жазылып алынған ең бір көркемделген түрі. Ән әуенінің әсемдігі, көркем нәзіктігі, шеберлігі жағынан алдыңғы қатардағы туындылардың бірі екені дау туғызбайды.Отызыншы жылдары «Гәкку» ұлттық мәдениетіміздегі тұңғыш опера композитор Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» Жібек қыздың ариясы болып жаңа түрге иеленді. Ән ертеректе домбыраның ғана сүйемелдеуімен бір үйдің, бір ауылдың шеңберінде орындалып, қанатын жайып ұша алмаған қыран құстың бейнесіндей көрінсе, опера сияқты күрделі жанрға арқау болғаннан кейін мың құбылған оркестрдің үніне ілесіп, биікке самғап кетті.Әнші аузынан шыққан «Гәкку» дүниеге жаңадан келгендей қалыпқа түсіп, миллиондаған халықты тамсандырған рухани азыққа айналды. Сондықтан да әрбір әнші өз репертуарына осы әнді енгізуге тырысады. «Гәкку» әнінің әуендік желісі төменнен жоғарыға октаваға қарай қозғалыста болатын саздар арқылы өрбіп, дамыса, формалық жағынан қайырмасы бар екі бөлімді куплеттен тұрады. Ән негізінде (3+4+4) өлшеміндегі 11 буындық өлеңмен құралғанымен де бірақ қосымша (ай) одағайы әннің бірінші бөлігінің шумақтық формасын кеңейте түседі.Әннің мәтіндерінде жиі ұшырасатын (ай, ей, шіркін, т.б.) сөздерін қолдану жағдайы қазақтың халық музыка шығармашылығында жиі кездесетін құбылыс. «Гәккудің» басталысындағы бірінші және екінші әуен жолдары интонациялық құрылымы тұрғысынан бірінбірі қайталайды. Ал, үшінші әуен жолдарының өзіндік ерекшеліктері бола тұра алдыңғы музыкалық эпизодтардың варианттары сияқты.Мұндай басталыс лирикалық әуездік стереотиптік дамуды іске асырады да жоғарыға өрлеп тұйықталған қозғалыс секста аралығына көтеріліп, одан әрі жоғарғы тоникаға орнығады. Төртінші әуен жолдары кульминациялық кезеңге жеткенде миксолидийлік септима пайда болып, біраттас ладтық ауыспалылығын туғызады.Дәл осындай сәтке байланысты профессор Б.Г.Ерзакович былай дейді: «Кеуденің (запев) соңғы сөйлемінің VII төменгі сатысындағы жаңа әуендік материалдардан пайда болатын келесі қайырмалық периодты баса көрсете отырып, үш бөлімді симметрия туғызады» [3], деуі өте орынды айтылған пікір. Әннің соңғы қайырма бөлігі «Гәкку» деген одағайлармен және алексикалық куплетті формадағы дербес жаңа музыкалық материал ретінде көрінеді. Ел арасына кеңінен тараған "Гәкку" әні Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Е.Г.Брусиловский "Гәкку" әнін "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы). "Арарай" әнін "Ер Тарғын" операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай өндерін алғаш нотаға түсірген А.В.Затаевич пен И.В. Коцык. Ыбырай ақындық өнерімен де әйгілі болды. Ыбырайдың өлеңдерін "Бостандық туы" газетіне жариялап, ақынның творчествосы туралы келелі пікір айтқан жазушы С.Мүқанов, сондай-ақ әдеби мұрасын байсалды зерттеген әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов болды. Драматург Ш.Хүсайынов Ыбырай туралы "Қайран Гәкку" пьесасын жазды. Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. Оның бір саласы жастық шақтың қызығын жырлауға арналған. "Қарақат көз", "Тойда бір нүрың балқиды", "Қаралдым" т. б. өлеңдері жастықтың нәзік сезімін шертеді. "Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа" өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді. Революцияга дейінгі өмірді көзімен көрген ақын советтік жаңа заманды, теңдік алган кедейлердің қуанышын ("Октябрьдің жеңісі", "Отарба") паш етті. Импровизатор Ыбырайдың тыңнан суырып салып айтқан өлеңдері де (Доскей, Есімбет, Қожақмет ақындармен айтыстары) көп.
3.БММ репертуарынан әнге талдау жасау.
№14 билет
1.Дауыс күтімі
Әрқандай әнші өзінің дауыс күтімін күнделікті тұрмыс дағдысына айналдыра білу керек. «Дені саудың – жаны сау» демекші, дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі, өмірі арайлы болатыны хақ. Алайда, адам денесіндегі болымсыз сырқаттың өзі де көңіл-күй мен дауысқа әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да дауыс күтімінің басты шарты адам денінің саулығында.
Дауыс күтуде көңіл бөлетін жайттар:
1.Дұрыс тамақтану. Ән айту үшін күш-қуат керек, сондықтан уақытында ас ішу, дәрумені мол тағамдарды пайдалана білу керек.
2.Демалысқа көңіл бөлу. Күнделікті демалыс, әсіресе түнгі ұйқы 8 сағаттан кем болмауы керек. Түнгі ұйқы жеткілікті болғанда адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі, жеңіл әрі күш-қуатқа толы, дауыс жаңғырығы да тұнық болады.
3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ішімдік, темекіден аулақ болу. Ішімдік әншінің табиғи дауыс бояуын бұзатын фактор. Ал, темекі адамның созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
4.Көп сөйлемеу. Көп сөйлеу дауысты тез шаршатып әлсіретеді. Өйткені, сөз сөйлейтін дыбыстың орны кеңірдек пен өңештің маңайынан шығатындықтан тамаққа күш түсіп, дауыстың жарық шақтануы мен қарлығуға әкеледі.
5.Спортпен шұғылдану. Әнші өз денсаулығына қарай лайықты спорт түрін пайдалана білуі керек. Мысалы: жаяу жүру, жеңіл жүгіру, би билеу сияқты спорттың жеңіл түрлері өкпені ашуға, қақырықты түсіруге пайдасы тиеді. Алайда, үлкен қарқынды өкпеге және тамаққа күш түсіретін әрекеттерге бармаған жөн.
6.Тазалыққа мән беру. Қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп тұмау, тамақ ауруларынан (ангина) сақтану. Тұмау адамнан адамға жұғатын бактериялардың өршіп-өрбіп адам денесінің қуат күші әлсіреген кезі. Кей адамдарда ыстық-суықтан тамақ бездері ісініп. Іріңдеп, дене ыстығы көтеріліп, басы ауырып мазасы кетеді. Ондай жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгіну керек. Емделу барысында күнделікті үйде де тісті тазалап, ауызды тұз немесе сода ұнтағымен шаюға, лимон және бал қосылған ыстық шай ішіп, ижақсы тамақтану, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармау сияқты жақтарына көңіл бөлу керек.
2.Балуан Шолақ
Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ (1864-1919) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.
Оның күреске он төрт жасынан түсіп, небір алып қарсыластарын жығып жүргенін, шауып келе жатқан жүйрік ат үстінде шалқалап жататынын, ер үстінде түрегеп тұрып, немесе аяғын көкке көтеріп төбесімен тұрған қалпы шабатынын, жүйткіген аттың біресе оң жағынан, біресе сол жағынан жерге түсіп, қайта мінетінін, ат бауырынан жеңіл айналып өтетінін жұрт тамсана әңгімелейтін. Оның цирк өнеріне тән спортшылық ептілікті шебер игергендігімен қоса, бойындағы күштің жойқындығын неше түрлі амал-тәсілмен көрсететіні, елу бір пұт кір тасын көтергені, орыстың әйгілі кәсіби палуаны Кореньді (өз айтуында – Каронды) жығуы мысал етілетін. Ол Көкше алқабының дүлдүлдері Біржан сал мен Ақан серіні ұстаз тұтты. Олардың әндерін нәшіне келтіре орындады. Өзі де өлең, ән шығарып, әуелете шырқады. Оның даңқы Көкшетау өңірінен асып, күллі қазақ өлкесіне тарады. Шартарапта барша жұрт оны құрметтеп қарсы алып, төбесіне көтерді. Өнеріне сүйсінді. Көргендерін, естіген-білгендерін аңыз етіп айтып, ауыздан-ауызға жеткізді. Сөйтіп ол көзі тірісінде-ақ аңызға айналды.
Оның шын аты Нұрмағамбет болатын. Баймырза баласы Нұрмағамбет. Балалық шағында бір оқыс оқиғаға ұшыраған екен. Құрбыларымен алау басында арқан тарту ойынын ойнап жүргенінде. Арқанның екінші ұшынан тырмыса тартысып тұрған құрбыларына бір өзі дес бермей, қарсыласқанында. Арқанды қатты жұлқып қалғанында бар серпінімен отқа құлап, бір қолының саусақтарын күйдіріп алған көрінеді. Күйген қолы көпке дейін жазыла қоймай, шаруаның бәрін бір қолымен істеуге мәжбүр болған. Сонысына қарап балалар оны Шолақ деп атап кетеді. Ал одан көп ұзамай, белдескен теңдесінің бәрін, тіпті өзінен үлкен жігіттерді де күресте емін-еркін жығып көзге түскенінде, әуелде құрбы-құрдастары, сосын ересек әлеумет те әлгі атауға Балуан деген анықтаманы қосып айтатын болған. Сөйтіп Нұрмағамбет Баймырзаұлы осылай, замандастарының аузымен, жас шағынан-ақ Балуан Шолақ атанып кетіпті. Бір аңыз бойынша, ол бозбала шағында ересек ағайынымен бірге тау етегінен қанат жайған базарға келеді. Әлдебір жаршы ширақ айқайға басып, өзі арнайы ертіп әкелген орыс палуанымен күресуге тәуекел ететін талапкерлерді шақырып жатқан. Бәске бір қойдың құны – бір сом тігіледі. Шолақ ойланып жатпастан ортаға ұмтылады. Бірақ палуанның алдына жете бере киімінің етегіне шалынысып құлап түседі. Сөйтіп күреспестен ұтылады. Намыстанып, ертеңіне тағы келеді. Сонда оны мұқатпақ болған палуан бәс мөлшерін күрт сегіз сомға көтереді. Бала оған тоқтамай, шапанын шешіп тастап, белдесуге шығады. Шығады да, палуанды лезде жерге алып ұрады. Жұрт риза болып шу ете түседі, шапан үстіне ақшаны үйіп тастайды. Содан, базарға шартараптан келген көпшіліктің арқасында, Балуан Шолақтың даңқы қырды жайлап кетеді...
Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы 1864 жылы туған. Алғашқы ресми анықтамалықта (Қазақ Совет Энциклопедиясы, 2-т., 1973, 140-б.) еліміздің оңтүстік өңірінде – қазіргі Жамбыл облысы аумағындағы Хан тауының маңында дүниеге келді деп көрсетілген екен. Алайда, бірқатар зерттеушілер (Е.Мырзахметов, З.Қоспақов, Ж.Бектұров, Б.Қыдырбекұлы) 1998 жылы жарық көрген «Балуан Шолақ» жинағына (құрастырған С.Оспанов) енген жұмыстарында бұл деректің жаңсақтығын дәлелдейді. Көзкөргендердің естеліктеріне сүйене отырып, нақты дәйектер келтіріп, оның Сарыарқа тумасы екенін әңгімелейді. Мәселен, жазушы Жайық Бектұров: «Балуан Шолақ өлгенде біз сегіз-тоғыздағы естияр баламыз. Ауыл арасы жақын. Шолақтың есімі де, ат үстіндегі тұлғалы елесі де біздің көзімізге, көкірегімізге ерте қонған» дейді. Оның жазуынша, Балуан Шолақ Ақмола облысының Макин (бүгінгі Бұланды) ауданы аумағында туып-өскен. Бурабай мен Ақкөл арасында ертеде Үйсін, Жағалбайлы, Жалайыр, Алшын, Естек ауылдары болған. Солардың ішіндегі Үйсін ауылы Елтай темір жол стансасы сыртындағы Тастыөзек деген шұрайлы қойнаудан орын тепкен. Балуан Шолақтың ата мекені – сол. Кезінде кіндігі кесілген шаңырағы орналасқан орынға кейін Қызыл кордон селосы салынған көрінеді. Дегенмен «қарағайлы, қайыңды орман, бұлақты өзек қойнауындағы» Балуан Шолақ туып-өскен «ауылдың орны, көңі әлі күнгі көп төмпеш болып сайрап тұр». Балуан Шолаққа туыс болып келетін нағашы атасының әңгімелерін жазушы Естай Мырзахметов еске алады. Көптен естіп-білгендерінің жоғарыдағы пікірге саятын негізгі арқауын алға тартады. «Балуан Шолақ атына бала жасымнан құлағым қанығып та, сол бір қызыл нардың әруағына тәңірдей табынып та өскен жанның бірімін», – дей келе, өзінің көп жәйтке жастайынан куә боп өскендігін көрсетеді. Әулеттік естеліктерді келтіреді, белгілі зерттеушілердің қателескен тұстарын дәлелді сынға алады. Жетісуға келген сапарында Балуан Шолақты көрген адамдардың әңгімелерін жазушы Балғабек Қыдырбекұлы жас кезінде көп тыңдаған екен. Сондағы естігендерін шежіре деректерімен байланыстыра отырып, Балуан Шолақтың бабаларының «Арқаға Шу бойынан көшкенін», ал «онда туған төртінші ұрпақ» Шөкең екенін айтады. Балуан Шолақ «Көкше баурында дүниеге келген» дейді ол сенімді түрде. Бұған бұлтартпас дәлел ретінде ақын-сазгер-әншінің өз сырына – Жетісуда қалған өлеңіне сілтеме жасайды. Сондағы: «Қотыршортан – мен туған – жердің құты» деген жол Шолақтың кіндік қаны қайда тамғанын анық көрсетеді...
Осындай дәйек-дәлелдер нәтижесінде болар, 1999 жылы шыққан «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясында (2-т., 128-б.) Балуан Шолақтың туған жері Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы деп түзетілген. Сонымен, Балуан Шолақтың туып-өскен өңірі – Арқа, Көкше аймағы. Бұл жаққа аталары оңтүстіктен бірер ғасырдай ілгеріде көшіп келген. Әкесі Баймырза өз төңірегіне танымал ағаш шебері болыпты. Тапсырыс берушілерге шаруашылықта, тұрмыста қолданылатын түрлі жабдық, құрал-сайман, бұйымдар жасап берумен шұғылданса керек. Шешесі Қалампыр үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысқан, әйел болғанмен ерге бергісіз күші бар қарулы кісі екен. Балуан Шолақтың теңдессіз күш иесі болуы осынау анасына тартқандығынан деседі.
Жоғарыда айтқанымыздай, азан шақырып қойылған есімімен Нұрмағамбет аталып жүрген жеткіншек кезінде-ақ оның есімі ел аузына палуан ретінде ілігеді. Өйткені өз қатары түгіл, жиырмалардағы жігіттерді де күресте жығып кете берген. Палуандығына қосымша, ат үстінде цирк ойыншыларынша өнер көрсететіні де жұртты разы ететін. Мәселен, шауып бара жатқан атқа тұра ұмтылып, көз ілеспес жылдамдықпен мініп алатын да, ат үстінде түрегеліп, қаққан қазықтай қадалып тұра қалатын. Шапқан беті аттың бауырынан айналып, алқымын орап өтетін. Аңыз-әңгімелердің бірінде Балуан Шолақтың қалың топ алдында өзіндік бір өнер көрсеткені баяндалады. Шабандоз атпен шауып келе жатқан бойы үстіндегі сырт киімін шешіп, жан-жағына лақтырады екен. Сосын айылды ағытып, астындағы ер-тоқымды жерге тастайды. Сөйтіп, жайдақ атпен шапқан бойда топ алдына келеді де, кері бұрылады. Әлгінде әр жерге шашып кеткен әбзелдерді іліп алып, шауып келе жатқан беті атын ерттейді, киімдерін жинастырып, ат үстінде киінеді...
Балуан Шолақ дала жұртын осындай ептіліктерімен таңғалдырған. Оларының үстіне, ән-күйге деген құштарлығы да ерте оянуы себепті, әншілігімен де тез танылды. Ол даңқтары жалпақ ел-жұртқа кең жайылған жерлестері Біржан сал, Ақан сері іспетті жарық жұлдыздардың әндерін бабына келтіріп, тамылжыта орындауымен көпшілік көңілінен шыққан екен. Яғни, әнші ретінде де халықты жастайынан аузына қаратқан. Ол осындай, бір бойына бірнеше өнерді жинақтаған талант ретінде танылады. Сан қырлы дарыны дами келе, қасына кілең өзіндей өнерпаз жастарды топтастырып, бейне-бір ансамбль іспетті өнер көрсетеді. Ауылдарды ұжым боп аралап, думандатып, ойын-сауық жасауды әдетке айналдырады. Өзінің сауықшыл жігіттерімен бірге ел ішіне жиі шығады. Ән-күйді шалқытып, Сарыарқа төсінде сал-серілерше сайрандайды. Қараөткел, Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Семей өңірлерін, Сарысу бойын мекендеген ауылдарды аралап, ән шырқайды, өнер көрсетеді. Барған аймақтарында жергілікті небір өнер адамдарымен танысып, шығармашылық және орындаушылық жетістіктерінің қыр-сырларымен бөліседі.
Ол Арқа өнерпаздарының қалың жұртшылықтың ыстық сүйіспеншілігіне бөленген әншілік-шығармашылық дәстүрлерін берік ұстанды. Біржан мен Ақан секілді аға ұрпақ әндерінің үздік орындаушысы, тиісінше – теңдессіз насихатшысы болды. Әрі, ел қадірлеген ақын-сазгерлердің әндерін әнші ретінде сүйіп орындаумен шектелмей, өз жанынан да өлеңдер мен әндер шығарып айта бастайды. Оның «Көкшетау», «Желдірме», «Ащылы айырық», «Дікілдек», «Қос перне», «Құлан кісінес», т.б. көптеген әндері Арқа өңіріне кеңінен тарап кетеді. Халық Балуан Шолақтың музыкалық шығармашылығын ыстық ықыласпен қабыл алады. Өйткені оның әндерінің әуезі өзгеше еді, оның әндерінің өзегінен автордың өзінің асқан зор күшін, қайратын, батылдығын паш ететін жігерлі сарын, құштарлық лебі есетін. Сондықтан да, өршілдік танытатын әуеннен түзілген бұл әндер тыңдаушысын бірден елең еткізіп, тез баурап алатын еді.
Өмірінің елеулі кезең-белестерін Балуан Шолақ әрдайым әндеріне қосып отырған. Солардың ішінде өзінің күш-қуатын мақтан ететін тұстар да бар. Бұл ретте үлкен жиында 816 килограмм салмақ көтеріп («Кешегі сентябрьдің базарында Көтердім елу бір пұт кірдің тасын») жұртты таңырқатқаны және бәс тігіп – өз жанынан үлкен қаржы шығарып – орыстың әйгілі палуанын жыққаны («Қалтамнан жетпіс бес сом залог салып, Сындырдым Карон балуан қабырғасын») көбірек айтылады. Зерттеушілер бұл оқиға 1899 жылы орын алды деп есептейді. Балуан Шолақ орыс палуаны Иван Кореньмен белдескенінде 35 жаста еді деп түйеді. Ықтимал. Дегенмен, ақын-сазгердің бір өлеңінде («Балуан Шолақтың әні», 4-ші түрі) өзінің мақтан сөздерін: «Бұл күнде жиырмада менің жасым, Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын», – деп бастап, жырын одан әрі қарай әлгі жоғарыда келтірілген жолдармен шумақтайтыны да бар. Егер аталмыш зілмауыр тасты көтеруі мен атақты палуанмен күреске түсуі, сол әнінде айтқанындай, 20 жасында орын алған болса, онда бұл оқиға 1884, яки 1885 жылға сәйкес келеді. Осы жылдардың бірінде оның елді таңырқатарлықтай күш-қуат көрсетіп қалуы ғажап емес.
Ел аузындағы әңгімелерде Балуан Шолақ «Сағынайдың асында ешкім беттей алмаған Түйе палуанды жыққан» деген мәлімет айтылады. Мұны бертінгі зерттеушілердің қисынсыз деп білетіні де мәлім. Өйткені ол кезде Шолақ тым жас деген уәж келтіріледі. Алайда, «шығыны Тәж-Маһал құрылысына жұмсалған қаржыға пара-пар болған» деп дәріптелетін әйгілі ас 1886 жылы берілген болса, бұл уақытта Шолақ 22 жаста ғой. Яғни, нағыз күші тасып тұрған шағында деп санауға әбден болатын жаста. Әрі, оның өз әндеріндегі сыр шашуларына сүйенсек, жойқын күшке жастайынан ие екендігін ол жоғарыдағыдан басқа өлеңдерінде де айтады. Мәселен, «Дікілдекте»: «Он сегізде атандым Шолақ дәу деп... ...Оязнайдың бас қосқан съезінде Кірдің тасын көтердім елу бір пұт», – деген сөздерді әнге қосып шырқайтыны бар емес пе. Алайда қосымша дәлеліміз жоқ болуы себепті, біз мұны – «Карон балуан» екеуінің күрескен уақытын 1884 жылға қарай жылжытуды – жорамал қалпы қалдырамыз...
Балуан Шолақтың өгізді көтеріп жүре беретіндігі, жеті жасар бұқаны сұлатқаны, жәрмеңкелерде өнер көрсеткенде жиырма жігіт жабысқан бөренені иығына асып тұратыны туралы, т.т. с.с. деректер ауызша әңгімелерде, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүрген мақалаларда жиі айтылады. Жетісуда болған сапарында салмағы 1050 кило тартатын зілмауыр тасты көтерген көрінеді. Әлемдік ғаламтор желілерінде, сондай-ақ, «Омбы қаласындағы тақ мұрагерінің (яғни болашақ ІІ Николайдың) келуіне байланысты өткен жарыстарда белгілі палуан Севрдің жауырынын жерге тигізді» (http://ru.wikipedia.org/wiki/Балуан_Шолак) деген хабар да бар. Соңғы дерек Балуан Шолақтың өзінің поэзиялық мұрасындағы: «Омбыға патша келді Руссия, Әмірін айта келді халқын жия. Сібірден сонда күшім асып кетіп, Мен болдым жан шықпайтын биік қия», – делінетін шумақта көрініс тапқан. Википедия ақпаратына қарағанда, Балуан Шолақпен күрескен палуанның есімі – Севр, ал әнші-ақынның «ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының шығармалар жинағында» (1963) жарияланған аталмыш өлеңінде бұл есім Сібір деп аталған (дегенмен, өлеңнің Ахмет Жұбанов белгілі зерттеу мақаласында («Замана бұлбұлары», 1963) келтіретін нұсқасында – Севр). Тағы бір айта кететін жәйт, сол өлеңнің «Сібірден сонда күшім асып кетіп, Мен болдым жан шықпайтын биік қия» деген жолдарына жітірек зер салар болсақ, аңғаратынымыз – Шолақ Сібір-Севрмен күрескеннен гөрі, басқаша жолмен күш сынасқан сыңайлы. Бірақ, қалай болғанда да, Балуан Шолақтың болашақ ІІ Николай патша Омбы қаласына келген тарихи күндерде сайысқа түскені, әрі, кіммен болса да, спорттың қай түрінен сынасса да, жеңіс шыңына көтерілгені айқын. Сонымен, Балуан Шолақ Омбыда тақ мұрагерін қарсы алу құрметіне өткізілген мерекелік шаралардың бірінде, 1891 жылғы шілденің 14–16 күндері аралығында, Севр (Сібір) палуанды жеңіп, мерейі үстем болды. Бұл кезде ол 27 жаста еді. Оң-солын әбден таныған, қазақ өлкесінде орын алған тағдырлы өзгерістердің қыр-сырын анық ажырататын жаста-тын. Қазақтың дербес елдігінің жойылуы ол дүние есігін ашардан бұрын орын алған. 1822 жылы патша пәрменімен Cібір қазақтары туралы жарғы бекіген-ді, соған сәйкес, өлкеге орыс әкімшілік жүйесі енгізілген. Мұндай өзгеріске қарсы тұрып, жойылған егемендікті қалпына келтіруге тырысқан қозғалыстар, патша езгісінен құтылуды көздеген Кенесары ханның аса ірі азаттық соғысы да ол дүниеге келерден бұрын орын алған. Ол шыр етіп өмірге келген кез Арқа халқының Ресей бодандығына мойынсұнған шағына дөп келді. Кіндік қаны тамған Қотыршортан аймағына, қазақтардың аса көркем Көкше етегінде жатқан Әулиекөл жағасындағы мекеніне алғашқы қадаларын мұжықтар әлгі заң қабылданғаннан кейін жеті-сегіз жыл өткен соң-ақ қаққан. Содан бастап Шортан орнында патшалықтың орталық аудандарынан қоныс аударып келген орыстар Щучье деп атап кеткен елді мекен пайда болған. Өз еріктерімен келіп қоныстанушылар мен әскери қызмет атқарып жүрген казактар қауымы сол шақтан бастап, барлық қазақ даласы қатарында, Көкше өңірін де отарлап жатқан. Олардың саны Нұрмағамбеттің бала кезінде, салыстырмалы түрде қарағанда, аз болатын, бірақ, уақыт өткен сайын, көбейе түскен. Өлке 1868 жылғы жарғымен басқарылып тұрған. Осынау «Дала облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже» қазақ елі үшін жасалған бұдан бұрынғы заңдармен орныққандай көрінген сұлтандар билігін жоюды және өлкені орыс әкімшілік жүйесіне біржола сіңістіру мақсатын көздейтін.
Балуан Шолақ Омбыда тақ мұрагері құрметіне өткізілген жарыста жеңіске жеткен 1891 жылы әйгілі «Дала ережесі» қабылданған. Сол заң бір-екі жылда өмірге енгізілісімен, отарлаушылар көші үдей түскен. Әсіресе, қазақ халқының тыныс-тіршілігімен танысып, құрметін көріп қайтқан мұрагер таққа отырғаннан кейін, бұл ахуал ашық та жоспарлы сипат алған еді. Патшалық ішкі Ресейдегі аграрлық толқуларды басу үшін, жерсіз шаруаларды «бос жатқан басы артық шұрайлы жерге бай» шет аймақтарға қоныс аударту саясатын екпіндете жүргізуге кіріскен. Соларды жайғастыру мақсатында арнайы мекеме құрып, қазақ елінің ең шұрайлы жерлерін кесіп алып жатты. Ішкі Ресейден келмек қоныс аударушылар үшін көшпенділерді құнарлы атақоныстарынан ығыстырды. Сөйтіп, оларды алыс ата-бабаларынан бермен иеленіп келе жатқан мекендерінен аластауды мүлдем ашық жүзеге асырды. Шөбі шүйгін, орман-тоғайы, суы мол ең шұрайлы жерлерді отарлаушылардың пайдасына тартып алу жоспарлы сипатқа ие болды. Жергілікті халық тіршілікке қолайсыз, құнарсыз аймаққа ығыстырылды. Балуан Шолақ осы жайларды көзбен көріп, біліп өскен. Қалың қазақ ортасында қала салып, қазақ жер-суын өз меншігі етіп алған билеуші жұрттың озбыр мақтанышты көңіл-күйін Балуан Шолақтың тым бейтарап қабылдамағаны, тереңдей түскен қиғаштықтарды, жер-судың, ел тыныс-тіршілігінің отарлана бастауын айқын ұға бастағаны күмән туғызбайды. Балуан Шолақтың аса атақты әндерінің бірі «Ғалия» екені белгілі. Ол авторының есімін шартарапқа жайды. Ыстық, мөлдір махаббатты асқақтата жырлаған осынау сүйіспеншілік жыры өзінің асқақ та сазды әуенімен және нәзік сезімді ерекше құштарлықпен бейнелеуі арқасында көп көңілінен шықты. Бұл ән Балуан Шолақтың музыкалық шығармашылығының шырқау биігі санатында аталады. Ел арасында ол бірнеше түрде айтылып келген. Осынау көпке әйгілі тамаша әннің толықсыған кейіпкері жайында Сәбит Мұқанов пен Ахмет Жұбановтан бері талай зерттеушілер қалам тербеп келеді. Ғалия Тілеуқызының базарда қымызхана ұстағаны, көрікті болғаны, 22–23 жасар шағында оған қырықтың қырқасына шыққан Балуан Шолақтың ғашық болғаны, содан ғаламат ән туғаны, жалпақ дүниеге ғажайып жыр болып шашылған осынау махаббаттың 1908–1909 жылдары туғаны дау-дамайсыз шындық ретінде айтылады. Кейінгі жылдары Астана қаласындағы ескі мұсылман қорымына жерленген Ғалияның бейіті табылған. Араб, парсы, шағатай тілдеріндегі ескі шығыс жазуларын оқуды меңгерген жас мамандар Ұларбек Дәлейұлы мен Ахат Әшуұлының анықтауынша, Ғалияның басына күйеуі Ғалым Құрақбаев орнатқан құлпытаста көне емлемен: «1922 жылы 23 апрельде... Ғалия Ғалымжамағаты Тілеуқызы 48 жасында фәниден бақиға» өткені қашалып жазылыпты (http://www.info-tses.kz/mobile/details.php?news_id=140389). Осы дерекке қарағанда, Ғалия 1874 жылы туған, яғни Балуан Шолақтан он жас кіші. Егер екеуінің кездескен уақытында Ғалияның жасы 22–23-терде болса, онда ол 1896–1897 жылдарға дөп келеді. Демек «Ғалия» әні де сол шамада туған. Әннің қазақ елін шарлап кеткен жеңісті шеруі сол шақта, екі ғасырдың тоғысында орын алған...
Сәбит Мұқановтың атақты «Балуан Шолақ» хикаятында әсерлі суреттейтініндей және одан бергі уақыттарда әйгілі өнерпаз жайында өзге де қалам тербеушілердің бір ауыздан мойындағанындай, туған өлкесінде қуғын көрген Балуан Шолақ біраз уақыт алысырақта бой тасалауға мәжбүр болған. Со бір кезеңінде арғы аталары мекендеген Жетісу өлкесіне сапар шегіп кетеді. Өзінен бұрын атақ-даңқы жеткен Жетісуға ол бір дерек бойынша – жиырмасыншы ғасырдың басында, енді бір көбірек айтылатын дерекке қарағанда 1913–1914 жылдары барған. Бәлкім сол екі мезгілде де солай қарай жолы түскен шығар. Өйткені, зерттеушілер айтатындай, әйгілі халық ақыны Кенен Әзірбаев оны жасөспірім шағында көрген. Кененнің белгілі әнінде сол тұңғыш кездесу хақында: «Бала едім жаңа талап, іздеп келдім, Өзіңнен сұрайын деп ақыл, аға... Бала едім жаңа талап ақын-әнші, Әніңді үйренейін алуан, аға», – деп айтылады ғой. Бұлар, шынтуайтында, 1913–1914 жылдары отыздарға толған сақа жігіттен гөрі, 1900–1901 жылдарғы он алты–он жеті жасар бозбалаға жарасатын сөздер емес пе?! Егер осындай пікірді дұрыс деп қабыл алсақ, Балуан Шолақтың алғаш рет Жетісуда болуы, шынында да, 1884 жылы дүниеге келген бала Кенен 16 жасқа келген уақытқа – ХХ ғасырдың басына сай келеді. Ол атажұртына жасаған сонау бірінші сапарында ұзағырақ қыдырыстаған болса (Сәбеңнің атақты шығармасын еске алыңыз), екінші рет шыққан сапары, Балуан Шолақтың ұлы Құдайберген Шолақовтың (жазушы Жайық Бектұров зерттеуіндегі) естелігіне қарағанда, бірер айға ғана созылған. Балуан Шолақ шығармашылығы мәдениетіміздің төрінен мәңгі орын алған құнды жәдігерлік болып табылады. Есімін халық қадірлейді. Өкіметіміз оның әншілігін, сазгерлігін, ұлттық спорттың негізін салып, қазақтың өзіндік ұлттық мәдениетін дамытуға қосқан үлесін тану белгісі ретінде, туғанына 125 жыл толуына орай, 1989 жылы арнайы қаулы шығарды. Жамбыл облысы, Шу ауданының Ақтөбе селосының аты Балуан Шолақ селосы деп өзгертілді, сондай-ақ сондағы «Ақтөбе» ұжымшарына, Алматыдағы мәдениет және спорт сарайына, республиканың қалалары мен ауылдарында көшелерге, Көкше аймағындағы туған жерінде мектепке Балуан Шолақ есімі берілді. Мұндай жұмыстар батырдың туғанына 150 жыл толу қарсаңында да жүргізілуде. Ақмола облысының Бұланды аудандық «Бұланды таңы» газеті ауданның қайың-қарағайлы әсем қойнауында тыншып жатқан қазақтың біртуар ұлы, атақты палуан, әнші, композитор, ақын Балуан Шолақтың бейітінің басына биіктігі 16 метрлік сәулеттік шешімі ерекше мемориалдық ескерткіш тұрғызылғаны баршаға мәлімдігін айта келе, 20 метрлік биік ескерткіші салтанатты түрде Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылында ашылғанын хабарлады. Қазақтың атақты ақыны, әншісі, композиторы, палуаны, Қазақстанда цирк өнерінің негізін салушы Балуан Шолаққа тұрғызылған ескерткіштің ашылуына Ақмола облысынан ақынның немересі, Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласының әкімі Шайдолла Құдайбергенұлы Шолақов арнайы барып қатысып, сондай монументтің Балуан Шолақ туып-өскен ауданның орталығынан да бой көтеретінін айтқан екен
Балуан Шолақтың өмір жолы Сәбит Мұқановтан бастап Әнес Сарай, Дулат Исабеков, Серік Тұрғынбеков, т.б. сөз шеберлерінің шығармашылығына арқау болып, олардың қаламынан туған прозалық, драмалық, поэзиялық туындылар жұртшылыққа қажет рухани азық қорын толықтыруда. Көптеген зерттеушілер, публицистер балуаншолақтану саласына қызықты ізденістерімен өз үлестерін қосуда. Дала серісінің дүниеге келгеніне 150 жыл толуына орай оның аңыз болып кеткен өмір жолын жаңғырту ісі жалғаса бермек. Халқымыздың мақтанышына айналған Балуан Шолақтың әншілік-ақындық мұрасын насихаттау, оның қаһармандық бейнесіне мұқият назар аудару – баршамыздың парызымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |