3. Умар ибн әл-Хаттаб адамдарды бір имамның артынан ұйып тарауих намазын орындау үшін мешітке жинай бастады.
Тарауих намазын мешітте жамағатпен бірге бір имамның артынан ұйып оқу Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзімен және ісімен бекітілген.
1. Абу Зарр (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайтын: «Кім түнгі нәпіл намазды имамның артына ұйып өткізсе және имам оны аяқтағанға дейін кетпесе, соған түні бойы намазда тұрғандай сауап жазылады». Хадис сенімді (сахих); Тирмизи 806; Абу Дауд 1375; Ибн Мәжаһ 1327 т.б..
2. Айша (оған Аллаһ разы болсын) былай деп баяндаған: «Рамазан айының бір түнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітке шықты да, онда намаз орындай бастады. Оның артынан адамдар намазға сап құрды. Таңертең бұл адамдар өзгелерге түнде Пайғамбарға (оған Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ұйып намаз оқығандары тұралы айтты. Екінші түні мешітке адамдар едәуір көбірек жиналды және Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шығып, олармен бірге намаз оқыды. Үшінші түні де тура сондай болды. Ал төртінші күні қараңғылық түскен кезде, мешітке намаз оқығысы келгендердің барлығы сыймай қалды. Сонда Пайғамбар оларға таң намазына шықты да, адамдарға бет бұрып, Исламның куәлігін айтты және былай деді: «Ал содан соң, ақиқатында, мен сендердің игілікке деген ұмтылыстарыңды көріп тұрмын, бірақ мен егер біз жиналуымызды жалғастыра берсек, бұл намаз біз үшін парызға айналып, біз осы парызды орындай алмаймыз деп қорқамын». Хадис сенімді (сахих); Бухари 924; Муслим 761.
Хафиз Ибн Хәжар былай деген: «Бұл хадисте түнгі намазды, әсіресе Рамазан айында, бір имамға ұйып жамағатпен өткізу абзал екендігіне нұсқау бар. Бұл «осы намаз міндетті болып қалады ма» деген қорқыныштың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлімінен кейін жойылғандығының себебінен. Сондықтан Умар адамдарды мешітте Убай ибн Ка’бтың артына жинады». «Фәтх ул-Бәри» 3/14.
Имам Ибн Абдул-Барр былай деп айтқан: «Умар бұл істі өз ойынан шығарған жоқ. Ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол адамдарды мешітке тарауих намазына жинауда тұрақтылық танытпады, өйткені мұны орындау оның үмметі үшін міндетке айналып кетуінен қорықты, ал ол өз үмметіне қамқор әрі мейірімді еді. Ал Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған кезде, бұл амал міндетті бола алмайтыны айқын болды да, адамдар бұл Сүннетті жандандырды. Бұл хижраның он төртінші жылы орын алды». Әс-Субуқи «Ишрак ул-Масабих» 1/168.
8-дәйек.
Мәулітті өткізу біздің Аллаһ Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйетінімізге және оны ұлықтауымызға дәлел болады. Ал сендер оны жақсы көрмейсіңдер және оны ұлықтауға тыйым саласыңдар. Қз.: Абу Шәма «әл-Бә‟ис алә инкар әл-бида‟ уәл хәуадис» 23-бет.
Жауап:
1. Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік таныту және оны ұлықтау ол алдын ала сақтандырып ескерткен және «олар жамандық пен адасушылық болып табылады» деп хабарлаған бидғаттарды орындаумен іске асырылмайды. Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік заңды тәсілмен іске асуы қажет, ал бұл – біздің оған иман келтіруіміз және оған бағынуымыз, оның жолына ілесуіміз, оның Сүннетінен ұстануымыз, оның дінін өзгерпеуіміз, оның насихаттаған нәрселерін таратуымыз және ол тыйым салған нәрселерге тілімізбен, қолымызбен және жүрегімізбен қарсы шығуымыз. Сондай-ақ оны өзімізден де, өз отбасыларымыздан да, мал-мүлкімізден де және барлық адамдардан да жақсы көруіміз.
2. Сахабалар Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізден артық жақсы көрді. Олар Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не нәрсеге риза болатынын бәрінен жақсырақ білетін және ізгілік пен игі амалдар жасауға бізден гөрі көбірек ұмтылатын. Бірақ, осыған қарамастан, олар мәуліттер өткізбейтін және оның туған күнін ерекше белгілеп атамайтын. Егер мәулітте игілік пен Пайғамбарға деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйіспеншілік таныту және құрмет таныту бар болғанда, олар оны өткізуді ең бірінші болып бастар еді». Қз.: «Иқтида» 2/615.
Сондықтан да ханафи мазһабының имамы имам Шукри әл-Алюси (1342 х/ж) Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және ізгі ата-бабаларды шектен тыс ұлықтауға тыйым салатындар туралы сөз етіп, былай деген: «Ал егер біреу олардың сөздеріне сүйеніп, амал істесе және осыны (яғни Пайғамбарды және ізгі ата-бабаларды шектен тыс ұлықтауға) тыйым салса, бұл надандар оларды бірден пайғамбарларды және ізгілерді құрметтемейтіндердің және барлық ғалымдарға қайшы келетіндердің қатарына қоса салады». «Ғаят ул-Амани» 2/365-366.
9-дәйек.
Жәбир ибн Абдилләһ әл-Бәжали былай деп баяндайтын: «Бірде, күннің енді басталған шағында, біз Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болған кезімізде оған бір топ адамдар келді. Олар жалаң аяқ, жартылай жалаңаш және қылыштармен қаруланған еді. Олардың көбісі мудар тайпасынан еді, бұдан қалса олардың барлығы мударлықтар болатын. Аллаһтың Елшісі олардың мұқтаждығын және ауыр жағдайын көргенде, ренжігенінен жүзі өзгеріп кетті. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйіне кірді, кейін шығып, Биләлға азан және иқамат айтуды бұйырды. Кейін ол намаз оқыды да, былай деп құтпа жасай бастады: «Уа, адамдар! Сендерді бір жаннан жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Ақиқатында, Аллаһ сендердің үстілеріңнен бақылайды. Аллаһтан қорқыңдар әрі әркім Қиямет күніне не әзірлегеніне қарасын. Адам динарларынан, дирхамдарынан, киімдерінен және бидай мен құрмадан болған тамағынан садақа берсін». Кейін ол: «Жарты құрмамен болса да», - деп айтты. Осы сөздерден кейін ансарлардан бір адам азғантай болғаны соншалықты - алақанына ғана сиятын бір орам шағын садақа алып келді. Адамдар осыны көрген кезде, олар оның өнегесіне ілесіп, әркім бар нәрсесін алып келе бастады. Ең соңында киім мен тамақтан екі төбе жиналды. Сонда мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүзі қуаныштан жарқырай түскенін көрдім, әрі ол: «Кім Исламда жақсы әдет бастаса, соның сауабын алады, сондай-ақ осы әдетті орындауда оған ілескен адамдардың барлығынының да сауабын алады, ал олардың сауабы бұдан еш азаймайды. Ал кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін жазаны көтереді және ол әдетті орындауда өзіне ілескендердің барлығының жазасын көтереді, әрі олардың жазасы одан азаймайды». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1017.
Олардың қорытындысы: Мәуліт Исламдағы жақсы әдет болып табылады және оның ұйымдастырушыларына өздері үшін де, осыда оларға ілескендер үшін де сауап болады.
Жауап:
Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Кім Исламда жақсы әдет бастаса» деген сөздері, оның «Ақиқатында, дінге енгізілген кез келген жаңалық - адасушылық» деген сөздеріне қайшы келмейді. Өйткені оның «кім Исламда жақсы әдет бастаса» деген сөздері «кім менің Сүннетімнен адамдар ұмытқан және тастаған қандай да бір істі жандандырса» дегенді білдіреді.
Бұл хадисте дінге онда негізі болмаған амалдарды енгізуге рұқсат жоқ. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерді айтқан осы оқиғаның өзі дәлел болады. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды Исламда, оған қоса өзіне дейінгі барлық пайғамбарлардың шариғаттарында заңдастырылып қойылған садақаны беруге ынталандырды ғой. Әрі садақа мұсылмандардың осыған дейін істеп көрмеген жаңа әдеті емес еді. Меккелік кезеңнің өзінде де мұсылмандардың Ислам дағуатына мал-мүліктерімен көмектескендері, құлдарды босатқандары т.с.с. істер істегендері осыған дәлел болады. Ал Пайғамбардың мұны жақсы әдеттің бастамасы деп атауының себебі - бұл бір топ адамдар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде, сахабалар олардың мұқтаждығын көрді, бірақ оларға мал-мүліктерімен көмек беру олардың ешқайсысының ойына да келмеді. Бірақ ансарлардан болған әлгі адам өзінің әрекетімен оларға үлгі көрсеткен соң, адамдар осы істе оған ілесе кетті. Сондықтан ол өз әрекеті үшін де сауап алуға және оның өнегесіне ілескендердің барлығынының сауабын алуға да лайықты болды.
Осыған негізделіп, біз былай деп айта аламыз: егер мәуліт Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан Исламның алғашқы ғасырларында орындалған болып, бірақ кейіннен адамдар бұл әдетті тастап, ұмытқан болғанда, ал содан соң біреу осы әдетті жандандырғанда, ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «Кім Исламда жақсы әдет бастаса», - деп айтқан адамдардың қатарында болар еді. Бірақ мәуліт Исламның алғашқы ғасырларында өткізілмеген және дінде заңдастырылмаған еді, сондықтан кім адамдардың арасында осы әдетті бастап, осыда үлгі көрсеткен болса, сол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «Кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін де жазаны көтереді және сол әдетті орындауда оған ілескен барлық адамдардың да жазасын көтереді, әрі бұл олардың жазасын азайтпайды», - деп айтқан адамдардың қатарына кіреді13.
10-дәйек.
Ибн Мас‟уд былай деген: «Егер мұсылмандар бір нәрсені игі деп санаса, ол нәрсе шындығында да Аллаһтың алдында игі болып табылады». Хабар Ибн Мас‟удтан сахих түрде жеткен; Қз.: Ибн Абдул-Һади «әл-Макасид әл-Хасана» 367-бет, сондай-ақ Ибн Кәсир «Тухфат Талибин» 455-бет, сондай-ақ «Да‟ифа» № 532.
Олардың қорытындысы: мұсылмандар мәулітті өткізуді игі іс деп санайды, демек, оны Аллаһтың Өзі де игі деп санайды.
Жауап:
1. Ибн әл-Қайим былай деген: «Бұл хабар «егер қандай да бір амалдың абзал екендігіне қатысты барлық мұсылмандардың бірауызды келісілген пікірі болса, ол Аллаһтың алдында игі болып саналады» дегенге дәлел болып табылады. Бірақ ол «егер кейбір мұсылмандар амалды игі деп санаса, ол Аллаһтың алдында да игі» дегенге ешқандай нұсқамайды. Сондықтан да бұл дәйек сендердің пайдаларыңа емес, сендерге қарсы болып табылады». «Әл-Фәрусия» 82-бет.
Бұл хабарға тура осы түсіндірмені имам әш-Шәтыби де «әл-И‟тисамда» (2/152) берген.
Егер біреу: «Неліктен сендер сахабадан жеткен бұл хабарды осылайша түсіндіресіңдер, өйткені онда бірауызды келісім туралы ескертпе жоқ қой?» - деп айтса, оған жауап былай болмақ: діннің және тұрмыстың көптеген мәселелерінде мұсылмандар мүлде қарама-қайшы көзқарастарды ұстанатынына ешкім пікір таластырмайды, ал екі қарама-қайшы пікірдің екеуі де бір мезгілде ақиқат бола алмайды. Біздің жағдайымызда мұсылмандардың кейбіреулері мәуліттің өткізілуін, ал кейбіреулер оның тасталуын игілік деп санайды, ал бұл пікірдің екеуі де бір мезгілде игілік бола алмайды.
Және алдында ескертіліп кеткендей, мәулітті өткізу Исламның көптеген ғасырларының барысында ғалымдардың көбінің тарапынан сынға алынды.
11-дәйек.
«Ғалымдардың кейбіреулері мәулітті өткізуге рұқсат берді. Олардың арасында: Хафиз Ибн Хәжар (қз.: «әл-Хауи фил-Фәтауи» 1/189) және Абу Шәма (қз.: «әл-Бә‟ис ‟алә инкар әл-бида‟ уәл хауадис», 95-бет) бар» дегенді дәйекке келтіру.
Жауап:
Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Егер қандай да бір іс Сүннетке қайшы келсе және құрметке ие адамдардан біреу оны істесе де, басқа құрметті адамдар оны істемейді ғой және бидғат деп атайды ғой. Бұл бидғатты істемейтіндердің құрметі оны істейтіндердің құрметінен аса жоғары болмаса, олардан кем емес. Сондықтан да амалды істеушілер мен оны істемейтіндердің арасында келіспеушілік орын алса, мәселенің шешімі Аллаһта және Оның Елшісінде, яғни Құран мен Сүннеттен табылуға тиісті». «Әл-Иқтида» 291-бет.
Абдур-Рахман әл-Му‟аллими былай деген екен: «Әрі Аллаһ Тағала кейде кейбір ықыласты адамдарды қателестіретінін де біл. Әрі бұл басқаларды сынау үшін: олар бұл имамның сөздерін тастап, ақиқатқа ілеседі ме, әлде оның құрметі мен ұлықтығына беріледі ме. Бұл имамға ақтау бар, одан қалса ол өз ижтиһады мен ниеті үшін және ақиқатты іздеуде жалқаулық танытпағаны үшін сауап алады. Ал осы имамның ұлықтығымен алданғандарға және Аллаһтың Кітабы мен Оның Елшісінің Сүннетінен бет бұрғандарға келер болсақ, оларға ақтау жоқ, бұдан қалса олар опат болудың ернеуінде». «Раф‟ әл-иштибах ан ма‟на әл-ибада уәл-Иләһ» 152-153-бет.
Имам әш-Шәукани былай деген: «Бұл барлық бидғатшылардың – олардың алғашқы және соңғы өкілдерінің ережесі болып табылады. Олар қандай да бір ғалымның қате пікір айтқанына немесе өздерінің бидғатына қолдау болатындай айтылған бір сөзге де қуанады. Кейін олар осы сөзді тарату және оны атақты ету үшін барлық амалдарын жасайды. Олар оны өз пайдаларына дәлел етеді және оны өздерінің бидғаттарын сөгетіндердің беттеріне басады». «Әдаб ут-Таләб» 35-бет.
12-дәйек.
Мәулітті өткізу барысында Аллаһты зікір ету, Құран оқу, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту, оның өмірімен және игі өнегесімен танысу, кедейлерді тамақтандыру т.с.с. көптеген игі амалдар орындалады. Сендер осы амалдардың барлығына тыйым саласыңдар ма?
Жауап:
1. Аталып кеткен барлық амалдар, ешбір күмәнсіз, шариғатта заңдастырылған және мұсылман адамның ең игі амалдарынан болып табылады. Алайда олар шариғи заңдастырылған тәсілмен және заңдастырылған уақытта орындалуы шарт болып табылады. Мысалы, намаздың шариғатта заңдастырылған ғибадат екеніне ешкім күмән келтірмейді, алайда егер біреу таң намазын түстен кейін, немесе оның парызын екі ракағат етіп емес, үш немесе төрт ракағат етіп орындап жатса, біз оның намазы туралы не айтамыз?! Немесе ол: «Жыл бойы мен намазды қалауыма сәйкес орындаймын, көңілді болсам – намаз оқимын, ал көңілсіз болсам – оқымаймын. Бірақ Бадр шайқасындағы жеңіс күні келсе, мен міндетті түрде бекітілген уақытта және бекітілген тәсілмен намаз орындаймын», - десе, біз оның «керемет» идеясы туралы не айтпақпыз?! Біз одан: «Не үшін сен дәл Бадр күнін таңдадың?», - деп сұраймыз. Ол: «Өйткені бұл мұсылмандар үшін ұлы оқиға болды. Бұл күні Аллаһ Тағала Исламға ұлықтық және кәпірлердің үстінен жеңіс берді. Сондықтан бұл күнге ерекше көңіл бөлу қажет!», - деп жауап береді. Міне осындай «керемет» адамдардың осындай «керемет» идеяларының салдарынан мұсылман күнтізбесі үнемі жаңа «мерекелік күндермен» толықтырылып тұрады.
Мәулітті жақтаушылардың қисыны да осындай. Жыл бойы олар кедейлерді тамақтандыруға да, Құран оқуға да, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын зерттеуге де көңіл бөлмейді, ал дәл осы күні игі істерді естеріне алады!
13-дәйек.
Біз мәулітті діни іс-шара ретінде өткізбейміз, бұл - адамдардың тұрмыстық жиыны ғана. Ал тұрмыстық мәселелерде қасиетті мәтіндерге келген тыйымдардан басқа барлық нәрсе рұқсат етілгені белгілі. Сондықтан бұл іс-шара діни бидғатқа жатпайды.
Жауап:
1. Бұл - өтірік сөз. Барлық кезде және әр заманда мәуліттің ұйымдастырушылары оны дінмен байланыстыратын және діннің атымен өткізетін.
2. Тіпті егер біз осымен келіскен жағдайда да, Аллаһ Тағаланың шариғаты күнәға және айыпты істерге әкеп соқтыратын тұрмыстық құбылыстарға қатаң тыйым салады.
Осы жерде ханафи мазһабының тағы бір ережесінен мысал келтіру қажет болады. Ол мынандай: «Егер рұқсат етілген амалды істеу күнә істеуге себеп болатын болса, бұл амалды тастау (қалдыру) міндетті (уәжіп) болып табылады». Қз.: имам әл-Финжифири «Усул Сунна» 91-бет, сондай-ақ «Дыя ун-Нур» 131-бет.
Тарау бойынша қысқаша қорытынды.
Осы тарауды жан-жақты қарап шыққанымыздан соң, оқырман мәулітті өткізуге ешқандай дәлел жоқ екеніне тағы да бір рет көз жеткізді. Сондықтан да маған ханафи мазһабының тағы бір ережесін еске салып қоюдан басқа еш нәрсе қалып тұрған жоқ.
Ол мынандай:
«Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу оның істеген нәрселерін істеуді ғана емес, бірақ оның (істемей) қалдырған нәрселерін қалдыруды да білдіреді».
Ханафи мазһабының имамдарының бірі Мулла Али әл-Қари (1052 х/ж) бұл ереже туралы былай деген екен: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу оның істеген нәрселерін істеуді де, оның істемеген нәрселерін қалдыруды да білдіреді. Осының негізінде кім заңдастырушы (яғни Пайғамбар) істемеген амалды істеуде тұрақтылық танытса, сол бидғатшы болып табылады». «Әл-Мирқат» 1/41, 95.
Сондай-ақ тағы бір ханафи имамы Ахмад әр-Руми (1043 х/ж) былай деген: «Егер қандай да бір амалды істеуде қажеттілік болған кезде және оны істеуге ешнәрсе кедергі болмаған тұста Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол амалды істемеген болса, онда біздің бұл нәрсені істеуіміз Аллаһтың дініне жаңалық енгізу болып табылады. Өйткені егер осы амалда қандай да бір пайда болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны өзі де орындар еді және өзгелерді оған талпындырар еді. Ал егер ол осы амалды істемеген болса және оған өзгелерді талпындырмаған болса, бұл істе ешқандай пайда жоқ екендігі, бұдан қалса ол – дінге енгізілген жексұрын, жаман жаңалық екендігі түсінікті болады... дәл осы бидғаттарды істеу елшілердің (алып келген) діндерін өзгертіп және олардың заңдарын ауыстырып жіберді. Өйткені егер дінге қандай да бір нәрсені қосуға рұқсат етілгенде, онда таң намазының парызын төрт ракағат, ал бесін намазының парызын алты ракағат етіп оқуға рұқсат етілер еді. Және сонымен бірге: «Бұл – дінге игі амалды қосу, ал игі амалдар зиян тигізбейді», - деп айтуға болар еді. Бірақ ешкім мұндайды айтуға құқықты емес».
Ханафи имамы әл-Финжифири былай деген: «Дәл осы ережеден мәулітті өткізуге қатысты тыйым шығады». «Усул Сунна» 60-бет.
Ал ендеше өздерін ханафи мазһабына жатқызатын біздің мәуліт ұйымдастырушыларымызда қандай ақталу қалды екен?!
14-тарау. Мәуліттің кесірлі салдарлары және оны өткізу барысында жасалатын күнәлар
1. Христиандарға ұқсап-еліктеу.
Христиандар ғана Исамен (Иисуспен) немесе олардың «әулиелерімен» белгілі оқиғалар орын алған күндерді атап көрсетіп, оларға ерекше мәртебе береді. Қз.: «әл-Иқтида» 2/614.
Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Кім шариғат атап көрсетпеген белгілі орындарды немесе уақыттарды, осы орындарда немесе уақыттарда кезінде қандай да бір атақты оқиғалар орын алғанымен дәйектеп, сол орындарда немесе уақыттарда белгілі ғибадат түрлерін орындау үшін бөліп шығарса, сол христиандар мен яһудилерден болған Кітап иелері сияқты болады. Солар ғана өздерінің белгілі оқиғалары орын алған орындары мен уақыттарын ғибадат жасау маусымдары мен орындарына айналдырды. Мысалы, Рождество күні, Крещение күні т.с.с.». «Зад ул-Ма‟ад» 1/59.
Абу Са‟ид әл-Худри Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдет-ғұрыптарына ізбе-із ілесесіңдер. Тіпті олар кесірткенің ізіне кірсе де, сендер міндетті түрде олардың соңынан ересіңдер». Кейін Абу Са‟ид: «Біз одан: «Уа, Аллаһтың елшісі, сіз яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?» - деп сұрадық. Ал ол: «Басқа кімді», - деді», - деп айтқан. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3456; Муслим 2669; Ахмад 11800 т.б.
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бізден болмағандарға еліктеп-ұқсайтындар бізден емес. Яһудилерге де, христиандарға да еліктеп-ұқсамаңдар», - дегенін баяндаған. Хадис жақсы (хасан); Тирмизи 2695; Қз.: «әс-Сахиха» 2194.
Шариғат мақұлдағаннан өзге барлық нәрселерде христиандар мен яһудилерге қайшы келу Исламның ең басты негіздерінің бірі болып табылатыны белгілі. Бұған көптеген мысалдар бар. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандар мен кәпірлердің арасында ешқандай ұқсастық қалмау үшін барынша әрекет еткенін айқын көрсететін бірнеше хадистерді ғана келтіріп өтейін.
Абу Хурайра Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Ақиқатында, яһудилер мен христиандар (шаштары мен сақалдарындағы) ағарғандарын боямайды, ендеше оларға осыда қайшы келіңдер». Хадис сенімді (сахих); Бухари 3462; Муслим 2103.
Ибн Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Көпқұдайшылдарға қайшы келіңдер: мұрттарыңды қысқартыңдар да, сақалдарыңды жіберіңдер». Хадис сенімді (сахих); Бухари 5892; Муслим 259.
Шәддад ибн Аус Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Яһудилер кебіс пен мәсі киіп намаз оқымауында оларға қайшы келіңдер». Хадис сенімді (сахих); Абу Дауд 652. Бұл хадистерде біз олардан сыртқы келбетімізбен ерекшеленуіміз қажет екендігіне нұсқау бар.
Ибн Умар былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі намазда отырған кезде сол қолға сүйенуге тыйым салды да: «Олай яһудилер намаз оқиды», - деді. Хадис сенімді (сахих); Абу Дауд 993 және басқалар.
Амр ибн әл-Ас Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Біздің оразамыз бен Кітап иелерінің оразасының арасындағы айырмашылық біздің таң алдында тамақтануымызда (сухур)». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1096.
Бұл хадис «біздің ғибадатымызды яһудилер мен христиандардың ғибадаттарынан бөліп ажырату шариғаттың мақсаты болып табылады» дегенге нұсқайды.
Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Адамдар (оразадан кейін) ауыз ашуға асықандарынша игілікте болуын тоқтатпайды. Өйткені яһудилер мен христиандар оны кешіктіреді». Хадис сенімді (сахих); Абу Дауд 2353 т.б., Қз.: «әл-Мишкат» 1995.
Бұл хадисте Исламның ұлықтығының себебі мұсылмандардың Кітап иелеріне қарама-қайшы болуында екеніне айқын нұсқау бар.
Бұл хадистер – хадис жинақтарында жинақталған Кітап иелеріне ұқсап-еліктеуге тыйым салынатындығы туралы хадистердің азғантай бөлігі ғана.
Ал Құранның аяттарына келер болсақ, олардың саны өте көп, олардың біреуін ғана келтірейік:
«Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібитін уақыт жетпеді ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бүзақылар» (57:16).
Хафиз Ибн Кәсир былай деген: “Бұл сөздер арқылы Аллаһ мүміндерге негізгі мәселелерде де екінші кезекті мәселелерде де яһудилер мен христиандарға ұқсап-еліктеуге тыйым салды». Қз.: “Тафсир Ибн Кәсир” 4/484.
2. Бұл жиындарда әйелдер мен ерлердің бір дастарханның немесе бір ортада және т.с.с. жерлерде араласып отыруы орын алады, ал бұған біздің дінімізде тыйым салынған.14
3. Мал-мүлікті және тамақты ысырап ету, сондай-ақ біздің өміріміз содан тұратын уақытты босқа сарп ету.
Аллаһ былай деп айтты: «Туыс-жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар. Шынында, ысырапшылар шайтанның туысы. Ал шайтан Раббыңа өте қарсы» (17:26-27).
4. Бейнелер мен сүреттерді мешіттерге кіргізу, олар мұны басқа араб елдерінде мәуліт өткізіп жатқан өздері сияқты бидғатшылармен тікелей эфир өткізетіндігімен дәйектейді.
5. Мәулітті өткізу Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеуге және ұлықтауға әкеледі.
Ибн Аббас15 Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Дінде артық кетпеңдер, ақиқатында сендерден бұрынғыларды дінде артық кетулері опат етті». Хадис жақсы (хасан); Ахмад 1851; Ибн Мәжаһ 3029; Нәсаи 5/268 т.б.
Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Христиандар Мариям ұлы Исаны ұлықтаған сияқты мені ұлықтамаңдар. Мен бар болғаны құлмын, сондықтан да: «Аллаһтың құлы әрі елшісі», - деп айтыңдар». Хадис сенімді (сахих); Бухари 3445.
Ал егер олар: «Біз Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) христиандар Исаны ұлықтағандай ұлықтамаймыз, мысалы, олар оны Құдайдың баласы деп айтады, ал біз мұндайды айтпаймыз», - десе, біз оларға былай деп жауап береміз: бұл хадисте Пайғамбарды қандай дәрежеге дейін ұлықтауға тыйым салынатындығы туралы емес, Пайғамбарды христиандар жасайтын әдіс-тәсілдермен ұлықтауға деген тыйым туралы айтылуда.
Бұған дәлел келесі хадис:
Әнас бірде Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адамдар келіп: «Сен біздің арамыздағы ең абзалымызсың және біздің арамыздағы ең абзалымыздың ұлысың», - деп айтқанын баяндаған. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: « Уа, адамдар! Сөздеріңді немесе сөздеріңнің бір бөліктерін айтыңдар, бірақ сендерді шайтан босаңсытпасын! Мен Мухаммадпын, Аллаһтың құлы әрі елшісімін және мен өзімді Аллаһ қойған орнымнан жоғары көтеруін қаламаймын». Хадис сенімді (сахих); Насаи «Амәл әл-йаум уәл-лләйла» 248; Ахмад 3/153, 241, 249 т.б.; Шейх Муқбил «Сахих әл-Муснадта» (121) хадисті сахих деген.
Бұл хадистен көрініп тұрғанындай, адамдар Аллаһ Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құдайдың баласы деп атамаса да, әрі тіпті бұған жақын нәрсе айтпаса да, ол оларды мұндай сөздерден тыйды және мұны ақыр-аяғында барынша ұлғая беретін ұлықтауға алып баратын шайтаннан келген босаңсу деп атады.
Сондай-ақ біз: «Тіпті егер сендер бүгінгі күні: «Мухаммад – Аллаһтың ұлы», - деп айтпасаңдар да, мұны ертең айтасыңдар немесе мұны сендердің немерелерің айтады (әрине бұдан бізді Аллаһ сақтасын), өйткені христиандар да Исаны бір мезетте «Құдайдың ұлы» деп атап кетпеді ғой. Бұған дәлел – сендердің шектен тыс (артық) ұлықтау жолына түскендерің және ерте ме, кеш пе христиандар жеткен шекке сендер де жететіндерің, өйткені бұның бәрі – бір жол», - дейміз.
Абу Са‟ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдет-ғұрыптарына ілесесіңдер, ізбе-із, қолма-қол. Тіпті егер олар кесірткенің ініне кірсе, сендер де міндетті түрде олардың ізінен ересіңдер». Кейін Абу Са‟ид: «Біз одан: «Уа, Аллаһтың елшісі, сіз яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?» - деп сұрадық. Ал ол: «Басқа кімді», - деді, - деп айтқан. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3456; Муслим 2669; Ахмад 11800 т.б.
Бұған тағы да дәлел - мәуліт сендерден бұрын тойлана бастаған араб елдеріндегі жағдай осыған дейін жетті және олар Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құдайлық сипаттарды тели бастады. Мысалы, олардың «Пайғамбар ғайып туралы білімге ие, күнәларды кешіруге қабілетті, жер мен көктерді басқарады, олардың мәулітке байланысты жиындарына келіп қатысады» деген т.с.с. сөздер айтуы. Бірақ сіздер мәулітті жақында ғана тойлай бастадыңыздар, сондықтан да жақын арада сіздерден де осындай сөздерді есту ғажап емес.
Айтпақшы, осы күннің өзінде-ақ Булгардағы16 қабірлерді зиярат етуді ұйымдастырушылар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың жиындарына қатысатындығы және осыған қуанышты екендігі туралы айтуда.
Достарыңызбен бөлісу: |