БЕКІТЕМІН:
М. П. Русаков атындағы № 2
мектеп-интернатының
директоры: Рахимберлина З.Н.
________________________
« »____________2015 ж.
Мұғалім: Дауылбаева Ж.К.
Күні: 23.12.2015
Сынып: 2 «Ә»
Тақырыбы: Қадыр Мырза Әли «Жұмыстың жылуы»
Мақсаты: Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Қадыр Мырза Әли «Жұмыстың жылуы» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Міндеттер:
өлеңдегі кейіпкердің көңіл-күйін сезіне отырып, бейнелі сөйлей білуге машықтану;
оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету;
өзіндік пікір қалыптастыру арқылы тапсырманы өзара талқылау, қорытынды жасау, түйінді ойларды жинақтай білу;
Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру
Қолданылатын модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, білім беруде АКТ-ны пайдалану, білім берудегі басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:«Миға шабуыл», «Болжау», «Жиксо-1», Сергіту жаттығулары, «Жұптас, ойлан, бөліс», «INSERT», «RAFT» стратегиялары.
Күтілетін нәтиже:
- бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауыз екі тілде қолдана біледі;
- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;
- табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды.
Сабақ
кезеңі/ уақыты
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Дереккөздер
|
Кіріспе
3 минут
2 минут
|
А) Психологиялық көңіл-күйді реттеу.
«Көңіл-күй неге ұқсас» әдісі
Мақсаты: жағымды эмоция орнату.
Б) Топқа бөліну
«Қар ұлпалары»
Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.
|
Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.
Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сендердің ше?
Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз көңіл-күйімізді реттеуге тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге өлең оқимын, сендер оны қимылмен орындайсыңдар.
Қар жауады жапалақтап,
Балалар жүр шапалақтап.
Балалар тон киеді,
Аяз беттен сүйеді.
Б)Қар ұлпаларының суреті арқылы шағын топтарға бөлу.
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
Ә)Дәптерге күнді жаздыру.
Желтоқсанның жиырма үші
Бағалау тәсілімен таныстыру.
|
Оқушылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Мұғалімді мұқият тыңдау арқылы қимыл-қозғалыспен орындайды.
Б)Қар ұлпаларының суретін алу арқылы шағын топтарға бөлініп отырады, топ басшысын сайлайды.
Ә) Әдебиеттік оқу кітабын, дәптерлерін даярлайды.
|
Ауызша мадақтау
«Тамаша!»
«Жарайсыңдар!»
«Епті екенсіңдер...»
|
Флипчарт №2
«Қыс көрінісі»
Оқулық,
№3 флипчарт
Қар ұлпаларының суреті
№ 4 флипчарт Күн реті жазылған
|
Тұсауке
сер
3 минут
3 минут
|
Сөзжұмбақ шешу
«Алтын баған» әдісі
Мақсаты: қызығушылық тудыру
«Болжау» стратегиясы
Мақсаты: ой белсенділіктерінің дамуына ықпал ету
|
Шағын топтарға жұмбақтар беріледі.
1-топ:
Суда қалқиды,
Жылыда балқиды. (Мұз)
2-топ:
Қолы мен қаламы жоқ,
Бiрақ сурет салады көп. (Аяз)
3-топ:
Ұшады зырлап, Жанын қинап,
Ұлиды зарлап. (Боран)
4-топ:
Әуеде ақ мамық
Қалбалақтап ұшады (Қар)
-Бұл қай жыл мезгіліне қатысты айтылған сөздер?
-Осы жыл мезгілін тағы қандай сөздермен сипаттауға болады?
Интербелсенді тақтадан қардың түрлері және қыс мезгілі туралы, қыс мезгіліндегі жұмыстар туралы бейнебаян көрсете отырып, сабақтың мазмұнына байланысты болжам жасату.
-Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?
|
Шағын топтағы оқушылар топтаса отырып жұмбақты шешеді.
1-топ: «МҰЗ»
2-топ: «АЯЗ»
3-топ: «БОРАН»
4-топ: «ҚАР»
Топтаса отырып шешімін тапқан соң интербелсенді тақтада дұрыстығын «Алтын баған» әдісі бойынша тексереді.
Оқушылардың пікірі тыңдалады.
Таныстырылымды көру арқылы жаңа сабақтың мазмұнына болжам жасайды.
|
«Өте жақсы»
|
№ 5 флипчарт
Алтын баған
№ 6 флипчарт
«Қыс»
Боранды күннің дыбысы
|
Негізгі бөлім
5 минут
8 минут
2 минут
10 минут
|
Жаңа білімді игерту
Сабақ тақырыбы:
Қадыр Мырза Әли «Жұмыстың жылуы»
«Миға шабуыл» әдісі
Мақсаты: ой қозғау...
«INSERT» әдісі
Мақсаты: сөздік қорларын дамыту.
«Жиксо-1» стратегиясы
Мақсаты:
тақырыптық-мазмұндық талдау жасау.
Сергіту сәті
Мақсаты:
Ойды және дене мүшелерін сергіту.
«Жұптас, ойлан, бөліс» стратегиясы
Мақсаты:топтық жаңа білімді жинақтау,ынтымақта
са жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.
|
Сабақтың тақырыбын хабарлау, жалпы мақсатты айту және оқушыларды мақсат қоюға тарту.
бейнефильм көрсетіледі
Қыста қандай жұмыс түрлерін атқарасың?
«Жұмыстың жылуы» өлеңін оқу.
Таныс емес сөздердің мағынасын анықтату.
-Жұмысқа дейінгі баланың іс –әрекеті
- Баланың жұмыс кезіндегі күйі
- Жұмыстан кейінгі күйі
«Ақша қар» әні
Шағын топтарға тапсырмаларды таратып беру:
1-топ:
1.Өлеңді шағын әңгіме түрінде жазу.
2-топ:
1.Өлеңдегі бейнелі сөздерді тап.
3-топ:
1.Эссе жазу: «Жұмыстың жылуы» өлеңінен алған әсерім
4-топ:
1.Өлеңді сатылай кешенді талдау
|
Дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
Оқушылар дәптерлеріне бұрынғы білетін ақпараттар мен жаңа ақпараттарды толықтырады.
-ішінен;
-шумақ бойынша топпен.
Оқушылар өлеңді түсіне оқи отыра екі жақты түсіндірмелі күнделікпен жұмыс жасайды.
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
Әнді қимыл-қозғалыс арқылы орындайды
Шағын топтардағы спикерлер оқушыларға тапсырмаларды бөліп береді де, бірлесе орындайды.
Топ алдында жұмыстарын қорғайды.
Жұмысты қорғауға шығатын оқушыны топ спикері анықтап отырады.
Түйінді ой-пікірлерін ортаға салады.
|
«Жарайсыңдар!»
|
№7 флипчарт Сабақтың тақырыбы:
Абай Қыс
№ 8 флипчарт
«Абай» бейнебаян
№ 9 флипчарт
№ 10 флипчарт
№ 10 флипчарт
«Кел, билейік!»
№11 флипчарт
Тапсырмалар
жазылған парақшалар.
|
Қорытынды
5 минут
2 минут
2 минут
|
«RAFT» стратегиясы
Мақсаты:
«үнсіз оқушыларды» ынталандыру.
«Қосу, алу, қызықты» стратегиясы Мақсаты: игерген білім жайында кері байланыс жасау
Бағалау
Рефлексия
Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай, есте сақтайық!
|
Интербелсенді тақтада бірнеше сөз тіркестері және адам бейнесіндегі қыстың суреті беріледі.
-Сонымен, бүгінгі сабақтың мазмұны не туралы болы?
-Қандай бейнелі сөздермен таныстық?
Шағын топтағы оқушыларды аққала суреті арқылы бағалау.
1-деңгей тапсырмасы:
Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.
2-деңгей тапсырмасы:
Өлеңнің мазмұнына сай сурет салу және өлеңді жаттау.
3-деңгей тапсырмасы:
1.Қыс мезгіліне қатысты халық болжамын жазу.
2.Өлеңді жаттау.
|
Берілген сөз тіркестерінен бүгінгі сабақ мазмұнына сай емес сөздерді қоқыс жәшігіне тастайды. Қалған сөздермен суреттегі адам бейнесіндегі қысты сипаттайды.
- өте жақсы
- жақсы
- әлі де еңбектену керек
«Аққала» суретінің артында жазылған деңгейлік тапсырманы үй жұмысына алады.
|
Ауызша мадақтау
«Жарайсыңдар, білімпаздар!»
Ауызша мадақтау
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша оқушылар сабақтан алған әсерлерін қар ұлпаларына жазып, тақтаға жапсыру арқылы білдіреді.
|
№ 12 флипчарт
№ 13 флипчарт
Бағалау парағы
№ 14 флипчарт деңгейлік тапсырмалар
|
Достарыңызбен бөлісу: |