Музыка
Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «25» сәуірдегі № 327 қаулысына, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің таңдау курстардың және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығына, «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 бұйрығына сәйкес әзірленген.
«Музыка» пән мазмұны оқыту тілінде (қазақ тілі ) беріледі. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетінің және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші немесе үшінші тіл арқылы оқитын көптеген оқушыларға олардың академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үш тілде білім беру контексінде бірінші тілде академиялық тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.
Тілдік мақсаттар академиялық тілді меңгеру үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдермен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға көмектеседі.
Академиялық тілді оқып үйренуді қолдау үшін мұғалімдерге оқу жоспарларына келесі оқу мақсаттарын қосу ұсынылады:
• оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы: пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология мен сөз орамдарынан құралған лексика);
• пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін сабақта ұсыну (мысалы: топтық жұмыстарға қажетті сөз орамдары, сұрақтарды дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөз орамдары);
• алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқытуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен сөз орамдарын қамтитын лексиканы орынды контексте алдын ала қолдану;
• оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы: оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;
• оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, біліммен ғана шектелетінсұрақтарды қоймау; оқушыларды нәтижелі талқылау үшін өз білімін пайдалануға қозғау салу, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін сөздердің лексикалық қорының кең спектрімен қамтамасыз ету);
• тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен жеткізу, сөздікпен жұмыс дағдылары);
• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістікті бағалау);
• сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |