Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара əрекеттестігінің мəні. Мұғалімнің педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара қарым-қатынасын реттеудегірөлі Мазмұны



бет6/13
Дата28.04.2022
өлшемі41,59 Kb.
#141184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
8 тапсырма

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.
Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін демек біліктілік мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.
Оқыту әдістерін дәстүрлі түрде үшке бөледі:

  • Сабақ беру әдістері: лекция, әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу;

  • Үйрету әдістеріне тыңдау, мазмұндау, жаттығу, әдебиеттерді зерттеу, модельдеу, сондай-ақ, практикалық жұмыстар, т.б.

  • Бақылау әдістеріне сұрау, аралық бақылау, коллоквиум, сынақ, емтихан, жобаны қорғау, т.б. жатады. (И.Ф. Харламов, Р.А. Назимова)

Сондай-ақ әдістер ақпарат беру тәсіліне қарай, дидактикалық мақсаттың
сипатына қарай, танымдық әрекет сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Соңғы кездері ойын арқылы оқыту әдістері кең тарауда, тренинг әдістері, шет тілдері қарқынды оқыту әдістері. Осы әдістер кейде оқтудың белсенді әдістері деп топталады, себебі білім алушы оқу процесін жүзеге асыру мен жоспарлауға белсенді түрде араласады.
Тәрбие әдістері жоғары мектеп практикасында оқыту процесіне енгізілгендіктен бөлініп қаралмайды. Тәрбие әдістеріне оқытушының әрекетіндегі жеке үлгі әдісі, тұлғааралық сенімге негізделген қарым-қатынас әдісі, оқу жоспарларынан тыс өткзілетін іс-шараларды өткізу әдістері жатады.
Жоғарғы мектеп педагогикасында оқытудың белсенді әдістеріне іскерлік ойындар, рольдерді ойнау әдіс, нақты жағдаяттарды талдау, белсенді бағдарламалық оқыту, ойындық жобалау, проблемалық лекциялар, пікірталастарды жатқызады. Белсенді оқыту әдістерінің дәстүрлі әдістерден айырмашылығы оларды қолдану барысында студенттерге берілетін білім «дайын күйінде» берілмейді, студенттердің белсенді әрекетінің арқасында «қол жеткізіледі».
Оқытудың дәстүрлі түрінде білім алушы оқу процесіне көбіне енжар араласып, басты назарда оқытушы болатын. оқытудың белсенді әдістері бойынша, керісінше, білім алушы – субъект оқу процесіне барынша белсенді ат салысады.
Пікірталас әдістері. Пікірталас (дискуссия) өте ежелден белгілі, орта ғасырларда өте кең қолданылады. Дискуссияның міндетіне таным процесін дамыту, стимулдау жатады. Пікірталасқа мүмкіндігінше оқытушылар емес, студенттері де қатыстыру керек. Дискуссиялық әдістерді тиімді түрде жүзеге асырудың бір жолы пікірталасқа түсушілердің алдын ала білікті дайындығы болып табылады.
Дискуссиялық әдісті тек гуманитарлық пәндерді жүргізу барысында пайдаланған ұтымды деген пікір жаңсақ, себебі бұл әдісті тарих, әлеуметтану, этика, әдебиет сынды пәндермен қоса химия, физика, биология т.б. пәндерді өткізу үшін қолдануға әбден болады.
Дискуссия тақырыбын таңдағанда терең мазмұнды тақырыптармен қатар, адамгершілік мәселелері, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөнінде пікірталастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет