МҰҒалімдерге арналған нұСҚаулық


«ҚҰРМЕТТІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТТАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ! МЕКТЕБІМІЗГЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕр!



бет3/5
Дата04.07.2018
өлшемі6,86 Mb.
#47085
1   2   3   4   5

«ҚҰРМЕТТІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТТАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ! МЕКТЕБІМІЗГЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕр!

«БІЗ БҰРЫН ЖАСАҒАН ҚАТЕЛІКТЕРДІҢ БІРІ – БІЗ БАЛАЛАРДЫ БАРЛЫҚ ПӘНДЕРДЕН БІРДЕЙ, БІР ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҒАНА ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТЫП ЖҮРМІЗ»- ДЕП Г.Гарднер АЙТҚАН ЕКЕН, СОНДЫҚТАН ОСЫНДАЙ ҚАТЕЛІКТЕР ЖІБЕРМЕЙІК…»



Құрметпен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Көкшетау қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының директоры З.Уразбекова

МИССИЯ

АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ КӨПМӘДЕНИЕТТІ, ӨЗ ЕЛІНІҢ ШЫНАЙЫ ПАТРИОТЫ БОЛАТЫН АЗАМАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ҚОЛАЙЛЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ.


пайым


БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР – ҮШ ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН, СЫНИ ОЙЛАЙ АЛАТЫН, ТУҒАН ӨЛКЕСІНІҢ ТАРИХЫН БІЛЕТІН, ӨМІР БОЙЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУҒА ҚАБІЛЕТТІ ӘЛЕМ АЗАМАТТАРЫ.

мектеп туралы

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Мектеп мониторинг, зерттеу, анализ, апробация жасайтын, деңгейлер (бастауыш, негізгі және жоғары мектеп) бойынша Кіріктірілген бағдарламаларды енгізу және іске асыру бойынша эксперименттік алаң болып табылады.


Мектептің міндеті – 21ғасырдың дағдыларын игерген, өмір бойы үздіксіз білім алуға дайын құзіретті тұлғаны қалыптастыру.
Мектеп ұжымын қалыптастыру тестілеу, эссе жазу, портфолио көрсету, әңгімелесуді қамтитын конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асады.

2016 жылдың 1 қыркүйегіндегі мектептің академиялық құрамы:

барлығы 126 қазақстандық және 8 халықаралық мұғалім.

Қазақстандық мұғалімдерден:

- мектеп мұғалімдерінің 26% мұғалім-сарапшы;

- 38%-ы мұғалім-модератор;

- 31%-ы мұғалім;

- 6%-ы мұғалім-тағылымдамашы біліктілік дәрежелеріне ие. Мектеп мұғалімдерінің 98%-ы деңгейлік курстардан өткен. Олардың ішінен 4% - бірінші деңгей, 21% - екінші деңгей, 73% - үшінші деңгейді бітірген.


Мұғалімдердің жас шамасы: 30 жасқа дейін - 24%, 31 жастан 40 жасқа дейін – 24,5%, 41-ден 50 жасқа дейін – 27%, 51-ден 58 жасқа дейін – 24,5%.

Мұғалімдердің жас шамасы: 30 жасқа дейін - 17%, 31 жастан 40 жасқа дейін – 24%, 41-ден 50 жасқа дейін – 33%, 51-ден 58 жасқа дейін – 26%.

1 мұғалімге орташа есеппен 5 оқушыдан келеді.
Мектеп оқушыларының құрамы да Зияткерлік мектептің білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға қабілетті балаларды конкурстық іріктеу нәтижесінде қалыптасады.

2014 жылдан бастап оқушыларды 7-сыныпқа конкурстық іріктеу CITO (Нидерланды) институты мен CTY (АҚШ) Джон Хопкинс Университеті бірлесе дайындаған жаңа жүйе негізінде өткізіледі. Жүйе жаратылыстану-математикалық ғылымдарды меңгеруге қабілетті балаларды іріктеуге бағытталып, математикадан - оқушылардың суреттер, графиктер, диаграммалар секілді тұтас емес мәтіндермен жұмыс жасау қабілетін бағалау арқылы, тілдік пәндерден - тұтас мәтіндермен жұмыс жасау кезіндегі оқушылардың тілдік қабілеттерін бағалау арқылы функционалдық сауаттылығын тексеруге қатысты тапсырмаларды қамтиды.

Мектеп оқушыларға оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары бойынша білім беру қызметтерін күндізгі оқу формасы түрінде ұсынады. Ал 1-4 сынып оқушыларының заңды өкілдері тек таңғы ас, кешенді түскі ас және бесін асты қамтитын тамақтың құнын төлейді. 7-сыныптан бастап оқушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау мен грант көлемі бойынша Ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру гранты негізінде білім алады.

Барлық оқушылар саны - 703. Олардың ішінде - 323 ұл бала, 380 қыз бала, ұлт саны - 15. Осы уақытта мектепте оқушылар 1-4, 7-11 сыныптарда оқиды (12-сынып жоқ). 34 сынып - комплект: тілдік ортаға ену сыныптары - 4, оқыту қазақ тілінде жүретін сыныптар саны - 18, оқыту орыс тілінде жүретін сыныптар саны - 12. Әр сыныптағы оқушы саны 24-тен аспайды.

Физика, химия, биология пәндері бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бұл пәндерге зертханашылар ескерілген. Зертханашылар саны - 13.

Ақпараттық білім беру кеңістігін 5 IT маманы қадағалайды.

Мектепте 69 оқу кабинеті, 2 спорттық зал, 500 орындық мәжіліс залы, 400 орындық асхана, медициналық және стоматологиялық кабинеттер, психологиялық көмек кабинеті, телестудия, изостудия, хореография кабинеті бар.

Мектепте 1000-нан артық арнайы интерактивті және инновациялық жабдық бар:

 оқу кабинеттерінде 68 SmartBoard 680 сенсорлы интерактивті тақта, кітапхана мен мәжіліс залында PDP ITB 63 плазмалық интерактивті тақталар (саны - 2);

 ММК сыныптар мен смарт-сыныптарға (мультимедиялық және ақылды сыныптар) арналған 445 тұрақты жұмыс станциясы, 520 портативті ноутбук, 22 моноблок, 100 планшет;

 робототехника зертханасына арналған арнайы роботталған жабдықтың 18 жинағы;

 блоктарда сабақ кестесін электронды көрсетуге арналған 13 LCD панель;

 5 мобильді интерактивті LCD панель;

 келушілердің санын есептеуге арналған биометриялық жүйе (1 жинақ);

 мектептің ақпараттық-анықтамалық жүйесінің 3 терминалы;

ЕИОС, ИОС, мектеп порталы, кітапхана сайтын кешенді бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған 4 сервер.

Кітапханада қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көркем әдебиет, анықтамалық-энициклопедиялық, ғылыми-танымдық әдебиет бар. Сонымен қатар интерактивті оқу құралдары мен электрондық ресурстар да бар. Кітапхананың жалпы қоры - 43226 кітап. Олардан:

9885 - көркем әдебиет; олардың ішінде 5201 - бастауыш мектепке арналған балалар көркем әдебиеті;

5420 - ғылыми әдебиет;

673 - энциклопедиялық әдебиет;

510 дана электрондық басылым;

19983 - оқулық

6755 - ОӘК
Кітапхана қоры қолданушылар сұраныстарына сәйкес жүйелі түрде толықтырылып отырады. Кітапхана ресурстары оқушылардың жас мөлшеріне сәйкес. Көркем әдебиет қорын толықтыруға ерекше көңіл бөлінеді. Көркем әдебиет қоры классикалық шығармалармен қатар заманауи туындыларды да қамтиды. EBSCO және Twig халықаралық электрондық білім беру ресурстары қолжетімді. Кітапханада компьютерлер мен планшеттер, интерактивті панель бар.

Ресурстары оқушылардың жас мөлшеріне сәйкес. EBSCO және Twig халықаралық электрондық білім беру ресурстары қолжетімді. Кітапханада оқушылар мен мұғалімдерге арналған компьютерлер мен планшеттер бар. (Электронды мекен-жайларын көрсету)



стратегиялық мақсат





  • қазақстандық және халықаралық білім беру стандарттарын үйлестірген физика-математикалық бағыттағы мектептердің инновациялық білім беру моделін жасау және жүзеге асыру;

  • жаратылыстану-математикалық ғылымдарды меңгеруге қабілетті балаларды анықтау және іріктеу;

  • білім берудің жаңа моделіне сәйкес келетін кадрлар әлеуетін қалыптастыру;

  • ғылыми және мәдениетті элитаны тәрбиелеуге ықпалын тигізетін инновациялық білім беру ортасын және жағдайын қалыптастыру;

  • мектепті басқарудың халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа моделін жасау;

  • жинақталған оң тәжірибені Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне тарату.


Мектеп өз қызметінде келесі ұстанымдарды басшылыққа алады:


  • оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, тұтас білім беру жүйесін құрайтын, оқу мен тәрбие үрдісінің бірлігі;

  • білім беру үрдісін ұйымдастырудағы деңгейлеп-саралап оқыту, пәнаралық кіріктіру мен деңгейаралық сабақтастық;

  • мұғалімдер мен оқушылардың конкурстық іріктеуін жүзеге асырудағы объективтілік пен барлығына бірдей жағдай жасау, ашықтық;

  • кәсіби тұрғыда дамуы үшін барлық мұғалімдерге бірдей мүмкіндіктер беретін білім беру моделіне сәйкес мектептің кадрлық саясатын қалыптастыру;

  • басқарушы компаниялардың есеп беруіндегі және мектепті басқару жүйесіндегі ашықтық;

  • мектеп өмірі мен қызметін ұйымдастыруда мектеп қауымдастығының барлық мүшелерін жұмылдыру;

  • мектепте білім беру қызметін коммерциялық емес негізде жүзеге асыру.



2016-2017 оқу жылындағы мектеп қызметінің

басым бағыттары


  • Оқу және оқудан тыс қызметті біріктіру арқылы оқушылардың жаһандық азаматтығын қалыптастыру;

  • Оқу сауаттылығын дамыту және саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын жетілдіру.

  • Мұғалім көшбасшылығын дамыту;

  • Ағылшын тілінде жүргізетін бейінді пәндер мұғалімдерінің ағылшын тілінен тілдік құзіреттіліктерін дамыту;

  • Өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, кураторлар мен қосымша білім беру педагогтарының оқушылармен жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру;

  • Мектептің миссиясы мен пайымына сәйкес кәсіби бағдар беру жұмыстарын нығайту;

  • 1,7-сынып оқушыларының контингентін қалыптастыру;

  • Оқушының жеке дамуы үшін жағдай жасау;

  • Ата-аналармен әлеуметтік серіктестіктің жаңа формаларын енгізу;

  • Салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

  • Төтенше жағдайлардағы оқушылардың жарақаттануының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.


еңбек қарым-қатынастары

Мектепте еңбек қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Қоры мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Жарғысымен реттеледі.

Жеке еңбек шарты негізінде оқу-әдістемелік, оқу-тәрбиелік және ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың барлық түрлері бойынша жұмыстарды орындаушы және Мектептің штаттық кестесінде қарастырылған лауазымды иеленген педагогикалық қызметкер штаттық бірлік болып табылады.

Мектеп әкімшілігі сынақ мерзімінсіз 1 жылға конкурстық іріктеу негізінде өткен мұғаліммен жеке ретте еңбек шартына отырады.

Егер мұғалім барлық талаптарға сай келген жағдайда келісімшарт белгісіз мерзімге тұрақты деп есептеледі.

Барлық еңбекке қатысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеліп отырады.


оқу әрекетін ұйымдастыру

2016-2017 оқу жылындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім беру үрдісі мына негізде жүзеге асырылады:



  1. 2013 жылдың 29 тамызындағы (№ 48 хаттамасы) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Кіріктірілген білім беру бағдарламасы;

  1. 2012 жылдың 16 тамызындағы (№33 хаттамасы) «Назарбаев Зияткерлік мектептері», дербес білім беру ұйымдары Басқармасының шешімімен бекітілгенБілім беру Ережесі (2013 жылдың 28 маусымындағы (№ 34 хаттамасы),2013 жылдың 4 қарашасындағы №57, 2014 жылдың 28 тамызындағы (№ 40 хаттамасы), 2014 жылдың 3 қарашасындағы (№52 хаттамасы), 2015 жылдың 20 мамырындағы (№22 хаттамасы) дербес білім беру ұйымдары Басқармасының шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  1. 2015 жылдың 5 тамызында ДББҰ Әдістемелік кеңесінде бекітілген 2015-2016 оқу жылындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім беру үрдісін ұйымдастыру туралы ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» білім беруді ұйымдастырудағы Әдістемелік-нұсқаулық хаттары.

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011жылдың 30 желтоқсанындағы «Балалар мен жасөспірімдерге білім беретін және тәрбиелейтін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесін бекіту туралы» № 1684 Қаулысы (20. 12. 2013 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

Мектеп өз қызметін келесі білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырады:

• ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» 2013 жылғы 29 тамызында (№ 48 хаттамасы) бекітілген 1-4, 7-10, 12-сыныптарға арналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Кіріктірілген білім беру бағдарламасы.



  • 1 "А", 2 "А" және 3 "А", 4 "А" сыныптарында тілдік ортаға енгізу әдісі жүзеге асырылуда. Оқытудың мұндай түрі алғаш рет енгізілуде Қазақстанда ретінде эксперимент мақсатында " үздік мемлекеттік тілді игеру.


2016-2017 оқу жылы оқу процесі барысында пайдаланылатын болады екі түрі критериалды бағалау:

- 1-4, 7-сыныптарда Критериалды бағалау;

- 8-11-сыныптарда Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі.
Критериалды бағалауды қолдану мынадай құжаттармен реттелген:

  1. Оқушылардың оқу жетістіктерінің сыртқы бағалау моделі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқарма хаттамасымен бекітілген « Назарбаев Зияткерлік мектептері» 2014 жыл 28 тамыз (хаттама № 40);

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерінің критериалды бағалаудың Кіріктірілген моделі Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің басқарма хаттамасымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» 2014 жыл 28 тамыз (хаттама № 40);

  3. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша оқитын сыныптарда оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды ережесі дербес білім беру ұйымы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Басқармасының шешімімен бекітілген. «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» 2015 жыл 27 тамыз («№ 43 хаттама);

  4. 1-4,7-сыныптарда оқшылардың білім жетістіктерін критериалды бағалау Басқармасының шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» 2016 жыл 15 тамыз (№ 39 хаттама).


2016-2017 оқу жылында тоқсандық ішкі жиынтық бағалауды өткізу мерзімі:

1-тоқсан – 14-22 қазан

2-тоқсан – 9-20 желтоқсан

3-тоқсан – 10-18 наурыз

4-тоқсан – 15-24 мамыр
Демалыс кестесі:


  1. 1-11- сыныптарда:

Күзгі - 6 күн (2016 жылдың 24-29 қазанын қоса алғанда);

Қысқы -18 күн (2016 жылдың 22 желтоқсаны мен 2017жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда);

Көктемгі - 6 күн (2017жылдың 20-25 наурызына дейін қоса алғанда)

Жазғы - 2017 жылғы 26 мамыр;



  1. Бірінші сыныптарда қосымша демалыс -7 күн (2017 жыл 6-11 ақпан аралығы).


Үй тапсырмасын беру саясаты

Үй тапсырмасын берудің мақсаты-оқушылардың өзін-өзі реттеу, өздігінен білім алу дағдыларын дамыту. Үй тапсырмасының көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай және оқыту мақсаттарын ескере отырып, сараланып беріледі. Үй тапсырмасының саны мазмұнның сапалағына байланысты болады.Үй тапсырамасын орындау барысында оқушылар мұғалімдерден ақыл-кеңес сұрай алады және мектеп ресурстарын (медиатека, ғаламтор желісін) қолжетімді пайдалана алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет