110.«Мен қандай жетістікке жеткім келеді?» жаттығуы Мақсаты: Жетістікке жетуге бағыттау. Нұсқау: Бірнеше минут тыныштықта отырып, қандай жетістікке жеткілерің келеді, сол жайында ойлаңдар. Осы жайында топқа іс-қимыл арқылы қалай жеткізер едің? Қалғандарының мақсаты, не жайлы айтты соны табу. Сараптау: - Саған ең маңызды мақсатыңды таңдау қиын болды ма? - Өз мақсатыңа жете алатыныңа сенімдісің ба? Ол үшін не істеу керек? - Еш сөзді қолданбай өз мақсатыңды айтқаныңда өзіңді қалай сезіндің? - Сенің мақсатың өте ауқымды емес пе, немесе тым ұсақ емес пе?