Слайд.Қазақстан жетістіктері:
1991 жыл:
29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.
16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.
1992 жыл:
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып кірді.
1992 жылдың 4 маусымында ҚР президенті "ҚР мемлекттік туы", "ҚР мемлекеттік елтаңбасы", "ҚР мемлекеттік әнұраны туралы" заңға қол қойылды.
1993 жыл:
1993 жылы 12 қарашада ҚР Президентінің 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығару туралы Жарлығы жарық көрді. Тұңғыш рет ақша бетінде әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан бейнелері жарық көрді.
1994жыл:
1994 жылы шілдесінде ғарышқа екінші қазақ Талғат Мұсабаев ұшты, бірақ ол Ресей федерациясының азаматы ретінде ұшқан еді. Ғарышқа екінші рет ұшып барған соң Талғат Мұсабаев Ресей федерациясының батыры және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағына ие болды.
1995 жыл:
ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.
1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.
30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.
1996 жыл
Суырыпсалма ақын Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.
16 желтоқсан. Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты «Тәуелсіздік монументі» ашылды. Монумент авторлары: сәулетшісі Шота-Аман Уәлиханов (топ жетекшісі, мүсіншілер: Н.Далбай, Ә.Жұмабав, сәулетшілер Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев т.б).
1997 жыл:
10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.
11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.
1998 жылы:
1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |