Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік


-кірістірме. Мүгедектігі бар балаларға білім беру қызметін ұсыну бойынша



Pdf көрінісі
бет24/68
Дата20.10.2023
өлшемі3,63 Mb.
#186945
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

7-кірістірме. Мүгедектігі бар балаларға білім беру қызметін ұсыну бойынша 
заңнамалық база
• 
«Білім туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы (07.31.2012 ж. берілген өзгерістерімен 
және толықтыруларымен)
Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды арнаулы оқу орындарында, жалпы білім беретін мектеп-
терде және үйде оқытқан кезде оларды ұстауға жұмсалатын шығындарды өтейді, түскен кезде 
жеңілдікті режим ұсынады және оларға ерекше жағдайларды қамтамасыз етеді.
• 
«кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау 
туралы»
2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-II Қазақстан Республикасының Заңы 24.07.2012 
ж. берілген өзгерістерімен және түзетулерімен) 
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 
түзеу арқылы қолдау дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке жеткенге дейін көрсетіледі. 
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнаулы білім беру қызметтерін, мысалы, 
халықты әлеуметтік қорғау мекемелері сияқты арнаулы ұйымдар көрсетеді. Психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультациялар дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар-
ды олардың ата-аналарының және басқа заңды өкілдерінің келісімімен ғана арнаулы түзеу 
мекемелеріне және басқа ұйымдарға жіберетін мемлекеттік мекемелер болып табылады. 
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар үш жасынан бастап мектепке дейінгі тәрбие, жеті 
немесе он жасынан бастауыш және негізгі орта білім ала алады. Психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультациялардың қорытындысы бойынша көрсеткіштері болған жағдайда 
дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үйде жеке әрі тегін жүзеге 
асырылады. Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету бюд-
жет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
• 
«Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, 
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар 
мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (2000 жылғы 15 мамырдағы №719) 
Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар 
мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет 
көрсетулерді сатудан түсетін қаражат клиенттердің игілігі үшін жұмсалады. 
• 
«Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік 
құқықтық актілерді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
бұйрығы (2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 712) 
Арнаулы білім беру ұйымдарына қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультациялар негізінде және олардың ата-аналарының және басқа заңды өкілдерінің 
келісімімен ғана жүзеге асырылады. Ең алдымен, бұл бұйрық арнаулы білім беру мекемелерінің 
қызметін ұйымдастыруға қатысты. Тәрбие және оқу үдерістерін ұйымдастыру мақсатында ол 
сараланған және жеке ұстанымдардың маңыздылығын атап көрсетеді. Бұйрықта сонымен 
қатар арнаулы оқу орындарындағы қызметкерлердің құрамы қарастырылады және медицина 
мамандары мен оқытушылардың өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі мен жұмысқа олардың 
ата-аналарын тарту қажеттігі туралы айтылады.
• 
«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметін ұйымдастыру 
тәртібі туралы ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің бұйрығы (2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 744) 
2-бапта психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың негізгі міндеттері, 
ал 3-бапта аталған консультацияға жіберу, сондай-ақ оның тәртібі баяндалады. Кейінгі бап 
диагноз қою мақсатында баланы кешенді тексереді және түзеу-диагностикалық сыныптар 
(топтар) ашатын психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың негізгі 
жұмыс көлемін сипаттайды, Сондай-ақ бұйрық консультацияларды басқару жөніндегі жетекші 
қағидаттар мен құжаттарға қойылатын талаптардан тұрады. 
35


мақсаты - жоғары білім беру деңгейінде әрбір 
университеттің мүгедектігі бар балалармен 
жұмыс жасайтын консультациялық-тәжірибелік 
орталықтар ашуы. Бұдан бөлек, барлық уни-
верситеттер мүгедек оқушылардың қоғамға 
етене араласуын жеңілдету мақсатында оқу 
бағдарламалары, мүгедектігі бар балалармен 
жұмыс жасау үшін даярланған оқытушылар 
(инклюзивті білім беру) және инклюзивті білім бе-
руге арналған кең мағынадағы оқыту әдістемесі 
секілді түрлі элементтерді ұсынуға тиіс. 
Төменде келтірілген 7-кірістірмеде білім беру 
саласында мүгедектігі бар балаларға арналған 
қыхметтер ұсынуға қатысты заңнамалық база 
туралы неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат 
ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет