Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет56/68
Дата20.10.2023
өлшемі3,63 Mb.
#186945
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

3.5.2. Әлеуметтік жәрдемақылар 
саласындағы ақпарат және ағарту
Әлеуметтік көмек арналары туралы 
қоғамдастық ұсынатын шектеулі ақпарат пен 
жариялаулар ата-аналар үшін тіпті өз балала-
рын мүгедектігі бар бала дәрежесінде тіркеу 
үшін ерекше қиындық туғызады. Ақпарат алма-
су және ақпарат тарату арналарын ұлғайту үшін 
нақты күш-қуат жұмсау керек. Бұл медициналық 
скринингтік тексерулер аса шектеулі болып 
табылатын және егер мүгедектік бар болса 
уақытында анықталмайтын ауылдық аудандар 
үшін ерекше маңызды:
«Ауылдық аудандарда, әрине, мүгедек 
балалардың саны азырақ; біз оларға диагно-
стика жасаймыз, себебі олар жеткілікті түрде 
тексерілмеген... ауылдық аудандардағы ау-
руханаларда барлық бір салалық дәрігерлер 
жоқ, барлық тексеру түрлері жүргізілмейді; 
диагностикалық тестілеу жеткіліксіз, не 
ескірген. Сондықтан мен мүгедектік саны 
осыдан төмен деп ойлаймын. Қала адам-
дары ақпаратпен қамтамасыз етілген және 
79


әлеуметтік қызметтер, әлеуметтік қорғау 
мәселелері туралы білімдері бар және олар 
балаларын жан-жақты тексеруден өткізеді». 
(Доктор; ИН19) 
Тағы бір респондент атап көрсеткендей, 
шектеулі мамандар саны және скринингте 
қолданылатын ескірген технологиялар немесе 
рәсімдер ауылдық аудандардағы қиындық болып 
табылады. Ауылдық аудандардағы мүгедектікті 
анықтау мәселесін жақсартуға болады. Ұзақ 
мерзімді қиындық болып табылатын анықталған 
қиындық шектеулі қаржылай және кадрлық ре-
сурстарды бейнелейтін болғанымен, басқа да 
ұсақ масштабты шешімдерді қарастыруға бо-
латын еді. Мысалы, мүмкіндіктердің бірі ата-
аналардың даму аномалиясы белгілерін ерте 
анықтау саласындағы білім деңгейін көтеру бо-
лып табылады. Мүгедектігі бар балаларға мем-
лекет ұсынатын көмектің басым бөлігі баланың 
мүгедектігі бар бала дәрежесінде тіркелуіне 
қатысты болғандықтан, ауылдық аудандардағы 
мүгедектікті анықтау және тіркеуді арттыруға 
ерекше назар бөлінуі тиіс. 
Әлеуметтік жәрдемақылар әлеуметтік ин-
теграцияны қамтамасыз етуде мемлекет 
атқара алатын маңызды рөлдің тек бір бөлігін 
ғана білдіреді. Оқытушылар қоғамның толық 
әлеуметтік интеграцияны қолдайтынын атап 
көрсетті, бірақ оған қол жеткізу мүгедектігі бар 
балалар мен олардың ата-анасын өмір бойы 
бағыттап отыратын тиісті жүйенің болуын талап 
етеді. Мүгедектігі бар оқушыларды оқытатын 
бір мұғалім мынадай баға берді:
«Шетелде мүгедектігі бар адамдардың басқа 
адамдармен құқықтары тең. Олар білім ала-
ды, университетке түседі, тіпті егер қозғалыс 
қиындығы болса, мүгедектігі бар адамдарға 
арналған арбаны пайдаланады. Мен бұл 
жағдайды біздің елде де қалыптастыруға 
болады деп ойлаймын, бірақ көмекші адам 
мүгедектігі бар балаға мектепке баруға 
көмектесу үшін, егер қандай да бір сұрақтары 
немесе жәй баратын жері болса, көмек беруі 
үшін әр мүгедектігі бар балаға мемлекет та-
рабынан бір адамды бекіту керек. Сонымен 
қатар мүгедектігі бар баланы үйіне апарып, 
алып келетін автомобиль бөлінуі тиіс. Мұның 
бәрін іске асыру үшін бізге оны бақылайтын 
және қатаң түрде жауап беретін белгілі бір 
орган қажет. Онда мүгедектігі бар балалар 
өздерін қоғамда жайлы сезінер еді және 
олар өздерін керексіз деп санамайтын еді. 
Бірақ бізде әлі күнге дейін осылардың бірі де 
жоқ.». (11-мұғалім; ФГ9)
Бір респондент мүгедектігі бар балалардың 
күтіміне қатысты интенсивті және жеке тәсілді 
ұсынды. Мұғалімдер мүгедектігі бар балалар-
ды сыныпқа қабылдауға әзір, бірақ оларға 
мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік ин-
теграциясы оқу бағдарламасына және 
оқытушылардың даярлық бағдарламасына қалай 
енгізілетінін білу үшін көмек керек. Мүгедектік 
формасы ауыр балаларға көмек көрсету 
ісінде өзі бастама көтеретін орталық үйлестіру 
органының қажеттілігі туындап отыр. Алайда жа-
уапты мекемелердің бытыраңқылығын ескер-
сек, бұл қиындық туғызуы мүмкін. Мүгедектігі 
бар балаға ауруының әртүрлі деңгейінде неме-
се оның өміріне көмек көрсететін жұмыс істеп 
отырған әртүрлі мекемелер мен құрылымдарға 
қатысты айқындық жоқ. Мүгедектігі бар ба-
ланы куәландыруға және тіркеуге байланы-
сты қиындықтар – осы мысалдардың бірі ғана. 
Қосымша кедергілер өтініш беру және бұйымды 
немесе қызмет алу барысында туындайды. 
Бұрын ескертілгендей, мемлекет қызметтердің 
бір бөлігін үкіметтік емес ұйымдарға та-
быстау арқылы көмек көрсетуге ішінара 
орталықтандыру жүргізді. Мемлекеттік және 
мемлекеттік емес субъектілердің үйлесімі күтімді 
қамтамасыз етуді қиындатуы мүмкін. Баланы 
тиісті білім беру мекемесіне тіркеу қосымша 
қиындық тудыруы мүмкін. Мұндай мысалдардың 
көпшілігі мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік 
интеграциясының күрделілігін баса көрсете оты-
рып, респонденттердің пікірталасы кезінде ай-
тылды.
Респонденттердің пікірталасы мемлекеттік көмек 
беру жүйесін төмендегідей түрде жақсартуға бо-
латынын анық көрсетті.
1. Әлеуметтік көмек алу мақсатында баланы 
мүгедек дәрежесінде диагностикалау және тіркеу 
үдерісін ретке келтіру және стандарттау керек. 
Ата-аналар бұл жөнінде диагноз анықталғаннан 
кейін, жәрдемақы алуға жылдам өтініш бере 
алуы үшін дереу хабарландырылуы тиіс.
2. Мүгедектікті анықтау үдерісі қажетті 
медициналық жабдықтары ғана емес, со-
нымен бірге білікті қызметкерлері бар тиісті 
медициналық мекемеде жүзеге асырылады. 
Ауылдық аудандарда, атап айтқанда, балалардың 
мүгедектігін олар әлеуметтік жәрдемақы ала алуы 
үшін уақтылы негізде анықталуын қамтамасыз 
етуге талаптану керек.
3. Бала мен ата-ана әлеуметтік жәрдемақы 
алуға құқылы деп танылғаннан кейін, оларға алу 
құқығы берілген жәрдемақының түрін анықтау 
қажет. Ұзақ уақыт күтіп қалуды болдырмау үшін, 
80


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
нақты бұйым мен қызметке өтініш беру үдерісін 
ретке келтірген жөн. 
4. Мемлекетке әлеуметтік қызметкерді неме-
се мүгедектіктің ауыр формасымен ауыратын 
балалардың мүддесін қорғаушы дәрежесіндегі 
әлеуметтік басқа тұлғаны тағайындау туралы 
мәселені қарастыруға болатын еді. Бұл ата-
аналарға балаға медициналық қызмет көрсетуге, 
оның білім беру мекемесіне тіркелуіне, емдеу 
немесе оңалту бағдарламаларына қатысуына 
және т.б. қатысты негізделген шешім қабылдауға 
көмектесетін еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет