ҚОРЫТЫНДЫ
«Абай жолы» эпопеясы бүгінгі күні тек қана қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл дүние жүзілік әдебиеттің ірі шығармаларының біріне саналып отыр. Осындай үлкен биікке бұл шығарма айтары жоқ көптеген асу белдерден, біріне – бірі қарама – қарсы ғылыми, сыни ой – пікірлерді ести, оқи, жинақтай отырып жетті. Біз бұл жұмысымызда «Абай жолын» тану, бағалауда үлкен монографиялық еңбектерді қарастырудан бұрын тек баспасөз беттеріндегі мақалаларға тоқталдық. Өйткені көркем шығарма жайлы алғаш баға күнделікті баспасөздегі әдеби сын мақалаларда беріледі. Баспасөз - сынның өмір формасы, даму арнасы. Баспасөздегі әдеби сында ерсілі – қарсылы, қайшылықты ойлар айтылып жатады. Әдебиетіміздің дамуы жайлы түрліше қоғамдық пікірлердің көп айтылып жатуы сын дамуына өрісті жол ашады. Сын мұраты – көркем шығарма, не әдеби процесс хақында алғаш пікір білдіру, баға беру. Сын барлық әдеби фактілерді дұрыс бағалай алмауы мүмкін, ал ғылымда сында айтылған түрлі пікірлер қортылып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сындағы таласты мәселелер шешіліп, бір қалыпқа түсуі керек: өзінің әділ ғылыми бағасын алуы керек. Біз көркем шығарманың бағалану тарихына тоқталғанымызда, осы алғашқы процесс әдеби – сын туралы сөз еттік.
Енді Мұхтартану проблеммасына байланысты 1940 – 50 жылдары әдеби – сынды сөз етсек, аузымызға оралатыны «Абай», «Абай жолы» романдарының бағалану тарихы. Сол кезеңдегі әдеби – сынның жай – күйін сарапқа салдық. Қарастырып өткен мақала, баяндамаларды сараптай отырып, түйсінгеніміз – 40 – 50 жылдардағы әдеби – сында әлі де біржақты, көркем шығармаға жалаң идеологиялық – таптық тұрғыдан қарайтын, тұрпайы социологияның солақай сынының әсері, көріністерінің орын алуы. Осы тұрғыдан романға қазақ әдебиетшілерінен шын әділетті, объективті бағасын бергендерді атап көрсетейік.
1944 жылы «Абай» романын талқылау жиылысында сөйлеген Ғ. Мүсіреповтің баяндамасы, 1949 жылы «Абай» романы совет әдебиетінің зор табысы» деген М. Ғабдуллиннің мақаласы, Ғ. Мұстафиннің «Абай» романы әдебиетіміздің мақтанышы», 1955 жылы А. Нұрқатов «Шындық және шеберлік» деген мақаласы, 1957 жылы жазылған М. Қаратаевтың «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» Қ. Шаңғытбаевтың мақаласы осындай сындарға тойтарыс берді.
Орыс әдебиетшілдерінен Л. Собольев, В. Иванов, Е. Лизунова, З. Кедрина, С. Бородинді атауға болады.
1946 жылы Бүкіл Одақтық Партия Комитетінің Ленинград журналдары «Звезда» және «Ленинград» туралы қаулысы, одан кейінгі идеология мәселелері туралы алған қаулысы шықты. Осы қаулылардың негізінде, Қазақстан Орталық партия комитеті, Қазақстан Ғылыми академиясының тіл және әдебиет институтының қателіктері туралы 1977 жылдың басында қаулы алады.
Осы қаулыларда кеңестік тақырыпта идеясы да, көркемдігі де жоғары, кеңестік дәуірдің тілегіне сай шығарма жазу айтылған. Осыны желеу еткен кей сыншылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов тағы басқа жазушылардың творчествосына көріне тиісті. Мысалға Мұхтар Әуезов өзінің негізгі творчестволық күшін, кеңестік дәуірдің ұлы бейнесін сипаттауға жұмсалмай, революциядан бұрынғы қазақ ауылында болған оқиғаларды сипаттауға жұмсады. Төңкерістен бұрынғы ауылдың, тап қайшылығын, тап тартысын шығармаларында көрсетпеді деді. Әрине, осындай сындардың ұштығы «Абай» романдарына да әсерін тигізеді.
Сыншылар романды бағалағанда шығармадағы тап қайшылығы, тап тартысы мәселелеріне көп шұқшиды. Әсіресе осы мәселеде қазақ әдебиетшілірінен Е.Ысмаилов, Қ. Жармағамбетов, Т. Нұртазин, Т. Ахтанов мақалаларын атауға болады. Орыс әдебиеті сыншыларынан П. Кузнецов, М. Сильченко, Ю. Либединский пікірлерін атаймыз. Тіпті А. Фадеевтің өзі 1949 жылы «Литературная газетада» романға жақсы баға бергенмен, тап күресі мәселесіне келгенде әлгіндей ой – пікір қозғады. М. Әуезовке шығармаларында рулық - феодалдық ескілікті дәріптеген және революциядан бұрынғы қазақ ауылындағы таптық қайшылықты жуып – шаяды деген байлам – тұжырымдарын таңды.
Абай мұрасындағы буржуазиялық, ұлтшылдықты бұрмаланған деген айып таңылған Әуезов 1951 жылы Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болады. Мәскеу университетінде КССРО халықтарының әдебиетінен сабақ береді.
1954 жылы республика жазушыларының съезінде сөз алған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы П.К. Пономаренко өзіне тән турашылдықпен, баспасөз бен ғылымның бұрынғы басшыларына арнап былай деген еді: «Социализм талантқа аса мұқтаж. Сіздер дарынды адамдарды іздеп тауып, көтеруге, кеңес өкіметінің қызметіне қоюға міндетті едіңіздер. Ал сіздер қолда бар ат төбеліндей аз таланттардың өзін даттап қатардан шығардыңыздар. Сіздер соларға қол көтере отырып, халықтың болашағына қол көтердіңіздер». [45.]
Әуезов алаңсыз жұмыс істеп, өзінің ғажайып туындысын аяқтауға мүмкіндік алады. 1959 жылы туындыға Лениндік сыйлық беріледі.
Сол кезеңдегі әдеби – сын мақалаларға қарап отырып, оларда әлі де теориялық ой биігі, интелектуалдық (сыр - сипат) жетіспейтінін көреміз.
Тұжырымды ғылыми анық пайымдаулар, көркем шығарманы эстетикалық білім - талапқа сай қажетті принцип, шарттармен талдап, бағалау жетіспей жатты. Шығарманың шын мәніндегі халықтық, тарихи принциптерді сақтай отырып жазылғандығын ескермеді. Мысалы романдағы тап күресі мәселесін бағалағанда осындай көз – қарастар орын алды. Шығарманы ғылыми жағынан теориялық кең өрістілік танытып, көркемдік - эстетикалық жағынан талдауға барған әдебиетшілердің қатарында Ғ. Мүсірепов, Е. Исмайлов, Т. Нұртазин, А. Нұрқатов, М. Қаратаевтарды атауға болады.
Сол кездегі Коммунистік партияның ХХ съезі саяси - әлеуметтік өмірге ғана емес, көркемдік – эстетикалық тілек – мұраттардың да өркендеуіне жылымық әкелген жаңа кезең болды. Міне, осының бәрі әдебиеттану мен сынға әсер етті.
Қазақ әдебиеттануы мен сыны да зор қарқынмен өркендеп, жаңа сапалық қасиеттерге ие болды. Бұрынғы жеке адамға табынушылық әдеті рухани – мәдени салалардан да алыстатыла бастады. Осындай жағымды факторлар М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясына да әсер етті. «Абай жолы» күн өткен сайын әдеби – сыннан өзінің лайықты да әділ, ғылыми – объективті тұрғыда талданған бағаларын ала бастады. Сонау 1940 – 50 жылдары жеке басқа табыну кезеңдерінде өріс алған тұрпайы да солақай сын тоқырау жылдарында белең алған экономикадағы рухани – идеялық саладағы келеңсіз көріністермен астасты. Мұндай рухани тоқыраудан туындаған бюрократтық, әкімшілік әдістер көп жылдар бойы әдебиет пен өнерге де өз өрнегін салды. Бұл белгілі бір жағдайларда көркем шығармалардың сапасына да әсер етті.
Оқырманның эстетикалық таным - білімі, көркемдік ой - өрісі кеңи түскен сайын «Абай жолы» эпопеясы өзінің жаңаша қырымен, құндылығымен өзінің сырлы ішкі әлеміне, терең иіріміне тарта бермек. «Абай жолын» болашақта зерттеушілер де романның әлі де ашылмаған жанама көркемдік қырларын танып біле бермеген. Шығарманың көркемдік табиғаты сарқылмақ емес. Өткен күндер тәжірибесі болашақ зерттеушілерге осындай тағлым ұсынады.
Қазақ әдебиетінің осы ұлы шығармасы туралы алда да талай сүбелі зерттеулер мен сыни еңбектер туа беретіндігіне кәміл сенеміз? Болашақ эстетикалық мақсат – мұраттарымыздың да алтын тұғыры осы «Абай жолы» роман – эпопеясы бола бермекші деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А, 1959жыл.
Әуезов М. «Повестер мен әңгімелер» А, 1983жыл.
Әуезов М. Толық шығармалар жинағы. Том. 3,4,5.
Родов С. «Әдебиет майданы» 1937.№ 4.
Исмайлов Е. «Абай» романы туралы . «Майдан» № 2. 1945жыл.
Жанғалин Мұхтар .Ұлы ақынның бейнесі . «Социалистік
Қазақстан» 24 февраль.1948жыл.
Жармағамбетов Қ. «Абай» романы туралы «Коммунист» июнь № 6. 1948жыл.
Нұртазин Т. «Абай» романы. «Әдебиет және искусство» № 4. 1948жыл.
Иванов В. Жыр туралы роман. «Социалистік Қазақстан» 28 ноябрь. 1948жыл.
«Абай» романына арналған әдебиет кеші. «Социалистік Қазақстан» 29апрель 1949 жыл.
«Социалистік Қазақстан» 12 апрель 1949 жыл.
Жармағамбетов Қ. Ұлы сыйлық алған шығарма. «Социалистік Қазақстан». 12 апрель 1949жыл.
Бородин С. Жақсы кітап – жан азығы. «Социалистік Қазақстан» 29 апрель 1949жыл.
Әбішев Ә. Ортақ қуаныш. «Социалистік Қазақстан» 29 апрель 1949жыл.
Собольев Л. Қазақ прозасының жеңісі. «Социалистік Қазақстан». 24 апрель 1949жыл.
Мұстафин Ғ. Әдебиетіміздің мақтанышы. «Социалистік Қазақстан» 10 май 1949жыл.
«Социалистік Қазақстан» 19 май 1949жыл.
Ғабдуллин М. «Абай» романы Совет әдебиетінің зор табысы. «Әдебиет және искусство» № 7.1949жыл.
.Нұрмаханов Қ. «Социалистік Қазақстан» 1950 жыл 10 август.
«Әдебиет және искусство» № 12 1950жыл.
Нұртазин Т. «Ақын аға» романы. «Социалистік Қазақстан» 2 февраль1951жыл.
«Әдебиет және искусство» № 5 1953жыл.
Ахтанов Т. «Әдебиет және искусство» № 10 1953жыл.
Нұрмаханов Қ. Абай образы көркем әдебиетте. «Социалистік Қазақстан» 31 август 1954жыл.
Нұрқатов А. Шындық және шеберлік. «Әдебиет және искусство» №6 1955жыл.
Бердібаев Р. Абай жолы. «Қазақ әдебиеті»31 август 1956жыл.
Жақсы бастама. «Қазақ әдебиеті» № 14, 5 апрель 1957жыл.
Кремпиен Г. Классикалық шығарма. «Қазақ әдебиеті» 24 апрель 1959жыл.
Мырзахметов М. Патшалық Рессейдің ұлт аймақтарындағы саясаты.
// Қазақ әдебиеті// № 4, 26 қаңтар 1990жыл.
Фетисов – Ритман М. Абай романы туралы. «Большевик Казахстана» № 7 1946жыл.
Зелинский К. Роман о казахской степи. «Литературная газета» 22 июнь 1946г..
Скосырев П. Абай. «Известия» 16 июль № 166 1946г.
Кедрина З. Абай. «Правда» 20 декабрь 1948г.
Сильченко М. Роман о классике казахской литературы. «Большевик Казахстана» № 12. 1948г.
Ермилов В. / Сборник: «Литература вдохновленная коммунизмом»» стр 16 Москва 1949г.
Лизунов Е. Творческая победа Мухтара Ауезова. «Ленинская смена» 24 март 1949г.
Собольев Л. Литература рожденная революцией. «Литературная газета» 7 мая № 37, 1949г.
Фадеев А. За высокое качество художественной литературы и принципиальную критику. «Литературная газета» 10 август 1949г.
Кожевников В. «Правда» 13 май 1949г.
Либединский Ю. «Литературная газета» 13 декабрь 1951г.
Сильченко М. Абай туралы жаңа роман. «Казахстанская Правда» 3 февраль 1952г.
Кузнецов П. Сынау орнына мадақтағандық.«Правда» 30 январь 1953ж.
«Правда» 1954 г. 17 сентябрь.
Мұхтар Әуезов тағлымы. Алматы – 1987.
Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов творчествосы. Алматы – 1965.
Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. Екінші том А, 1974.
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, 1979.
Стиль сыры. «Ғылым» баспасы, Алматы – 1974.
Ахтанов Т. Таңдамалы шығармалары. ІІ том А., 1974.
Құттыбаев Қ. Әдебиет және искусство. № 8 1954.
Мазмұны
Кіріспе
І. Мұхтар Әуезовтің Абай туралы романдары - 1940-50 жылдардағы қазақ әдеби сынының нысаны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ. Мұхтар Әуезовтің Абай туралы романдары - 1950-60 жылдардағы қазақ әдеби сынының нысаны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ. «Абай», «Абай жолы» романдары – орыс тіліндегі зерттеулердің нысаны
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Достарыңызбен бөлісу: |