Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»
Әдебиеттанушы ғалым, жазушы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. Жазушының «Бір атаның балалары» атты повесінде Ұлы Отан соғысы кезінде ауыл адамдарының панасыз, жетім қалған балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген кең пейілі, адамгершілік істері суреттелген. Бұл арқылы жазушы қазақ халқының бауырмалдығын, адам баласын ұлтқа бөлмейтін мейірбан қасиетін көрсетеді. Қаламгер шығармадағы Ахмет шалдың аузымен: «Жер бетіндегі барлық жұрт Адамата мен Хауанадан таралған дейді. Яғни, жер бетін қоныстанған алғашқы адамдардың барлығы – бір атаның балалары» – дегенді жарықтық үлкен әкем айтушы еді. Сондықтан неміс, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә» деп, адамзаттың бәрін бауырым деп сүю қасиеті қазақта атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлт болмысы екенін ашып береді. Жалпы шығарма Соғыс жылдарындағы ауыр кезді жазушы көзімен толықтай сипаттайды. Бәрімізге белгілі Ұлы Отан Соғысы қазақ халқы үшін үлкен азаптар мен қиындықтарға толы болды, сол кезде өзінің адамгершілігі мен кең пейілін жоғалтпай жат балаларды бауырына басқан Зигфрид атаның адамгершіліг көпке үлгі боларлықтай. Барлығымызда бір атадан туған пенделерміз, сол себептіде бір – бірін бөліп, жармай өз ту,анындай бауырына басқан Зигфрид тарихи тұлға.
Мен осы шығарманы оқымаған адамдарға үлкен кеңес беремін. Бар жоғы бір сағат уақытыңызды алатын бұл әңгіме сізді 1945 жылдардың кезіңіне толықтай еліктіріп, кішкене де болса өмірге деген көзқарасыңызды өзгертететіне сенімім мол. Алапат кезеңде де жүрегінде иман отын өшірмеген қазақ халқының осындай кең жүрегі шынымен де, бойымды жылытты.
Достарыңызбен бөлісу: |