Мұхтар Шаханов



Дата27.04.2023
өлшемі18,58 Kb.
#175622
Байланысты:
Бөж5


Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім


Отан – біздің ең үлкен анамыз. Әркім Отанына көрсеткен қызметіне жылу дәметпеуі тиіс. Ол – оның азаматтық борышы.
Мұхтар Шаханов
Отан деген ұлы ұғым. Біз Отанымыздың бір бөлшегіміз, сондықтан Отан бізге емес, біз Отанға тәуелдіміз. Отан – әрбір жанның туып-өскен, қайнар бастауы болған, тұлғалық даралықты сезіндірген, өзіңді толыққанды адам ретінде аяққа тұрғызған киелі мекен. Сол себептен де, мен үшін Отанның мәні айтарлықтай айқын әрі маңызды.
Менің Қазақстаным – әлемге танылуға дайын гүлденген ел. Осы республиканың азаматы болу мен үшін үлкен мәртебе. Қазір біз Қазақстанды заманауи, дамушы мемлекет ретінде көреміз. Осы орайда, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халқымызға сіңірген еңбегі зор. Бірақ қазақстандықтар өз қарымы мен қабілетін, білімі мен біліктілігін еліміздің одан әрі өркендеуіне жұмсау керектігін естен шығармауымыз керек. Бар күшімізді салып,ел ертеңі үшін елеулі қызмет қылсақ, тек қана алға ұмтылсақ, елімізді әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосатынымыз сөзсіз.
Елге деген асқақ махаббат, сырға толы сүйіспеншілік жайлы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес-ті. Әр адамның өз Отанын сүйетіні, халқын құрметтейтіні белгілі. Бірақ біз Отанымыз үшін әлі ештеңе жасамаған болсақ, Отанға деген махаббатымыз туралы айтуға құқығымыз бар ма? Туған жерге деген ыстық сезім уақыт өте келе келеді. Адам жасы ұлғайған сайын ғана Отанға деген шынайы көзқарасын түсіне алады. Өйткені, бұл сүйіспеншілік көптеген құрамдас бөліктерден тұрады: бұл патриотизм, еліміздің азаматтарының ерліктері мен жетістіктеріне мақтаныш, сұлулық пен табиғи байлыққа, ең қызықты ежелгі тарихқа тамсану және оны болашақ ұрпаққа жеткізу.
Біз бала күнімізден патриот болып тәрбиеленеміз. Біз өз Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы жиі айтамыз, оның жетістіктерін, бай тарихы мен мәдениетін, тату халқын, әсем табиғатын, баға жетпес байлығы мен бейбітсүйгіш сыртқы саясатын мақтан тұтамыз, бірақ патриотизм дегеніміз не және патриот болу деген сөз нені білдіреді? Патриот болу – Отанды сүю ғана емес, онымен тағдырлас өмір сүру: оны қорғау, өз елінің тарихын жетік білу, ең алдымен мемлекеттік тілді білу, ана тілімізді құрметтеу, әдет-ғұрыптарды сақтау, халқыңның салт-дәстүрлерін дәріптеу, өз мемлекетіңнің, туған жеріңнің игілігі үшін еңбек ету.
Отанымның дамуы мен көркеюі үшін мен не істей аламын? Қазіргі таңда мен физика пәні мұғалімін даярлау мамандығының 2 курс студентімін. Физика пәнін жетік меңгеріп, мамандығымды жан-жақты танып, білімімді жетілдіріп болашақта өз мамандығымның шебері болсам деймін. Мұғалімдік – қазіргі таңда өте қажет және сұранысқа ие мамандық. Нағыз мұғалім болу жолында көптеген қиыншылықтарға кезігетінін әрбір мұғалім мамандығын таңдаған жан түсіну керек, өйткені оқуды меңгеру барысында бір орында тоқтап қалмай, пәннің қыр-сырына үңіліп, әр уақытта терең ізденісте болу керек. Мен өз мамандығыммен Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосамын деп ойлаймын, өйткені, ұстаздардың арқасында көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келе жатыр. Ал болашақ жастардың қолында.
Республикамыздың қазіргі жас буындары белсенді өмір салтын ұстанып, жақсы білім алып, болашақты ойлайды. Олардың көзқарасында біздің Қазақстан табысты, тұрақты, тәуелсіз әрі озық мемлекет болады. Мен олармен толықтай келісемін. Менің ойымша, біздің жас ұрпақ қуатты әрі бай Қазақстанды сақтап қала алады. Себебі, қазіргі заман емін-еркін заман. Ал Отанына жан-тәнімен қызмет еткісі келген адамға сан қилы жолдар ашық.Тек әрекет ету адамның өзіне байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет