Мұхтар Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Зертханалық фарфор ыдыстар



бет14/36
Дата11.06.2020
өлшемі0,67 Mb.
#73107
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
Зертханалық құралдар мен ыдыстар

Зертханалық фарфор ыдыстар. Фарфор ыдыстарға тигельдер, чашкалар, ступкалар, Бюхнер воронкасы, фарфор стақандар, фарфор қайықшалар т.б. ыдыстар жатады. Чашкалар мен тигельдер сұйықтықтарды ұшыру үшін және қатты заттарды қақтау үшін қолданылады, себебі олар 1000оС-тан жоғары температураға шыдайды, қатты заттарды ұсату үшін пестигі бар фарфор ступкалар қолданылады. Бюхнер воронкасын вакуум астында сұйықтықтарды фильтрлеу үшін қолданады (29-34 - суреттер).

  

29-сурет. 30-сурет. 31-сурет.

Фарфор стакан. Фарфор ступкасы Буландыруға арналған

мен пестик. чашка.



  

32-сурет. Бюхнер воронкасы. 33-сурет. Фарфор қасықтар (шпательдер).



 34-сурет. Фарфор қайықшалар.

29

Зертханалық фарфор ыдыстар әр түрлі зертханаларда кеңінен қолданылады, себебі олар 1300 градусқа дейін жарылмайды, сонымен бірге қышқылдар мен сілтілер әсерлеріне де шыдамды. Фарфордан жасалған қалың ыдыстар механикалық әсерлерге, температуралар өзгерістеріне төзімді. Бұл ыдыстар ғылыми жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады, себебі олардың зақымдалу қауіпсіздігі аз. Бұл қасиеттері фарфор ыдыстар қатты фарфордан (40-60% сазды заттан, 20-30% кварцтан, 20-30% дала шпатынан тұрады) жасалғандығынан болады. Қатты фарфордың күйдіру температурасы 1400 градусқа жетеді. Фарфор ыдыстардың химиялық беріктікгі ерекше құрамы бар глазурьмен беттері жабылғандықтан (беті жабылмаған фарфор ыдыстар қышқылдар мен сілтілерде тез бұзылады), бірақ бірден суытса, олар жарылып кетеді.



Фарфор тигельдерді заттарды муфель пеште қыздыру үшін, ал фарфор чашкалар ерітінділерді буландыру үшін, кей кезде қатты заттарды қыздыру үшін, фарфор қайықшалар заттарды түтікше пеште қыздыру үшін, фарфор ступкаларды қатты заттарды ұсақтау үшін қолданады.

Муфель пештерден фарфор ыдыстарды арнайы қысқыштармен алады және пешке қояды (35-сурет).



 35-сурет. Тигельге арналған қысқыш.

Зертханалық қондырғылармен, сонымен бірге құралдардың қолданылуы мен оларда жұмыс орындау тәртібімен студенттер зертханалық жұмыстарды орындағанда танысады.

Зертханалық жұмыстарды орындағанда әр түрлі реактивтер қолданылады, олардың негізгі қасиеттерін жақсы білу керек.

Реактивтер агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газтәріздес болып бөлінеді. Қатты және сұйық реактивтерді жабылатын шыны ыдыстарда сақтайды, ыдыстардың сыртында реактивтердің тазалық дәрежесі көрсетіледі: химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т), техникалық (техн.), аса таза (а.т.), спекральды таза (сп.т.).

Реактивтердің тазалығы олардың құрамындағы қоспаларға байланысты.

Әр зертханада реактивтердің белгілі бір мөлшері болуы керек. Олар қолданылуына байланысты 2 негізгі топқа бөлінеді: жалпы қолданылатын және арнайы қолданылатын болып.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет