Microsoft Word 1Лессон стади



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата21.04.2023
өлшемі1,01 Mb.
#175080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
56Лессон стади

 
4. САБАҚТЫ ӨТКІЗУ/БАҚЫЛАУ 
Сабақ – мұғалімдердің жоспарлаған идеяларын жүзеге 
асыратын Lesson Study үдерісі құраушыларының бірі болып 
табылады. 
Бұл кезеңде топ мүшелерінің бірі сабақты өткізеді жəне 
басқа топ мүшелері бақылайды жəне оқушылардың оқуы, 
олардың ойлауының дамуы жəне ынтымақтастыққа жұмыс істеу 
мақсатында өзара əрекеттесуіне қатысты дəлелдемелер жинайды. 
Сабақты өткізуге дейін оқушыларды сабақты зерттеу жəне 
сыныпта сабақты бақылаушылардың болатыны туралы хабардар 
ету керек. Бақылаушылардың сабаққа қатысуын балалардың 
оқуына кедергі болмайтындай етіп ұйымдастыру қажет. Олардың 
сыныпта орналасатын жерін оларға ынғайлы, əрі оқушыларға 
кедергі келтірмейтіндей етіп ойластырған жөн. Сонымен қатар 
бақылаушыларға сыныпта не болып жатқаны жақсы көрінетіндей 
болуы тиіс. Мұғалімдер президиумда отыратындай үстелдерден 
бөгет жасаудың қажеті жоқ, себебі бұл қосымша кедергі болып 
табылады. 
Сабақтағы бейне жəне фото түсіру барынша көзге түспегені 
дұрыс. Сабақ барысында сынып ішінде бір жерден екінші жерге 
қарай жүріп оқушылардың назарын аударуға жəне сабақтың 
барысын бұзуға болмайды. Түсіру үшін оқушыларды қолдануға 
жол берілмейді. 
Дəстүрлі бақылаулар əдетте, мұғалімнің сабақ бойы жүзеге 
асыратын іс-əрекетін басты назарда ұстайды. Сабақты зерттеуде 
бақылаудың фокусында оқушылар жəне олардың берілген 
нұсқауларға қалай жауап қайтаратыны болады.Оқушыларға 
тапсырмаларды барынша тиімді орындауға көмектесу үшін 
бақылаушыларда сабақ жоспарының көшірмесі, сабақта 
қолданылатын үлестірме материалдар, сонымен қатар жетекші 
қағидалары жазылған бақылау формаларыболуы керек. 
Мұғалім командадағы əріптестерімен келіспей – ақ сабаққа 
болмашы өзгерістер алады ма? 
Көптеген мұғалімдер оқушылардың сабақ барысында белгілі 
бір жағдайда туындаған қажеттіліктері негізінде сабаққа 



~ 7 ~ 
өзгерістер енгізеді. Болмашы өзгерістерден, бəлкім, құтылу 
мүмкін емес, дегенмен осындай өзгерістер сабақты жоспарлау 
кезеңінде алдын ала қарастырылса анағұрлым жақсы болады. 
Егер де мұғалім айтарлықтай өзгеріс енгізетін болса 
бақылаушылар өздерінің жұмыстарын істеуге дайын болмайды 
жəне жинақталған дəлелдердің құндылығы БАҚЫЛАУ маңызды 
рөл атқарады, себебі ол мұғалімдерге зерттеудің бүкіл кезеңінде 
оқушылардың оқуына ілесіп, олардың ойлауында болып жатқан 
өзгерістерге жəне оқушыларға оқытудың қандай əдістері ықпал 
етіп жатқанын назарда ұстауға мүмкіндік береді. Десек те, 
осыған қоса, топтар бақылауды сабақтың нəтижесі ретінде 
ұсынатын оқушылардың жазба жұмыстары сияқты қосымша 
дəлелдемелермен толықтырады. 
Командалар «Сабақты бақылау бойынша нұсқаулықты» 
əзірлей алады немесе сабақты қалай бақылау керектігін, кімді 
бақылау керектігін, не нəрсеге мəн беру керектігін жəне 
бақылауды қалай жазып отыру керектігін көрсететін формамен 
де шектеле алады. Бақылаушылар сабақты бақылаған кезде 
дəлелдемелерді жинау бойынша ұсыныстарды басшылыққа 
алады. Мектептегі барлық мұғалімдер мен топтарға ортақ етіп 
əзірленген нұсқаулықта негізгі қағидалар мен нормаларды, тіпті 
этика, сұхбат, фото жəне бейнетүсіруды қолдану ережелерін де 
жазып көрсетуге болады. 
Бақылау формалары – Lesson Study үдерісінің дəлелдемесі 
жəне есептілігі үшін пайдалануға болатын құжаттардың бірі 
болып табылады. Егер де сіз қандай да бір отырыста, коучинг-
сабағында зерттеу сұрағына қатысты сабақты бақылау 
формаларын əзірлеуді ұйымдастырып, өткізсеңіз, бөлінген 
көшбасшылық қағидасын көрсетесіз. Топтарға өзіңіз басқа 
дереккөздерден алған дайын үлгілерді ұсынудың қажеті жоқ. Топ 
зерттеу сұрағын қойып алады, содан кейінгі олардың келесі 
қадамы – бақылау формаларын əзірлеу. Аталған форма 
анағұрлым 
егжей-тегжейлі 
болса 
тіпті 
жақсы, 
себебі 
бақылаушылар 
сабақты 
бақылау 
кезінде 
əзірленген 
критерийлерге сəйкестікті іздестіріп, белгілейді жəне сабақ 
аяқталған соң қолдарын қояды. Бұдан кейін ешқандай 
хаттаманың жəне жұмыстың қажеті жоқ, тек қана бірлескен 
талқылау жəне талдау жүзеге асырылады. Lesson study 
мұғалімдер жұмысын жеңілдетуге жұмыс жасағаны өте маңызды 
жəне қосымша жұмысты туындатпауы тиіс! Осы орайда, бақылау 
формасы – мұғалім бақылауының жəне қорытынды жасағанның 



күшті дəлелдемесі болып табылады. Бұл дəлелдемелер кейін 
топтың бірлескен кездесуінде талқыланатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет