Сəлем , балақай!
Біз сіздер үшін ерекше кітап жасадық! Бұл кітаппен кəсіп деген не,
ақшаны
қайдан алады, оны қалай̆ жұмсаған дұрыс, бағалар неге өзгеріп тұрады, тағы да басқа
көптеген сұрақтарға бірге жауап іздейтін боламыз.
Сіздер экономика деген сөзді естіген боларсыздар? Оның мағынасы грек тілінен
аударғанда «үй шаруашылығын жүргізу өнері» дегенді білдіреді.
Қазір бұл сөзбен
«бүкіл мемлекеттің шаруашылығын» атайды, солай емес пе? Кішігірім отбасы болсын,
үлкен мемлекет болсын экономиканы шебер басқаруды талап етеді. Біздің қалай
киініп, қандай тағамдар жейтініміз бен қалай білім алатынымыз да осы экономикаға
тікелей байланысты.
Достар, экономикаң мықты қылатын нəрселердің бірі - кəсіпкерлік. Демек,
түсінгеніміздей, кəсіпті білу өте маңызды. Ал оны білу үшін жалқаулыққа жол бермей,
осы сынды кітаптарды көбірек оқу керек. Іш пыстырмайтын қызықты кітабымыздан
көп нəрсе үйренетіндеріңе сенімдіміз. Бұл кітаптың бас кейіпкері Орманды қаласының
тұрғыны іскер аю. Оның есімі Берке. Ол бір күні кəсіппен айналысуға бел буады.
Онысынан не шықты деп ойлайсыздар? Ендеше оқып көрейік!
Құрметпен, OrdaGen жобасындағы ағаларың!
1. Берке аю қалай дүкен ашты?
Наурыз айы келіп Орманды қаласы жасылға боянды.
Бұл қалада көптеген аңдар,
құстар мен жəндіктер тату-тəтті өмір сүреді. Орманды тұрғындары шуақты көктемді
қуанышпен қарсы алып жатты. Солардың бірі барлық аюлар секілді 4 ай ұйқыға кетіп,
көктемде оянатын Берке аю мен оның жанұясы. Олар да апандарынан шығып,
табиғатқа таң-тамаша болысып жатты. Ұзақ ұйқыдан сергек оянған Берке аю
жанұясымен бірге тау басында ерімей қалған қармен ойнап, көңіл көтерді. Ертесінде
бала аюлардың тамақтары ісіп, ауырып қалады. Берке аю тез
арада Ормандының
дəрігері Тоқылдақты іздеуге аттанады. Тоқылдақ дəрігерді тұрғындар «орман
санитары» деп атайды. Себебі Тоқылдақ құс орман ағаштарын кеміргіш зиянкес
құрттармен күреседі. Берке аю Тоқылдақ дəрігердің үйіне асыға-үсіге жетіп, жағдайды
түсіндіреді. Сонда Тоқылдақ:
– Таңқурай қосылған ыстық шай мен ыстық сүт бер, – деді.
Берке аю дəрігердің айтқандарын іздеуге кірісті. Қарт кірпіге барып таңқурай
сұрағанда:
– Берке мырза, біздің таңқурайымыз
қыста таусылған, – деді.
Содан Берке аю Сиырға барып сүт сұрайды, ол да аюды құр қол қайтарды.
Берке аю үйіне көңілсіз оралады. Кенет есіне қоймадағы қыстан қалған бөшке бал
түсті. Соны талғажау етіп қонжықтарына ем жасады. Осы кезде Берке аюға «Неге
өзімнің дүкенімді ашпасқа» деген ой келеді.
Таң ата салысымен Берке аю апанының бір бөлігін босатты да, ішін тазалап
сөрелер жасады.
Өзінің кимейтін артық шапанын, былғары етігін, байпақтарын сөреге
шығарды. Бірақ Берке аюдың дүкеніне келушілер көп бола қоймады.
Келушілер
сөрелерге бір қарап ештеңе сатып алмай шығып кетеді. Мұның себебін түсіне алмай
Берке дал болады. Сол сəтте Ормандының барлық жаңалықтарынан хабардар боп
жүретін сауысқан саңқ етіп, Беркенің қасына қона қалып:
– Берке аю, неге көңілсізсің? - деді.
– Қалайша көңілді болайын, сауысқан? Дүкен ашып едім, сауда жоқ,- деді көңілі түсіп
отырған Берке.
– Аюбай, саудада басты рөлді тауар атқарады. Көктем келіп, күн жылығанда қалың
шапан мен былғары етік кімге керек? – деді де ұшып кетті.
Аю ойланып қалды. Шынымен де көктем келгенде қыстық киімдер кімге керек? Тауар
деген не? Осылай ойланып отырғанда бір топ елік дүкенге кіріп Берке аюдан бал
сұрайды. Берке аю қоймасындағы қалған балмен еліктерге сауда жасайды.
– Қызық екен,- деді аю.
Бұл бөшке қоймада жатқанда жай ғана тəтті бал еді. Енді дүкен ашқанда тауарға
айналды. Демек, тауар дегеніміз – сатып алуға немесе сатуға болатын зат.
Осы кезден
бастап Берке аюдың саудасы қыза түсті. Берке аюдың дүкенінде тек бал ғана емес,
басқа да тəттілер сатыла бастады. Ал, оларды Берке аю қайдан алды? Оны келесі
оқиғадан біле аламыз.
Əзірге ақылгөй Қарғаның сұрақтарына жауап іздеп көрейік.
1. Балақай, Аюлар қысты қалай өткізеді екен?
2. Тоқылдақ құстың орманға пайдасы қандай?
3. Саудада ең басты нəрсе не екенін, айтшы?