Microsoft Word История.№1,2010



Pdf көрінісі
бет14/68
Дата25.04.2020
өлшемі1,65 Mb.
#64624
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
таңба 222333

 
 
 
АЛАШ  ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖƏНЕ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ ТАРИХЫНЫҢ 
 КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
А.Слəмов – 
 т. ғ. к., Семей мемлекеттік педагогикалық институты 
 
XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі топтардың, ағымдардың өзара қақтығыс күрес 
кезеңі  болды,  қарама-қайшылықты  оқиғаларға  толы  бұл  кезде,  барлық  əлеуеметтік  топтар  күрес 
жолына  шығып,  бұл  теке-тірес  бүкіл  өңірді  қамтыды.  Ескі  күні  өткен  феодалдық  қатынастар  өзінің 
дамуы жағынан барлық қуатын тауысып қоғамдық өніп-өсуде кедергілерге айналса, оларды ауыстыра 
қоятындай жаңа қоғамдық қатынастар балаң күйде тым əлсіз еді. Отарлық езгі, күн сайын күшейіп келе 
жатқан    орыстандыру  саясаты  да  тереңдей  түсіп  ел,  ұлт  болашағына  да  қауіп  төнген  тұс  осы  кез 
болатын.  Əсіресе  ауылдық  жерлердегі  отарлау,  мал  санының  азаюы  да  жергілікті  халықтың  тұрмыс 
деңгейінің  азаюына  əкеп  соқты.  Ішкі  Ресейден  қоныс  аударушылар  легінің  күрт  өсуі,  қазақ 
шаруаларын,  егіншілікке  жарамды  жерлерден  зорлықпен  ығыстыру,  қалыптасқан  жағдайдың  нақты 
көріністері болды. 
Қазақ халқының жері мен табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік еткен отарлаушылар, 
байырғы тұрғындарға рухани жағынан да қысым көрсетті, халықты тілінен, дінінен айыру бағытында 
қатыгездікпен ойластырылған шаралар жүйесі жалғасын тауып жатты. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 
1907  жылы  жазылған  «Қазағым  менің – елім  менің»  атты  мақаласында  былай  деп  ашына  жазған 
болатын: «...Ең алдымен қазақ халқы Россияға тəуелді халық ... оның ешқандай правосы жоқтығы кек 
тудырады».  Халықтан  жиналған  салық  қаражатының  көп  бөлігі  халыққа  керек  емес  нəрселерге 
жұмсалады. Енді чиновниктер біздің дінімізге атадан моллаларға ғана тиісті неке мəселелеріне араласа 
бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды»/1/. 
Отарлықтың  милитаристік  рухы  отарлық  əскери  округтерді  құруда  да  айқын  көрініс  тапты. 
Сөзіміздің  дəлелі  ретінде осы арам  пиғылды  жүзеге  асыру  барысында ғасыр басында  Ресейдегі алып 
империяның құрамындағы 11 казак əскери қауымының төртеуінің қазақ жеріне орналасқанын айтсақ та 
жетпей  ме?  Статистика  тілімен  айтар  болсақ  мұздай  қаруланған  бір  миллионнан  асатын  казак 
жасақтары  халық  үстінен  қылыштарын  жалаңдатып, 5 миллионға  жетер  жетпес  қазақ  халқының 
азаттық жолындағы əрбір қадамын аяусыз басып отырды/2/.  
Қазақ қоғамының дамуының күн тəртібінде не ұлт ретінде жоғалу, не өзін-өзі сақтау мəселесі 
тұрды.  Саяси  саладағы  жұмыстарды  жүргізу  тарихи  кезең  болып  табылатын  алғашқы  төңкеріс 
жылдарында қазақ халқы да ұлттық ояну кезеңін басынан өткізді, жаппай саяси мəселелерге бой ұру 
күшейді.  Ə.  Бөкейханов  дəл  атап  көрсеткендей, «бүкіл  дала  саясат  аясына  тартылып,  азаттық  үшін 
қозғалыс  тасқынына  енген»  тұста  халқының  саны  жағынан  аз  болғанымен  саяси  күрес  қазанында 
қайнап, тез ысыла бастаған үркердей озық ойлы топ көмекке келді, ол қазақ оқығандары болатын. Ұлт 
зиялылары алғашқы орыс төңкерісі жылдары кейіннен Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыстың 
негізін  қалады.  Оның  басты  мақсаты – қазақ  елінің  өзін-өзі  басқару,  ұлттық  мүддені  қорғай  алатын 
мемлекеттік  жүйе  құру,  ішкі  Ресейден  қоныс  аударуға  шек  қою,  дəстүрлі  мал  шаруашылығын 
өркендетуге  мүмкіндіктер  жасау,  егіншіліктің,  өнеркəсіптің  дамуын  қамтамасыз  ете  отыра  сауда 
қатынастарына  жол  ашу,  жеке  адам  құқықтарын  қадір  тұту,  ұлттық  оқу  жүйесін  мəдениетті 


 
17
өркендетуге, тілдің дамуына жағдайлар жасау, түптеп келгенде дербес мемлекет құруды жүзеге асыру 
болатын. 
Қазақ  жерінің  көптеген  аймақтарында  еңбекшілер  тарапынан  патша  өкіметіне  наразылық 
білдіру  байқалды,  ұлттық  ояну  кезеңі  туып,  жаппай  саяси  мəселелерге  бой  ұру  күшейді.  Саяси 
жиындарында,  стихиялы  түрде  ұйымдастырылған  митинглерде  патша  үкіметінің  аграрлық  саясаты 
мəселелері  талқыланды,  қазақ  жерлерін  тартып  алуға  қарсы  дəлелдер  келтіріліп,  қазақтардың  өз 
жеріндегі  құқықсыздығы  туралы  айтылды,  қазақ  халқының  тілі  мен  мəдениетін  сақтау  талабы 
қойылып, патша өкіметінің орыстандыру саясатына қарсы наразылық білдірілді/3/. 
Қоянды  жəрмеңкесінде 1905 жылдың  жазында  дүниеге  келген  Қарқаралы  Құзырхаты  оның 
бағдарламалық  құжаты  болды,  ол  еңбекшілердің  күш  біріктіріп,  қимыл  жасауының  айтарлықтай  бір 
үлгісі  болып  табылады.  Ғасыр  басындағы  орын  алған  оқиғаларға,  зиялылар  құрамының  осы  кезенде 
атқарған  жұмыстарды  туралы  еліміз  тарихында  алғашқылардың  бірі  болып  белгілі  зерттеуші  М. 
Қойгелдиев  тың  ойлар  айтты.  Ғалым  пікірінше «1905-1907 жылдары  отарлық  бұғаудағы  қазақ 
қоғамында  таптық  санадан  гөрі  ұлттық  сананың  тезірек  пісіп  жетілуіне  қолайлы  алғышарттар  басым 
түсіп жатты»/4/. 
Ресей  отаршылдығына  қарсы  халқымыздың  үздіксіз  жүргізген  ұлт-азаттық  күресіндегі  ең 
маңызды кезеңдердің бірі Алаш қозғалысы ұлт-азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге көтерді, бейбіт 
дипломатиялық, саяси ұстанымдар арнасына түсірді. Осы жылдары саяси қызметті қызу өрістеткен Ə. 
Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов  жетекшілік  еткен  ұлт  зиялылары  жаңа  өрлеу  ала  бастаған 
ұлт-азаттық  қозғалысқа  жаңа  сипат  беру  үшін  газеттер  шығару,  азаттыққа  үндеген  басылымдар 
шығарып  тарату  сияқты  күрес  тəсілдерін  игере  бастады.  Қазіргі  кезге  дейін  құнын  жоғалтпаған  А. 
Байтұрсыновтың «Маса» жəне М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітаптары сол мақсаттарға арналды. 
1911  жылдан  шыға  батаған  «Айқап»  журналы, 1913 жылы  жарық  көріп  жалпы  халықтың 
басылымға  айналған  «Қазақ»  одан  кейін  өмірге  келген  «Бірлік  туы», «Сарыарқа», «Ақжол»  газеттері 
ұлт-азаттық  күрес  идеологиясының  қалыптасуына  ықпал  етті,  қызмет  жасады.  Бұл  кезеңдегі  ұлт-
азаттық  қозғалыстың  сипаты  кезінде  М.  Қозыбаевтың  айқындауы  бойынша: «Алаштың  ұлт-азаттық 
қозғалысы – отаршылдыққа наразылық, отаршылдыққа қарсы ұлтшылдық болды»/5/. 
Саяси  өмірдегі  оқиғалар  тізбегі I-жəне II-мемлекеттік  Думаларға  сайлауға  дайындық 
оқиғаларымен де ерекшеленді. Саяси бостандық беру, қазақ жерін тартып алуды тоқтатуға байланысты 
талап-тілектер осы жылдарда да жалғасын тапты. 
Алғашқы  жаһандық  соғыстың  басталуы,  оған  байланысты  отарлық  езгінің  күшеюі,  соғыс 
мұқтаждарына жұмсалатын алым-салықтардың қисапсыз өсуі «Қазақ» газеті төңірегіне топтасқан ұлт 
зиялыларының  жағдайын  күрделендірді.  Соғысқа,  оның  барысында 1916 жылы  майданның  қара 
жұмыстарына шақыру жəне осыдан туындаған салдарларға  байланысты көзқарастарды анықтау олар 
үшін  оңай  болған  жоқ.  Көтерісшіл  халықты  да,  оның  зиялы  қауым  өкілдерін  де  келе  жатқан 1917 
жылдың қос төңкерісі жəне оған жалғасқан оқиғалар кезеңі күтіп тұрды.  
Қазақ жұртының қоғамдық-саяси өмірінде Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін патша билігінің 
құлауына  байланысты  зор  сілкініс  туды.  Отаршыл  патшалық  биліктің  құлатылуы  жəне  оның  орнына 
келген  уақытша  үкіметтің  демократиялық  принциптерге  негізделген  саясаты  қазақ  қоғамында  бұрын 
соңды  болып  көрмеген  белсенділікке  жол  ашты.  Отарлық  азабын  шеккен  оларға  енді  жаңа  əділетті 
дəуір  туатындай,  өздерін  «бұратана»  деп  жүре  тыңдайтын  чиновниктік  аппарат  біржолата 
жойылатындай  көрінді.  Уақытша  үкіметке  империя  құрамындағы  басқа  да  отар  елдер  сияқты  қазақ 
халқы  да  барынша  қолдау  көрсетті.  Кезеңнің  ең  маңызды  ерекшелігі – қазақ  қоғамында  идеялық 
бірлікке, саяси тұтастыққа негіз қаланды. Заман өзгерісі, уақыт талабы алға тосқан жаңа міндеттердің 
толқынымен ұзақ жылдар өзімізді - өзіміз басқарсақ деп армандаған олар қалыптасқан ахуалды, саяси 
жағдайды қалт жібермейік деп өздерінің саяси ұйымдарын жариялап құра бастады.  
Жақсылық  хабарды  естіген  А.  Байтұрсынов  сол  кездегі  елдің  көңіл  күйін  былайша  білдірді: 
«Қазақтарға,  ақпан  төңкерісі  қанша  түсінікті  болса,  қазан  төңкерісі  соншалықты  түсініксіз  көрінді. 
Олар  алғашқы  төңкерісті  қандай  қуанышпен  қарсы  алса,  тура  сондай  үреймен  екіншісін  қарсы  алуға 
мəжбүр  болды».  Қазақ  халқымен  таныс  адамдар  үшін  қазақтардың  бұл  төңкерістерге  деген  мұндай 
көзқарасы  түсінікті  болатын.  Алғашқы  төңкерісті  қазақтар  тура  түсініп,  қуанышпен  қарсы  алса  ол, 
біріншіден,  бұл    төңкерістің  оларды  патша  үкіметінің  қанауы  мен  зорлығынан  құтқаруында  жəне 
екіншіден, олардың өзімізді-өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді/6/. 
Ақпан  төңкерісі  барысында  монархия  құлатылғанымен  жер-жердегі  басқару  аппараттарын 
түбегейлі жоя алмады. 


 
18
Қазақ  оқығандарының  өкімет  билігіне  қол  жеткізуі,  ұлттық  қоғамдық  саяси  ұйым – қазақ 
комитеттерінің  өмірге  келуі,  тұңғыш  ұлттық  саяси  партияның  құрылуы  жəне  оның  автономия  үшін 
күресі, зиялылардың земстволық басқару жүйесін орнатуға ат салысуы, құрылтай жиналысы сайлауына 
қатысуы  сияқты  оқиғалар  ағымы  Уақытша  үкімет  тұсында  жүзеге  асады.  Төңкеріс  қоғамдық  өмірдің 
барлық  мəселелерін  шеше  алмағанымен  елде  кең  көлемде  саяси  бостандықтар  мен  бүкіл  қоғамдық 
өмірдің демократияландырылуына жол ашты.  
Ұлттық-азаттық  қозғалыс  тарихындағы  өзекті  де,  көкейкесті  мəселелердің  бірі  «Алаш» 
партиясын  құру  болатын.  Қазақ  қауымының  бас  көтерер  азаматтары  «Қазағым», «Халқым»  деп 
жүргендердің  басым  көпшілігі  де  елді  аман  алып  қалатын  бірден-бір  саяси  күш  осы  «Алаш»  деп 
түсінді. 
1917  жылдың  жазына  қарай  қазақтың  демократиялық  қозғалыс  жолындағы  жетекшілерінің 
Уақытша үкіметке деген сенімі азая түсті. Өңірде жүргізілмекші болған əлеуеметтік-саяси  мəселелерге 
оң  қарамаған  ұлт  аралық,  аграрлық  мəселелерді  шешпегені  былай  тұрсын,  оны  шешуге  талпыныс  та 
жасамаған, өз алдына ұлттық автономия болу жолындағы жұмыстарға көңіл бөлмеген үкіметке көңілі 
толмаған Əлихан Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салуын үлкен саясаткерге тəн нəрсе 
деп  бағалауымызға  болады.  Осы  тағы  да  басқа  күрделі  мəселелерді  талқылау  мақсатында  бүкіл 
қазақтың  съезд  шақыру  қажеттілігі  аталынған  тұста  ашық  айтылды. 1917 жылы 21-26 шілде 
аралығында  Орынборда  болып  өткен  Жалпықазақ  съезінде  Əлихан  Бөкейхановтың  «Қазақ 
депутаттары» атты мақаласы жарияланып, осыны аңғар, жұртым «қазақ» деп көрсетіліп депутаттыққа 
кандидат 43 адамның  аты  аталды,  халық  талқысына  ұсынылды.  Съезд  күн  тəртібіне  əлеуеметтік – 
экономикалық  жəне  қоғамдық  саяси  өмірді  қамтитын  аса  маңызды 14 мəселе  еңгізілді.  Талқылануға 
тиісті  аса  маңызды  мəселелердің  бірі – қазақ  саяси  партиясын  құру  мəселесін  талқылау  барысы  іс  
жүзінде  осы  партияны  ұйымдастыруға  арналған  Құрылтай  жиналысына  айналды.  Қаулыда  атап 
көрсеткендей: Партия ұраны десек, бабаларымыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба 
алмаймыз. Сөйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою ойлап əуре болмастан ауызға түсіп тұр 
делінді. Жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болды/7/. 
Алаш  партиясының  бірінші  бүкіл  қазақтық  съезде  құрылуы,  қазақ  халқы  өміріндегі  елеулі 
оқиға  болды.  Шындығында  жағдай  қиын,  уақыт  тығыз  болғандықтан  қазақ  елі  жалпы  өкілдерінің 
өкілдері  түгел  қатыса  алмаса  да  оның  тарихи  маңызы  зор  еді.  Съезд  өткеннен  кейін  екі-үш  ай 
көлемінде  оның  бағдарламасын  жасау  жұмыстары  жүргізіліп,  ол 1917 жылғы 21 қарашада  «Қазақ» 
газетінде жарияланды.  
Ол  өзінің  бірнеше  айларға  созылған  қысқа  ғұмырында  шын  мəніндегі  саяси  партия  ретінде 
қалыптасып  үлгермеді,  күрделі  де  қатал  өмір  ағымы  «Алаш»  партиясының  саяси  күресте  ірі  саяси 
күшке  айналуына  мүмкіндік  бермеді.  Азамат  соғысы  тұсында  ондай  міндетті  алашорда  үкіметі  ғана 
атқара алатын еді. 
Уақытша үкіметтің ең өзекті ұлт өміріне қатысты мəселелерді шеше алмаған əлжуаз, тұрақсыз 
саяси  билікке  айналуы,  оның  артынша  бүкіл  империяны  қамтыған  анархия,  зорлық  зомбылықтың 
ұласуы Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай болды. Осындай жағдайда 
қазақ  зиялыларының  ұлттық  мемлекет  құру  туралы  мəселені  қоюының  толық  негізі  болатын. 
Орынборда  шоғырланған  қазақ  оқығандары  өзара  кеңесе  келе  елдегі  кезек  күттірмейтін  ұлттық 
мəселелерге байланысты съезд өткізу керектігін айтты. Съезде Ұлт кеңесін құру туралы мəселені қарау 
ұсынылды.  
1917  жылдың 5 желтоқсанында  Қазақ  мемлекеттілігі  туралы  мəселе  қараған II Жалпы  Қазақ 
съезі Орынбор қаласында ашылып күн тəртібіне талқылануға тиісті он мəселе ұсынылады. Бұл жиынға 
қазақ жұртының барлық облыстарынан, сондай ақ өлкеден тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен 
Самарқанд облысынан жəне Қырғыз жерінен барлығы 82 адам қатысты/8/. 
Күн  тəртібіндегі  ең  негізгі  мəселе – ұлттық  автономия  құру  болатын.  Аталмыш  мəселелер 
төңірегінде Ə. Бөкейхановтың баяндамасы тыңдалып талқыланды. Қазақ автономиясы, милиция жəне 
ұлт  кеңесін  құру  істері  бойынша  бес  кісіден  тұратын    комиссия  сайланып,  соның  атынан  Халел 
Ғаббасовтың  сөзін  негізге  ала  отырып  арнайы  қаулы  қабылданды.  Алашорданың  уақытша  тұратын 
орны  Семей  қаласы,  ол  бүгіннен  бастап  қазақ-қырғыз  халқының  билігін  өз  қолына  алады  делінді. 
Желтоқсанның 12-күні  түс  ауа,  сағат 3-те    дүниеге  Алаш  автономиясы  келіп,  азан  шақырылып  ат 
қойылды.  Алты  Алаштың  басына  ақ  орда  тігіліп,  Алаш  туы  көтерілді.  Алашордасына  сайланған 
адамдардың  аттары  аталды,  тізімі  көрсетілді.  Алашорда  бастығын  сайлау  барысында  тас  салынып 
дауыс берілді. Қорытындысында бұл орынға Əлихан Бөкейханұлы сайланды. 


 
19
Түрлі  аймақтарда  саяси  тұрақсыздық  сақталып  соғыс  қаупі  жағдайында  құрылып  жұмысын 
бастаған  Алашорда  үкіметі  қазақ  халқының  жəне  оның  жерінде  тұратын  басқа  да  халықтардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күрес алаңына шықты. Алайда Қазан төңкерісінен кейін орын алған 
большевик дауылы нəтижесінде жер-жерлерде орнай бастаған кеңес билігі Алаш автономиясының кең 
қанат  жаюына  əрі  Алашорда  үкіметі – Ұлт  кеңесінің  жергілікті  жерлердегі  бөлімдерінің  құрылуына 
тежеу болды. Осы кезде басталған азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып табылды. 
1918  жылы 18 қантарда  қызылдар  жасағы  Орынбор  қаласын  басып  алды.  Барлық  қазақ 
жерлерін  біртұтас  қазақ  автономиясына  біріктіре  алмаған  Алашорда  үкіметі  бірлігінен  айырылып 
калды. Үкіметі мүшелерінің біразы Алаш қаласы атанған Семейге келіп, өздерін Алашорданың Шығыс 
бөлімі  деп  жарияласа,  үкімет  мүшелерінің  екінші  бөлігі  Орал  облысындағы  Жымпиты  елді  мекеніне 
келіп, өздерін Алашорданың Батыс бөлімі деп жариялады. 
Жаңа қалыптасқан саяси жағдайдан соң екі қалада да саяси, рухани, əлеуеметтік-экономикалық 
саладағы өзгерістерге байланысты мəселелерді шешу жолында жұмыстар басталды. Бұл қиындығы мол 
да  жауапаты  іс  толық  жүзеге  асырылмаса  да  алдағы  тəуелсіз  өмірге  ұмтылудың  жарқын  көріністері 
болатын. 
Тарихи  даму  барысында  қоғамның  дамуы  да  əртүрлі    бағытта  өрбуі  мүмкін.  Саяси  тікетірес 
жолында бар мүмкіндіктің шектеулі екендігі Алашорда жетекшілерін де тығырыққа тірегендігі анық. 
Қалыптасқан    ахуалды  нақты  бағалай  білген  олар  бар  ауыртпалықты  өздеріне  арта  отыра  қазақ 
ұлтының намысын сақтап қалу жолында тер төге аянбай еңбек етті.  
Алаш  үкіметі  мүшелерінің  белсенді  азаматтық  ұстанымдары  патшаның  отаршылдық 
басқаруына қарсы күрес жолындағы қазақ жұртының құқын қорғауда анық аңғарылды, жəне олардың 
атқарған  жұмыстары  əр  кез  халқының  жадында,  тарихымыздың  төрінде.  Уақыт  өткен  сайын 
Қазақстанның тəуелсіздік алуының бастауында болған Алаш зиялыларының, көшбашыларының халқы 
алдында атқарған істері жарқырай көрінуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет