Microsoft Word Кайыпназарова Ж



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата13.05.2020
өлшемі323,84 Kb.
#67779
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
qaraqalpaqstan qazaqtary tlndeg leksikalyq erekshelkter

Омонимдер

.  Қарақалпақ  қазақтары  тілінде  әдеби  тілдегі  сияқты  бір-

бірімен  тұлғалас,  бірақ  мағына  жағынан  үйлеспейтін  омонимдер  кездесіп 

отырады. Осы омонимдердің жасалу жолдарында өзгешеліктер бар. Мұндағы 

омоним  сөздердің  бірі  –  ру,  тайпа  тілдерінің  қалдығы,  ізі  болып  келетіні, 

екіншілері  туыстас  түркі  тілдерінен  немесе  арап-парсы  тілдерінен  ауысқаны 

байқалады.  Диалектідегі  өзге  тілден  ауысқан  омонимдік  қатарлар  күнделікті 

өмірге  қажетті  зат  атауларына  шаруашылықтың  түрлі  салаларына 

байланысты  ұғымдар  мен  заттардан  тұрады.  Басқа  тілден  енген  диалектідегі 

омоним  сөздердің  ішінде  қарақалпақ,  өзбек  тілінен  енген  сөздер  көбірек, 

сондай-ақ көршілес араласып отырған  туыстас түрікмен тілінен біраз сөздер 

бар.  


Айуан  I.  Ауыз  үйдің  алдындағы  кіреберіс  бөлмені  айтады.  Айуан  сөзі 

негізі    парсы  сөзі  болып  есептеледі.  Қарақалпақ  тілінде  -  үйдің  алдындағы 

қақпасы,  бастырма  деген  мағынаны  аңғартады.  Тек  диалектіде  осындай 

мағынада  қолданылады.    Айуан  II.  Жануар  деген  мағынаны  аңғартады.  Бұл 

сөз  қазақ  әдеби  тілінде  осындай  мағынада  қолданылады.  Айуан  III.  Әдеби 

тілде 


ауыспалы 

мағынада 

маскүнем, 

зұлым, 


озбыр 

мағынасында 

қолданылады. 

Ақтық  I.  Диалектіде  немере  мағынасында  қолданылады.  Қарақалпақ 

әдеби тілінде ақлық түрінде айтылады. Мысалы: Орал әже ақтығына қызық 



әңгімелер айтып отырды. Ақтық II. Ақ мата. Ақтық III. Егіске арналған жер. 

Ақтық сөзі қарақалпақ, түрікмен тілдерінде осындай формада айтылады.  

Ал  ақтық  сөзі  қазақ  әдеби  тілінде  соңғы  рет  және  пәктік,  адалдық 

мағынасында  да  қолданылады.  Жоғарыда  көрсеткен  үш  түрлі  мағынасы  тек 



 

10

диалектілік  мағынасы.  Ақтық  сөзінің  бірнеше  омонимдік  мағына  құрау 



көршілес қарақалпақ, өзбек, түрікмен тілдерінің әсері болса керек. 

Аймақтық  лексикадағы  омонимдес  сөздердің  саны  екі-үш  сөзден 

аспайды, кейде олардың саны төртке дейін барады. Мысалы:  Саз I. Музыка, 

үн,  дауыс.  Саз  II.  Ылай,  топырақ  мағынасында.  Cаз  III.  Көгалы  қалың,  кең 

алқап.    Саз  IV.  Дайын  реттеу.  Материалдарымыз  саз,  келесі  жылға  үйді 

бастаймыз.  Саз V. Еденнің астына салатын ағаш. 

Қазақ  әдеби  тілінде  саз  сөзімен  тіркесіп  келетін  саз  бет,  сазбеттену, 



сазға отырғызу, таң саз берді, жүрек сазды деген фразеологиялық тіркестер 

айтылады.    Ал    саз  сөзінің  еденнің  астына  салатын  ағаш  мағынасы  тек 

Қарақалпақ қазақтары тілінде айтылады.  

Жоғарыда  көрсетілген  бірінші,  екінші,  үшінші  мағыналары  әбден 

түсінікті,  қазақ  әдеби  тілінде  қолданылатын  сөздер.  Ал  диалектіде  саз  сөзі 

кесектің,  жердің  қасиетін  білдірсе,  кейде  күйдірілген  кірпіш  мағынасын  да  

білдіреді. Осы көргеніміздей саз сөзі диалектіде бірнеше ауыспалы мағынада 

қолданылады. 



Пәс сөзі қазақ әдеби тілінде адамға байланысты айтылады. Пәс адам деп 

адамның мінезіне байланысты айтылатын сөз. Ал жергілікті қазақтар тілінде 

аласа  мағынасында  «пәс  стол,  пәс  жай»  түрінде  қосымша  мағынаға  ие 

болған.  Пәс  сөзі  аласа  мағынасында  өзбек  әдеби  тілінде  әдеби  норма  болып 

есептеледі. 

Шайыр сөзінің диалектіде бірнеше мағынасы бар. 

Шайыр I. Желім секілді жабысқақ зат. II. Ақын. III. Шөл жерге шығатын 

өсімдік.  Осындағы  бірінші  мағынаға  ие  болып  тұрған  «шайыр»  сөзі  не 

түрікмен,  не  өзбек,  не  қарақалпақ  тілінің  байырғы  сөзі  болмаса  да,  бұл  араб 

тілінен аттары аталған халықтардың тіліне өте ертеде кіріп, сол халықтардың 

байырғы  тілінен  бетер  мықтап  орын  теуіп,  бекініп  алған.  Мысалы: 

түрікменше-  шахыр  (рус  түрк  ел,  1956),  өзбекше  шоир  (рус-узб.словарь, 

1959);  қарақалпақша-  шайыр  (русша-қарақалпақша  сл.1947).  «Шайыр» 

сөзінің  түркі  тілдеріне  өте  ертеден  орналасқандығын  көне  түрік 




 

11

жазуларының ескерткішінен байқауға болады. Онда: SaIR (арабша) ақын деп 



көрсетілген.  XIX  ғасырдың  аяқ  кезіндегі  Л.Будаговтың  сөздігінде:  шайыр  -  

ақын, өлең жазушы

1

.  Әңгіме болып отырған сөздің екінші мағынасы шөптің 



бір  түрі болса, бірінші мағынасымен жанасатын реті жоқ. Сондықтан да бұл 

шын мәнінде омоним. 



Нәл  I.  Қарақалпақ  қазақтары  тілінде  көп  айтылатын  диалектілік  сөз. 

Диалектіде аяқ киімнің өкшесіне, тұмсығына қағатын темір таға. Нәл туралы 

түсінікті Н.Жүнісов былай деп береді: Нәл II. Жеміс ағашының көшеті. Алма, 

өрік,  жүзім,  алмұрт  тағы  басқа  жеміс  ағаштарын  отырғызу  кезіндегі  жас 

түріне  айтады.  Мұны  қазақ  әдеби  тілінде  көшет  деп  атайды.  Жергілікті 

қазақтар нәл сөзін бау-бақша егіндерге байланысты айтады. Екі мағынасы да 

жергілікті қазақтар тілінде қолданылады. 

Шанақ I. Адам көзінің шанағы.  II. Қауын егілетін  жердің шанағы, яғни 

тұқым өндіруге арналған шұңқыр. III. Тамақ құятын ыдыс. Дүмше I. Қолға су 

құятын  ыдыс.  II.  Сын  есім  мағынасында  шала  сауатты,  жөнді  білім  алмаған 

адам. 


 О.Доспанов  өз  еңбегінде  мынандай  түсінік  береді.  Түмчә  –  мыстан 

немесе  алюминийден  жасалған  отқа  су  қайнатуға  қолайластырылған  зат

2



Ө.Құрышжановтың  пікірінше,  су  қайнатуға  арналып  мыстан  жасалған 



құмыраны қарақалпақша дүмше деп атайды

3

. Сөздің дүмше деп аталу себебі 



түбі  жуан,  мойыны  қылдай  құманды  айтады,  оның  құман  болып  көзге 

көрінер  жерінің  өзі  де,  құманды  құман  етіп  тұрған  нәрсенің  өзі  де  осы  түп 

жағы  дегенді  аңғартса  керек.  Сонымен  дүмше  сөзі  бір-бірімен  омонимдік 

қатарлар  жасап  тұр.  Бұлардан  басқа  да  сан  қилы  сөздердің  бары  анық. 

Мәселен  жиі  қолданылатын  пая  сөзін  алатын  болсақ,  оның  қозаның  паясы, 

соң  баған,  тіреуіш  мағынасында  қолданылатынын  көреміз.  Сонымен  қатар 

өріктің сүйегі, мақтаның ашылмаған қауашағы сияқты мағыналары бар.  

Шалы I. Қамыстан салынған қора. II. Күріш.  

                                                

1

 Малов С.Е. Памятники древнетюркской псиьменности. М-Л. 1951. 424-бет. 



2

 Доспанов О. Қарақалпақ тили қубла диалектисиниң лексикасы. Нөкис. Қарақалпақстан. 1977. 43-бет.  

3

 Құрышжанов Ө. «Қарақалпақстанда тұратын қазақтар тіліндегі кейбір ерекшеліктер». 1963 ж. Алматы. 



245-бет. 


 

12

Шолпы I. Балық ұстайтын құрал. II. Сүзекі мағынасында.  



Шәугім  сөзі  Хожелі  ауданы  қазақтары  тілінде  қазан  мағынасында 

жұмсалса,  Нөкісте  шәйнек  мағынасында  жұмсалады.  Осы  сөздер  сияқты 



қауаша,  шіркей,  абақ,  жағыс,  қашау,  мешел  т.б.  сөздердің  Қарақалпақ 

қазақтары тілінде ең кемі екі немесе одан да көп мағыналары бар. Бұл әрине 

алғашқы  затқа  берген  атау  немесе  заттың  қызметінің  не  құрылысының 

ұқсастығының  нәтижесінде  пайда  болып  отырған  лексикалық  мағыналар. 

Осы негізден барып, лексиканың көп мағыналы және омонимдік категориясы 

туады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет