Microsoft Word Каз яз 1-13 послд


(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау



бет4/143
Дата16.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#185798
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
3 сынып қазақ тілінен ҚМЖ топтамасы

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Хайуанат сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.

Орфографиялық сөздік

3 минут

(МК; Ұ; Қ) Суреттердің көмегімен сұраққа жауап болатын ақпаратты болжай алу білігін бағалау.
4-жаттығу. Суреттердің көмегімен сұраққа жауап болатын ақпаратты болжайды. Суреттерді сөйлеудің ауызекі жəне жазбаша сөйлеу түрлеріне ажыратады.

Оқулық

4 минут

3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
5-жаттығу. Өлеңді жатқа жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Оқулықта берілген сұрақтардың дұрыс жауабын тауып, дəлелдейді.
«Өз үйіне кіргіз» ойыны ойнатылады. Берілген сөздерді тиісті үйшіктермен сəйкестендіріп, ой қорыту жасайды.

№1 дəптермен жұмыс

4 минут

(МК; Т; Қ) Тіл, сөйлеу туралы суреттердің көмегімен əңгіме құрастыру.
Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сыни ойлау жəне коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында «Коллаж əңгіме» стартегиясы топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Сипаттамасы: Мұғалім оқушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар береді. Олар журналдардан ұсынылған тақырыпқа сəйкес суреттерді қиып алып флипчартқа жабыстырып, əңгіме құрастырады.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:

  • сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;

  • берілген тақырыпқа сəйкес өз сөйлеуін қанатты сөздер, мақал-мəтелдермен нақтылау;

  • интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

  • сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау. Жұмыстарын топта жариялау.

Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім

2 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет