(1880-1967) атымен байланысты. Оның 40-жылдары енгізген «биогеоценоз»
түсінігі фациймен ұқсас, бірақ басты мән биокомпоненттерге және олардың
қоршаған ортамен заттық-энергетикалық алмасуына берілген. В.Н.Сукачев
биогеоценозды зерттеудің маңызды әдісін стационарлық деп есептеді және
оның бастамасы бойынша биогеоценологиялық стационарларды ұйымдастыру
басталды.
7
1947 жылы КСРО Ғылым академиясының мамандарының «КСРО-ны
тарихи – жаратылыс аудандастыру» еңбегі жарыққа шықты және осы жылы
С.П.Сусловтың (1893-1953) аудандастыру кестесімен бірге «КСРО физикалық
географиясы» (азиалық бөлігі) атты үлкен еңбегі басылып шықты. Осы
жұмыстарда алғашқы дәстүрлі зоналық жіктеумен қатар, елді ірі өңірлік
бірліктерге жіктеу түріндегі бейзоналық принциптің көрінісі бар. 1946 жылы
А.И.Яунпутининь материктерді физико-географиялық секторларға және
елдерге
жіктей
отырып,
жер
шарының
барлық
құрғақ
жерлерін
аудандастырудың қызықты тәсілін жариялады.
Осы
жылдары
ландшафт
туралы
және
физико-географиялық
аудандастыру туралы ғылым мағынасына қарай, бірі бірінен тәуелсіз тұрғыда
зерттелді. Тіпті, ландшафттану «кіші» табиғи аймақтық кешендерді, яғни
ландшафттың өзін және оның морфологиялық бөліктерін зерттеумен шектелуі
тиіс деген пікір де болды. Аудандастыру кезінде ерекше назар ірі өңірлік
бірліктерге – зоналарға, секторларға, елдерге бөлінді, ал бөлшектеп бөлу
кезінде қандай да бір біріккен принциптердің мен тәсілдердің жоқтығы белгілі
болды. Осыдан келіп қарама-қайшылық пайда болды,
Достарыңызбен бөлісу: