Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc


Қоңыржай ылғалды далалы ландшафт белдеуі



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#84574
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

Қоңыржай ылғалды далалы ландшафт белдеуі 
абсолют биіктігі 2000 
– 2200 м – ден 2200 – 2600 м – ге дейінгі тау беткейлеріндегі, тау жоталарында 
және тау іші жазықтарында орналасқан.Бұл жерлерге жауын – шашын мол 
түседі, кейде 500 – 600, 600 – 800 мм – ге дейін жетеді.Қоңыржай ылғалды 
далалы ландшафт белдеуінің күнгей беткейлі және теріскей беткейлі түрлері 
бар.Күнгей беткейлі түрі Талас және Қырғыз Алатауында дамыған. 
Ландшафтыларының биогенді құрамдас бөліктерін қиыршық тас араласқан 
саздақты негізде қалыптасқан қара сұр және таулы – далалы топырақта өсетін 
әр түрлі шөптесін мен қырғыз бозынан, жүлгелі бетегеден құралған өсімдік 
жамылғысы құрайды.Теріскей беткейлі қоңыржай дала ландшафт белдеуі 
Қазақстанның таулы аймақтарының бәріне де дамыған.Ландшафтысының 
құрылымдық бөліктері қиыршық тас араласқан саздақты жынысты негізінде 
қалыптасқан күңгірт түсті қызыл қоңыр топыраққа өскен бетегелі – бұталы әр 
түрлі шөптесін және бетегелі бозды әр түлі шөптесін өскен төбелі қырқадан
тау жотасының жонынан, таудың қара топырағына өскен дәнді шөптесінді - әр 
түрлі шөптесін, бұталы әр түрлі шөптесін өскен жатық беткейлерден, жонды 
қырқалардан, таулы – далалы және таулы – шалғынды қара топыраққа өскен әр 
түрлі шөптесінді – дәнді шөптесін өскен тау іші жазықтарынан тұрады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет