компоненттердің өзара әрекеттестігін жатқызды) және ол ландшафттың
қарапайым ұяшығы ретінде (фация эквиваленті) экотоп туралы түсінікті енгізді.
«Ландшафттың экологиясы» бойынша зерттеулер ГДР-да 60-жылдары
дами бастады. Олар ауылшаруашылық және гидромелорация міндеттерімен
тығыз байланыста болды және әртүрлі экотоптағы топырақтың, өсімдіктің және
су режимдерінің өзара қарым-қатынасына баса мән берді. ГДР географтарының
жұмысында ландшафтық бірліктің таксономиясы мәселелері айтарлықтай орын
алды.
Үш
«өлшемділік»
немесе
деңгей,
ландшафттық
иерархиялар:
топологиялық (біркелкі бірлік, яғни экотоп), хорологиялық (түрлі рангтағы
гетерогендік экотоптардың бірлестігі немесе геохорлар) және геосфералық
(геосфера, яғни географиялық қабық) идеялары Э.Неевке қатысты.
50-жылдардан бастап, ландшафттық зерттеулер Польшада, ал кейінірек
басқа елдерде дамиды.
Батыста тірі және тірі емес табиғат компоненттерінің өзара байланыс
идеясы географиямен емес, экожүйелер туралы ғылым ретінде экологиямен жиі
байланыстырылады. Алайда экологтар географиялық кешенге емес, тек оның
биологиялық бөлігіне ғана мән береді. Географияға хорологиялық көзқарас
үстемдік жасап тұрған тұста экология белгілі мөлшерде ғана ландшафтты-
географиялық кешеннің дамуына мүмкіндік бере алады.
Осылайша, Батыстағы көптеген елдерде табиғи географиялық кешен
идеясы географияға сырттан – практикалық тәжірибеден және экологиядан
енгізілп жатыр.
10
Достарыңызбен бөлісу: