labs() функциясы – ұзын бүтін санның абсолюттік мәні үшін,
fabs() – нақты санның абсолюттік
мәні үшін болып кете береді. C# тілінде әдістер асыра жүктеледі, өйткені
System.Math кла-
сында әртүрлі типтегі мәліметтерді өңдейтін бір ғана
Abs() әдісі бар.
C# тілінде әдістің аты мен оның параметрлері тізімін белгілейтін
сигнатура түсінігі
анықталған. Асыра жүктеуге байланысты бұл түсінік бір класта сигнатуралары бірдей екі
әдіс болмауы тиіс дегенді білдіреді. Сигнатура түсінігіне әдістен қайтарылатын мән типі
кірмейді, өйткені компилятор асыра жүктеу жайлы шешім қабылдағанда, қайтарылатын
мән типі есепке алынбайды. Сигнатураға
params модификаторы да енгізілмеген.
Конструкторларды асыра жүктеу Әдістер секілді конструкторлар да асыра жүктеледі. Ол объектілерді әртүрлі жолдармен
құру мүмкіндігін береді. Мысал қарастырайық.
Мысал 2. Конструкторды асыра жүктеу.
using System; class Tortburysh { public double a; public double b; public Tortburysh() { Console.WriteLine("Tortburysh() konstruktorynda"); a=b=1; } public Tortburysh(double a) { Console.WriteLine("Tortburysh(double) konstruktorynda"); this.a=a; this.b = a; } public Tortburysh(double a, double b) { Console.WriteLine("Tortburysh(double,double) konstruktorynda"); this.a=a; this.b = b; } // Көшіру конструкторы public Tortburysh(Tortburysh T) { Console.WriteLine("Tortburysh(Tortburysh) konstruktorynda"); this.a=T.a; this.b = T.b; }